Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндамалар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Дене шынықтыру пәнін теориялық және оқу – әдістемелік қамтамасыз ету.
Дене шынықтыру оқу пәні ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөль атқарады, жалпыадамзаттық мәдениет саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.
оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктеріне сәйкес анықталған.
Оқыту мақсаты:
– өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;
– физикалық және психикалық қасиеттерін толық дамыту;
– салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылықпен қолдану.
– дене бітімі және психикалық қасиеттерінің толық дамуы;
– салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
Оқыту міндеттері:
– денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі дене шынықтыру қасиеттерін дамыту;
– дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;
адам өмірінің түрлі периодтарында дене шынықтыру оқытудың
теориялық және әдістемелік негіздері қолдануын бағытталған ерекшеліктерін
айтып көрсете білу;
– дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
– өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу;
– тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
Пәнді оқыту қимыл-қозғалыс негіздерін меңгеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру; өз денсаулықтарына ұқыппен қараудың қажеттілігін қалыптастыру; дене бітімінің және психикалық қасиеттерінің толық дамуы; салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдануға бағытталған.
Базалық (инварианттық) компонент дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын айқындайды.
Вариативті компонент мұғалімнің оқу процесінің саналуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағыттайды. Себебі вариативті компонент мектептің материалдық базасы орналасқан жердің аумақтық ерекшеліктерін, оқытушының мүмкіндіктері мен білім алушылардың қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделген. Бұл компоненттің оқу материалын жергілікті білім беру ұйымдары ұсынады, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері әзірлейді.
Дене шынықтыру мұғалімі бағдарлама талаптарына сүйенеді және әр білім алушының жеке мүмкіншіліктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін ескере отырып, талаптардың (қорытынды тапсырмалар) жеке шкаласын өз бетінше құруына және соған сәйкес білім алушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады.
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» бөлімдері бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады:
1) жекелеген қарсыз аудандарда шаңғы дайындығы сабақтарын кросстық дайындықпен алмастыру;
2) жүзу сабақтарын өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, оларды гимнастика сабақтарымен алмастыру.
Дене шынықтыру сабақтарында білім алушылар дене жаттығуларын орындау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауы тиіс.
«Денсаулық күндері» оқу жылы ішінде 3-4 рет өткізіледі.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында білім алушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі бар анықтаманы міндетті түрде көрсете отырып іске асырылады.
Білім беру саласының аймақтық және жергілікті жердегі органдары климаттық және экологиялық жағдайларды ескере отырып оқу нормативтерін көбейту жағына қарай өзгертуге құқылы.
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).
«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұнында адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктері және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілсе, «Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген.
Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері берілген. Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы енгізілді. Дене шынықтыру оқу пәні ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөль атқарады, жалпыадамзаттық мәдениет саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Дене бітімін жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімді оқу процесінің сан алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.
Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімін бағалауына болады.Осындай тәсілдерді қолдану дене шынықтыру пәні мұғаліміне оқытудың барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерін, жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар адам денсаулығының дене шынықтыруды жетілдірумен байланысы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:
– мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның кез келген бөлімін өзінің материалдарымен толықтыруға немесе түзетулер енгізуге құқылы. (оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге асыру барысында);
– мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес оқушылардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;
– оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;
– дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері;
б)Президент сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері (мұғалімнің таңдауы бойынша).
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
Оқу бағдарламасында мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Дене шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ұл (қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл (қыз) баладан кем емес болған жағдайда) өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу барлық қажетті медициналық құжаттарды ұсынуымен, медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.
5-8-сыныптарға арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының басты мақсаты – ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, оқушылардың физикалық қасиеттерін және олармен байланысты қабілеттерін жетілдіру болып табылады.
Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол оқушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінде дене шынықтыру оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
«Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты – оқушыларды өз денсаулықтары мен психикаларын нығайтуға ынталандыру болып табылады. Оқушылардың дербес және жас ерекшеліктерін ескеріп, бойда қалыптасқан арнайы спорттық дағдылар мен сапаларды қолданып, сол арқылы олардың дене қабілеттерінің дамуларына ықпал ету.
Оқу бағдарламасы: дене тәрбиесі және спорттың даму тарихы туралы білім деңгейін қалыптастыруды; негізгі дене сапаларын жетілдіруді, арнайы спорттық біліктіліктер мен дағдыларды дамытуды; түрлі деректер арқылы ақпараттарды қолдану, оның мән-мағынасын түсіне отырып, коммуникативті дағдыларды дамытуды; идеялық және зерттеу дағдыларын дамытуды; адамгершілік-жігер қабілеттерін қалыптастыру міндеттерін шешуді көздейді.
Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады.
Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Негізгі мектептің 5-сыныбынан бастап дене шынықтыру сабақтары ер балалар және қыз балалар топтарына бөлу негізінде жүргізіледі. Дене шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ұл (қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл (қыз) баладан кем емес болған жағдайда) өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:
1. «Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімділікті дамыту; түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі; арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін түрлендіру; қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау; бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау; қиындықты жеңе білу және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара білу.
2. «Шығармашылық қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу; көшбасшылық, сондай-ақ, команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану; қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету; дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау; өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау және оны шешудің балама жолдарын ұсыну; жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу; жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету; түрлі қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын сезіне білу.
3. «Денсаулық және салауатты өмір салты» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: жеке бас денсаулығы және салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру; қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау; түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын зерттеу; денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану; басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту масқатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану.
Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
1 тақырып. Мектептегі гимнастиканың теориялық және
әдістемелік негіздері
Бастамалы түсініктері. Гимнастиканың теориясы мен әдістемесі.
Гимнастиканың мақсаты. Гимнастиканың міндеттері. Гимнастикада
қолданылатын құралдары.
2 тақырып. Мектептегі жеңіл атлетиканың теориялық және
әдістемелік негіздері
Бастамалы түсініктері. Жеңіл атлетиканың теориясы мен әдістемесі.
Жеңіл атлетиканың мақсаты. Жеңіл атлетиканың міндеттері. Жеңіл
атлетикада қолданылатын құралдары.
3 тақырып. Мектептегі баскетболдың теориялық және әдістемелік
негіздері
Бастамалы түсініктері. Баскетболдың теориясы мен әдістемесі.
Баскетболдың мақсаты. Баскетболдың міндеттері. Баскетболда қолданылатын
құралдары.
4 тақырып. Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік
негіздері
Бастамалы түсініктері. Волейболдың теориясы мен әдістемесі.
Волейболдың мақсаты. Волейболдың міндеттері. Волейболда қолданылатын
құралдары.
5 тақырып. Мектептегі футболдың теориялық және әдістемелік
негіздері
Бастамалы түсініктері. Футболдың теориясы мен әдістемесі.
Футболдың мақсаты. Футболдың міндеттері. Футболда қолданылатын
құралдары.
6 тақырып. Мектептегі ұлттық спорт түрлерінің теориялық және
әдістемелік негіздері
Бастамалы түсініктері. Ұлттық спорт түрлерінің теориясы мен
әдістемесі. Ұлттық спорт түрлерінің мақсаты. Ұлттық спорт түрлерінің
міндеттері. Ұлттық спорт түрлерінде қолданылатын құралдары.