2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Баяндама Оқушының жеке тұлғасын дамытуда ұлттық ойындардың рөлі

Баяндама Оқушының жеке тұлғасын дамытуда ұлттық ойындардың рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне көмекші құрал қызметін атқарады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ РӨЛІ


Дене шынықтыру өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.

«ҚР Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңында адамның денесін жетілдіруді жас кезеңнен бастау қажет екендігі ерекше атап өтілген. Дене тәрбиесін қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен байланыстыру мәселесі де қалыс қалған жоқ. Себебі, ұлттық құндылықтар ғасырлар бойы дамып, талай ұрпақтың тәрбиесіне өз үлесін қосып келеді. Сондықтан да бізді әлем кеңістігіне апаратын және биік белестерге көтеретін ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз бен білімді ұрпағымыз.  

Жалпы білім беруді реформалаудың негізгі бағыттарында жас ұрпақты отанымыздың физикалық дамыған, шыңдалған, жұмыс істеуге және қорғануға дайын етіп тәрбиелеу өте маңызды екендігі атап өтілді. Дене тәрбиесінің көптеген құралдарының ішінде спорттық дағдыларды қалыптастыруда жетекші болып табылатын ұлттық  ойындар кеңінен қолданылады.

Ойын, біріншіден, жеке тұлғаның белсенді іс-әрекетін қалыптастырса, екіншіден, өмірге деген көзқарасы мен сенімін дамытады. Ойын арқылы бала қимыл-қозғалыс жасайды.

Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді.

Таңертеңгілік жаттығу;

Қимыл — қозғалыс ойындары;

Спорттық жаттығулары.

Бала дене шынықтыру сабағында жалпы дамыту жаттығулары арқылы күш-жігерін шындай түседі. Дене тәрбиесі, сауықтыру шаралары балалардың қозғалыстарын жетілдіреді, қимылдық дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдығын, төзімділігін қалыптастырады. Сонымен қатар, балалардың еңбекке белсенді болуларына ықпал етеді.

Қазақ халқы ойынды тәрбие құралы деп танып, баланың нәресте кезеңінен бастап ересек жасқа дейін кеңінен қолданып отырған. Халқымыз ойындарды баланың ой-өрісіне, қимыл-қозғалысының жетілдіруіне пайдалана отырып, ойындар арқылы балаға халқының ұлттық мұраларын бойына сіңіріп өсуіне жол ашады және кейінгі ұрпаққа беретін құнды тәрбие ісі деп таниды. Ойындар мазмұнында баланы қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысын ашып денесін өсіретін, қиялмен қанат бітіретін ғажайып күш бар. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Арқан тартыс», «Орамал тастамақ», «Бәйге», «Аударыспақ», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ», «Қамшы тастау», «Сақина салу» т.б.балалардың дене тәрбиесін, қозғалысын, белсенді іс-әрекетін, ептілігін, жауапкершілік қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.

Сонымен қатар «Дені саудың –жаны сау», «Бірінші байлық –денсаулық»- деп өмір сүрген халқымыз әрқашанда дене қозғалысына ерекше мән берген.

Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиындықты жеңуге, тәрбиелеуге ықпал етеді. Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды қолдану мұғалімнің шеберлігін, кәсібилигін көрсетеді.

Қазақтың ұлттық ойындары тек дүниені ғана емес,ойды жаттықтырушы да болып табылады. Ұлттық ойындарын тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп караған жөн. Өйткені, ойын баланың дүниені танып білуге қадам жасар алғашқы басқышы.

Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының қай-қайсысы болса да күшті, жылдамдықты, ептілікті және төзімділікті мейілінше жетілдіруге мүмкіндік береді. Оқушылардың дене қасиеттерінің үйлесімді жан-жақты дамуына жеңіл атлетикаға байланысты ұлттық ойындардың әсері мол. Сыныптан тыс спорттық үйірмелерде, жазғы демалыс орындарында көп қолданылатын ұлттық ойын түрлері жеңіл атлетикаға негізделген. Жеңіл атлетикалық түрге ұлттық және президенттік сынамалар жатады. Ұлттық ойын жаттығулары негізгі қозғалыс қасиеттеріне тәрбиелейді және дененің функционалдық қасиеттерін дамытады. Сонымен қатар моральдық ерік жігерге, қиындықты жеңуге, ұйымшылдаққа тәрбиелейді. Ұлттық спортпен шұғылданған адамдардың денесінде тек даму, өсу пайда болады.

Ұлттық ойындар-жас ұрпақты оқытып-тәрбиелеуде  үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар, ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз беріліп келе жатқан тәрбие үрдісі болып табылады. Баланың денсаулығын сақтау және оны нығайту маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Оны шешу отбасының, мектептің және әлеуметтік ортаның ортақ міндеті болып қала бермек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Білім беру ұйымына арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы  үлгілік оқу бағдарламасы.  – Астана,  kz.

2.Нургалиева Г.К. Ценностное ориентирование личности в условиях информатизации образования. – Алматы:Білім, 2004.

3.Сағындықов Е.С. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: Рауан, 2020.






01 Наурыз 2025
117
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі