Бауыржан Момышұлы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бауыржан Момышұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауыржан Момышұлы туралы ғылыми жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы



Кіріспе


Қазақ халқының іргелі атрибуттары бір өзінің болмысынан толық табылатын Бауыржан Момышұлы медицина институтының студенті, оқытушы, экономист, милиция бөлімінің бастығы, Қазақ ССР Соғыс комиссариатының қызметкері, армия генералы, соғыс өнерінің теоретигі сияқты қызметтерде болып, өз еліне, Отанына адалдығын көрсетті. Сұрапыл соғыстың алғы шебінде оның ыстық, суығын басынан кешірді. Жауынгерлердің қайнаған ортасында жүріп, олармен бірге Отан қорғау деген қасиетті борышты орындауда ұлтжандылықтың, ұлттық мақтаныштың шын мәнінде не екендігін іс жүзінде көрсетті, дәлелдеді. Соғыс өнерінің майталман шебері дәрежесіне көтеріліп, оның стратегиясы мен тактикасының теориясын жасады.Соғыстан кейін бейбіт өмірде жазушылықпен айналысып, кейінгі жас ұрпақты туған жерге, туған елге шынайы берілгендік рухында тәрбиелеуге атсалысатын тамаша шығармаларды дүниеге әкелді.

Бауыржан Момышұлының «ел» ұғымында толымды, жинақы, тұтас бейнесі қалыптасқан. Ол-соғыста да, бейбіт өмірде де адалдықты, әділдікті, туралық пен шыншылдықты ту етіп көтерді. Қулық, сұмдық, екіжүзділік, жағымпаздық, жалқаулық, қорқақтық, атаққұмарлық, дүниеқоңыздық секілді пендешіліктерге жан-тәнімен қарсы тұрды. Өйткені, құмарлыққа айналған жат әдет, арам пиғылдардың бәрі де түптің тереңінде әділеттілікке, адалдыққа қарсы ашық шабуылға көшетіні, сөйтіп, айдай әлемге өз үстемдігін орнатқысы келетіні анық емес пе? Ал мұндай әдет-пиғылдарға арыстандай ақырып қарсы шығу батыр болмысқа тән қасиет.

Бауыржан Момышұлы қазақ бауырларынан жырақ аймақтарда көп қызмет етіп, басқа ұлттардың өкілдерімен көп араласып, олардың ұлттық ерекшелігімен етене таныса отырып, қазақ халқының ұлылығына, дархандығына, тәкаппарлығына, сонымен қатар, мейірімділігіне көз жеткізді. Ұдайы өзін - өзі басқалармен салыстырып, екшеп, таразылап отырғандықтан, басқалар күнделікті өмірде көп мән бермейтін көптеген ұлттық құндылықтардың қадір-қасиетін ішкі жан- дүниесімен сезінді.

Зерттеу мақсаты: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау үшін қаһарман батыр шығармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні зор.

Гипотеза: Қазақ әдебиеті бойынша әңгімеде кездесетін нақыл сөздерді тауып, теріп қоймай, жинақтау арқылы тілдік қолданысқа, оқулықтарға енгізуге болады және жеке кітапша ретінде дайындап, оқырманға ұсынылмақ.

Зерттеу кезеңдері:

1. Б. Момышұлы шығармаларынан қанатты сөздерін жинақтау

2. Б. Момышұлының өз жанынан шыққан мақалдар мен қанатты сөздерін топтарға бөлу

Жұмыс нәтижесі: Ғылыми жұмыста әңгімелер мен повестер, романдары толық қамтылып, Б. Момышұлы – ұлттық болмысты қалыптастырушы қаламгер ретінде танылады. Мағыналық ерекшеліктері ашып көрсетіліп, тақырыптарына қарай топтастырылды. Арнайы мысалдар келтіру арқылы естілмеген нақыл сөздері жария болады.

Ғылыми теориялық - тәжірибелік маңыздылығы: Нақыл сөздеріне назар аударып, зер салған жас ұрпақ жаһандану кезеңінде тура жолдан таймай, оптимистік қабілетін арттырады. Ұлттық рухқа қаныққан оқырманның патриоттық сезімі мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін нығайтады.

І. Теориялық бөлім


1.1. Бауыржан Момышұлының өмір жолы


Қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған. Жеті жылдық мектеп бітірген соң біраз уақыт мүғалім болып істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Міндетін өтеп, запастағы командир атағын алып ауылға оралғасын қаржы орындарында жұмыс істеген. 1936 жылы кайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде қызмет еткен, взвод, рота командирі болған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанған. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарды.

Момышұлының әскери өмірбаянында Москва түбіндегі шайқас ерекше орын алады. Одан басқа да ерліктері аз емес. Тек 19-гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19-полкты басқарып, сол жерде ауыр жарақат алғанына қарамастан, күресті әрі қарай жалғастыра береді. Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп, 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник И.И.Серебряков 1942 ж. тамызда оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Бірақ бұл наградтау қағазы жоғалып кетеді.

1944 ж. шілде айында Серебряков КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумына үндеу хатында: "Жолдас Момышұлына құрмет көрсетуді... өтінемін және мұны жеткізуді өзімнің парызым деп білемін... әділдік менен осыны талап етеді", — деп жазды. Бұл да аяқсыз калады. Жерлесіміздің одан кейінгі ерліктері де ескерусіз қалады. Момышұлы полк командирі, кейін дивизия бастығы бола жүріп, Калинин майданында, Курляндиядағы неміс басқыншыларын талқандау операцияларына белсене қатысады.

Соғыстан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғарғы әскери академиясын бітіріп (1950 ж.), сонда әскери педагогикалық қызметпен айналысты. Тактика төңірегінде оның идеяларының батыл да жаңашыл болғандығына қарамастан, 1956 жылы гвардия полковнигі Момышұлы отставкаға жіберіледі. Баукең әдебиет майданында да әскери ерліктерінен еш кем емес каһармандық іс тындырған қаламгер екені баршаға мәлім. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуы, елдік пен ерлікті дәріптеу, жастарды Отан қорғауға дайын тұру рухында баулу, әскери тәлім-тәрбие болып табылады. Бауыржан Момышұлының басты шығармалары: "Офицер күнделігі", "Бір түннің оқиғасы" (1956), "Москва үшін шайқас" (1958), "Майдандағы кездесулер" (1962), т.б. Кеңес Одағының батыры И.В.Панфилов жайында "Біздің генерал" деген ғұмырнамалық хикаят жариялады. Ал "Үшкан ұя" романы 1976 жылы Казақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Біртуар қолбасшы туралы оқырман қауымға Ә.Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз", З.Ахметова "Шуақты күндер", Бақытжан Момышұлы "Қасымда сен барда", "Әкеге құрмет", М.Кдвдыбаев "Үмытылмас кездесулер" атты шы-ғармаларын ұсынса, режиссер М.Бегалиннің "Артымыз-да Москва" кинофильмі, В.Шацковтың МХАТ сахнасын-да қойылған "Волоколам тас жолы" пьесасы Момышұ-лының әскери өмірбаянын суреттейді. Оның соғыстағы ерлігін бейнелеген белгілі орыс жазушысы Александр Бектің "Арпалыс" повесі әлемді шарлап кетті...

Бауыржан Момышұлы әлденеше ордендермен, медаль-дармен марапатталды. Дүние салғаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1990 жылы). Сөйтіп, ұзақ жылдардан соң, соғыс және еңбек ардагерлері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, қалың жұртшылық талабымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев-тың қолдауы арқасында, халқымыздын ардақгы үлы — көзі тірісінде-ақ аңызға айналып кеткен осынау даңқгы жау-ынгер, дарқан ойлы қолбасшы турасындағы тарихи әділеттілік қалпына келтіріліп еді. Бүгівде Бауыржан ба-тыр есімін иеленген мектептер, көшелер, елді мекендер, ұжымшарлар егеменді елдің қала-даласында көптеп кездеседі. Оңтүстік астанада ол тұрған үйге ескерткіш тақга орнатылған, әскери мектеп-лицей бар.



1.2. Б. Момышұлы қанатты сөздеріндегі халықтық тәлім - тәрбие.


«Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,»

Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен,

Халқымның қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен» [3], - деген жолдар арқылы

Бауыржан Момышұлы өзінің адами, азаматтық болмысын бір ауыз өлең жолымен танытқан.

Қаһарман жазушының болмысын сөз еткенде, ең алдымен, айқын танылары, батырлық қасиеті екені белгілі. Батырлығы – Отанын сүйген, елі үшін жаны күйген, ұлт тағдыры үшін қандай қиындыққа болса да қарсы тұрар қаһармандық болатын. Ал Бауыржан Момышұлының аты аталғанда, екі бірдей бейне көз алдымызға келеді. Бірі – батырдың, екіншісі жазушының бейнесі. Бойынан осы қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде халқының асқан ардақтыларының бірі болары анық. Бауыржанның тұғырлы тұлғасында батырлық пен жасампаздық сипат бір - бірімен ғажап бірлік тауып, тұтастыққа айналған.

Адамдық парызын дала философиясымен үндесе отырып, халықтық тәлім - тәрбиеден іздеп, ұрпағына ой салған жазушы өз шығармаларында тарихи маңызы мен тәрбиелік құндылығын жоғалтпайтын оқиғаларға басты назар аударады. «Шығарманы қызықты етеміз деп, біз кейде құр оқиға қуалап кетеміз. Шығармаларымыздың елеулі кемшілігінің бірі, міне, осында» [4] деп ескерткен еді жазушы. Тумысынан асқан дарынды өзі үшін мүлде қиын да күрделі, халық даналығында айтқандай «Инемен құдық қазғандай» азапты тірлікке бет бұрып, сәтті туындыларды сыйға тарта білді.

«Адам қайраты», «Қанмен жазылған кітап», «Москва үшін шайқас», «Ұшқан ұя» шығармаларымен қатар, естелік кітаптарға қосымша газет - журналдарда жарияланған мақалалардан нақыл сөздерді жинақтаған болатынмын. Жұмысымның зерттеу бөлімі қазақ халқының мақал - мәтелдеріне арналған.

Жоғарыда аталған шығармалар бойынша жазушы қолданысынан төмендегі тақырыптар бойынша қазақ халқының мақал - мәтелдерін көптеп кездестірдік.

Ерлік пен жаужүректік туралы

Адам туралы

Тіл және сөз құдіреті туралы

Ел, Отан туралы

Ақиқат пен шындық туралы

Білім, ақыл және ізгілік, адамгершілік туралы

Еңбек және бірлік туралы

Айталық, «Адам қайраты» кітабында «Түсі жақсыдан түңілме», «Төртеу түгел болса төбедегі келеді», «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді», «Көз қорқақ, қол батыр», «Білек бірді, білімді мыңды жығады» [5] секілді халқымыздың даналығы жиі айтылады. Қай мақалға талдау жасасақ та, мағынасы адалдық пен ерлік, ұлттық рухқа саяды. Мақалдарды тізбектегенде халық даналығына 45 мақалды жатқызып, 7 тақырыпқа топтастырдық. Тақырыптарының өзі халықтық тәлім - тәрбиеге үндейді. Әсіресе ержігіттің бойына ерлік пен елдікті дарыту, қыз бойына әдептілік пен ар - ұят қасиетін сіңдіру әр қазақтың жауапкершілігі болса, қаһарман жазушы оны сезіне білді. Аз жазса да, саз жазатын, жазушылық бағытқа жәй келсе де, көп дүние қалдырған шығармаларында Бауыржан Момышұлының жүрегі «Әр қазақ - менің жалғызым» деп соққаны айқын көрінеді.

Енді назарларыңызға Б. Момышұлының әңгіме, повесть, романдарынан жинақтаған қазақ халқы ауыз әдебиетінің мақалдарын ұсынамын:

1. Ерлік пен жаужүректік туралы

1. Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

2. Күш - әкесін танымайды.

4. Азаматқа өмірден де ар қымбат, өлімнен ұят күшті.

5. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

6. Жығылған үстіне жұдырық.

7. Көз қорқақ, қол батыр.

2. Адам туралы

1. Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді.

2. Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек.

3. Баланы бастан.

4. Түсі жақсыдан түңілме.

5. Кісідегінің кілті - аспанда.

6. Қорыққанға қос көрінеді.

7. Түсі тәуірден түңілме.

8. Балалы үй ұрлығын жасыра алмайды.

9. Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра.

10. Аяз би әліңді, құмырсқа жолыңды біл

11. Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа.

12. Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі.

13. Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас болғын.

14. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді.

15. Он үште отау иесі.

16. Жетіге келгенше, бала жерден таяқ жейді.

3. Ел, Отан туралы

1. Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді.

4. Еңбек және бірлік туралы

1. Еңбек түбі рақат.

2. Төртеу түгел болса төбедегіні алады.

5. Білім, ақыл және ізгілік, адамгершілік туралы

1. Білек бірді, ақыл мыңды жығады.

2. Қалауын тапса қарда жанады.

3. Қаға білсең киіз қазық та жерге кіреді.

4. Өлімнен ұят күшті

5. Жаным - арымның садағасы.

6. Ақиқат пен шындық туралы

1. Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше,

Шындықтың уын ішіп өлген артық.

2. Шын айтпай, сын айтпа.

3. Өтірік – зиян, кесір.

4. Өтірік – барып тұрған зиянды у.

5. Шындық ақиқатты түсіндіруші.

6. Біздің нақты болмысымыз – шындық.

7. Тіл және сөз құдіреті туралы

1. Сөз жүйесін, мал иесін табады.

2. Жылататын да, жұбататын да сөз.

4. Жаман айтпай - жақсы жоқ.

5. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

6. Жақсы сөз - жарым ырыс.

8. Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді.


1.3. Батырдың нақыл сөздері – қаһармандық үлгі, ұлттық намыстың қайрағы.

Әр қазақ бүгінде батыр Бауыржанның, дана Бауыржанның, қамқор ата һәм қатал әке Бауыржанның рухына тағзым етеді. «Сұрапыл соғыс кезінде және одан кейінгі ондаған жылдарда бар қазақтың намыс қайрағындай мақтанышы болып, елі мәңгі сүйсініп айта жүрер Ерліктің ерен жырын жасындай ойнатып, дауылдай сапырған Бауыржан батырдың жұлдызы туған елінің көгінде мәңгі жарқырап тұра бермек. Уақыттың мәңгілік, бақилық кеңістігінде оған пендешілік шаңы жұқпайды. Қала берді, Бауыржан бүкіләлемдік, күлліғаламдық күрделі де сирек құбылыс­тардың санатына қосылады. Қаламгердің өзінің бір сөзі бар: “Сексен мен жүздігімді ұрпақ атар, – Тарихтың түкпі­рінен сөз келгенде”. Жүз жылдығын атап өткен батыр бабаның шығармалары әлі де болса зерттеуді қажет етсе, соның бірі – нақыл сөздер.

Жазушылық қырынан бөлек алып отырған бұл бөлімнің негізгісі өз жанынан шығарылған нақыл сөздер. Баукеңнің өмірі - қаһармандық үлгісі, ұлттық намыстың қайрағы.  Сөнген жұлдыздардың жарығы миллиондаған жылдарға жетсе, туған халқы үшін, кейінгі толқын ұрпақтары үшін қазақтың бас батыры Бауыржан өнегесі таусылмақ емес. Қаламгердің асуы - Алаш айбынын, мәртебесін асыра түсері сөзсіз.

Бұл ретте жазушыны патриот ретінде ғана емес, кемеңгер, ойшыл ретінде де танытуға біраз жұмыстар жүргіздім.

«Кең тынысты ішкі монологтар титтей де жалықтырмайды. Қайта адам жанының иірім тұстарына тереңірек үңіліп, оны жан-жақты тануға мүмкіндік береді» [10, 80]. Бұл өзінің сөзі. Монологы арқылы немесе журналисттерге берген сұхбаты, ерекше бір тұжырымы қазақ әдебиетінде қанатты сөздер ретінде мұра болды.

Қанатты сөздерін де тақырыпқа бөліп, төмендегіше топтастырдым:

Ерлік туралы

1.Асқан ерлік ізгі тәрбиеден,озық өнегеден,ұлттық асыл дәстүрден туады.Ер-азамат сонда ғана елге қорған болады.

2.Жасық жан ержүрек бола алмайды. Ол жанқиярлық ерлік жасауға да қабілетсіз.

3. Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық.

4. Солдаттың алғашқы ерлігі – бұл офицердің еркіне мойын ұсыну, бағыну. Офицердің алғашқы ерлігі – халықтың атынан, мемлекеттің атынан әмір ете білу.

5. Халықтың атынан әскери ерлігі үшін алғыс айтып, жігерлендіре білу – жауынгерлік құрмет көрсету.

6. Командир көзсіздік жасап батылдық, батырлық, табандылық көрсетпей, есті бола алмаса керек.

7. Ерлік дегеніміз әскери тәрбиенің, ширыққан ішкі күрестің, ең алдымен адамның өзін жеңе білген күресінің нәтижесі.

8. Ерлікті оның мерт болуынан іздемей, оның өзінен іздеу керек.

9. Ұрыста өмір ешкімге сыйға берілмейді, жеңіп алынады.


Халық және ұлт туралы

1.Халықтардың бауырмалдығы ұлттық мақтанышқа негізделген.Меніңше интернациолизмнің негізі де осында.

2.Бір топ арыстанның қойдың қол астында болғанынан гөрі,бір қора қойдың арыстанның қол астында болғаны жақсы.

3. Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз.

4. Ұлттық рух – бұл, асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік.

5 Ұлттық рух – ұлы адамның және тұтастай алғанда ұлттың да асыл қасиеті.

6. Халықтардың бауырмалдығы ұлттық мақтанышқа негізделген.

7. Ұлтшылдықтың негізінде басқа халықтарға өзін қарсы қоюшылық, антогонизм жатады, ал ұлттық рухтың табиғатына өз халқына деген сүйіспеншілік арқылы басқа халықтарды сүю мен құрметтеу тән


Тіл және сөз құдіреті туралы

1.Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту.

2.Қазақ тілі еш уақытта,өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып,қатардан қалып өмір сүрмегендігі,өз сыбағасын ешкімге бермегендігі мыңдаған жыл тарихынан айқындалған.

3. Дұрыс аударма жасау үлкен өнер. Тілдің нәзік сырларын білмей аудару мазмұнды жүдетеді, шығарманың екпінін, ішкі тынысын тарылтады.

4. Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге, нағыз басты белгісі.

5. Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады.


Адам туралы

1.Адамның көтеріңкі көңіл-күйі – ұрыста ең айбарлы қару.

2. Атқа мініп жүре алмайтынға жуас та асау, жебе де қысқа, тартпа да бос, ердің үсті де қолайсыз, тізгін де ұзын көрінеді – барлық сылтауды жайып салады.

3. Үлкен бастықтың қатаң сөккенінен гөрі де адамды өзінің ары сөгуі күшті.

4. Қаталдық азаматтық мінез-құлық нормасы шегінен асып кетпеуі қажет.

5. Адамның басына түскен қайғыны бөлісе білушілік адамның бойында коллектившілдік сезімді тәрбиелеудің нәтижесі.

6. Басқалардың тасының өрге домалауы, күш-қуатының, қайратының артықтығы, сондай-ақ, материалдық игілігі күншілдік сезімін тудырады.

7. Күншіл өзінің кескін келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады

8. Сөз тасушы адам өсектеп жүрген адамының тырнағына да тұрмайды.

9. Күншіл – қоғамда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол адамгершілікке, жат қылыққа, тіпті қылмысқа да бейім.

10. Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген.

11. Егер адам белгілі, танымал бола бастаса, ол образға, өзінің жеке “мені” енді өзіне тән болмайтын адамға айнала бастайды.

12. Адамдарды шабуылға бастап көтеруден ең ауыр міндет жоқ.

13. Техника қаншама дамып жетілгенмен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды

14. Адамның жан-дүниесі – ұрыста ең қатерлі, көзге көрінбейтін қару. Жан дүниесіне заң бойынша бірінші орын тиесілі, оған күш-қуаты жағынан теңесер күрес құралы жоқ және болмайды да.

15. Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.

16. Қорқыныш сезімі барлық тіршілік иесіне тән және барлық жерде бар.


Ел,Отан туралы

1.Отанға деген сүйіспеншілік қана соғыс кезіндегі өлімді моральдық тұрғыдан ақтап, соғыс ісінің адамгершілік негізі бола алады.

2.Соғыс ұзақ жылдарға Отанның тағдырын, соғысып жатқан халықтың тағдырын шешеді.

Парыз туралы

1.Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.

2. Парызды түсіну ар-ұят деп айтылады.

3. Парыз алға қойған міндеттен туады, яғни, міндет адамға парызды жүктейді.

4. Адам бойындағы басты сезім – парыз сезімін ұштап, тәрбиелеу.

5. Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ әрі болмайды да.

6. Өз парызын саналы түрде түсіну ғана солдатты бәрінен де жоғары қояды.

7.Парызды саналы түрде түсіну ғана барлық игілікті істерге аспандағы бағдар сілтер жұлдыз сияқты, адам неге қабілетті болса, соған, барлық ұлы және тамаша нәрселерге қабілетін арттыра түседі.

8. Парыздан биік шың жоқ.Парыз – арман мен даңқ шыңы

9. Қорқынышпен күресте ерлік, жеңістің нәтижесінде парыз сезімі туады.

Бұл бағытта Ә.Нұршайықовтың «Аңыз бен ақиқат» роман-дилогиясының орны ерекше болды. Диалогтарында тұнған қанатты сөздерін теру – маңызды жұмыстардың бірі болды. Осы жерде ғалым Тұрсын Жұртбайдың ой-пікірі ойға оралады: «Даналар дәуірге тәуелсіз. Тек уақыттың еншісінде. Оның өзінде де пенде тұрғысынан алғанда ғана» [11, 263]. Көсемсөз деп те атауға келетін қанатты сөздері оқырманға ой салып, рухтандырмаса, одан зияны да жоқ. Ал оларды әлі де жүйелеу, оқулықтарға енгізу келешектің ісі екені даусыз.

Баукең мұрасы - ұлт рухының ұлы оқулығы. Қаламгер университеті мен шығармаларын оқи отыра, қанып өскен әрбір адам халқына, ұлтына неғұрлым жақындай түседі, еліне деген перзенттік махаббаты арта түседі.

Келіп өтіп кешегі от-жалыннан,

Дүниеге ерлігімен танылған

Кең жауырынды,талғардай тік иықты

Бөрі кеуде,бүркіт қабақ Бауыржан.

Шежіресін жазып соғыс кезеңін,

Бүгін сенің жырға айналды есімің

Бүгін тағы естіледі әлемге,

Айқастарда атой салған өз үнің – деп,

Сырбай Мәуленов жырлаған еді.

Есімі жоғарыда аталған адамның бейнесінен қазақ халқы өзінің бұрынғы,байырғы ерлік бітімін көреді. Жарқын ойын, алмастай жарқылдаған жігер-қайратын, жақсылық атаулыға құштарлығын аңғарады.

Бауыржан Момышұлың сом тұлғасынан халық өзіне тән пейіл-пиғылды сезген. Оның тұтас бейнесінен соғыс қаһарманын ғана емес, қайта тумас азаматты, ойға берік, ерекше дара тұлғаны көрген. Бауыржандай тұлғаның жалпақ елдің сынына түсіп,мейіріміне қанып, осындай зор абыройды иемденгені- әлбетте жойқын істер мен адал еңбектің арқасы. Жойқын еңбектің басы-ізденіс. Оған дәлел - оның «Ең ауыр айып-сенімді ақтамаушылық » ,- деген сөзі.Бұл сөзден кейін Бауыржан әдебиетке арқалар жүк , атқарар парызын білмей келді деу қиын. Оның отты жүректің ыстық қанымен жазылған « Жауынгер тұлғасы », «Москва үшін шайқас », «Қанмен жазылған кітап» атты кітаптарын оқып шықсаңыз, бұған көзіңіз әбден жетеді. Ұлы Отанның даңқты генералы әрі атақты жазушысы Петр Веришгаро былай деген еді: «Бізге Бауыржан Момышұлының соғыстағы ерліктері белгілі. Жазушы болып, ол екінші ерлік жасады. Екі ерлігі де, менің түсінігімше, бір-бірінен кем соқпайды ».

Ал біздің талдағанымыз – нақыл сөздерін әлі де зерттеу, жинақ қылып шығару заман талабына сай туындап отырған дүние. Сондықтан да осы тақырыпта таңдап, 2 жылдан астам уақыт бойы жинақтаған жұмысымда талдауға арнадым. Әдеби теориялық талдау – алдағы жылдың еншісіне қалмақ.


ІІ. Практикалық бөлім


2.1. Б.Момышұлы шығармаларындағы ұлтжандылық тақырыбындағы қанатты сөздер.


Өткен ғасырдағы қазақтың көрнекті жазушыларының бірегейі, көзі тірісінде-ақ ерлігі мен өрлігі, азаматтық түр-тұлғасы, елді сүюдің ерекше үлгісіне, іс-әрекеті өнегенің өлшеміне, сөйтіп, халықтың бетке ұстар ұлына мақтан етер қаһарманына айналып кеткен Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы соңына мол әдеби көркем дүниелер қалдырған терең ойлы қаламгер екені барша жұртқа аян. Бауыржан атын асқақтатып, оның оқырмандар алдындағы беделін көтерген, арайлы да шұрайлы туындылары өте көп.Олардың ішінде мен «Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап» туындыларына тоқталып өтейік.

«Ұшқан ұя» туындысы өмірбаяндық шығарма болғанымен, көркем дүние. Мұнда жазушы өзінің өскен ұясының тыныс-тіршілігін нанымды суреттей отырып, кәдімгі қарапайым қазақ отбасының он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басындағы әлеуметтік өмірін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрпын, мінез- құлқын, тіршілік көзін, рулық қарым –қатынасты, туған жер көркін өте шеберлікмпен асыра әсірелемей, сол шақтың болмысына сай кейіпкерлердің ой-өрісіне дөп келетін сөздерді өз орнымен қолдана отырып, қазақ халқының дархан көңілінің керемет көрінісін халақтың өзіне ғана тән, өзге ұлтта кездеспейтін қадір-қасиетін, дара таныта алған. «Ұшқан ұя»- халқымыздың XX ғасыр басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспеттес. Тағы бір таңқаларлығы, онда Кеңес өкіметінің атынан әкіреңдейтін шолақ белсенділер мен берекесіз ауыса беретін уәкілдер батыл айтылып, кеңінен қамтылған. Оның солақай саясаттың дәуірлеп тұрған сәтінде жазылғанын еске алар болсақ, мұндай шығарманың тек Б.Момышұлының қаламынан ғана туары анық екеніне көз жеткіземіз.[7] Шынында, Бауыржан атамыздың тарихи тұлғасы, адами болмысы, өмірге көзқарасы, кейбір тұлғаларға берген әділ бағасы баршамызға анық. Оның осы бір ұлы қасиеттерін көптеген азаматтар ерекше бағалағап, ұтымды пікірлер айтқан.(4-қосымша) Мысалы, тарихшы-ғалым Дархан Қыдырәлі өз сөзінде: «Тағылымы мол, ұлттық- патриоттық тәрбиенің өзегі болатын осы кітапты, жалпы, оның шығармаларын мектептерде арнайы оқыту арқылы біз болашақ Бауыржандарды тәрбиелеп шығарар едік»-деген. Ойлап қарасақ, Бауыржан атамыздың барлық шығармалары ұлттық құндылықтарға толы. Неге осы ұлы туындыларды мектеп бағдарламасына енгізіп, ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелемеске ?! Мұны енгізгеннен бізге тек қана пайдасы тиер еді.

Ал «Қанмен жазылған кітап» туындысында қаһарман батырдың соғыс кезіндегі кешкен күйі мен сонда орындалған сан қилы оқиғалармен қоса, Бауыржан Момышұлының өз сарбаздарына берген тәлім-тәрбиесі бейнеленіп, адам бойында болатын төменгі және жоғарғы сезімдерге жеке-жеке сипаттама берген. Әрине, олардың барлығы да сарбаздарды рухтандырып, оларға ерік-жігер беріп, Отанды қорғауға деген ұмтылысын арттыру үшін маңызы зор еді. Ол сол бір асыл сөздерін пайдаланып, халықты әрқашан бірлікке, елдікке, еркіндікке, бостандық таңын жарқырату үшін еңбек етуге шақырды.

Бұл екі туындыда да ерліктің, тәрбиенің қайнар көзі болып табылатын мақал-мәтелдер жеткілікті. Автор сол ойларын тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні- мақал-мәтелдер арқылы жеткізіп отырған. Соның ішінде біз ұлтжандылық мәселесіне келер болсақ, оның өте жоғарғы дәрежеде екендігін аңғарамыз. Оның ойлы мақалдары қазіргі күні де қолданысқа еніп жүр.Ондай ұлы тұлғалардың ұлы ойлары ешқашан ел есінен ұмытылмасы анық. Қанша уақыт өтсе де, мейлі жүз жыл өтсін, мұндай ұлы сөздер қайта жаңғырмаса еш кем болмайды.

Ал енді сол сөздің өзегі болған мақал - мәтелдерге тоқталып өтейік: «Отан үшін отқа түс-күймейсің» мақалы нағыз ерліктің нышанын береді.Бұл мақал барлық батырлық пен батылдық, ерлік пен әділдік, елге, жерге деген сүйіспеншілікті өз бойына тұндырып тұрған тәрізді. Бұл мақал сонау ғасырдан бері өз күшін жоймай, әлі күнге ел арасында қолданылып келеді.Тіпті бұл мақал талай сарбаздың, талай жанның ұранына айналған десек, қателеспеген болар едік. Бұл мақалдың анық мағынасы - Отан деп отқа түсу емес, Отан үшін кез келген тәуекелге дайын тұру керек деген сөз. Егер адам өз елінің нағыз патриоты болса, ол осы ойды қолдайды. Сұрапыл соғыс жылдарындағы біздің қаһарман азаматтарымыз да осы ұранды бетке ұстап, талай жан өз өмірін құрбан етті. Бұл да болса, олардың елін сүйетін, құрметтейтін нағыз патриот екендігінің айқын айғағы.

Баршаға мәлім «Намысты нанға сатпа» деген мақал өз астарында үлкен сырды бұғып жатыр. Бұл дегеніміз, қазақ айтқандай: «Қоянды қамыс өлтірер, Батырды намыс өлтірер» деген мақалға сәйкес. Намыссыз жігіт - құлдан да жаман. «Арсыздан айуан артық», «Ар-ардақтың анасы», «арлы адам-ардақты» деген мақалдар да осы мағынада айтылса керек. Намыссыз болып, өзгеге, әсіресе қас жауыңа, құл болып, жағымпазданып жүргеннен, ар-намысыңмен өлген артық. Бұған Бауыржан атамыздың «Именіп жүрген игіліктен, Қарсыласып жүріп көрген қорлық артық», «Бақаның бағынан сұңқардың соры артық», «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, Шындықтың уын ішіп өлген артық», «Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып өлген артық»[ 13 ] - деген мақалдары де сай келеді.Бұл мақалдардың барлығы да шындықты жасырмай тіке айтып, намысты өзгеге таптатпай, ар-намыс жолында қарсыласып, өзгеге тізе бүкпей, өміріңді өкінішке толтырмай өмір сүруге үгіттейді. Мұндай ұлылықтың нағыз үлгісі - Б.Момышұлы.

«Қол қашса, қолбасшының құны жоқ» - деген мақал да ел арасында жиі қолданылады. Бұл тұрғыдан Бауыржан атамыз өте сақ болған. Ол өзі командир болған кезде әрдайым сарбаздарына саналылықты, Отансүйгіштікті, адалдықты өзінің дана сөздерімен де, мақал - мәтелдерімен де, қанатты сөздерімен де,әңгімелерімен де олардың санасына құйып отырған.Соның арқасында, яғни оның еңбегінің арқасында сарбаздары айбынды да әділ, ержүрек те жігерлі

болды. Мұны Бауыржан атамыз «Әскерсіз- қолбасшы қауқарсыз, басшысыз- әскер әлсіз» - деп те айтқан. «Ердің туы намыс» деген мақал да осы мағынаны білдірері анық.

«Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп, адал қызмет ет» - деген Бауыржан атамыздың мақалы жастарды, келешек ұрпақты Отансүйгіштікке, жанқиярлыққа тәрбиелеуде үлкен көмегі бар. Яғни, Отан дегенде ішкен асын жерге қоятын хас батырлар ешуақытта артық болмайды. Бұл мақалдың мағынасын « Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянбағын» - деген ұлағатты мақал да ашып тұрғандай.[1,3] Елімізде Отан деп еміреніп тұратын батыр жастарымыз болса, Отанымыз ешуақытта жау қолында қалмасы анық.

Бауыржан Момышұлы әрқашан батырлықты, әділдік пен адалдықты ту етіп көтерген адам. Ол өз сарбаздарына да, өзге адамдарға да ешқашан сырт көзімен қарап, немесе олардың біріне де әділетсіздік танытып, еңбектерін елемеген кезі болған жоқ. Сол себепті де ол өз сарбаздарын айбындылық пен әділдікке тәрбиелеу барысында әрқашан: «Ерлік елеусіз қалмасын, Атақ-ерге сауға,олжа- елге сауға.Олжа елдікі-оған тимеңдер»- деп айтушы еді. Бұл оның адал жанды, әділетті, айтулы ер-азамат, таңдаулы қаһарман екендігін аңғартады. Ол өмірде сөздің мәйегін түсірген айтулы жазушы болғанымен қоймай, жаны әділдік пен адалдыққа толы ержүректігі жас жауынгерлерді әрдайым қуаттандырып, өздеріне деген сенімділінін арттырады.

«Әдіссіздік-әлсіздік, Ептілік те - ерлік» деген мақалға Бауыржан Момышұлының майдан шебінде жүргенде айтқан бір сөзін мысалға келтірейін. Ол сарбаздарына: «Ең жаман нәрсе - шешімсіздік. Қандай жағжай болмасын сарбаз қиындықтан жол тауып кетуі керек. Ешбір әдіссіз іске кірісуге болмайды. Тіпті тығыз-таян уақыт болса да, бір жол тауып кетуге тиіссіңдер. Соған дағдыланыңдар. Сонда ғана жеңіске қол жеткізесіңдер»-[2]дейді екен.Ал ептілік жауынгердің ел, жер қорғауға деген қабілеттілігі. Қабілеттілік жауынгердің Отанынына деген сүйіспеншіліген туады. Ептілікті ұғындыратын

ешқандай артық әдіс жоқ. Тек еліңді, жеріңді аялай білуге деген ұмтылыс болса болды, адамның қолынан бәрі де келеді.Бұл мақалды Бауыржан атамыздың

«Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет» - мақалы да айшықтай түскендей.

Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа, әсіресе ер-азаматтарға, «Ана үшін аянба-ант ұрады, Бала үшін аянба-бетің күйеді, Ел үшін аянба-ерлігіңе сын, Жұрт үшін аянба-жігіттігіңе сын» [ 13 ] - деп үгіт қылатын. Бұл мақалдың мағынасын бар адам түсінетін болар. Егер елің үшін аянбай еңбек етсең, ол сенің елің, жерің үшін жасаған ерлігің. Нағыз жігіт сұлтаны Отан үшін дара болады, Отанын қорғауға бар күшін жұмылдырады. Егер жұртың үшін еңбек етпей, тер төкпей, құр селденіп жүрген жігіт - халық үшін азамат емес. Сондықтан да жігіттер әрдайым жігіттік намысына кірбің түсірмей, өз елін қорғауға міндетті.

«Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды» - деген Бауыржан Момышұлы. «Шынында да, қорқақ адам - дөрекі әрі ақымақ. мейірімсіздердің жаны нәзік емес, оларға құдық та түпсіз терең. Батырға сырдың суы сирағынан келмейді, қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет. Атқа мініп жүре алмайтынға жуас ат та асау, жебе де қысқа, тартпа да бос, ердің үсті де қолайсыз, тізгін де ұзын көрінеді - барлық сылтауды жайып салады»,- деген өз сарбаздарына Б.Момышұлы. Қорқақ адам қашан да сол күйін сақтайды. Алайда бұл қасиет ел қорғау ісіне кері әсерін тигізіп отырған. Сол қорқақтың кесірінен бүкіл жоспар күл – талқан болуы мүмкін. Сол себепті Бауыржан атамыз өз жауынгерлерін алдын ала сақтандырып, батырлық туралы жиі сөз қозғаған. Халық даналығында: «Батыр майданда шынығады, Болат қайнауда шынығады» - деген мақал бар. Сол мақалдың өзі де осыны айқындап тұр. Сын - батырға сын тәрізді емес, қайратын арттыратын майдан ретінде сезілуі тиіс.Сондықтан нағыз батыр үшін кез келген сын - үлкен мүмкіндік ретінде бағаланады.

«Тәуекелсіз - жеңіс жоқ» - деген мақал қай адамға болсын, барша халыққа бірдей таныс. Қазақ елінің тарих сахнасында болған барлық оқиғалар, қазақ

елінің жеңіске, тәуелсіздікке талпынысы «тәуелсіздік » тақырыбының негізгі бетпердесі болып табылады. Қазақ елі тәуелсіздік жолында қаншама

тауқыметті бастарынан өткізді.Сандаған жылдар бойы қазақтар көрген азаптарының әйтеуір бір жемісі болатынына сенді, сол жолда күресіп, жанталасты. Сондай қазақтың қиын-қыстау кезеңін көріп,іштей ашынған жандардың бірі Бауыржан Момышұлы болды.Сол себепті ол өз халқын жеңіске жетелеп, ұран отын жақты, елін, жерін бостандыққа жеткізгісі келді.Сол жолда өз адал еңбек етіп, кейінгі ұрпақты да жеңіске жетеледі.Сол бабамыздың қайталанбас еңбегінің арқасында, халықтың бірлігінің арқасында еліміз осы күнге жетіп отыр. Осы жерде халық арасындағы бір мақал ойға еріксіз келеді: «Бірлік түбі- береке».

«Адал болмай, азаматпын демегін» - деген мақал бейне бір адалдықтың жаршысындай боп көрінеді. Бұл мақалдың негізгі кейіпкері ретінде Бауыржан Момышұлын алсақ, қателеспейтініміз анық.Ол еліне, жеріне, Отанына жан-тәнімен берілген адал жауынгер. Оның сөздері де, іс-қимылдары да осыны дәлелдейді. Оның барлық істері қалайда жерін жаудан қорғап қалу болатын.Ол сол жолда адалдықпен күресті. Адалдық пен әділеттілікті тең дәрежеде ұстанып, Отанына деген сүйіспеншілікті барынша көрсете білді.Ол өз Отанын қорғады, жаумен арпалысты, күресті.Демек, ол нағыз азамат. Осындай адалдық пен әділдікті тең көтеріп, барынша айбынды бола алған адам ғана нағыз ер-жігітке тән.

«Елін ер таниды, Ерлерін ел таниды» - деген мақал нағыз ұлтжандылық негізі болып табылады. Егер батыры елі үшін жанқиярлық әрекет жасаса, ол ел есінде мәңгілік сақталады. Ондай ерлерінің болғанын елі әрқашан мақтан тұтып, әрқашан ардақтайды.Бұл мақалдың мағынасы осы. Елі үшін өз жанын құрбан еткен жауынгер қаһармандарымыз ел тарихында өте көп.Осы мақалдың мағынасын аша түсетін Б.Момышұлының мынадай мақалдары бар: «Ер бақыты ел қолында, Ел бақыты ер қолында», «Ежелден ел тілегі - ер тілегі, Адал ұл ер боп шықса - ел тірегі» , «Жан аямағанға жан сауға» ,

«Елсіз ер болмайды, Жұртсыз жігіт болмайды», «Ерлік-елдің қасиеті, Жүректілік-жігіттің қасиеті». [1,256-б.] Осылардың барлығының да мағынасы бір. Бұлардың барлығы да ерлікті, батырдың қаһармандығын, ер-азаматтың ептілігін, жанқиярлығын, адалдығын нысанаға алынып айтылған мақал-мәтелдер. Олардың әрбіреуінің халық үшін, келешек ұрпақ үшін маңызы ерекше. Олардың әрқайсысы да қазіргі күні халық арасында өз орнын тауып, қайта жаңғырып келеді. Осындай ұлы сөздерді ұрпақ санасына орнатқан Бауыржан атамыз неткен дана болған десеңізші?! Осындай мақал-мәтелдер, дана сөздер көп болғанымен, оларды орынды пайдалана білу бір басқа. Келешек ұрпақ осы мақал- мәтелдерден нәр алып өссін десек, олардың санасына өнегелі ұғымдарды жастайынан құя беру керек. Сонда ғана біздің еңбегіміздің жемісі болады.

«Сен жаудан қашсаң, өмір сеннен қашады»[3,147-б.] - деген мақалды Бауыржан атамыздың өз сарбаздарына айтқан сөздерінен байқауға болады. Яғни, соғыста адам жаудан қорықпай, өмірі үшін, елі үшін күресуі керек дегенді білдіреді. Мұны Б.Момышұлының «Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды жеңе алмайсың» -деген мақалы да айқындап тұрғандай.

Міне, мақал-мәтелдердің адам өміріндегі маңызы. Жай ғана қараған да, мақалдар жай зат тәрізді. Бірақ оның астарында сандаған мың сырлар бұғылып жатады. Мақалды тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні деп бекер айтпаса керек.

Қазақ халқы көп сөйлемейтін халық. Бірақ, сөйлесе сөздің түбін түсіретін халық. Олар өз ойларының барлығын қысқа ғана мақалға салады. Соның астарына өз ойларын жасырады. Мақалды да кез келген адам түсіне алмайды. Тек терең ойлы адамдар ғана ұғынады. Сондықтан қазақ халқы үшін мақал-мәтелдің орны ерекше болған. Сол халықтың қазынасындай болған мақал-мәтелдерді жаңғырту-басты парыз болып табылады. Қазақта: «Ертегінің нәрімен, мақал –мәтелдің, саналы сөздердің балымен сусындамаған бала қазақ емес» -дейтін сөз бар. Сондықтан қазақтың негізгі нышандарының бірі-тілдің байлығы. Тіл байлығы – ел байлығы. Ал ел байлығының негізі – даналық сөздерде. Ал мұндай ойлы мақал-мәтелдердің Б.Момышұлының шығармаларынан үлкен орын алуы оның бұл тұрғыға ерекше көзқараста екенінің дәлелі. Ол өз сөзінде: «Мақал, мәтел-өмір тәжірибесі. Қиналған, қысылған шақтарың мен сәттерің бар, сол қысылшаң кезден қалай құтылғаныңды оймен өрнектеп, сөзбен кестелесең, тұжырымдап қысқа бейнелесең нақылға айналады»[3,85-б.] -деген. Демек, Бауыржан атамыздың көкірегінен шыққан әрбір мақал-өмірінің тәжірибесі, өмірде көрген барлық қиындығы мен түйіні.

Дұрыс аударма жасау үлкен өнер. Тілдің нәзік сырларын білмей аудару мазмұнды жүдетеді, шығарманың екпінін, ішкі тынысын тарылтады.

Өлімнен қорқуға болмайды. Еңбекке қабілеттіліктен айырылудан қорқу керек.

Өмірден қайткенде көп қарпып алу дегеніміз – тоғышарлық, ал қоғамға қайткенде көп беру – бұл күрескердің ісі.

Өмірдің қуанышы көп алуыңда емес, басқаларға көп беруіңде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда.

Үлкен бастықтың қатаң сөккенінен гөрі де адамды өзінің ары сөгуі күшті.

Заттар мен құбылыстарды танитын күш-ақыл деп аталады. Ақылдың жұмысы адамның ішкі сезім күйін бейнелейді.

Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады, бойға қуат береді, әбден айқындалған әмір беруге немесе жеке іс-қимылға шақырады – яғни, дереу әрекет жасауға итермелейді.

Алған әсерлерді жалған, жасанды түрде көрсету – соғыста ең сорақы бақытсыздық, қауіпті өтірік.

Отанға деген сүйіспеншілік қана соғыс кезіндегі өлімді моральдық тұрғыдан ақтап, соғыс ісінің адамгершілік негізі бола алады.

Олжа – елге сауға, атақ – ерге сауға.

Мақтан сүйгіштікке қарсы қолданылатын бірден-бір құрал – қара қылды қақ жарар әділдік, ерлікті өте сезімталдықпен айыра біліп, тауып, көре білушілік.

Жалпы мықты ерік-жігер – жеңіс серігі.

Әлсіз ерік-жігер – жеңіліске ұшыраудың хабаршысы.

Мінезсіздік – ойлаудың айқын еместігі.

Нағыз жауынгерлерді тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор.

Билік те қауіпті. Егер билік ақылды адамның қолына берілген болса – онда ақылды басшыға, ал егер ақымаққа берілген болса – онда есерсоққа айналады.

Соғыс – өмір мен өлімнің арасындағы қыл көпір.

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.

Адал болмай азаматпын демегін.

Атағыңа ақылың сай келсе ғана сыйлы боласың.

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып, қырдан аса алмайсың.

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.

Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық!

Дәмді, дәстүрді сыйламай өскен балалардың қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр.

Жаяу әскер – ұрыста шешуші күш.

Солдаттың алғашқы ерлігі – бұл офицердің еркіне мойын ұсыну, бағыну. Офицердің алғашқы ерлігі – халықтың атынан, мемлекеттің атынан әмір ете білу.

Халықтың атынан әскери ерлігі үшін алғыс айтып, жігерлендіре білу – жауынгерлік құрмет көрсету.

Армиядағы ең қиын шаруа – мойынсұну, бағына білушілік. Әмір ету – мойынсұнуға қарағанда одан да қиынырақ іс.

Ойланып тұжырым жасау ойлаған нәрсені орындағаннан күрделірек.

Жауынгерлік бақыт ұрыста командирге кездейсоқ келмейді, жеңіспен келеді.

Өз міндетін ойлы көзбен қарау – командир қызметінің творчестволық негізі.

Қаталдық әділ болсын, ешуақытта адамның бойындағы адамгершілік сезіміне, намысына тиіп, қорламайтындай болсын.

Қаталдық азаматтық мінез-құлық нормасы шегінен асып кетпеуі қажет.

Командир –жеңістің атасы, табандылықтың жан-жүйесі, тұтқасы, коллективтің абыройы.

Көзсіздік – батырлық емес, есерсоқтық.

Командир көзсіздік жасап батылдық, батырлық, табандылық көрсетпей, есті бола алмаса керек.

Түсіну талдаудан гөрі әлдеқайда күрделірек.

Ең қиыны – шыдамдылық, төзімділік, байсалдылық пен сабырлылық көрсету, творчестволық тұрғыдан дұрыс, парасатты ойлай білу.

Ұлттық рух – ұлы адамның және тұтастай алғанда ұлттың да асыл қасиеті.

Ұлттық мақтаныш – ұлт ішіндегі жеке адам үшін мызғымас әрі қасиетті заң.

Халықтардың бауырмалдығы ұлттық мақтанышқа негізделген.

Айбарлы адам тек айбарлы адамды ғана сыйлай алса керек, оның жасық жанды құрметтемесі әбден заңды.

Кір-қоқыс адамды аздырып, тоздырады.


Қорытынды

Бауыржан Момышұлы өз заманының асқақ заңғары. Ол өз өмірін халыққа тәлім –тәрбие беруге, оларды бостандық таңын аттыруға, елін, жерін, Отанын сүюге, патриоттық сезімге үйретті. Ұлттық мақтаныш пен ұлтжандылық тұрмақ, тіпті адам деген жоғары қадір-қасиеттен алыстатып бара жатқан мына бір қиын, сапырылысқан заманда Бауыржандай асылымызға, оның ұлы да айбатты тұлғасына әруақытта назар аударып, оның өмір мен өлім бетпе-бет ұшырасып, бір аяғың көрде, бір аяғың жерде болған өлі арада да өзінің ұлтжандығын ешуақытта ұмытпағандығын қазіргі бейқам көңілді, ешнәрсенің парқына бара бермейтін жастарымыздың есіне салып отыруымыз біздің азаматтық парызымыз. Ол ұрпаққа тәрбие беретін өнер жолына қалам тартты. Сонымен қатар артына құнды шығармалар, өлеңдер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер қалдырып кетті (2-қосымша). Біздер соны қолға алып, ұрпаққа өнеге беретін батыр нақылдарын зерттедік. Бауыржан атамыз өзі айтқандай: «Бір нәрсені білу үшін-зерттеп білу керек. Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес»-деген. Біз өзі қалдырған өсиетті ұран тұтып, оны зерттедік және біраз сырға қанық болдық. Біз де Б.Момышұлының тағылымының жаңғыруына өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймыз.

«Даңқтылар өлсе де олар жөніндегі аңыз өлмейді»-демекші, Б.Момышұлының қалдырған өнегесі ешқашан өлмейді. Биыл Б.Момышұлының 100 жылдық мерейтойы тойланып жатыр. Біздің мектепте соған байланысты жақында ғана іс-шара болып өтті.Соны пайдаланып біздер 9-сынып оқушылары арасында сынақ өткіздік. Соның арқасында сол іс-шараның оқушыларға қандай пайда бергенін байқадық.

Қазақстан тәуелсіздігінің қанат жайып, өркендеуінің бірден-бір кепілі оған атын беріп отырған ұлттың рухани қуатының жоғары болуы. Сонда ғана бізді өркөкірек алпауыт елдер сыйлауы, бізбен санасуы мүмкін. Сондықтан біздің Бауыржан Момышұлымен мақтануымыз жеткіліксіз. Оны мақтап, мадақтап, ардақтап, онымен мақтануымыз бүгінгі күн тұрғысынан өте аздық етеді. Еліміздің өркендеуі үшін даладай дархан, баладай пәк, сеніммен мең бұзған, тәуекелмен жау жыққан Бауыржандай ұлтшыл болып, өз ұлтымызды аялауымыз керек.

Соңғы кездерде Бауыржан Момышұлының естеліктерін зерттеу жұмыстары қызу жүруде. «Бауыржантану» ұйымы оның көп томдық жинақтарын шығару үстінде. Бірақ, зерттеулер әлі толық емес. Себебі, Бауыржан атамыздың әлі ашылмаған қырлары өте көп. Оның өлеңдері, жазбалары-барлығы да енді жарық көреді. Болашақта да жастар арасынан осы бағытқа қызығушылар табылып, зерттеу жұмыстарын жандандырып, тарихтың жаңаруына өз үлестерін қосады деген үміттеміз.

.




Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» -Алматы, «Атамұра», 2003

2.Б.Момышұлы «Қанмен жазылған кітап», Алматы, «Жазушы» 2004

3. «Бауыржан Момышұлы» ,қанатты сөздері, мақал-мәтелдері, өлеңдері, Алматы, «Атамұра», 2006

4. «Оңтүстік Қазақстандағы тарихи-мәдени жәдігерлердің сақталуы мен бүгінгі жай-күйі», Шымкент, 2006

5. түсіндірме сөздік

6. Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы – Бауыржан Момышұлы// Жұлдыздар отбасы.-2010.-№9 (75 ) -9 б.

7. Айқын //Ұлтымыздың ары мен намысы.-2010, №168 (1592 ) -3 б.

8. Жас қазақ // Ұлттың кермек дәмі.-2010, №19 , 7 б.

11. Қаһарман//Батыр болмыс-биік тұлға.2010.-13 б.

12. Үш қиян //Мен білетін Бауыржан, 2010 №3 (461), 8 б.

13. Аңыз адам//Бауыржан Момышұлы 2010, №9

14.Қайсар қазақ// Әкеңнің бар ма менде қалған құны?»,2010, №38(75), 14 б.



PAGE \* MERGEFORMAT 21 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2018
2043
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі