Материалдар / Баяндама "Ұлттық ойындар"

Баяндама "Ұлттық ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ойындары туралы баяндама
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады





БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай- қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында «Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз», - деп ұлттық мұраларымыздың құндылығы зор екендігін көрсетеді [1]. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлттық ойындар. Бүгінде ойынды халық педагогикасының бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі жайдан жай емес. Қазақ халқы – материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары жатады. Педагогикалық теорияда ойындар түрлері, оның ішінде ұлттық ойындар баланың ақыл-ойының және денесінің дамуына қажетті негізгі қызмет түрі ретінде қарастырылады. Ойын балаға қажетті қозғалыс пен эмоциялық серпілісті қанағаттандыратын іс-әрекеттер туындатып, бала психикасының дамуына себепші болады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл- ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз, өйткені ең алдымен не болса 185 да жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді жинақтайды, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан-жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Сондықтан ол тәрбие жүйесінің міндеттері мен түрлерін толықтырып қана қоймай, оқу-тәрбие жүйесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін байытуға, оны жетілдіретүсуге де өз үлесін қосады, барынша белсенді әрекет жасайды. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек [2]. Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей – тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес. Бала отбасы тәрбиесі және өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып ана тілін үйренеді. Осы ретте, Ә.Диваев: «Как киргизы развлекают детей» деген мақаласында: «бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - дей келіп, «Бес саусақ» ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі [3]. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән беріледі. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден – бір таптырмайтын құрал. Мысалы: Бірінші сыныпта балаларды қимылдату мақсаты мен халық ойыны «Қуыр, қуыр, қуырмашты» ойнату пайдалы. Оның шарты: Бірінші бала бас бармақтан бастап шынашаққа дейін бір рет саусақтардың атын түгел айтып береді. Сөйтіп, бар саусағын жұмып тұрып, екінші бала кез – келген саусағының атын атайды. Бұл ойын балалардың тілін жаттықтырып, есте сақтау қабілетін жетілдіре түседі. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік береді. Оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі. Бірінші сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге барлығының бірдей тілі келе бермейді. Бұл кезеңде нағыз көмекші халық ойыны болып табылады. Бұл мақсатта ежелгі халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. Жаңылтпаштардың тіл дамытуда, сөзді таза сөйлеп, ширақ айтуда пайдасы көп. Қазақ тілі сабағында «Буын» тақырыбында «Өз атыңды буынға бөле білесің бе?» Сыныптағы заттарды ата ойындарын ойнатуға болады. Сабақта ойын түрлерін күрделендіріп «ойлан тап» ойынын ойнатуға болады. Мысалы: Мұғалім ішінен «Алма» деген сөз ойлап тұрып «ал» буынынан басталатын бірінші буынды айтады. Балалар әр түрлі «ал» буынынан басталатын бірнеше сөздер айтады. (алау, алма, алға). «Сан есім» тақырыбында «сен білесің бе?» ойынын ойнатуға болады. Мұнда бір әңгіме оқылып, оқушыларға ондағы сан есімдерді атап айту ескеріледі. Балалар топқа бөлініп мұқият тыңдаулары шарт. Қай топ әңгімедегі сан есімді көп жазса сол топ озады. Бұл ойында оқушылардың алары көп. Дара, күрделі сан есімдерді жазуға үйреніп дағдыланады, сауатты жазып үйренеді. Қазақ тілі сабағында халық ойынын пайдалану – оқушылардың еркін сөйлеуін, тіл байлығын сөздің дәл мағынасын бағдарлай білу қасиеттерін жетілдіре түседі. Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы. Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы: ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін.Ойынды сабақтың басында қолдану үй тапсырмасын тексеруге оқушылардың түгел қатысуына мүмкіндік туғызады.Ортасында оқушылардың шаршағанын басып, сергіту жаттығуы мақсатында қолданылады.Сабақтың соңында сабақты бекіту немесе сол сабақтан алған білімді жинақтау. 186 Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдарын баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, ол онша қиындық келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін «санамақ» ойынын ойнату тиімді. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушылардың ауызша есептерге жаттығуына логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда: «Қай қолымда», «Сөз мәнісін байқаңыз», «Өзім де құр қалмаймын» т.б. Мысалы: «өзім де құр қалмайын» ойыны. Жексенбі күні еді. Атамның үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды. Немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір – бірден берсе біреуі ауысып қалады, екі – екіден берсе жетпейді. Сонда неше алма, неше немере болған? Жауабы: 3 немере, 4 алма. Бастауыш сыныпта ойынды пайдалану арқылы есептер шығарумен қатар текстті есептеп шығару барысында құрғақ шығарумен шектелмей оның тәрбиелік мәнін ашып түсіндіруді қажет етеді. Сонымен қатар, Тәулік жыл ғасыр тақырыбын өткенде біраз тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізуге болады. Мысалы, жылдың қазақша атауы бар екенін ескеріп былайша үйретеміз: Тышқан жылы – тыныштық. Сиыр жылы – сыйлық. Қоян жылы – қашбалы. Жылан жылы – жайлы. Ұлу жылы – үлгілі. Қой жылы – құтты. Мешін жылы – мейірлі. Тауық жылы – табысты. Ит жылы – игілік. Доңыз жылы – дүниелі. Одан кейін есепті шығаруға кіріссек сабақтың тәрбиелік мақсаты ашыла түсер еді. Өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл- ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі. Көңіл аударарлық ойынның бір түрі – асық ойыны. Ол өте қарапайым көрінгенімен, мұнда адам денесін шыңдап, сомдайтын қасиеттер, бала тәрбиесінде, оны өзара әрекетке жетелейтін қимыл түрлері қаншама. Ең бастысы, ол – баланы жастайынан салауатты өмір салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшық еттерінің жетілуіне, тыныс мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруіне, соның нәтижесінде қырағылық мен мергендікке баулиды. 187 Ойын мағынасымен жеке оқушының мақсаттары бір-бірінен алшақ кетпейді, қайта бір-біріне қабысып, ұштасып жатады. Олай болатыны, ойын мақсаты - өзінің қарсыласын ұту, одан басым түсіп, жеңіске жету. Ұлттық ойындардың жасаушысы – халық, бұл – халықтық шеберлік. Осы күнде сол халық жасаған туындыларға күдікпен қарайтындар әлі де кездеседі. Ұлттық ойындардың ел арасында кең тарауына байланысты бір ойынның әр жерде әртүрлі тәртіппен ойналуы және олардың атауларының әртүрлі болып келуі жиі кездеседі. Осы жағдайды ескере келіп ойындарды жүйелеу, топтау және атау беру мәселесі шығады. Топталып, жүйеленбеген ойындарды тәжірибелік тұрғыдан қолдану, ережесін айқындау мүмкін болмайды. 1 сурет – Қазақтың ұлттық ойындарын жүйелеу, топтау. Ойындарды жүйелеу арқылы оларды қолдану кезінде ойнаушыларды жынысына, жасына қарай бөлу, олардың дене-күш даму ерекшелігін, мінез-құлқын ескеру арқылы ойнаушыларды топқа бөлу, оқу-жаттығу ұзақтығын анықтау, жыл мезгіліне бөлу сияқты қажетті шараларды іске асыруға мүмкіндік туады. Ойындарды жүйелеу, топтау, барлық ойындар туралы алынған ақпаратты бір жерге жинақтауға және осы ақпаратты ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан пайдалануға мүмкіндік береді. Қорыта келгенде, ұлттық ойындардың бастауыш мектеп оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануды зерттей келе біз ойындардың адамдарды дене дамуына, шынығуына, еңбек етуіне бейімдеу мақсаттарында қажеттіліктен туғандығын көруге болады, сондықтан ұлттық ойындар жалпы дене мәдениетін дамытудың негізі болып саналады деген тұжырым жасаймыз.







ӘДЕБИЕТТЕР

1. Н.Назарбаев. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол. Қазақстан халқына жолдауы. 2014ж

2. Кішібаева Д. Ұлттық ойындардың пайдасы /Бастауыш мектеп, 2004ж №1. -Б. 52-56

3. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу тәрбие ісінде пайдалану.















БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ

Ұлттық ойындарының да өзіндік тарихы, даму жолдары, қалыптасу кезендері бар. Қазіргі кейбір тарихи деректерге қарағанда, бізге жеткен ұлт ойындарының біразы сонау көне заманнан бері келе жатқаны белгілі болып отыр. Демек, Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі халқымыздың ұлттық ойындарын да тұғызған. «Бес тас», «Асық», «Садақ ату» сияқты ұлт ойындары шамамен алғанда осыдан бес мың жылдай бұрын ойналғаны жайында айта келіп, ағылшын ғалымы Э.Маккей «... бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында таралғанға ұқсайды» - дейді[1,20 б].. Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде қалыптасқан, «аң аулау» - «таяқ жүгірту», «садақ ату» - «жамбы ату», «қақпа тас» - «бес тас», «қарагие» - «найза лақтыру» болып аттары өзгеріп, мазмұндары сақталып қалған. Басқасын қойғанда, күні бүгін бәрімізге әйгілі «ақ сүйек» ойынының бірнеше аттары бар екені анықталады. Мысалы, әйгілі ғалым-этнограф Ә.Диваевтың еңбегінде «орда:, орыс дәрігері Е.Покровскийде – «тоқтышақ» делінсе А.Алектровта – «ақ сүйек». Ұлт ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-IV ғасырлардағы қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың құралу дәуіріне тура келеді. Мәселен, күні бүгінге дейін мәнін жоймаған «асық» ойнына кез келген сүйек емес, малдың асықтарын алған, «бес тас» ойынына тек қолға ұстағанға ыңғайлы домалақ тастар «қарагие» ойнына қолға түскен ағаш емес, қайын немесе ырғай, тіпті табылмаған жағдайда талды пайдаланған. Демек, бұл табиғи заттар өндірісітік қатынастардың дамуына қандай әсерін тигізсе, ұлт ойындарының қалыптасуына да сондай маңызы ықпал етті. Бізге белгілі малмен жүрген көшпелі руларда киіз үйден басқа баспаның болмағандығынан, тек ашық алаңдарда ғана ойналатын «ақ сүйек», «алтыбақаен», «айгөлек», «арқан тартыс», «соқыр теке», «түие-түие», «белбеу тастау», «монданақ», «түйілген шыт», «ақ серек, көк серек», «көрші», «шалма», «шертпек», «шымбике», «инемді тап», «қарамырза», «сиқырлы таяқ» т.б. ойындар шыққан [3,12б.]. Келе – келе алғашқы қауымдық құрылыс кезінде қалыптасқан ұлт ойындарына өзгеріс еніп, топқа бөлініп ойнайтын ойындар туа бастады. Олардың алғашқыларының бірі – «ақ сүйек». Бұл жүгіріп, күш көрсетіп ойнайтын ойын болғандықтан, өкпенің жұмыс қабілетін арттырып, денені шынықтырып, жүйріктікке, шапшаңдыққа, батылдыққа тәрбиелейді, сондай-ақ қараңғыда жол табуға көзді жаттықтырады, қоршаған ортаны дұрыс бағдарлай білуге үйретеді. Сонымен қатар «асық» ойыны да көне ойындардың бірі. Кейін келе Қазақстан территориясының барлық жерінде дерлік «асық» ойынының белгілі бір жүйеге келтірілген түрлерін таратты. Асықты қынаға қайнатып, бояп, ал қына болмаған жағдайда қарағай қабығына бояп отырған. Содан кейін сақаның табанын қайрап, алшы түсу үшін қарсыласына білдірмей алшысын тесіп, қорғасын құйып, тесіктің бетіне сүйек қағып, қайрап қоятын болды. Бұл әдістер біздің ойымызша ойыншының қарсыласынан қулығын асыру немесе әділетсіз іс деп ойламаймыз, керісінше, жеңіске жету жолындағы адал күрес, ізденіс деп білеміз [4, 12б.]. Көптеген этнографиялық деректер алғашқы қауымдық қоғамның өзінде – ақ дене тәрбиесінің дами бастағанын дәлелдейді. Мәселен, «аламан бәйгенің» пайда болуын алғашқы 326 қауымдық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің пайда бола бастаған кезеңіне жатқызуға болады. Тарихи әдебиеттерде «Аламан» деп атты әскердің шабуылын атаған және «Аламан» ұғымына шабуылдың жақсы қаруланған, ат құлағында ойнайтын жеке адамды да атаған. Осының нәтижесінде тезімі әрі епті жауынгер – аламанды тәрбиелеу мақсатында, «Аламан бәйге» жарысы дүниеге келді дейміз. Қазақ жерінде біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырларда скифтік тайпалар – сақтар мекендеген. Олар бірнеше күрделі одаққа бірігіп көшпелі өмір сүріп, негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар күшті әрі жауынгер халық болған, олардың бұл қасиеттерін көрші халықтар жоғары бағалаған еді. Сақтарда үйлену тойы құрметіне спорттық жарыстар өткізу дәстүрі болып отырған. Бұл дәстүр бойынша күйеу жігіт қалындықты тек жарыста жеңу арқылы ғана үйленуге халқысы бар еді. Жарыстың бүл түрі қазақ, қырғыздың «Қыз бөрі» ойынына ұқсайды деп антикалық хроникалық әдебиеттерде көрсетіледі. Мазмұны осыған ұқсас ойындарды кейінірек Марко Поло өзінің Жетісуға саяхаты кезенде кездестіргенін жазады. Бұл ойындардың мазмұнына талдау жасай келе, қазіргі күнге дейін өзгеріссіз жеткен ұлттық «Қыз қуу» ойыны жоғардағы ойындардың негізінде пайда болды деп айтуға толық болатынын айқындайды [5, 15б.]. «Тоғыз құмалақ» ұғымы көптеген мамандарға бұл ойын қазақ ойыны немесе Орта Азия халықтарының ойыны деген түсінікке жетелдейді. Бұл тұжырымды дұрыс деп айтуға болмайды, себебі, «Тоғыз құмалақ» ұғымы бертін келе пайда болған, ал ойынның өзі кейбір халықтар мен тайпаларға осыдан 4,5 мың жыл бұрын белгілі болған. Біз әзірге «Тоғыз құмалақ» ойыны Орталық Африка елдерінде емес Шығыс елдерінде алғаш болды деп тұжырымдауға толық дәлеліміз жоқ, бірақ, көптеген стол үстінде ойналатын ойындар, оның ішінде «Тоғыз құмалақ» ойынының да таралуы Орта Азия мен Қазақстаннан бастап Үнді ман Орталық Африка елдеріне дейін жеткен, оның үстіне, бұл халықтардың жер аралық қарым-қатынастары біздің дәуірімізге дейінгі IV – III мыңжылдықтарда жүзеге асқан көрінеді. Түрік қағанаты дәуірінде тайпалар біртіндеп көшпелі өмірден белгілі жерлерге тұрақтай бастаған. Қағанат жерлерінде көптеген қалалар бой көтере бастайды. Қазіргі Жамбыл қаласының орнында болған Тараз қаласы күрделі сауда орталығы болыпты. Жыл сайынғы сауда жәрменкесіне көптеген көпестер, әнші – музыканттар, ат қулағында ойнайтын шабандоздар, құралайды көзден ататын мергендер, палуандар, құсбегілер осы қалаға шоғырланатын болыпты. Үнемі көшіп кету өмірі рухани тәрбиесінің дамуына да өз әсерін тигізді. Негізінен ат үстінде жүріп ойнайтын ойындардың ұлттық түрлері жақсы қарқынмен дамыды. Қазақтар атқа міне білу өнерін жас кезінен бастап меңгерген, тіпті туғаннан десе де болады, себебі аналары жас нәрестелерін ат үстінде әлдилеп жүрген. Бала үш жасқа толғаннан бастап өзі жеке атқа мінуге байланысты ата – аналары ат шаптырып той жасап, онда түрлі жарыстар, ақындар айтысы, әншілер, күйшілер, бишілер қатысқан. Ойын – сауық аяқталған соң ерлер жағы тарайды да киіз үйде тек әйелдер қалады. Олар баланы көтеріп алып, әкесіне береді, ал әкесі баланы ауылдын ақсақалына тапсырады. Ал ақсақал «жігітті» атқа мінгізіп бүкіл ауылды аралап силық жинаған. Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей, ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. ХІІІ ғасырда Европа халқына Моңғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан П.Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезінде осы өңірді мекендеген ру – тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген материалдар жинаған [5,45б.] 327 Қазақ топырағына ағартушылар қозғалысының туын алғаш көтерген Шоқан Уәлиханов ұлт ойындары жөнінде: «Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана көректігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнділікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көніл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыды. Мәселен, әртүрлі қимыл әрекетті ойындар мен асық ойындар тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыды да, кейін келе жасөспірімдерге қалды» - деп жазады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті ағартушы, демократ Ыбырай Алтынсарин қазақ балалрына мінездеме бере келе, оларды табиғатынан дарынды, талапты деп атап көрсетеді. «Еңбек әулетіндегі қазақ балаларының қиын өмір жағдайы олардың интелектіне із қалдырған, тапқырлығын, сезімталдығын арттырған. Қазақ баласы қимыл қозғалыстарының арнайы логикасы бар, құрамына әзіл – ысқақ элементтері кіретін ойындарды, әңгіме ертегілерді сүйген». Бала ойын үстінде қоршаған орта жайлы алғаш түсініктерін алады, өз бақылауларын жасап, тәжірибе жинақтайды. Бұл жөнінде ұлы ойшыл Абай: «Адам туғаннан дарынды болмайды, ол көп нәрсені көріп, оған баға бергеннен кейін жаманды жақсыдан ажырата біледі» - деп көрсеткен. Ал Абайдың тікелей ұлт ойындарына көзқарасына келсек, ол көптеген ұлттық спорттық ойындарды жақсы көрген. Абай шығармаларында бәйге ойыны жайлы да көп айтылады. Ол өзінің бір әңгімесінде: Егер бәйгеге 100 ат қосылып, біреуі сыйлық алса, бірақ бірініші емес, онда одан сенің алдында неше ат келді деп сұрайды. Сенің соңында неше ат келгенін сұрағаннан не пайда? Артта қалған қатысушының менің соңымнан бес ат келді деп қуанғанынан не пайда? Тек біз ғана жаман емес екенбіз деп өзін өзі жұбатқанның қажеті не? Абай халықты өзіне жақсы пайдалы өнегелі бағытта тәлім тәрбие алуға шақырады.Абайдың «Тоғыз құмалақ» ойынын үйренуге арналған үйірмелер ұйымдастырғаны да белгілі. Бұл ойынды ойнауға Абай ауылына жан-жақтан ойыншылар жиналып тұрғаны да мәлім. Ол әрқашан өзімен бірге осы ойынға қатысты заттарды үнемі алып жүріп, қолайлы жағдай туса жарыстар ұйымдастыра жүрген.Абай сияқты қазақтың ұлттық ойындарына өзінің көзқарастарын қалдырған атақты адамдар көп емес. Бұл тақырыпқа арналған оның шығармалар ұлттық ойындар тарихын зерттеуге үлкен көмек тигізетіні анық.«Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы – жаманды таниды дағы, сондайдан білгені көргені көп болған адам білімді болады» - дейді Абай. Оның бұл пікірі ойынға да толық қатысты деп есептейміз.Абайдың сүйіп ойнайтын «Тоғыз құмалақ» ойынына жақынырақ тоқталар болсақ, бұл ойынның фотосуреті мен ойнау тәртібін қағаз бетіне алғаш түсірген этнограф Н.Пантусов 1906 жылы: «Бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс тараған», - деп жазды. Қазір бұл ойының тарихы жайында Н.Пантусовтың көрсеткенінен гөрі анығырақ айтуға болатын деректер ашылды. Қазақстан Республикасы ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ғ.Мұсабаев жүргізген этнографиялық зерттеулері нәтижесінде «Тоғыз құмалақ» тас бетіне қашалып салынған таңбалар. Ғалым мұны біздің заманымыздан бұрын салынған суреттермен қатарлас қарап, көне дәуірге жатқызады. Біз бұл ізденіс жұмысыңда халық ойындарының даму тарихын зерттей келіп, бірнеше ғасырлардан өтіп, бізге дейін жеткен өзінің пайда болған кезінен бастап адамзаттың көптеген ұрпақтарына тәрбие және оқыту құралы болып қызмет еткеніне көзімізді жеткізе отырып қысқаша шолу жасадық.Тарихының көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол тот баспайтын, ескірмейтін нәрсе. Өйткені күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да – осы ойын.Қорыта келе,қазақтың көне ұлт ойындары кәзіргі кезде көкейкесті мәселе,себебі мектепте денешынықтыру сабағында және жоғары оқу орныдарының спорт мамандығында ұлт ойындарын жандандырып,оны практика жүзінде іске асырса болашақ жастарымыздың өз ұлтының өнерін сүйіп қадірлейтіні сөзсіз деп білеміз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан мектебі. Алматы.2011. №5, 20 бет.

2. Абсолямов Г.Ш. «РСФСР-дағы спорттың ұлттық түрлері» Дисс.пед.ғыл.канд. Москва. 1957.

3. Агаев Г.Г. «Использование опыта применения азербайжанских народных игр в школах Азербайжана» Дисс.канд.пед.наук Баку. 1965. 20 б.

4. Алекторов Е.А. «Киргизский праздник - байге» «Оренбургский листок» 1987 ж. №31

5. Алекторов Е.А. «Праздничные игры и забавы Киргизов» «Оренбургский листок



ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір білім беру мекемесіндегі ұжымның, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлықұ жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашатын жаңа практикаға, жаңа қарым- қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Бүгінгі күні мұғалімдерді, оқытушыларды қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдануға дайындау – өте маңызды, өте өзекті және күрделі мәселе деуге толық негіз бар. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру процесін өздігінше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың қызметі жетекші фактор болып табылып, онда мұғалім мен білім алушының субъектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді. 67 Қоғамның жаңарып өзгеруіне байланысты өзекті проблемалардың бірі – жастардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда жаңа дидактикалық әдістер мен жолдар іздестіру. Осы ізденістердің нәтижелері қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың маңыздылығын айқындайды. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В.П.Беспалько, Г.К.Селевко, В.Ф.Шаталов, П.М.Эрдниев, Ж.А.Қараев, Ш.Т.Таубаева, М.М.Жампеисова, Б.Т.Барсай, Д.М.Жүсібалиева, М.В.Кларин, Қ.Ө.Қариева, С.А.Көшімбетова, Қ.Қабдықайырұлы, А.А.Саипов, Б.К.Төлбасова, А.Қ.Мынбаева, Л.А.Шкутина және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды. Қазіргі Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен білімгерлердің психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңак технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиялар білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін арттыруғка өз үлесін қосады. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады: І кезең: оқып үйрену; ІІ кезең: меңгеру; ІІІ кезең: өмірге ендіру; IV кезең: дамыту [1]. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; білімгерлердің сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау; жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы білімгерлерге білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу; оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. Өйткені оқыту – тәрбиенің негізі. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдістемелік талаптарын, салаларын, құрылымын, қолдану деңгейлері мен кезеңдерін саралай отырып, ЖОО бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығы білімгерлерін оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттарының мәнін, әдістерін, іс-әрекеттерінің өзара жүйелік бірлігінің моделін жасап, сурет арқылы өрнектейік (сурет 1). [1] 68 Сурет 1 - Оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттарының өзара жүйелік бірлігінің моделі Жаңаша оқытудыңм негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.Сондықтан біз оқытушылардың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруінің өлшем көрсеткіштерін анықтадық (сурет 2) Оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу- тәрбие үдерісінде пайдаланудың педагогикалық шарттары Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар жайлы білім Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар туралы ізденіс қажеттілігі Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану бойынша педагог - ғалымдардың озық тәжірибелерін пайдалану Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдаланудың нәтижесінің болуы Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыру Жаңалықтың өмір сүру сатыларын меңгеру 69 Сурет 2 - Оқытушылардың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруінің өлшем көрсеткіштері Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репин, В.А.Левин); оза отырып оқыту (С.Н.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау (Ш.А.Аманашвили, И.П.Волков); тірек және тірек конспектілері (В.Ф.Шаталов); сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; саралап оқыту; шоғырландырып қарқындап оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы т.б [1,2]. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: білім алушыға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; білім алушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; білім алушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; білім алушының танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; •Оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруге ұмтылуы; •Оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдаланудың қажеттілігін түсінуі; •Оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдаланудың көбіне нәтижелі болатындығын сезінуі. Репродуктивті (төмен) •Оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың тиімдісін таңдай алуы; •Оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды мақсатты, тұрақты, саналы пайдалана білу; •Педагогикалық міндеттерді шешудің инновациялық тәсілдерін іздестіре алуы. Эвристикалық (орта) •Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруде жаңа идеяның пайда болуы; •Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдануда өзіндік (авторлық) жаңалықтар енгізе алуы; •Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды анықтап, талдау жасай білу; •Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды нәтижелі пайдалануы. Шығармашылық (жоғары КОМПОНЕНТТЕР Танымдық Ішкі құрылымдық Іс-әрекеттк Көрсеткіштер Д Е Ң Г Е Й Л Е Р Жаңаны қолдануға шешім қабылдау; Жаңаны енгізуге қолайлы жағдайлар жасау; Кездесетін қиыншылықтарды анықтау, оны шешудің жолдарын анықтау; Жаңалықты шығармашылықпен қолдану. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану іс-әрекеті 70 әр білім алушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық білім алушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін білімгердің сезінуі [3]. Қорыта келгенде, оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану оқытушыларды жаңаша жұмыс істеуге, білім алушылардың дербес және логикалық ойлау сыныстар жасауға мүмкіндік береді: танымдық қабілеттерін арттырып, оқуға деген жағымды қызығушылық қалыптастырып, шығармашылық жұмысқа итермелейді деген ойдамын.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ф.Бөрібекова, Н.Ж.Жанатбекова Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Оқулық. - Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2014

2. А.Б.Айтбаева Білім берудегі жаңа технологиялар. Оқу құралы. – Алматы:Қазақ университеті, 2011 3. С.А.Көшімбетова Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру жолдары. Оқу-әдістемелік құрал. – Тараз, 2004



22 Желтоқсан 2017
1896
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі