Материалдар / Баяндама. Тақырыбы: "Мектепалды даярлықтың маңыздылығы мен қажеттілігі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. Тақырыбы: "Мектепалды даярлықтың маңыздылығы мен қажеттілігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі балалардың мектепалды даярлықта тәрбиелеумен оқытудың қажеттілігін түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2021
649
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебі











Баяндама

Тақырыбы: «Мектепалды даярлықтың маңыздылығы мен қажеттілігі»







Тәрбиеші: Сеитбаева Шынар Сериковна

























Мектепалды даярлықтың маңыздылығы мен қажеттілігі.

Қазақстан Республикамыз дамып өркендеп Тәуелсіздіктің 29 жылын еңсеріп осы жылдар  ішінде әлемге  танылды. Еліміз, экономикамыз дамып, халықтың әл-ауқаты  жақсарды .Егемендік  алған  алғашқы  жылдан бастап ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне  аса мән берілді, баланың  жеке  тұлға ретінде жан-жақты  қалыптасуына, танымдық әрекетін  дамытуға  ерекше  назар аударылды.

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні- мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.Ұрпақтың азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдері, туған ел, салт-дәстүр, моральдық- этикалық нормаларын қалыптастырудың қайнар көзі мектепке дейінгі кезеңнен бастау алып, мектепалды даярлық сыныпта жалғасады. 

Мектепалды даярлық-бұл  ең алдымен бүлдіршіндердің  үлкен өмірге басатын  алғашқы  қадамы, бірінші  баспалдағы  десе  болады. Өйткені  бала  балабақшадағы  алаңсыз сәби шағымен қоштасып, жауапкершілік  сезімін  қалыптастыра  бастайды. Даярлық сыныбындағы оқу-тәрбие ісінің маңызды мәселелерінің бірі  балалардың  өмірін қорғау  және денсаулығына  қамқорлық жасау  болып есептеледі. Даярлық сынып тәрбиешісінің міндеті бүлдіршіндерді   жан-жақты  дамыта  тәрбиелеу болса, мен өз жұмысымда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа стандартын  басшылыққа аламын. Баланың қимыл-қозғалысы  жеткілікті болғанда ғана  денесі  қалыпты  дамиды. Сыныпта өткізілетін ертеңгілік жиындар,  шаттық шеңбері  ,сергіту жаттығулары  осы  талаптарды  көздейді.Ойын әрекеті  барысында  балалардың  ой-өрісі қалыптасып  ,сан  қырлы іс-әрекеттері  дамып, жеткіншектердің жан-жақты дамуына жол ашады. Балаларда  өздерін  қоршаған ортаға деген  қызығушылық  сезім қалыптасады. Өз ойларын  ашық , еркін білдіруге үйренеді.Тәрбиеші балаларды Отанын  сүюге ,елін, жерін  қорғауға  тәрбиелейді.Әсіресе  сауат ашу,  тіл дамыту сабақтарында жаңа технология элементтерін көптеп пайдаланамын. Баланың дұрыс сөйлеуін және ана тілінде қарым-қатынас мәдениетін дамыту,  ана  тілінің  дыбыстарын  танып, дұрыс айтуды үйрету,оқуды меңгерту - басты мақсатым. Адамгершілік құндылық бағдарын, мінез-құлық нормасын, тәртіптік ережесін халықтық салт- дәстүр үлгісінде қалыптастыру бүгінгі күннің талабы.

Баланың тұлғалық дамуын, мінезін тәрбиелеу мен қалыптастыруда басты міндет – олардың жан-жақты болып өсуін қадағалау.Баланың мектепке даярлық кезеңінде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады.Даярлық сыныптың  негізгі міндеті – баланың бастапқы жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімдеуіміз қажет. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін өзекті мәселе болып табылады, ал даярлық сынып тәрбиеленушілері үшін ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік топ өзгереді. Бала тек қана сыныбына ғана емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді Әдетте, бұл процестегі қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі, Мұндай балалар үшін жағдайдың өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін,  қиындықтардың ең алғашқы себебі – мектептік оқуға деген қызығушылығының төмендігі немесе психологиялық дайын еместігі.   Осыған қоса мектепте оқудың бастауы тек өмірдің жаңа шарттары ғана емес, сонымен қатар жаңа байланыстар, қарым-қатынас және жаңа міндеттер. Осыған орай бала өмірі өзгереді: бәрі оқуға, мектеп іс-шараларына бағынышты болады. Бұл өте маңызды кезең.  Мектеп алғашқы күннен бастап оларға интеллектуалдық және физикалық күшті қажет ететін тапсырмалар береді. Бала мектепке келгеннен кейін оқу оның негізгі іс-әрекетіне айналады. Мектепте бала белгілі бір мерзім ішінде қабілеттілік пен икемділіктің белгілі мөлшерін меңгеріп және оларды талдауды үйренеді. Жалпы білім беретін мектептердің алғашқы сыныбына келген балалар оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды басынан өткереді. 5 – 6 жасар баланың мектепке баруы оның  өмірінде ерекше оқиға болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңнен мектеп жасына өтуі баланың іс-әрекетінде, басқа адамдармен қарым-қатынасында ерекше өзгерістермен байланысты. Кіші мектеп жасындағы баланың ең негізгі іс-әрекеті оқу болғандықтан, баланың өмір тіршілігі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады, баланың қоршаған ортамен  қарым-қатынасы жаңаша қалыптасады. Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды Бейімделу ұзақ мерзімді қажет ететін процесс.

Даярлық сыныпта бала ең алдымен айналасындағы басқа балалармен қарым-қатынас жасауды, әдептіліктің алғашқы ережелерін үйренеді.Адамгершілік құндылықтарды түсіне бастайды, өз-өзіне қызмет жасауды  меңгереді. Партада отыру, берілген тапсырмаларды мұқият орындау, өз іс-әрекетіне  жауапкершілік дағдылары дамиды. Әріптерді танып, буындап оқуды меңгереді. Балалар бірінші сыныпта жақсы оқып кетуі үшін, мектепалды даярлық сыныптың орны ерекше. Сондықтан мектепалды даярлық сыныптарының жұмыс жасауы қажет деп есептеймін.

Жыл  бойы өткізілетін  мерекелік  ертеңгіліктер   әр баланың  өнерін көрсетіп ,  жұлдызын жағады, баланың  бойында эстетикалық сезімдері, шығармашылық қабілеттері дамиды.Отбасылық  спорт  сайысы, «Қызым-қызғалдағым», «Ұландар-мақтанымышыз», «Әкем, анам және мен » сайыстары  балаларға  нағыз  мереке  сыйлайды.

Даярлық  сыныпта тәрбиеленген  балалар -өз отаны мен туған өлкесіне деген сүйіспеншілікте , мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайтын , қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілік қарым-қатынаста болады. Бала қабілетінің  ашылуы үшін тәрбиеші жанашыл,  білімді, өз  ісінің  шебері  болуы  керек  десек,сәбиді  жоғары деңгейдегі  білім мен  адамгершілікке  баулитын тәрбиешінің  бойында барлық асыл  қасиеттердің  табылуы  тиіс. Мектепалды даярлық сынып- балалардың  қабілетін дамыта  отырып , өзіндік дамуға даяр,  өзін таныта алатын және  өзі үшін  де,  қоғам үшін  де бар мүмкіндігін пайдаланатын шығармашыл, құзіретті  тұлғаны тәрбиелейді.

Сондықтан құрметті ата- ана, балаңызды мектепалды даярлық сыныбына дер кезінде беріп, толыққанды тәрбие көріп, білім негізін қалыптастыруға көңіл бөліңіздер.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!