ШЫМКЕНТ
ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«№10
колледжі»
МКҚК
Тақырыбы:
«ҚАЗАҚ
ЕЛІ – МӘҢГІЛІК ЕЛ».
Оқытушы:
Надирбеков А
ШЫМКЕНТ
– 2020
ҚАЗАҚ
ЕЛІ – МӘҢГІЛІК ЕЛ
Бүгінгі
Қазақстан ғасырлар тоғысында еркіндікті
аңсаған ата-баба арманы жүзеге асып ,
егемендікке ие болған, арайлап атқан
елдіктің ақ таңы бар, қабырғасы қатайған,
пікіріне халықаралық қауымдастық
өкілдері құлақ асатын беделді мемлекет.
Мұндай бақытқа әрине, оңайлықпен жеткен
жоқпыз. Бұл үшін қаншама еңбек етіліп,
тер төгілді. Дархан даланы ақ найзаның
ұшымен, ақ білектің күшімен, алғыр
ақылмен, берік тақыммен қорғап, сақтап
қалған атабабаларымыздың ұлы күрестерінің
арқасында бүгінде әлемді мойындатқан
мемлекет болып отырмыз. Егер тереңінен
үңілсек,бүгінгі аға буынның ертеңгі
арқасүйері – жастар.Жастар саясатты –
аясы ауқымды,мағынасы мәнді ұғым. Сайып
келгенде жастардың бойындағы белсенділік,
бастамашылдық – өсуіміздің,өркеңдеуіміздің
нақты бағдарламасы іспетті.Жастық - ол
ізденістің бастауы, осы жаста ғана адам
өзінің күшіне сеніп, тауды да қопарып
тастайтындай болып көрінеді, барлық
істе - спортта, саясатта, бизнесте болсын
көшбасшылық танытады.Кез келген ел
өзінің келешегін өскелең ұрпағымен
байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне
жазылған заман ағымы, кезең тынысы
болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни
біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын.
Осы бақытты басымыздан тайдырмау өз
қолымызда. Өйткені адам өз тағдырының
иесі. Алдыңғы толқын аға буынның орнын
басар, ізін жалғастырар артында өсіп
келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің
ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі
жастарға тікелей байланысты. Білімді,
бәсекеге барынша қабілетті, сонымен
қатар дені сау яғни салауатты өмір
салтын ұстану жастардың өмірлік ұстанымы
болуы керек.Жалпы қазіргі қазақ жастарының
елшілік қоғамдық-саяси үдерістерден
қалыспай,қордаланған проблемалардың
түйіншегін тарқатуда өзіндік ой-пікірлерін
білдіріп отыруы жастардың фунукционалдық
сауаттылығының дәлелі дер едім. Дегенмен
кейде жастарды отрақ идеяға ұйытып,ұлт
мүддесін ұлықтау жолында жұмылған
жұдырық қылатын ауызбершілік,тоқтамды
талқы жетпей жатқандай көрінеді.
Сондықтан бүгінгідей жастардың ғылыми
– практикалық конферециясын
ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім
келеді. Ащы да болса шындық, қазіргі
уақытта кейбір жастар ұйымы билік және
оппозиция аттыкереғар ұғымдарға көңіл
бөлетіндері жасырын емес. Осындай
ойлардан арылып, Мәңгілік ел болудың
жолдарын қарастырып, дамудың себептерін
іздестіруде осындай конференциялардың
маңызы зор деп есептеймін. Елбасының
«Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жариялаған
болатын. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының
мақсаты – дамыған елдердің қатарына
кіру екендігін баршамыз жақсы білеміз
әрі қолдаймыз. Алдағы уақытта осы
мақсатты жүзеге асыру үшін тиімді
реформалармен жұмыс істеу көзделуде.
Осы реформаларды жүзеге асырушы топтың
бірі – біз, жастар. Жоғарда айтып
кеткенімдей, жастар — бұл мемлекеттің
негізгі тірегі бола отырып, болашақта
ел басқаратын ұрпақ өкілдері.Жас ұрпақтың
табысты дамуы мен қалыптасуының маңызды
шарты сапалы білім беру болып табылады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан
бастап білім беру, денсаулық, кәсіби
және жеке бәсекеге қабілеттілік, жастарды
әлеуметтендіру мәселелері ҚР Президентінің
жолдауларында көрініс тауып келеді.