Материалдар / Баяндама.Заманауй сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама.Заманауй сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2021
359
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

































Баяндама .

Тақырыбы: Заманауй сабақ:оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлері.

Авторы: Т. О.Рахманбердиева .

29 жалпы орта мектебі; Келес ауданы,Жамбыл-2 ауылы































Қазақстан білім беру саласының əлемдік білім кеңістігіне енуге деген талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеруі, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мəдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тəрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындау сапасын арттырудың қажеттігі заңды құбылыс. Соған орай, білім берудің негізгі мақсаты — еліміздің əлеуметтік, экономикалық жəне саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Соған байланысты Елбасымыздың білім саласына қойған талабы да ерекше. Нәтижесінде білім берудің мазмұны өзгеріп, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Біз, ұстаздар, дүниенің кез-келген жерінде білімін жалғастыруға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгеретіндей дарынды, қабілетті ұрпақ тәрбиелеуіміз тиіс. Осы мақсатта оқушыларға білімді жүйелі түрде нақты беру үшін жаңашыл әдіс тәсілдерді қолдана отырып, заманауи сабақ беру жолға қойылды. Танымал ғалым, педагог, философ Джон Дьюидің «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідей оқытатын болсақ онда біз олардың ертеңін ұрлаймыз» деген сөздерінің астарында терең мағына жатыр[6].Қазіргі заманда «заманауи сабақ» түсінігі пікірталастарда ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі болып табылады. Әлеуметтік дамудың жаңа сатысына көшу барысында, сабаққа білім беру бойынша жаңа талаптар ұсынуымыз қажет. Соңғы кезде білім беру мен тәрбиелеудің жаңа мақсаттары қалыптасуда. Мектеп еліміздің болашағы жас ұрпақтың интеллектуалдық қабілеттерін тек дамытып қана қоймай  сонымен қатар еркін, шығармашыл, сыни ойлай алатын, өз ынтасы мен бейімін жете түсініп, оны дамыта алатын, өмірде өз орнын таба білетін қабілеттері дарыған шәкірт тәрбиелеу бағытында жұмыстануы қажет. Терең ғылыми білімімен қатар, алған білімдерін күнделікті өмірде, практикада қолдана білсе, кез-келген адам қазіргі қоғамға тез бейімделе алады. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. [2] Міне, осындай нәтижелерге жету үшін әр мұғалім оқушыны тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыруы керек. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Әр мұғалім білім беруде көптеген қиындықтармен кездесіп отырады. Бірақ «мұғалім» атты мәртебелі мамандық иесі бұндай қиындықтардан шығудың жолын таба білу керек. Ол үнемі өз білімі мен біліктілігін жетілдіру бағытында жұмыстанады. Мен де оқу үдерісіне өзгеріс енгізіп, шәкірттерімнің өз ойларын еркін және ашық айтып, көзқарасын білдіріп, дәлелдер келтіре отырып, практикада қолдана білуге үйреткім келеді. Осындай нәтижеге жету үшін инновациялық технологияларды қолдана отырып, заманауи сабақтарды беруге тырысамын.

Заманауи сабақ дегеніміз – заман талабына сай маңызды, оқушының қызығушылығын ескере отырып құрылған сабақ. Заманауи сабақ болашақтың негізін қалайды, үнемі өзгеріп отыратын қоғамда өмір сүре алатын, кез келген қиындықты жеңе алатын шәкірт даярлайды. Заманауи сабақ оқушыға белгілі бір білім беріп қана қоймайды, оның танымдық, жасампаздық қабілеттерін дамытып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізуі керек.

Заманауи сабақ – ол қандай болуы керек?

Ең алдымен – еркін сабақ. Бұл сабақта оқушылар жаңалықтан қорықпай, өз ойларын еркін айтады, яғни оқушыға да, мұғалімге де сол сабақта ыңғайлы болуы керек.

Менің ойымша заманауи сабақ ең алдымен қызықты және маңызды болуы керек. Мұғалім жаңа технологияларды сабақта жас ерекшеліктеріне сай тиімді қолдана біліп, АКТ меңгеруі қажет. Сабақтың сәтті шығуы көбіне мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Мұғалім мен оқушы – бір бүтін болуы керек, оқушылар бір-біріне көмектесіп, мұғалім жетелеуші, бақылаушы болуы керек.

Заманауи сабақ оқушылардың өзін өзі қалыптастыруына, шығармашылықпен жұмыстануына мүмкіндік беретін шығармашыл сабақ болуы тиіс. Сабақта оқушылар әр түрлі сұрақтарға жауап беруде мағынасын түсініп, дәстүрлі емес жағдайларда шешім қабылдай білулері керек. [1]

Заманауи сабақ іскер және жасампаз шәкірт тәрбиелеу керек!

Заманауи сабақтың тиімділік критерийі:

-  Жеке тұлғаны дамыту;

-  Өз қызметін жобалап, оның субъектісі бола білуі;

-  Жаңашылдыққа үйрету;

-  Еркін сабақ;

-  Оқушылардың топпен белгілі бір қорытындыға келуі;

-  Мұғалім оқушыға зерттеуге, ізденуге бағыт береді;

-  Оқушының өз әрекетін түсініп, саралай білуі: яғни нәтижеге қалай қол жеткізді, қандай қиыншылықтар кездесті, ол қиындықтардан қалай шықты және оқушы осы кезде қандай сезімде болды?

Олай болса,  заманауи сабақ – танымдық, іскерлік, жаңашылдық, көзқарас қайшылығы кездесетін, даму сабағы. Білімге, өзін өзі тануға, өзін өзі қалыптастыруға, ынталандыруға, шеберлігін шыңдауға, таңдауға, өзіне деген сенімділігін арттырып, қажеттілігін сезіндіретін сабақ. [5]

Заманауи сабақтың нәтижесі қандай?

-  Білім алу қабілеті мен құзыреттілігі қалыптасады, білімдері мен біліктілігін негізге ала отырып, өмірлік проблемаларын шешуге тәжірибе жинақтайды.

-  Ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттері дамиды: іздейді, баға береді, қажеттісін таңдайды және өңдейді, таратады.

-  Шығармашылықпен айналысады;

-  Нақты және виртуальды эксперименттер арқылы зерттеушілік қызметі дағдылары қалыптасады.

-  Қазіргі таңда орындаушы емес, құрастырушы адам- идеал болып табылады, яғни оқушылар  материалды өз бетімен оқу және өз ісінің нәтижесін бағалау дағдылары, түрлі сұрақтарды дұрыс шешу қабілеттері дамиды;

-  Үлкен істі бірігіп істеуді, яғни топта жұмыс істеу, өзінің ойын басқалардың ойымен байланыстыру, үйлестіру дағдылары қалыптасады, жұмысты бірігіп талдау, синтездеу және қортындысын жасауды үйренеді

Осындай заманауи сабақтарды ұйымдастыру үшін мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруі тиіс. Сондай әдістердің бірі сабақта АКТ-ны тиімді қолдану болып табылады. [3]

Заманауи сабақ – оқушылардың қызығушылығын арттырудың жоғарғы шегіне жету мақсатында әр түрлі жаңашыл, инновациялық технологияны қолдану болып табылады. Заманауи сабақтың тиімділігін дәстүрлі сабақпен салыстырғанда ғана түсінуге болады. Дәстүрлі сабақ – мұғалімге бағынатын оқушылардың тәртібімен, тіл алғыштығымен, нәтижелігімен сипатталатын сабақ. Ал заманауи сабақты мұғалім оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырады. Оқушы еңбек жасап, іздене отырып, өз жұмысына өзі баға береді, әр оқушының интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктері анықталады.

Заманауи сабақтың оқушыдан талап ететіні:

Оқуда жетекшілікті қабылдау;

Оқуда жетекшілікті іздеу;

Өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алу;

Өздігінен басқара алуын көрсету;

Өз оқуын бағалау және оқуды жалғастыру үшін қажетті оқудағы қажеттіліктерді анықтау. [4]

Қазіргі таңда өз іс-тәжірбиемде жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудамын. Сабақ үрдісінде мұғалімнің басты қызметі – ол сыныпты ұйымдастыру, оқушыға бағыт-бағдар беріп, топтық жұмыстағы оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту.Сабақтарымда жаңа заман талаптарына сай түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға мән бере отырып, «Блум түймедағы», «Білім биржасы», «Аквариум», «Постер», «Фишбоун», «ТВ шоу», «Ыстық орындық», «Ақылдының алты қалпағы», «Блум таксономиясы», «Даналық ағашы», «Сен маған, мен саған», «Өрмекшінің өрмегі» әдістерін пайдаланудамын..ТВ шоуға оқушылар қатысқанда қысылмай, ашық сөйлеп, белсенділік танытқанын байқадым.Топтық оқыту әдісін қолдану кезінде оқушылардың өзін-өзі басқару, өзін-өзі бағалау топта оқушылардың білім деңгейін, ынтасын көтереді, бір-біріне көмектесу, бірінің білмегенін бірі толықтыру арқылы сенімділік артып, оқушының тақырыпты меңгерудегі олқы жерлерін бақылап, мұғалім мен оқушылар арасында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатылады.

Математика сабағындағы топтық жұмыстар қолданылған жекелеген жобаларда толық топтарға қарағанда, шағын топтағы оқушылардың неғұрлым тиімді шығармашылық жұмыс істегені байқалады. Себебі, тығыз ынтымақтастық пен қателіктер сындарлы әңгімелесу жағдайында математика есептерін шешуде өздерін сенімді ұстайды.Мен 7 сыныпта «Бөлшек – рационал өрнектерді түрлендіру» тарауы бойынша ашық сабақ өткіздім. Блум таксономиясының құрылымы танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші деңгейіне, яғни қарапайымнан күрделігі біртіндеп өтеді деп саналады. 

Нәтижесінде: Бөлшек – рационал өрнектерді түрлендіруге берілген тапсырмаларды орындау кезінде білім мен біліктерді қолдана білу дағдыларын жетілдіреді.

Формулаларды практикада қолдана алады;

Өз білім деңгейін бағалай алады.

Қай  әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныпта оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан математика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыпты игеруде мақсат ету

жаңаша ұйымдастыруға, сабақ үрдісінде оқушылардың іс-әрекетін дұрыс керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі – заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану.

Заман ағымына қарай әрбір ұстаз үнемі өз білімін жетілдіруге, іс-тәжірибесін өзгертуге, оқыту үрдісін ұйымдастыра білуге міндетті. Біздің мектеп мұғалімдеріміз де заман ағымына қарай жаңашылдықты жатсынбай, заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп, сабақта жаңашыл әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып келеді. Қазіргі таңда сертификатталған мұғалімдерден құралған «Жігер» қоғамдастығы өткізетін коучингтер мен интербелсенді алаңдар арқылы мұғалімдер өз тәжірибелерін толықтырып жүр. Өз іс-тәжірибемде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы тек заманауи сабақтар өткізіп отырамын. Оқушыларымның сабақ үстінде өз ойларын еркін айтып, берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындайтынын байқадым. Дәстүрлі сұрақ-жауапқа қарағанда оқушының назарын жаулап алатын қызықты әдіс-тәсілдерді қолдану білім сапасының артуына да септігін тигізді. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат – біреу. Ол – оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру, өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.











Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. Мұсатаева Б.И. Кәсіби біліктілікті артыру жүйесін модернизациялауда ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі. http://www.manshuk.kz/index.(09.10.2013ж.)

  2. Хуторской А.В. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы образования// Народное образование – 2003. №2. 58-64 беттер

  3. Аймағамбетова К. Инновациялық білім беру//Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. Математика және физика. №2,2012

  4. Республикасының 2015 жылғы дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. — Астана, 2003. — 26 желт.// [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: www.enu.kz/downloads/tyzhyrymdamasy.pdf

  5. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі:

  6. http:// rusnauka.com/36_PVMN_2012/Pedagogica/2_123473.doc.

  7. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: жоғары оқу орындарына арналған оқулық. — 2-ші толықт., түзет. жəне қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған М.А.Құсайынова. — Алматы: TST-company, 2005. — 368 б.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!