Материалдар / Баяндама: "Сапалы білім негізі – сауатты, мәдениетті ұрпақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: "Сапалы білім негізі – сауатты, мәдениетті ұрпақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сапалы білім беру үшін оқулықпен ғана шектелмей, қосымша материалдар, шығармашылық тапсырмалар беріліп, қай тақырыпты қалай беремін, немен түсіндіремін, қай әдіс тиімді деген оймен жүзеге асқаны жөн. Класты біртұтас, бірақ әр оқушы бір бөлшек қағидасы назардан тыс қалмай деңгейлік тапсырмалармен қамтылса құба құп.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
380
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сапалы білім негізі – сауатты, мәдениетті ұрпақ


Акмарал Бакитжанова Амангелдиевна

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қорғантұз орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

Еліміз экономикалық, техникалық, рухани, ақпараттық даму деңгейінде. Сондықтан ел болашағы бүгінгі ұрпақты жан-жақты біліммен қаруланған бәсекеге қабілетті тұлға етіп қалыптастыруда да бүгінгі берілетін білімнің сапасы, оны меңгерту жодары маңызды.

Тәуелсіздік алғаннан бері қараай елімізде қанат жайған жаңару, жаңғыру үрдісінің басы –қасында болып, өзі де алып тұлғаға айналған Н:Ә. Назарбаев ұлтты өсіріп, одан әрі өркендеп ,мерейін өсіретін фактордың маңыздысы білім беру ісі екендігін әр жылғы Жолдауы сайын атап көрсетуде.

Жолдауды бағыт етіп алған әр мұғалім «Мұғалім өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы бағалы қасиетін өзінің оқушыларына, халыққа беріп отырады» деген ұлағатты сөздерге ден қойып, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ізденісі мен шығармашылық қарым-қабілетін шыңдап отырғаны абзал.

Білім – біріншіден мәдени құндылық. Білім сапасы – болашақ ұрпақты тек қана сауатты емес мәдениетті, тәуелсіз санасы қалыптасқан белсенді етіп тәрбиелеу.

Оқушы мектептің кішкентай құраушысы, оқушыны әлеуеттендіру мақсатында мұғалім қауымы тарыдай болып кірген баланы таудай етіп шығару жолында аянбай қызмет ететіндігі белгілі. Бастауышта әріппен санды танып, оларды қосып оқып жазуға дағдыланып, зейін тұрақсыздығына қарамастан, дүниені тануға баулып, білім негізін қалайтын да, негізгі сатыға келгенде таным түсініктерін дамытып, көңілдегі көрікті ойдың – ауыздан шыққанда сәні кететіндігін, яғни,

Ойдың – нәзік тербеліс,

Сөздің – қатаң тербеліс екендігін ұғындыратында мұғалім қауымы.

Мақсаты, мазмұны, әдісі, құрылымы, оқушыла мен мұғалімнің іс-әрекеті жағынан әрбір сабақтың өзіндік ерекшеліктері бар. Білім – теңіз десек, білімдегі бір тамшы: ол-сабақ. Әр сабақта мақсатқа жету үшін бағытталған білім беру үшін мұғалім пәндік (пәнаралық, көзқарастық), түйінді (ақпарат жинай алу, оны техникалық құралдар арқылы көрсету, мәселе қою және шешу жолдарын білу) және базалық (соңғы кіріктірілген нәтиже) құзіреттіліктерді басшылыққа алып жұмыстана нәтижелі болмақ.

Сапалы білім беру үшін оқулықпен ғана шектелмей, қосымша материалдар, шығармашылық тапсырмалар беріліп, қай тақырыпты қалай беремін, немен түсіндіремін, қай әдіс тиімді деген оймен жүзеге асқаны жөн. Класты біртұтас, бірақ әр оқушы бір бөлшек қағидасы назардан тыс қалмай деңгейлік тапсырмалармен қамтылса құба құп.

Мұғалімнің мұғалімі – табиғат демекші, табиғаттың ымын түсініп, әр түрлі құбылыстарды түсінуде информатика пәнінің алар орны ерекше. Ол – ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамдас бөлігі болып табылатын, ақпараттық технологияны, әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Информатиканы оқытудың сапасын арттыру үшін педагогикалық технологиялардың ішінде тиімділерін таңдап, анықтай білу – әр мұғалімнің негізгі міндеті болуы тиіс. Оқушы не үшін оқу керектігін, ал мұғалім не үшін оқытатындығын түсінгені абзал. Мұғалім дұрыс бағыт бағдар берсе, оқушы түйінді мәселені тауып, шешу жолдарын анықтай алады. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі зор.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы жетелеу, шығармашылыққа баулу әдістерін қолданып отырған тиімді. Пәнді оқытудың тиімді әдістерінің бірі «Алгоритмдер» кітапханасы әдісі. Бұнда оқушыларды өз ойларын жүйелеуге, салыстыра білуге, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Оқушылардың нысандарды талдау, түсіндіру, нысандарды дәлелдеу, өзіндік белгілерін санап көрсету, программаны құру барысында қатесін түзету, әр түрлі типтегі есептерге программа құру дағдылары қалыптасады. Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық және практикалық әдістерді саралап пайдаланса білім берудің сапасы артады.

Оқушылардың алған білімді еске түсіру, теориядан алған білімін практика жүзінде бекіту, салыстыру, қабылдау мүмкіндіктері, байқау қабілеті, сипаттап жазу мен жалпылай білу дағдылары дамып қалыптасады.

Алған білім, қалыптасқан дағды оқушының жан-жақтылығын танытып, өзгерістерден тыс қалмай, қажетті ақпараттарды іздеп, мүмкіндіктерді пайдалануға үйретеді. Өз бетінше білім алуға, танымын кеңейтуге мүмкіндік беретін жүйенің бірі «Қащықтықтан білім алу жүйесі». Оқушы өзіне қажетті білімді іздей отырып, үйренеді. Желілік байланыс арқылы жаппай компьютерлендіру кезеңінде компьютерлік технологияны оқу үрдісінде пайдалану арқылы оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырып, дамытуда үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын практика жүзінде дәлелденіп отыр. Біздің мектеп оқушылары интернет олимпиадаға қатысып, өз белсенділіктерін танытып, білімдерін аудан, аймақ деңгейінде үздік нәтиже арқылы көрсетсе, ғылым-білім интернет ресурсы ұйымдастырған «Жас дарын» І Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында математика және информатика пәндері бойынша бір оқушы «Жас зерттеуші» номинациясында жүлделі ІІ орынға ие болды. Республикалық сырттай оқу мектебінің іріктеу тапсырмасын қашықтықтан орындап, тіркелген оқушылар әр кезеңнің тапсырмаларын уақытылы орындап отырады.

«Білікті емес білімді мыңды жығар» қазіргі заманғы қуатты әлемде дарыны мол болашақ ғалымдар мен білімділерді тәрбиелеу – әрбір ұстазға қойылатын талап.






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!