Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама тақырыбы: «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуда заманауи әдістерді қолдану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Қазақстан тарихы»
пәнін оқытуда заманауи әдістерді қолдану
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытуда заманауи әдістерді қолдану.
Қазіргі уақытта білім мазмұнын жаңарту жағдайында дамыған елдердің білім беру жүйесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу процесінде ақпараттық инновациялық технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттық технологияларды қолдану – бұл білім сапасын арттырудың, сондай-ақ танымын жан-жақты дамытудың басты құралы екені қарастырылған.
Қазақстан тарихын оқытуда инновациялық педагогикалық технологиялар өзекті болып табылады, осы педагогикалық технологиялар ұғымы білім алушыны оқыту мен тәрбиелеуде кеңінен қолданылатын технологиялардың біріне айналды. Қазіргі қоғамдағы маңызды міндеттердің бірі ақпараттандыруда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласында педагог – біліктілігін арттыру болды. Әрбір мұғалім яғни өзіміз заманауи тәрбие мен таным саласындағы жаңа тенденцияларды игеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды практикада қолдана отырып, білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі оқыту жүйесі өзгерді, білім беру мазмұны жаңартылып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдердің алдында оқыту әдістерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды игеру, оларды тиімді пайдалану міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-бұл болашақ ұрпақтың заманауи талаптарына сай келетін жаңа бағдарлама.
Оқыту барысында әртүрлі ұрпақ құндылықтарындағы айырмашылықтарға негізделген әдіс-тәсілдерді пайдалануымыз қажет. Бұл айырмашылықтар себептері, мысалы, әлеуметтік-экономикалық даму, саясаттағы жағдай, қоғамның технологиялық дамуы және т. б. сияқты оқиғалар әсер еткен. Ұрпақтардың жіктелуі төмендегідей:
-
Жеңімпаздар 1903-1923 жж. 1905 және 1917 жж. революциялар, коллективизация, электрификация
-
Үнсіз 1924-1943 жж. Сталиндік қуғын-сүргін, Екінші дүниежүзілік соғыс, қираған елді қалпына келтіру, антибиотиктердің шығарылуы
-
Бэби-бумерлер 1944-1963 жж. Жылымық, ғарышты жаулап алу, КСРО-әлемдік супердержава, қырғи-қабақ соғыс
-
X ұрпағы 1964-1984 жж. Қырғи-қабақ соғыстың жалғасы, қайта құрылулар
-
(Y) ұрпағы 1985-2003 жж. КСРО ыдырауы, терактілер мен әскери қақтығыстар, ұялы телефондар мен интернеттің пайда болуы
-
(Z) ұрпағы 2004-2024 жж. Интернет, ұялы және сандық технологиялардың дамуы
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді.
Қазіргі уақытта адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың зияткерлік қабілеттерін арттыратын компьютерлік технологиялар мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану білімалушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Мұндай міндеттер оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша өз ойларын жеткізе алатындай, пікір- көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін дамытуға орайластырылып құрылады. Осы технологияны сабақта қолдану барысында мұғалім жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылу, білім алушыдардың білім түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұтымды және кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі сынды басымдықтарға ие болады.
Инновация дегеніміз – кезкелген үрдіске, не процесске жаңалық ендіріп мәселені жаңаша шешу. Қазір әлем қарқынды өзгеру үстінде. Ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан кезеңдері. Жас ұрпақ ұялы телефонсыз және интернетсіз сабақ жасай алмайтын дәрежеге жеткен уақыт. Сол себепті біз оқулықты балалардың қолынан көре алмаймыз. Сондықтан мұғалім уақыт талабына сәйкес өзгеруі керек. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің мәні білім алушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде болуы. Жаһанда болып жатқан өзгерістер ұстаздың біліктілігін арттыру жүйесіне де әсер етеді.
Бұл кезеңде мен жаңалықтарды енгізуге кедергі келтіретін факторларды ескере отырып, оқу–тәрбие процесіне өзгерістер енгізуіме болады, жаңашылдық мерзімдерімен байланысты жұмыстарды жүргіземін. Ұйымдастырылған оқу – тәрбие жұмысының нәтижелерін арттыруға инновацияның әсерін анықтаймын, оқу – тәрбие жұмысына жаңашылдықты тиімді енгізу шарттарын белгілей келе және оны таратуды ұсыну. Оқытудың инновациялық жүйесі, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білуіміз қалыптасуы тиіс.
«Оқу-адамды білімді болуға, әңгімелесу тапқырлыққа, естігенді жазып отыру-дәлелдікке тәрбиелейді», -деген екен Ф.Бэкон. Оқу материалын оқып үйрену кезінде балалардың таным белсенділігі жоғары болатын сабақ қана білімнің сапалы көрсеткішін береді. Ол үшін осы аталған әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалануы мұғалім шеберлігіне байланысты.
Қазақстан тарихы пәнінен интербелсенді әдіске тоқталатын болсақ, ол оқушы белсенділігінің әсерін арттыру үшін қолданылатын әдіс. Интербелсенді оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқаруда оқушылардан модельдеуді және қатысушының дағдысын дамыту, яғни бүгінгі демократиялық қоғамға қажетті болуын талап етеді. «Интерактивтік»деген сөз энциклопедияда көрсетілген, интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтің, жұптың, топтың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интеракция әрекет барысында, әсіресе диалог сөзге үйретуде субъектілердің белсенділігін, оларды шығармашылық ниетін және бірігіп әрекет етуге ұмтылуын қамтамасыз етеді.
Ғаламтордағы білім беру саласына арналған платформаларды тиімді қолданып, білім беру қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруға болады. Мұндай платформаларды пайдалану, ең алдымен, білім алушылардың оқу қызметіне деген қызығушылығын, білімі мен белсенділігін арттырады. Ақпараттық технологияларды қолдану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал етеді. Электрондық оқытуда мультимедияны қолдану білім алушылардың ақпарат беру және түсіну жылдамдығын арттырып қана қоймай, интуицияны, елестететін ойлауды және басқа да маңызды қасиеттерді дамытады. Интерактивті тақтаны қолдануда, бұл презентациялар, интерактивті оқулықтар, графикалық дизайн, бағдарламалық жасақтама орталықтарындағы жобалар. Сонымен, интерактивті оқыту технологиясының басты ерекшелігі – оқушы білім беру процесінің пассивті тыңдаушысы емес, қажетті материалмен тікелей жұмыс жасайтын белсенді қатысушы. Бұл заманауи білім берудің жаңа технологияларының арқасында мүмкін болды.
Қорытындылай келе, оқытушы ең алдымен инновация туралы түсінікке ие болуы керек. Қазіргі педагогикадағы инновация – білім беру, тәрбие жұмысына жаңашылдықты енгізу, яғни жаңа әдістер, құралдар, жаңа тұжырымдар жасау және оларды қолдану ретінде анықталады. Инновация құрал және процесс ретінде кез-келген жаңалық енгізу жұмыстарын қамтиды. Инновацияға деген қажеттілік белгілі бір мәселені шешу жолында туындайды. Кез келген педагогикалық ұжым, кез келген педагог инновациялық қызметті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ инновацияны дайындау және ұйымдастыру процесінде ол белгілі бір тапсырманы өз мойнына алуы керек, өйткені кез-келген педагогикалық бастаманың объектісі оқушы екенін ұмытпауымыз керек. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік дағдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Ғаламдық білім беру – А: 2005
-
Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы 2013.