Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама: Орыс тілді мектепте Жамбыл Жабаевтың шығармаларын оқытудың өзекті мәселелері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шахшанбаева Каракат Асетхановна
Орыс тілді мектепте Жамбыл Жабаевтың шығармаларын оқытудың өзекті мәселелері
Халық тілінің құнарлы да, сүбелі бейнесі сол халықтың көркем әдебиеті арқылы көрінеді. Көркем туынды – ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші. Себебі, көркем шығарма халық тілінің байлығын ғана көрсетпейді, сондай-ақ оны дамытатын, тілдік жаңа формалармен өсіретін негізгі арналардың бірі болып табылады.
Көркем сөз кестесімен өрілген
әдеби шығармалардың бейнелілігі мен дәлдігін, ұлттық тілдің сұлу
айшықтарын жан-жақты танытуда түрлі әдіс пен тәсілдерді қолдану
тиімді болып отыр. Қазіргі уақыт талабына сай
өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі пәнімен бірге қазақ әдебиетін де
оқыту үлкен жолға қойылып отыр.
Өзге тілді мектептерде «Қазақ
әдебиеті» пәнін оқытудағы мақсат - Республика халқын құрап отырған
негізгі ұлттың, яғни қазақ халқы әдеби мұрасының озық үлгілерімен
басқа тілді оқушыны етене
таныстыру.
Қазіргі кезде басқа ұлт өкілдерінің тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ әдебиетін ана тілінде оқыту кеңінен қолға алынуда. Бұл – республикамыздың бүгінгі таңдағы мемлекеттік тіл тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асыруды қажет ететін және қазіргі қоғамдық - әлеуметтік сұраныс талабынан туындап отырған мәселе.
Өзім сабақ беріп жүрген жоғары сыныптарында «Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің жоғары сыныптарында түсінік беру арқылы оқытудың әдістемесін» жиі қолданамын. Қазақ әдебиеті пәнін түсінік беру арқылы оқыту орыс тілді мектептерде ерекше орын алуы керек. Орыс тілді мектеп оқушысы әдеби шығармаларда бұрын таныс емес қазақи тұрмыстың суреттелуін, түсіндіруді қажет ететін тарихи-мәдени және саяси өмір фактілерін кездестіреді.Сол себепті қазақ әдебиетінің орыс мектебінде басқа ұлт тілі ретінде оқытылуы-көркем шығарманы түсінік беру арқылы оқытудың рөлін арттырады. Қазақ әдебиетінен өзіндік орын алған ақын –жазушыларымыздың шығармалары көп.
Қазақта «Бәйтерек» атауына ие болған тамырын тереңге жіберген, көп жыл жасаған, ыстығына сая болатын, шаршағанға демеу болатын, жүргіншіге тоқтау болатын үлкен саялы, қасиетті ағаш бар. Астанамыздың қақ төрінде орын теуіп, бар адамзатты өзінің көркімен баурайтын, Қазақстанның символына айналған «Бәйтерегіміз» де осы қасиетті ағаштың үлгісімен салынған. Осындай қасиетті «Жүз жасаған бәйтерек» атты атауға ие болған қазақтан жалғыз ғана Жамбыл Жабаев екен.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын.
-Жамбыл –екі ғасырды көріп, жүз жасаған ақын.
-Жамбыл-шығыс желісіне құрылған талай дастандарды жатқа айтып, мыңдаған шумақтар мен ұйқастарды зердесіне сақтап, шежіре-аңыз, тарихи оқиғаларды, айтыс-толғауларды, бұрынғы-соңғы ақын жыраулар ме батыр-билердің өмір деректерін, ауызекі, әңгімелерді көкірегіне құйып алған, өзі де толғаулар шығарған жырау.
Жамбыл- ірі айтыс ақыны. Ақынның Құлманбет, Сарыбас, Шашубай сияқты ақындармен айтыстары осының дәлелдері.
Жамбылдың ақындық өнері кеңес дәуіріне дейін- ақ арысы-қырғыз, берісі-Жетісуға кеңінен танымал болған. Алайда, өлеңдері жазылып сақталмады.
Ақынның 70-жастан кейінгі өмірі кеңестік заманға тұспа-тұс келді. Ол кеңестік насихатқа сенді. Кеңестік саясат дәріптеген «Жаңа өмір» оның аңсаған армандарына, халқының үміттеріне сай келетін еді. Сол жаңа өмірді жырлауға көптеген өлеңдерін арнады. Жамбылдың балаларға арналған өлеңдерінің бәріне де аталы көңілмен жылы сезімдерін тасқындатып отырды. Отанға, коммунистік партияның сара жолбасшылығына деген шын ықыласын, адал көңілін білдіреді. «Жүз жасаған жүректер» өлеңінде:
Жүз жасаған жүректен,
Жырларымды төгейін.
Көктемнің күніндей,
Жауды жеңіп, күлімдеп,
Келгеніңді көрейін!
Қаһарманым, күнім деп,
Беттеріңнен өбейін!...
-деп, олар қайда жүрсе де көздерінен таса қалдырмай арқашан дем беріп, жігерін тасқындатып, рухын көтеріп отыратын, халқы барын және бұл халық атынан айтылып отырған сөз екенін ауық-ауық естеріне салады. Жамбылдың балаларға арналған «Шәкірт балаларға», «Балама хат», «Бесік жыры», басқа өлеңдері балалар әдебиетінен өшпес орын алды. Ақынның «Шәкірт балаларға» деген өлеңінде ақын ата балалар алдында өзіне үлкен міндеттер жүктейді. Жамбыл өзінің әсерлі өлеңдерімен балалар тәрбиесіне айырықша мән беріп, бейнелі сөздерін жыр етіп төгеді. Балаларды советтік патриотизм рухында тәрбиелеу міндеті ұлы отан соғысы жылдарында бұрынғыдан гөрі ерекше жауаптылықпен қолға алынды. Жас өспірімдердің рухын көтеретін Жамбыл өлеңдерінің осы жылдар ішіндегі рөлі, оның патриоттық рухы жастар үшін мейілінше ықпалды болды. Балалар әдебиеті тақырыбында жазылған соғыс жылдарындағы шығармалар балалардың жауға деген өшпенділігін арттырды. Патриоттық сезімдерге толы Жамбылдың өлеңдері жастарды жеңіске бастады. Біздің социалистік Отанымызды не үшін қорғауымыз, нығайта беруіміз, сүюіміз керек екені жайында балаларға кең түсінік берді. Мәселен «Жеңіс жырын жырлаңдар» деген өлеңінде жау мақсатын балаларға тайға таңба басқандай етіп түсіндірді. Жаудың осындай өшпенділігіне төзуге болмайтындықты ұқтырды. Осының өзі балаларға оң мен солды таныттырып, не үшін жауға қарсы аянбай күресудің қажеттілігін үйретеді. Оларды қырағылыққа байлиды. Жамбылдың балаларға арналған өлеңдерінің бәріне де аталық көңілмен жылы сезімдерін тасқындатын отырды. Отанға, коммунистік партияның сара жолбасшылығына деген шын ықыласын, адал көңілін білдіреді.
Орыс сыныптарында Жамбыл шығармашылығын оқыту үшін аз сағат бөлінген десек те болады. Себебі 6- сыныпта 1 сағат, 8-9 –сыныптарда да 1 сағаттан, 10-сыныпта ғана 2 сағат бөлінген.
Орыс мектептерінің жоғары сыныптарында түсінік беру арқылы оқытудың маңызы жоғары екендігі дәлелденді. Орыс тілді мектептердің жоғары сыныптарында қазақ әдебиеті шығармаларын түсінік беру арқылы оқытудың рөлі басқаша сипатта болатыны кеңінен сөз етілді. Орыс тілді мектептің жоғары сыныптарындағы қазақ әдебиетін түсінік беру арқылы оқытудың әр түрлерін қолдану қарастырылды. Түсінік беру арқылы оқытудың түрлері: а) алдын-ала түсіндіру; б) талдау барысында түсіндіру; в) жанрлық түсіндіру. Оқытудың мұндай түрлерінің тиімділігін арттыру үшін келесі міндеттер қойылады:
- Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, музыка және бейнелеу өнері пәндерінің пәнаралық байланысын ажырату;
- Көркем шығарманы талдау негізі ретіндегі эвристикалық әңгімелесу;
- Қазақша мәтіндерді орфоэпиялық дұрыс оқуға жаттықтыру және осы негізде мәнерлеп оқуды үйрену;
- Оқушылардың екі тілді сөздікпен жекеше жұмыс жасауы;
- Түпнұсқа мен аударманы мына деңгейлер бойынша салыстырып талдау:
а) лексика-семантикалық в) интонациялық-ритмикалық
б) бейнелі-мағыналы г) синтаксистік
- Өлең мәтіндерін жаттау
- Қазақ поэзиясын әлемдік контексте үйрену.
10- сыныпта 1-сабақта оқушыларға ақын өмірі мен шығармашылығын таныстырдым.
Жамбыл туралы мәліметті оқушыларға оқулықта берілген мәтін бойынша түсіндіру. Оқушыларға берілген сөздер қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан әрбір сөздің мағынасын ашып, мысалдар арқылы түсіндіремін. Мысалы: «Күнкөріс қамын жеу»-фразеологизм болып табылады. Бұл тіркестің орысша баламасы –«думать о хлебе насущном». Жамбылдың да балалық шағы басқа кедей балаларының өмірі сияқты ауыр болды, ол күнделікті жейтін наны үшін таңертеңнен кешке дейін байдың жұмысын істеді. Дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым" өлеңіне талдау жасаймын.
Оқымаймын молдадан,
Екі иығын қомдаған.
Бала келсе сабаққа,
Жем аңдыған дорбадан.
Ақ сәлдесі басыңда,
Боз інгендей боздаған.
Қайтіп сабақ береді,
Айтқаны ішке қонбаған.
Оқығанша мен одан,
Домбыраны қолға алам.
Мысқыл сарынында жазылса да, бұл өлеңнің астарында үлкен ой жатыр. Сол кездегі дүмше молдалар, олардан қорқып сауатын аша алмаған талай жас жеткіншектер жайлы, тек өз басынан өткенін баяндап тұр. Нақтылап айтсақ, сол кездің балалардың атынан қоғамға шағым айтып отыр. Олардан таяқ жеп жүргенімше домбыра ұстап, халықтың мұңын айтайын дейді. Ал өлеңнің көркемдік болмыс-бітіміне келер болсақ. 7-8 буынға негізделген. «Боз інгендей боздаған» деген сынды теңеу мен «Ақ сәлдесі» деген эпитет тіркестер бар. Сыртқы формасы термеге ұқсас. Өйткені, автор Жамбылдың дарынында айтыс және жырау сарыны байқалады ғой.
...Қолындағы тобылғы,
Қозғалтпайды жон жағым,
Талай дүре соғылды.
Торсылдатып танадай… Мына шумағында аллитерациясының қысқа берілгенін көреміз. Теңеу, эпитет, аллитерация туралы түсіндіремін. Өлең аса көркемдік ерешеліктермен өрілмесе де, айтылар ой дәл, бейнелі, оқырманға жайтты көз алдына әкелетін қасиетімен жазылған. Осы тұсымен талдауда ерекшеленді. Қазіргі мектеппен салыстырамын.
Екінші сабақта ақын өлеңдерін талдата отырып меңгертуді дұрыс санадым.
1.Еліміздегі әлеуметтік– саяси
өміріндегі өзгерістерді суреттеген «Зілді бұйрық», «Патша әмірі
тарылды» өлеңдері мәнерлеп оқылады.
2. Мазмұны
ашылады.
3. Өлеңнен кейіпкерлерді
табу.
Кейіпкерлер
әлемі:
Көпес, халық, патша,
губернатор, жандарал, пристав, болыс. Кейіпкерлер туралы өз ойларын
сұрау.
4.Өлеңді құрылысына қарай
талдау
«Зілді
бұйрық»
«Верныйдың» // «қадам баспай»
// «қаласына» - а
Кемпір, шал //жылап жатыр//
баласына – а
Ешбір ем // табылмады //
іздесе де – б
Халықтың // жүректегі //
жарасына – а
5.4 тармақты, 1 шумақты, 11
буынды, 3 бунақты қара өлең
ұйқасы.
6.Әдебиет теориясы бойынша
өлеңнен көркемдеуіш сөздерді табу.
Көкорайға
жайылған
Секілді едік үйрек,
қаз
(теңеу)
Жамбыл екі ғасыр куәсі. Кедей отбасында өмірге келген.
Сөздік жұмыстарына да назар аудартамын.
Екі ғасыр куәсі – свидетель двух веков
Кедей отбасында – в семье бедняка
Жыр алыбы – гигант поэзии
Наразылық - недовольство
Жамбылдың айтулы деген «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Көрұғлы», «Бақ ,дәулет,ақыл » дастандары бар.
Жамбыл есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Ақын шығармаларының толық жинақтары бірнеше рет басылып шыққан, ол туралы зерттеу кітаптары жазылған, кинофильмдер түсірілген. Жамбыл атымен облыс, елді мекендер, көшелер аталады.
Жамбыл– өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді. Сондықтан Жамбыл жырларын, өмірін біліп, өнегелі өмірі мен сөздерінен үлгі алуды, өзге ұлт өкілдеріне меңгерту – біздің басты міндетіміз.
«Егер біз Жамбыл даналығын тәу
етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл
арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында.
Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет
көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды
иеміз»,-деді
Н. Ә.
Назарбаев.
Өзге ұлт өкілдеріне титтей де болса ақын шығармаларын меңгертіп, қазақ тілінде сөйлете алсақ, біздің ақын шығармашылығына өзге ұлт өкілдерін құрметпен қаратып, талдата алуда жеткен жетістігіміз болмақ.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
-
Бекен Ыбырайым. Жамбыл және халық ақындары
-
С.Ч. Тұрсынғалиева Қазақ әдебиеті 10- сынып. «Арман -ПВ»2014 ж