Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім
беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Оқушының жеке
тұлғалық күшін дамыту үшін, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы
басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының
алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді,
шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген
тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан
толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Мұғалім
алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы
мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу
үрдісін жүргізуі керек.
Ертеңіне лайық ұрпақ
тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі
ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады»,
– дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс
деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп
ойлаймын.
Шығармашылық – бұл
адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде
дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді
шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға
көмектеседі.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн
«оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты
әрекет жасауымен анықталады» – дей келе, «шығармашылық, шешімінің
нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін
айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке
тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл
жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың
құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл
кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен
бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада
тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға
тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы –
қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының
сөз өнері – әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың
сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».
Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың
тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы
оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық
тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы,
оқу уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы
оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген
ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын
қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай,
оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет
білігін ұштай түседі.
Мен өзім Назарбаев зияткерлік мектебінің курсында алған білімдерімді еңгізуде. Сабақтарымда 7 модуль бойынша жұмыстарды ұйымдастырамын. Сондықтан сол салаларға тоқталып өтсем.
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулінде оқушылар диалог арқылы өз білімдерін кеңейтеді. Бір оқушы сабақ айтып тұрғанда қалған оқушылар оның жауабын мұқият тыңдап, оған түсінбеген жерлерінен сұрақ қояды. Жауап беріп отырған оқушы үйден ізденіп, интернеттен қосымша мәліметтерді тауып әкеледі.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модуль бойынша оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасайды. Кейіпкерлерге міңездеме жасайды. Ал сен бұл шығарманы қалай аяқтар едін? -деген сұраққа жауап береді.
3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау модулін сабаққа кіріктіргенде оқушылар бір-біреуінің іс-әрекетін байқап, өзің және сыныптасынынң білімін бағалауға үйренеді. Менің сабақтарымда оқушылар бағалау критериін шығарып, кесте бойынша бағалайды.
4.Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану модулі бойынша оқушылар интерактивті тақтамен қатар, сабақ үстінде интернетпен қолдануға үйренеді.
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі күнтізбе жоспарына еңгізілген өйткені әр сабақта мен шығармашылық тапсырманы орындатамын. Оқушылар сабақ барысында кейіпкерге хат жазады, , кеіпкердін іс-әрекетін талдайды. Осы жұмыстарды әсіресе 5-сынып оқушылары қызыға орындайды. Ал, жоғары сыптағы оқушыларға 8-9 сынып оқушылары, мен, сабақ барысында «Қалай ойлайсыңдар кеійпкеріміз дұрыс істеді ме? Сен қандай шешімге келер едін? Сен не істер едін?» деген сұрақтарды қойып, бағыттап жіберемін. Сол кезде көптеген пікірлерге ие боламыз.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту осы модульді барлығы да қамтиды, өйткені осы модуль бойынша біздің бағдарламамыз құрастырылған.
7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық Осы модульды мен өзім жақсы көремін , өйткені сабақ үстінде бірнеше рет сыныпты топтарға бөлемін. Кей кезде бір топта бірнеше көшбасшы түседі, олар бәсекелесіп, көшбасшылықты қолға алғысы келеді. Пікірлерін ортаға салады, өз пікірін дәлелдеуге тырысады. 9-сыныпта менің бақылауым бойынша көшбасшы өте көп, Сабақтары өте қызық болып өтеді, Байдуллаев Р., Бекдуллаев Н., Мендыкулов А., Ормантаева А. әр сабақта дауласып отырады. Биыл әдебиет сабақтарымда Қыстаубаева А., Аман Ә. мысалы, жауап бергенде белсенділігін көрсететін болды.
Қазақ тілі және әдебиет сабақтарымда:
-
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;
-
Дамыта оқыту технологиясы;
-
Деңгейлеп оқыту технологиясы;
-
Сатылай кешенді технологиясы;
Ақпараттық-комуникативті технологиясы
Қазақ тілі және әдебиеті сабағында берілген тапсырмалар:
Өлең
құрастыру.
Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.
а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға
соны аяқтауды тапсыруға болады.
Мысалы:
«Неткен сұлу, неткен
көркем,
Осы – менің туған өлкем» - оқушыларға осы дайын өлең жолдары
ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру
тапсырылады.
ә) Дайын ұйқастар
ұсынылады.
Мысалы, «Қазақстан»
тақырыбына арнайы ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
… менің,
… менің.
… өсе бер,
… жылың.
Оқушының тапсырманы орындауы:
Қазақстан – елім менің,
Гүлдей болған жерім менің.
Көркейе бер, өсе бер,
Құтты болсын 20 жылың.
Қазақ
тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
жолдары.
1. Талдау жұмыстары:
лексика
тақырыбы бойынша толық лексикалық талдауды үйрету.
Фонетикалық –математикалық талдауды үйрету.
2.“Бес жолды” өлең
шығарту.
Әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары:
-
Қазақ поэзиясына және прозасына композициялық талдау.
-
Ақынның өмір жолына байланысты хронологиялық кесте толтыру.
-
Ақын-жазушылардың дүниеге келген жерлерін облыс, аудан, аймақ бойынша топтастыру. (кластер бойынша)
-
Кейбір тақырыптарға шығарма, пікір, ойтолғау жаздыру..
-
1.Ертегі құрастырту
-
2. Ақындардың стилі бойынша өлең шығарту
-
3. Диалог құрастырту
-
4. Әңгіме, ойтолғау жаздыру.
-
5. Ақындардың өлеңдерін жазып, жаттау.
-
6. Реферат жазу
-
7. Әдебиет туралы пікірлер жинату
-
8. Ақын жайлы айттым сөз (өтіп отырған ақынымыз туралы басқа ақын-жазушылардың айтқан пікірлерін жинату)т.б.
Менің ойымша, осы тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың өзіне деген сезімдері арта бастады. Олар әртүрлі сайыстарға қатыса бастады.
5-8 сыныптарға осы тәсілдердің кейбір элементтерін ғана қолданамын. Келешекте бұл әдіс-тәсілдерді толығымен еңгіземін деген ойдамын. Өйткені бұл әдіс- тәсілдерді қолдансан:
-
Еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін;
-
Ынталы;
-
Өзіне сенімді;
-
сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған,
-
қазақ,орыс,ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерген,
-
сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушыны тәрбиелеуге болады
Ұстаз еңбегі – оқушы
білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі – әрбір оқушы
жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті
дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы
жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз
құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей,
күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры
тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы
ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері
анық.
ШҚО Үржар ауданы
«Жанай орта мектеп-бақша»КММ
Темирханова Райхан Еселжановна
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
«Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың тиімді әдіс- тәсілдері
Қай
салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы
оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана
оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің
сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену
шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің
бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр.
Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың
танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола
білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі,
нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға
дағдыланған маман болуы қажет.
Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай,
оқушысын
шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы
тиіс:
оқушысын келелі мәселелерді шешуге
баулу;
бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі
әдістерді қолдана білуге үйрету;
берер білімнің ғылымилығын
арттыру;
алған білімін өмір ағымында қолдана білуге
үйрету;
оқушысының ой белсенділігін
дамыту;
әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын,
қызығушылығын дамыту
білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын
қалыптастыру нәтижесінде
жоғарғы сапаға жету;
Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс
жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс
жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған
білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға
негіздейді.
«Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді
дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір
шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол
табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер
қабылдай білуге үйренуі қажет.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41
- баптың 1 - бөліміндегі “Педагог қызметкерлер өз біліктілігін
артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2030” стратегиялық
бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және
алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп
қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу
тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы
оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту”
өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге
асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен
шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру,
бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады.
Сондықтан да балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір
білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу,
қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды
объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе
білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс
істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға
қалыптастыру міндеті тұр.
Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны
шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту.
Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді:
«Шығармашылық -
бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы
нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен,
біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын,
дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт
туралы сөз қозғауға болады.
Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп
жасына дейін де көрінеді. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып,
олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі
табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы,
жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі
керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар
өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға
ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін
дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш
беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»-деп көрсетілген
Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының
жобасында. Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда
шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл -
ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай
алуға негіздейді.
Оқушының шығармашылық іс - әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке
тұлғаның ғылыми - педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде
анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс -
әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де
қарастырылады.
Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне -
өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі
және сыртқы түйсік,
түйсіктердің әсеріне және оның ерік - жігер күші мен әсерленушілік
сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз.
Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой - пікірде болған деп
білеміз.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды
түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін
атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың
іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды
орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту
уақытының үнемделуі.
Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық
белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы
қажет.
Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік
жұмысы,
дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың
іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де
керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтармен психологтар
оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың
ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір
айтады.
Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен
амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары
жатады.
Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан
тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік
апталықтар мен ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік
үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық
жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру
қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін,
шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану -
олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай - ақ
мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және
техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс
қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес,
оның психологиялық, мінез - құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған
жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен
табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық,
қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік,
ақиқаты іздеудегі және қарым - қатынастағы адалдық жатады. Әр
сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету
жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді
көрсетуге тырысады.
Оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі
тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін
анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз
жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз
жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай - ақ мұндай
критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.
« Әдебиет» және «Қазақ тілі» сабағында ұтымды уақыт тауып,
шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім
мәтіннің, жаттығудың өн - бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты
жағдайлар іздеп табуы керек. кейбір практикалық тапсырмаларды да
шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта
және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс -
тәсілдерді қолданамын.
Олар мыналар:
1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы;
Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісін өткенде сыныпты 4 топқа
бөлемін.1-топ Ертегіні өзге топтарға баяндап береді.2-топ Ертегі
бойынша тезис жазады. 3-топ «Керқұла атты Кендебай» ертегісі мен
«Толағай» ертегісін салыстырады».4-топ «Толағай» ертегісін «Егерде
мен жазушы болсам» айдарымен басқаша мазмұнда аяқтайды.
2. Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау
3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
5. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру. Мысалы:
Дидардың
құраған жұмбағы:
Өзі жас, мұртты
Сүтті ұрлап ішті. /мысық/
Әр үйде белін буған бір пысық бар. / сыпыртқы/
6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
7. Шығарма, мәтін құрастыру.
Тақырып бойынша.
Жоспар бойынша
Тірек сөздер арқылы
8. Өлең құрастыру.
Дайын өлең жолдарын бір, екі жолын беру арқылы.
Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы.
9. Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу.
10. Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып
әңгімелету.
11. Кейіпкерлерге мінездеме бергізу.
12. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы
суреттеу.
13. Рөлге бөліп оқыту.
14. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды
шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар т.
б.)
15. Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше
тест тапсырмаларын құрастыру.
16. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме,
ертегілер жазғызу т. с. с.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр
түрлі кездесулерден, саяхаттардан, жураналдардан оқығандардан алған
әсерлерін әңгімелету. Шығарма ретінде жаздыруға, оқытылып отырған
шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат
жазғызуға болады.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға,
шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын
ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас
ерекшеліктеріне,
психологиялық таралым, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап,
әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

шағым қалдыра аласыз