Материалдар / Баяндама. Ыбырай Алтынсарин
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсарин, Қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2022
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтар»



  • Ыбырай Алтынсаринның қазақ әдебиеті тарихындағы орны 

  • Ыбырай шығармаларының биік шыңы

  • Ыбырай өлеңдерінің негізгі идеясы

  • Ыбырай мен Абай шығармаларындағы үндестік

  • Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы



Кішіпейілділік, ізеттілік, мейірімділі к- адамгершіліктің достары



Кез келген халықтың заманалардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс бітімі, салт – дәстүрі, рухани мұралары болады. Уақыт озған сайын бұл рухани мұраларды зерттеп игеруге деген қажеттілік те арта түседі. Өйткені ата-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес інжу- маржандарын оқып-үйрену біздің парызымыз.

Мен «Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы рухани- адамгершілік құндылықтар» тақырыбын таңдаған себебім, аталардан қалған сөздер ешқашан өлмейді, ескермейді, яғни ол өміршең тақырып сондықтан да ақын аталарымыздан қалған сөз маржандарын оқып білуді өзіме міндет санаймын.

Мақсатым – ұлттық мәдениетімізді адамгершілік құндылықтарымызды бағалап, қастерлеу, ұлы адамдардың рухани құндылықтарын үйреніп, жаттап, ұлттық сана сезімізді шындау.

Бұл тақырып мені қатты қызықтырады және өмірде бұл білімім маған өте қажет болады деп ойлаймын. Зерттеу жұмысымның барысында мен әртүрлі әдеби кітаптарды, баспаларды ақтардым, мектеп кітапханасын пайдаландым. Күнделікті өмірден де байқап отырдым. Мұғалім зерттеуге тиіс әдістерді көрсетіп , бағыт берді. Мен зерттеу жұмысымды саралау, талдау, салыстыру, ой түю, сұқбат алу әдістерімен іздене отырып жүргіздім.

Рухани адамгершілік құндылықтар дегеніміз?

Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани қазынасының бірі. Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі, Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені деп келер ұрпаққа тәрбие беріп, адал ниет, ақ тілек білдіріп отырған.

Ұрпаққа тәрбие беретіндер көбінесе үлкендер, ақсақалдар, кемеңгер даналар, ақындар болып келеді.

Рухани адамгершілік құндылықтар қиналғанда медет, әрбір іс-әрекетке даңғыл жол ашып, бәле- жаладан қорғайды деп есептеген.

Ақын, жазушы Ыбырай Алтынсарин өзінің шығармаларында өзінің көзқарасын айтып, құнды талдаулар беріп отырған. Менің ойымша осы шығармалардағы адамгершілік құндылықтар әр адамның бойында болса, ол адам өмірде бақытты болды деп ойлаймын. Өзіне де қоршаған ортаға да қиянат жасамайтын болады деп ойлаймын.




1. Ыбырай Алтынсаринның қазақ әдебиеті тарихындағы орны

Ы бырай Алтынсарин
(1841-1889)


Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.
Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы — қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді.
Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады.
Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады.
Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.
Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. Ыбырай ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым халықты корғады.
Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды.
1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.
Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі.
Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.
Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған.
Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды.

"Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.
"Қазақ хрестоматиясы" арқылы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы оның көркем шығарма жазуды ағартушылық идеясына бағындырғанын айқын көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты.



2. Ыбырай шығармаларының биік шыңы


"Еңбекпен табылған дәм тәтті"


Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.
"Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", – дейді.
"Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. "Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады", – дейді ол.
"Әке мен бала" әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады.
"Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: "Анау тағаны, балам, ала жүр", – деп. Бала әкесіне: "Сынып қалған ескі тағаны не қылайын", – деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты.
Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: "Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың", деді.
Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген.
"Бай баласы мен жарлы баласы" атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді.
Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен – тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығы себеп болады. Ал бай баласы Асан – өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздады.
"Бағу-қағуда көп мағына бар"
"Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. "Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық біткен"? – деп сұрады баласы. "Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш – бағусыз өз қалпымен ескен", – деді атасы. "Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой", – деді баласы. "Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің", – деді.
Ыбырай "Бақша ағаштары" атты әңгімесінде осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен.
Соның бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. "Талапты ерге нұр жауар" деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастық шақ – жігер-қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегіңді ал.
"Талаптың пайдасы" деген әңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді.
I Петр патша шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, арт жақта бір баланың сурет салып тұрғанын көріп, қасына келіп, не салып жатқанын сұрағанда бала: "Сіздің суретіңізді салып жатырмын!" – дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенің аңғарып, сурет салатын оқуға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады.
Жазушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу.
Мейірімділік баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Әркім алдымен өз ата-анасын, туғандарын жақсы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата-ана мен бала арасындағы осындай жылы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. "Мейірімді бала" әңгімесінде 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағанын жазады. Қыз: "Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз", – дейді.
Жазушы "Аурудан аяған күштірек” деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт деген бала, ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін қабақ шытпағандығы айтылады. "Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын", – дейді ол.
Алғашқы әңгімедегі қыз да, соңғы әңгімедегі Сейіт те шын мәніндегі мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер жатыр. Олар біртіндеп жетіліп, Отан сүю, ел сүю сезімдеріне ұласатыны даусыз. Ыбырайдың мейірімді балалары нағыз отаншыл азаматтар болатынына сенесің.

 Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.


3. Ыбырай өлеңдерінің негізгі идеясы

Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ христоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды.
«Кел, балалар,оқылық»өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
Ал «өнер- білім бар жұрттар» өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған «Өсиет өлеңдер», «Әй жігіттер» тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлығын бейнелейді.Мысалы:


Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,
Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.
Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз
Азған елдің ішінен
Алыс- алыс қашыңыздар
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзден салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар…


Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған.
"Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!

Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.

Мал, дәулеттің байлығы –
Бір жұтасаң, жоқ болар.
Оқымыстың байлығы–
Күннен күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.

Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу,
қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.
Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып, жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
...Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай.

Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.

Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
"Өнер – жігіт көркі" деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды! – деп, жеткіншек ұрпаққа сенім артады.
Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті.
Табиғат суреті
Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.

Таулардан өзен ағып сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең, ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар ,
Өзеннен рақат тауып, басылады.

Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің "өзеннен рақат тауып" жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады.
"Жаз" өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. "Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп", "Аспаннан рақымменен күн төнгенде", "Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі", "Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып", т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін, суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы көңілді әсерге бөлейді.



Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ауыл көшер алуан-алуан.
Күлісіп, құшақтасар, әзіл етер,
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған.
Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда,
Қуанып ықыласпен келген жылға...
Алыстан мұнарланған сағымдары

Шақырып, тұрар күліп: "Кел, – деп, – мұнда..." Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді:


4. Ыбырай мен Абай шығармаларындағы үндестік



Shape1

Ақындық, ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп отырған













Абай мен Ыбырай мұралары осы кезге дейін біраз зерттелді десек те, бұл тарапта шеті бұзылмай «ақтаңдақ» күйінде беймәлім болып отырған мәселелер аз емес. Бұл екеуінің өмір жолдары, еңбек майдандары екі алуан болуымен қатар,екеуін бір туғандай ететін ұқсастық та аса айқын. Ол ұқсастық – олардың нәр алған тамырынан, аналық топырағынан туған. Екеуі де қазақтың киіз үйінде туылып, өз елінің өкілі болып шығуымен қатар, қазақ халқының ғана тіл, өнер, тарихи мәдениет ерекшеліктерінің көлемінде қалған жоқ, туысы қазақ болса да бұлардың өрісі, өсуі басқаша. Олар өздерінен бұрынғы қазақ баласы бармаған ырыс өлкесіне жетті.
Абай Ыбырайды жақсы білген. Кейін Абайдың өзі қадірлегендіктен қолжазбаларының ішінде Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларынан жасалған аудармалар қоса кірумен бірге, Ыбырай өлеңдері үнемі бірге көшіріліп жазылып жүрді. Абайдың өзінің тапсыруы бойынша солай болса керек. Бұл тегін емес. Бұқар, Дулат, Шортанбай – Абайдың қолжазбаларына жалғыз ауыз өлеңмен тұмсық сұғып кірмегенде, Ыбырайдың әрқашан Абай атымен бірге жазылып, жатталып, таралып жүруі, бұл екеуінің үні бір, үміті бір, арман бағыты және болашақ тағдыры бір ақын екендіктерін танытады. Бұған тағы да бір дәлел, олардың творчествалық толысу кезеңдері хронологиялық жағынан тұспа-тұс келеді. Бұл қазақ ағартушыларының екеуі де қазақ жерінің түкпір-түкпірінде танымал болатын. Ыбырай болса Торғай облысы мектептерінің инспекторы сынды аса жауапты қызметте болды. Оның «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастапқы құралы» атты кітаптары қазақ жеріндегі қазақ-орыс мектептеріндегі оқу құралына айналды. Бұл екі жайттың Абай назарына ілікпеуі мүмкін емес. Сондай-ақ, Қарқаралыға көршілес Торғай уезінде өмір сүріп, қызмет еткен Ыбырай да Абай сынды атақты ақын әрі «төбебиді» білмеуі мүмкін емес. Олардың поэтикалық шығармалары сюжеттік әрі стильдік жағынан да көп жағдайда ұқсас болып келеді. Олардың бірлік пен тағдырластық сыры кейбір шығармаларда, анығырақ айтсақ олардың табиғат лирикаларынан айқын аңғаруымызға болады. Дәл осындай өзара астасқан үндестікке көз жеткізу үшін, Ыбырайдың «Жазы» мен Абайдың «Жазғытұрымы» деген өлеңдерінен үзінді келтіруге болады. Мәселен, Ыбырайдың өлеңінде:
«Кеш болса күн қонады таудан асып,
Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып.
Аһ ұрып шүкірлікпен құшақтасар
Рақатпен кеш уақытында неше асық...
Боз үйден таң алдында күйеу шықса,
Артынан қарар жары жүзін басып.
Адамзат сайран етер көңілі жай,
Секіріп ойын салар құлын мен тай.
Қой маңырап, сиыр мөңіреп шат болады,
Тасиды күркіресіп өзен мен сай»,-
деп келетін өлең суреті Абайдың «Жазғытұры» өлеңінде:
«Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап-қорада шу,
Көбелек пен құстарда сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су»-
деп, ұқсас сарында сипатталатыны бар, алайда бұл әрине, бірінің шығармасын бірі білгендіктен емес, қайта көшпенді өмірдің қайталанатын көріністерінен туған үндестік, бірлік. Екеуінде де асыға келген алты ай жаз адам тіршілігіне қолайлы да шаруаға ыңғайлы кезең екендігін білдіреді. Бұл кезеңдегі өлең-селеңмен бос өткізбей, шаруаның пайдалы жақтарына жұмсап, дұрыс пайдаланып, оның қадіріне жет дегенді ескертеді.
Ыбырайдың «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» атты жыры күні бүгінге дейін діни аңызға құрылған деп өзге шығармаларының көлеңкесінде қалып келді.Бас аяғы он тоғыз шумақтан тұратын бұл көлемді жырда Дәуіт пайғамбар, Тақ-Сүлеймен, Қыдыр-Ілияс секілді дін өкілдерінің аты аталып, оқиға дамуына қатысқан болмаса, негізгі түйін адамгершілік, ынсап-қанағатшылдық мәселесіне барып тіріледі. Жырдың басты кейіпкері билік-мансапқа, байлық-дәулетке тоймайтын әйгілі Ескендір патша. Ол дүниежүзін түгелге жуық жеңіп жаулап алса да, мұның бәріне қанағат етпейді, ең ақырында Ескендір өзінің уәзірі Қыдыр-Ілиясты өлмейтін «мәңгі су» алып келуге жұмсайды. Қыдыр-Ілияс суды тауып, өзі бір кесесін ішіп көреді де, бір кесе суды Ескендірге арнап алады, алайда сол судың басында «мәңгі судан» ішіп, жалғыз қалып, қайғыдан жапа шеккен бір патшаға кез болады. Ол бастан кешкен оқиғаны айтып, құдайдан өмір сұраса да қаза келмейтінін айтады. Қыдыр-Ілиясқа ой түсіп, алып келген суды Ескендірге бермейді.
Жырда дүниеқоңыздық пен сақилық, әзәзілдік пен адамгершілік жайттары да жанама сөз болады. Бұл тұста ақын Қарынбайдың сараңдығы мен Атымтайдың жомарттығын салыстырып, сиыр мен түйе пірлері Зеңгібаба, Ойсылқаралардың еңбексүйгіштігін жастарға үлгі етеді.
Аталған жыр өзінің құрылысы мен мазмұны жағынан ұлы Абайдың әйгілі «Ескендір» поэмасын еске түсіреді.Екеуінің де басты кейіпкері қанішер де зұлым Ескендір. Оның тойымсыздығы мен зұлымдығы жөнінде Шығыста талай аңыз-әңгімелер бар. Алайда, солардың «мәңгі су» туралы аңызы ерекше орын алады. Екі шығарманың өзара ұқсас мазмұнға құрылуы да осыны айғақтайды. Абай дастанында жорықта жүрген Ескендір әскерімен шөлге тап болып, кейін тәтті бұлақ суына кездесетіні, су басындағы бай елді жаулап алмақ ниетінің іске аспай, «көз сүйегіне» қанағаттанатыны мәлім. Ал, Ыбырайда оқиға өрісі сәл басқашарақ болса да, негізгі түйін Ескендір тойымсыздығын әшкерелеуге сәйкес Абай дастанымен астасып, өзектесе дамиды. Осыған орай екі шығармадағы Аристотель мен Қыдыр-Ілияс өмірлік тәжірибені бойға жиған дана кісілер болып суреттеледі. Ыбырай жырының тобықтай түйіні адамгершілік мәселесіне келіп тіреледі:
«Иманды ер құдайынан ұялады,
Ұялып иесінен сый алады.
Ренжітпе пенде болсаң бейшараны
Кәріп көңілі бір сынған бияла-ды...». Абай жырының да, тобықтай түйіні адамгершілік мәселесіне келіп соғылады:
«Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!».
Оқиға мазмұны мен көлемінің тіпті шешімінің аяқталуының көптеген айырмашылықтары бола тұра, бұл аталған екі шығарманың өзара бірлік-үндестігін атап айтуға болады.
Орыстың классикалық әдебиетінің әсерін қазақтың Абайы мен Ыбырайының творчествосынан да анық көруімізге болады. Мәселен, И.А.Крыловтың «Қарға мен түлкі» атты мысалының аудармасында Абай мен Ыбырай Крылов мысалының мазмұнын толық сақтап, өте көркем аударған. Мәселен, Абайда былай суреттелген:
«Көп жерден қалқам-ай,
Құмарын тарқамай,
Сізді іздеп келіп ем.
Сүйсінсін құлағым,
Тарқасын құмарым,
Әрине, бір салшы,
Асық боп келіп ем».
Ал, Ыбырайда:
«Сандуғаш, бұлбұлдарды көріп едім,
Жүзіңді бір көруге келіп едім,
Даусыңды бір шығаршы, шаттанайын,
Сырттай асық болғаннан өліп едім,» - деп
суреттеледі.
Абай Ыбырайға әсіресе, адамгершілікті, әділдікті, ғылым-білімді, адал еңбекті уағыздау секілді әлеуметтік мәселелерге қатысты пікір – толғаныстарының үндестігімен жақын сезіледі.
Мәселен, Ыбырайдың «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңі мен Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңдерін оқи отырып, екеуінің де білім-ғылымды уағыздаудағы мақсаттары бір екендігін аңғаруымызға болады.
Ыбырай:
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар – деп жырлайды.
Ал, Абай:
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, малда өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз-деп жырлайды.
Абайдың Ыбырай өлеңіне қызыққаны соншалық, оның бір өлеңін естіп, өз өнерімен салыстырады:
Ыбырай:
Адам көркі бас-тағы,
Маңдайдағы қас-тағы,
Кеңшілікте әркім дос,
Таршылықтағы қайырылған дос-тағы.
Абай:
Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,
Қиғаш біткен маңдайда қас та өзгеше.
Кеңшілікте дос та дос, қасың да дос,
Таршылықта қайрылған дос та өзгеше,- депті.
Жалпы Ыбырай мен Абайдың өлеңдерін, әңгімелерін қай жағынан алсақ та, екі ақынның көздеген мақсаттары мен міндеттері бір екендігін аңғарамыз.
Демек, Ыбырай мен Абай шығармаларындағы үндестіктің негізгі түйіні: жастарды оқу-өнерге ұмтылуға, Отанын, елін сүюге, қажырлы еңбек ете білуге және адамгершілік мінез-құлыққа тәрбиелеу. Ыбырай мен Абай еңбектері, ойлары, көзқарастары арасындағы сарындастық, сабақтастық, тамырластық, ұқсастық жәйттер, әрине, бірінің шығармасын бірі білгендіктен, көшіргендіктен емес, керісінше оларды сол кездегі заман сарыны солай сөйлеткендіктен деп ұғынуымыз қажет.

5. Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы



Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани - адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көз

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!