Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама"Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі" деген тақырыптағы баяндама әр мұғалімге, әсіресе жас маманға қажет болады. Бір сыныптағы оқушылардың қабылдау әр түрлі деңгейде болғанда сыныппен жұмыс жасау күрделірек болады. Сондай жағдайда себебін анықтап, ол оқушылармен дұрыс жұмыс жасауда әдістемелік көмек бола алады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абильдинова Саягүл Култаевна

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

Лингвистикалық бағыттағы жалпы білім беретін №16 орта мектебі


Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі

Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерімінің көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім беру орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қоғам мен мемлекеттің алдында, олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері тұр. Олардың көптеген себептері болуы мүмкін.

«Үлгермеуші деген кім?» деген кім деген сұрақ туындайды .Үлгермеуші- оқу үрдісінде бір мезгіл аралықта кешенді, қорытынды дайындығы байқалмайтын оқушы.

Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар.Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау,қорыту және жүйелеу.Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты.Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады.Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының жазу жұмыстарындағы әріптерді қалдырып кету, ережелерді жақсы білуде орфографиялық қателер жіберу, зейінсіздік пен ұмытшақтық, математикалық есептерді шығарудағы, тексті айтудағы қиындықтар, көбейту кестесін нашар білуі, дербес тапсырмаларды орындауда оқу іс – әрекетіндегі қиындықтардың бала үлгерімінің төмендеуіне әсер ететіндігін психолог С.Н.Костромина қарастырған.

Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы мектеп табалдырығын аттауда әлі де болса, жаңа білімдерді қабылдауға зейін қою, естеріне сақтау және ойлау процестері баяу өтеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгеріміндегі танымдық мотивациялық қызығушылықтарын арттыру, олардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі таңда мектептегі психолог жұмысының басты мәселесі болып табылады.

Үлгермеушіліктің болу себептері қандай?

Үлгермеушіліктің болу себептері:

Оқушының жеке қасиеттері

Мұғалімнің жіберген қателіктері

Оқушының денсаулығы

Психолог ғалым А.М.Гельмонт оқудағы үлгермеушілік себептерді оның категорияларына байланысты бөлуді міндет етіп қойған. Ол оқу пәндерінің саны мен үлгермеушілік тұрақтылығына байланысты үлгермеушіліктің 3 түрін бөліп көрсеткен.

Жалпы және тұрақты үлгермеушілік - ұзақ уақыт бойы барлық немесе көптеген пәннен үлгермеу.

Жекелеген, бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік – бұл бір немесе екі үш қиын пәндерден үлгермеу.

Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік – бірде жеңіл пәннен бірде екінші пәннен үлгермей қалу.

I категория себептері ретінде: оқушының алдыңғы дайындығының төменгі деңгейі әр түрлі себептерге байланысты қолайсыз жағдайлар (дене кемістіктері, ауру, тұрмыс жағдайының нашарлығы, ата-ананың қамқорлығының жоқтығы); оқушы тәрбиесінің жетіспеушілігі (жалқаулық, тәртіпсіздік); ақыл – ойының дамуының әлсіздігі.

II категория алдыңғы сыныптардағы кемшіліктер, оқылатын пәнге деген оқушының қызығушылығының жетіспеушілігі, оқудағы қиындықтарды жеңуде ерік әлсіздігі;

III категория дұрыс оқытпау, оқудағы бақылаусыздық, сабаққа дұрыс қатыспау, сабақтағы зейінсіздік, үй тапсырмаларын жүйелі орындамау.

А.М. Гельмонт барлық жағдайларда белгіленген немесе бекітілген үлгермеушілікті айтады, яғни үлгермеушілерге ол «тоқсан аяғына қанағаттандырылмаған бағалардан тұратын ауыр жүкпен келетін» оқушыларды жатқызады.[1 қосымша]

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. Мақсаты:

Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.

Міндеттері:

1. Сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау.

2. Мемлекеттік білім стандартын меңгерте отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарлату.

3. Үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық–педагогикалық көмек көрсету

Негізгі принцип:

Нақты баламен жеке сыйластық және сенімді қарым – қатынас орнату.

Болжамдап отырған нәтиже:

Оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгерген, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға

Сыныптағы үлгерімі төмен оқушылар тізімі және кемшіліктері.

Әдістемелік жұмыс түрлері. Өзекті білімді қайталауды ұйымдастыру.

Оқытуда салыстыру дағдыларын ұйымдастыру.

Үй жұмысын орындауына ықпал жасау, көмектесу.

Жетістіктерін мадақтау, қолдау көрсету.

Сабақ барысында тапсырмалар беріп отыру.

Өз қателерін түзетуге мүмкіндік беру.

Сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру.

Сыныптағы үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары құрылып, жыл бойы осы жоспармен жұмыс жүргізіледі.[2 қосымша]

Үгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты:

1. Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту.

2. Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту.

3. Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады.Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты.Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады. Осы себептерді жою арқылы оқушылардың білім сапасы артып келеді.[3 қосымша]

Компоненттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу екіге бөлінеді:

1.педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар;

2.нашар оқитын оқушылар.

Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады. Келешекте де бұл жұмыстар өзінің жалғасын табады.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Гельмонт А.М. О причинах неуспеваемости и путях ее преодоления. М.: Просвещение, 2004.

  2. Шалабаева Е. 2,3,4 сыныптарға арналған диктанттар жинағы. Алматы «Білім» 2012

3. Ысқақбаев Ә. 777 жұмбақ. Алматы «Ана тілі» 1994





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
4529
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12