Материалдар / Баяндама "Ұлттық ойындар"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "Ұлттық ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойындар туралы баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
861
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ұлттық ойындар»

Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілмен қатар салт-дәстүрінің, әдет-ғұрыптарының, ұлттық ойындарының маңызы айрықша. Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (1 наурыз, 2006) төртінші басылымдық білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі - деп атап көрсетілген. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойында қалыптастыру. Көшпелі қазақ тайпаларының арасында ұлт мәдениетінің бір саласы ретінде қалыптасқан ұлт ойындары әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты өзгеріп дами берді. Қазіргі Қазақстан жерін мекендеген ең алғашқы рулардың әдет-ғұрыптарының негізінде дамыған алуан түрде ойналатын қазақтың ұлттық ойындары, көшпелі халықтың дала табиғатына сай дами берді. Әртүрлі өнерді белгілі бір жүйелген ортада көре аламғандықтан, “театры жоқ елдің театр орнына көретін сауығы – еңбек мерекелері мен қыз ұзату, бала сүндеттеу мен өлгенге ас беру сияқты ойын-тойларының өзекті арқауы ән мен күй”, драмалық элементіне жататын халық ойындары болғаны да даусыз. Сондықтан да қазақтың ойын-сауықтарынан, әдет-ғұрыптарының түпкі негізгі мал өсіру мен экономикалық қарым-қатынастың дамуына байланысты болды. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов: “Біздің халқымыздың өмір кешкен – ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуінше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның ерекше бір мағыналары болған”, - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Ұлт ойындары сол халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып көзіміз әбден жетеді. Қазақ халқының ұлттық ойындары өте ерте де туып, дамыған. Тарихының көнергеніне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол тот баспайтын, ескірмейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да – осы ойын. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшандықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты т.б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек-күшін, дененің салданып шынығуые қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Қазақтың ұлт ойындарының тағы бір ерекшелігі – оған өлең сөздің араласып келіп отыратында. Ұлт ойындарына үзбей қатынасып машықталған адам үнемі ізденісте, толғаныста жүреді. Оның осылайша іштей толғануы ілгері ұмтылуға, ізденіске итермелейді. Қазақтың ұлт ойындарының бір қыдыруы асық ойынна тұрады. Кезінде мән беріп, дұрыс бағасын ала алмаған бұл ойындар бүгінде мүлде ұмыт болуға айналған. Олай дейтініміз “асық ойыны” деген жалпы атпен баспа беттерінен анда-санда шаң бергені болмаса, осы күнге дейін бір де бір асық ойынының нақтылы түрлері мен мазмұны жазылып, көпшілік назарына ұснылмағанын айтсақ артық етпес деп ойлаймын. Асық ойындары алдымен адамның нерв жүйелерін шыңдап, ұстамдылыққа, дәлділікке, тұрақтылыққа, тыныс мүшелерінің қалыпты дамуына т.б. тәрбиелейді.Қазақтың ұлт ойындарының бір қыдыруы “Ойлануда қажет ететін ойындарға” жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлауды дамытуға негізделіп жасалғандай. Солардың төресі - “Тоғыз құмалақ”. “Тоғыз құмалақ” ойынының фотосуреті мен ойнау тәртібін алғаш түсірген этнограф Н.Пантусов 1906 жылы “Бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс таралған”. Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы өте орасан зор. Қазақ халқының өмірінде болып жатқан сан қилы оқиғаларды бастан-аяқ баяндап беретін ғасырлар бойы бірге жасап келген әдет-ғұрып ойындары бар. Солардың бірі – “Жамбы ату” ойыны қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, -болмаса аңшылық кәсібінен қалған ойын. Ол келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынға айналған. Өткен ғасырлардағы Қазақстан жерінде болған орыс саяхатшыларының еңбектері мен зертетулеріне қарағанда, жамбы ату ойыны ең алғаш рет Азия мен Қазақстанда тараған көрінеді. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін тап басып көрсетеді. Қазіргі заманда жамбы атудан дүние жүзілік біріншілік өткізіліп тұрады, тек жамбының орнына нысана қойылады. “Жамбы ату” ойыны мергендер тігілген жүлдені атып алғанға дейін жалғаса берген. Кей жағдайларда ойын қызығына қанбаған жұр жамбыны үш ретке дейін тіккен. Осылайша жамбы ату біткен кезде бәйгеге кеткен шабантоздар да көз ұшында қарауытып көріне бастаған. Бұл ойында да көнге тігілген бәйгені қай бұрын келгені алатын болған. Ендігі ойналатын өзіндік тарихы бар ойындардың бірі – “Күміс алу”. Бұл ойынға қатысу үшін нағыз ат құлағында ойнайтын шабандоз жігіттер іріктеліп шыққан. Себебі, ойынға қатысушылар қатты ағынмен келе жатқан аттың үстінен еңкейіп, жолда ораулы жатқан күмісті алуы тиіс. Демек, ойынға қатысушыларға атқа шаба білу ғана жеткіліксіз, ержүрек пен шапшандық та ауадай қажет болған. Шауып келе жатып ат үстінен еңкейіп жердегі күмісті алу кез келген ойыншының қолынан келе бермеген. Әрі қарай “Қыз қуу” ойыны басталады. Қазақ ойындарының ішіндегі аса бір қызығы. Бұл ойын – ұлттық спорттық дене шынықтыру ойыны ретінде дамыған. “Қыз қуу” ойынының шығуы өте әріде жатыр. “Қыз қуу” ойыны басталады деген хабарды естіген адам орнында отырып қалмайды. Ойын жүріп жатқан жерге көре алса да, көре алмаса да барады, себебі бұл ойындай қызықты еш жерде ешкім көрсетпейді. Үлкен жазықта жиналған топтың арасынан асқақтаған арғымақ мініп шыққан қыз олай ортып, былай ортып, қыз қууға дайындалып тұрған жігіттің атына міне шауып, әлгі сылқымды қуа жөнеледі. Ал қуып жетсе есесін алуға тырысып, бетінен сүйіп алады. Қуып жетпесе шулап тұрған көпке күлкі болады. Қазақтың мереке-тойының тағы бір ойыны – “көкпар тарту” немесе “көк бөрі тарту”. Бұл ойынға атқа шабатын, білегінің қарымы мығым, астындажаратқан аты бар ауыл адамдарының барлығы қатысады. Ойында жеңімпаз атанатын, әрине, күштілердің күштісі, жүйріктердің жүйрігі. Енді көкпар тартуды жорғаға мінген шабандоздар жалғастырады. “Көкпардан” қайтқан шабандоздар “жорға жарысын” қызықтайды. Ьұл ойынны ңбасқа ойындарға қарағанда аса бір ерекшелігі сол, оған кез келген адамдар қатыса бермейді. Сбебі, жарысқа түсетін жорға аттар өте санаулы, екіншіден, жорға аттар көпшілік жағдайда, жорғалап келе жатып желіске түсіпк етеді. Сондықтан да белгіленген екі көмбенің арасын тек жорғалап жүріп өтулері керек. Тағы бір артықшылығы – жарысқа қатысушылар, көпшілк жағдайда, қыздар болады. “Қарагие” ойынына қатысушылар бас киімдерін шешіп ортаға тастайды. Ойын жүргізуші көмбеден қашықтағы 25-30 адамдай жерге апарып арасы мен биіктігін бір метр етіп белгіленген сызықтың бойына бас киімдердің саны қанша болса, сонша қазық қағып, бас киімді іледі. Көмбеде тұрып әр ойыншы қолындағы сырығын лақтырып бас киіміне тигізу керек. Қай ойыншы бас киімге көп тигізсе, соның ұтқаны. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі – Теңге алу. Теңге алу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ол ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жердің ойықтау тұсына ақ шүберекке түйілген зат тасталады. Ойыншылар қос тартпалы мықты ерттелген атқа мініп 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ қиіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйнген затты еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иіліп кетеді. Қазір шүберекке түйілген тиын, не сондай кішірек заты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкеткен адам жеңімпаз атанып, жүлде алады. Ойыншылар атқа кезек мініп немесе атпен келіп қатыса береді. Алғашқы адам тиынды іліп кетсе, оныңі орнына тағы да тиын салынады. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Қанда ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Соның ішінде ұлттық ойындарды пайдалану арқылы балаларды өз елінің, ұлттының салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, есікі мазмұнының орын жаңасы басуда. Жаңа білім парадиаграммасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қорыта айтқанда, өркениетті елдер мен отандық тәжірибеде мектептерінің бастауыш сатысында пәндерді оқытудың қазіргі технологияларын зерделеп, ұлттық құндылықтарымызды ескере отырып, одан әрі жетілдіру арқылы еліміздегі оқушылардың білім деңгейін бәсекеге қабілетті елдердегі білім деңгейіне көтеруге болады.













































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!