Ақмола облысы
Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы
ІТ мектеп-лицейінің
педагог-сарапшы, бастауыш сынып мұғалімі
Ныгманбекова Динара Бауыржановна
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- бала шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып, оны тұлғалық тұғырға көтеру.Шығармашылық тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі.Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім — білік, дағдыларды меңгерте отырып, жаңа педагогикалық технологияларды шебер пайдалана білу арқылы оқыту үрдісін демократияландыру және ізгілендіру, сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту қажеттігі туындап отыр.
Шығармашылық барлық адамда болуға тиісті сапа. Алайда, біздің өмірімізде әр адамның жаңалық ашуы сирек кездесетін жағдай. Неге? Американдық ғалым Н.Роджерстің әр адам бала кезінен бастап «Сен мынаны дұрыс жасамадың!», «Бұл қате!», «Олай емес!»деген сынау сөздерді көп естиді. Кейде тіпті жаза да қолданып жатады. Адамдардың өз бойындағы, «ол менің ісім емес» деген сенімсіздік осыдан басталады екен. Осы пікір саналы адамның баршасына ой саларлықтай. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғышарттарына мыналарды жатқызуға болады.
Шығармашылыққа білетінің деңгейін анықтау.(топтау, бақылау, қалыптастыру)Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру. Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтап, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.
Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Байланыстырушы буын болыпт абылады. Бастауыш класс оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті дамыту да қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеудегі маңызды фактор болуы мүмкін.
К.Д. Ушинский: «Еріксіз көндірумен, күштеу мен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?» — деген екен. Ендеше, оқыту ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.Сондай-ақ оқушы шығармашылығын дамытуға негізделген әдіс — тәсілдерді тек сабақта ғана емес, смыныптан тыс жұмыстарда үнеміқолданып отырса, сонда ғана көздеген нәтижеге қол жетері сөзсіз.Қазіргі таңда жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті болып табылады. Жас ұрпақты оқытып — тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті, ізденіс пен шыдамдылықты, ұстаздың заман көшіне сай білімнің қыр-сырын терең меңгеріп, жаңа ақпараттық технологиялармен қаруланғанын, жан-жақтылығын талап етеді. Себебі ұстаз алдында заман талабына сай-жеке индивид тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Жан-жақты қалыптасқан, білім мен тәрбиені қатар тізгіндеген, өмір көшінен өзіндік орын алар тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру оңай шаруа емес екенін ұстаздың өзі де түсініетіні белгілі. Тұлғаны оқытып, тәрбиелеу ең алдымен отбасы-ошақ қасынан бастау алып, жаңа мектеп табалдырығын аттаған-яғни бастауыш сатыдан басталуы керек.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі. Сол себепті оқушыларының білім сапасын көтеру- әр ұстаздың міндеті. Оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Мұғалім алғашқы
сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен
бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін
жүргізуі керек.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол
ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған
елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты
шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет
деп ойлаймын.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу,
іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен
сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам
бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға
көмектеседі.
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл
жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың
құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл
кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен
бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада
тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға
тиісті». «Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы –
қазақ баласы қиялқұмар болуға тиісті». Педагог ғалымның айтқанының
сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Сабақтарды түрлендіріп
өткізудің маңызы ерекше. Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін
жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі
қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау
өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын
игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт
ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі. Оқушыларды шығармашылыққа
баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте
көп.
Білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ғылыми коммуникациялық байланысқа шығу, білім беруді ақпараттандыру.
Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында мектеп оқушыларында болуы керек сапалар:
1. Қажетті білімді өз бетінше ала отырып, пайда болған алуан түрлі мәселелерді шешу үшін оларды тәжірибеде біліктілікпен пайдалану, жылдам өзгеріп отырған өмір жағдайларына оңай бейімделу.
2. Өздеріне өздері сын көзбен қарай алу, кездесетін қиындықтарды көріп, оларды шеше білу, дұрыс әрі уақытылы шешім қабылдай алу.
3. Ақпарат ағынымен дұрыс жұмыс істей алу, мақсат-міндеттерді дұрыс анықтап, болжам жасап, тиісті қорытынды шығарып, проблемаларды шеше білу.
Мұның өзі еліміздегі білім беру жүйесінің бұрынғы қалпында болмайтынын көрсетеді. Сондықтан оқу ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізуді талап етеді. Инновациялық (озық) білім беру деп — тұлғаның бағдарлы қөзқарасты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.
Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларының мақсаттары мен міндеттері:
1. Сабақтарды жаңаша ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау.
3. Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.
4. Оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, ақпараттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамыту.
5. Шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау арқылы ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
6. Баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай қолдану.
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп.
1. Тәрбие сағатында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. /сурет салдыру, шығарма жаздыру, нақыл сөздер жинастыру,т.б./
2. Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.
3. Үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Жаңа технологияны оқыту-тәрбие үрдісінде қолдана отырып, біз неге үйрете аламыз?
1. Өз бетімен ойлауға.
2. Жаңа шешімдер табуға.
3. Ұжымдық өмір сүруге.
4. Шыдамды болуға.
5. Өзгелердің көзқарас пікірлерін тыңдай білуге.
6. Өзінің жеке болашағын жасақтауға.
7. Өз бетімен білім алуға.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану нәтижелері
— өз бетімен жұмыс істей отырып, шеберлігін арттыра біледі;
— өз беттерімен ізденулеріне, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне бағыт беріледі;
— ойлау қабілеті дамиды;
— нәтижелерін керек жағдайда түзетеді және одан қорытынды жасай алады;
— қорытындыны басқа нәтижелермен салыстырады;
— әр түрлі жағдайда өз шешімін таңдай біледі, мұғалімге жалтақтамайды;
— өзін-өзі бағалай білуге үйренеді;
— жаңа технологияны пайдаланып, интерактивтік тақтада жұмыс жасай біледі.
Оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту үшін инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланудың маңызы өте зор.
Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми — ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан — жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын
Қорытынды: Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармшылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама: "Оқушылардың шығармашылығын арттыру "

шағым қалдыра аласыз