Абдуллаева Мухаббат Адхамқызы
e-mail: mt_abdu@mail.ru
БАУЫРЖАН ОМАРҰЛЫ: ПО ПРОИЗВЕДЕНИЯМ И ТВОРЧЕСТВОМ "МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ"
АННОТАЦИЯ
Наследие каждого творческого человека, оставившего особый след в истории казахской литературы, является духовным сокровищем нации. Поэтому изучение наследия должно стать основной задачей разумных исследователей. Нам стоит не забывать ни одно произведение представителя литературы прошлого. Благодаря этому тщательному анализу мы можем восстановить ценные страницы истории литературы.
Статья написана по мотивам произведений и жизни Мурата Монкеулы, и научными исследованиями Бауыржана Омарова.
КЛЮЧЕВЫЕ СЛОВА: произведение, труд, поэт, книга, сборник, рукопись.
BAUYRZHAN OMARULY: BY THE WORKS AND CREATIVITY OF
"MURAT MONKEULY"
ANNOTATION
The legacy of every creative person who left a special mark on the history of Kazakh literature is the spiritual treasure of the nation. Therefore, the study of heritage should be the main task of intelligent researchers. We should not forget a single work of a representative of the literature of the past. Thanks to this careful analysis, we can reconstruct valuable pages of literary history.
The article is written based on the works and life of Murat Monkeula, and scientific research by Bauyrzhan Omarov.
KEYWORDS: work, creation, poet, book, collection, manuscript.
БАУЫРЖАН ОМАРҰЛЫ: «МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ» ШЫҒАРМАЛАРЫ МЕН ТУЫНДЫЛАРЫ
АҢДАТПА
Қазақ əдебиетінің тарихында айрықша із қалдырған əрбір шығармашылық тұлғаның мұрасы – елдің рухани қазынасы. Сондықтан, мұратану зерделі зерттеушілердің басты міндеті болуға тиіс. Арғы-бергі дəуірдегі əдебиет өкілінің бүгінге жеткен бірде-бір дүниесі ұмыт қалмағаны жөн. Осылай түгелдеп-тиянақтау арқылы əдебиет тарихының ақтаңдақ беттерін қалпына келтіре аламыз.
Бұл мақала Мұрат Мөңкеұлының шығармалары мен өмірі Бауыржан Омарұлының зерттеулеріне сүйене келе жазылды
ТІРЕК СӨЗДЕР: Шығарма, туынды, ақын, кітап, жинақ, қолжазба.
Шығармашылық мұрасы көп қиянатқа тап болған ақынның бірі – Мұрат Мөңкеұлы. Көзқарасы ұлттық мүддемен үйлес жыр жүйрігінің өлеңдерінде отарлаушыларға айқын қарсылық танытатын тіркестер жеткілікті еді. Жалғыз Мұрат емес, жалпы зар заман тобы өкілдерінің қай-қайсысы да осындай қилы тағдырды бастан кешті. Биліктің қысымына қарамастан ақынның шығармалары елдің зердесінде сақталды. Соның бəрі бірте-бірте жазып алынып, мұрағаттар мен қолжазба қорларын толықтыра түсті. Мұрат Мөңкеұлының өлең-толғаулары ұзақ уақыт бойы ел ішінен жиналып келеді. Бұған əр жылдар бедеріндегі ғылыми бастамалардың ықпалы болды. Осы кезеңде бірқатар мақсатты ғылыми зерттеулер жүргізілді. Сөйтіп, бір-бірімен өзектес мұратану мен мұраттану ілімдері қатар өрбіді.
Мұрат ақынның мұралары «Үш қиян», «Сарыарқа» толғау-поэмаларын, «Қазтуған», «Шəлгез», «Қарасай-Қази» жырларын, айтыстарын, бірнеше толғау- термелерін, арнау өлеңдерін қамтиды. Ақын «Үш қиян» мен «Сарыарқаға» халық басына түскен ауыртпалықты арқау етсе, «Қазтуған», «Қарасай-Қази», «Шəлгез» жырларында Ноғайлы жұртының аңыздарын өзінше баяндайды. Мұраттың алты ақынмен айтысы ғана сақталған. Ал, арнау өлеңдерінің дені би-болыстарға, елдің беделді адамдарына айтылған. Сондай-ақ, хат түрінде жазылған «Оқудан қайтқан жігітке», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» деген үш өлеңі, тойбастар жырлары бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр [1].
Ақын шығармалары алғаш рет 1908 жылы Қазан қаласында ағайынды Кəрімовтердің баспаханасында басылды. Кітап «Мұрат ақынның Ғұмар Қазы ұғлына айтқаны» деп аталады. Кейбір кітаптарда «Мұрат ақынның Ғұмар қажыға айтқаны» деп те жазылып жүр. Шындығында жинақтағы «Байұлы Байбақты Ғұмар Қазыұлына Мұрат ақынның айтқаны» деп аталатын өлеңде баяндалғандай, Ғұмар – əйгілі Сырым батырдың немересі. Ғұмардың əкесі – Қазы. Мұрат ақынның Сырым батырға арналған дастаны бар екен деушілер осы дерекке жете үңілмегендіктен қателесіп жүрген болуы керек. Төте жазумен түзілген кітап небəрі 24 беттен тұрады [2]. Оған не ақын жырларын ұсынушының, не баспагерлердің түсініктемесі берілмеген. Тек соңында Кəрімовтердің ба- спасынан жуық маңда қандай дүниелер жарық көретіні жөнінде құлақтандыру жарияланған. Ақын көз жұмғаннан кейін екі жыл өткенде бұл кітапты кімнің бастырып шығарғаны жөнінде нақты дерек жоқ. Халел Досмұхамедұлы, бұл тұста, Санкт- Петербургте əскери-медициналық академияда оқып жүрді. Оның үстіне ғалымның əдебиетке қатысты зерттеулері кейінгі жылдардың үлесіне тиеді. «Революцияға дейін Қазанда əртүрлі адамдар қазақ халық əдебиетінің өте көп үлгілерін басып шығарды. Бұл басылымдардың бəрі аса көп қатемен, бұрмаланған түрінде жарық көрген. Сондықтан оны тек дайындығы мол адам ғана пайдалана алады», – деп, Халел Досмұхамедұлы ескерткендей, бұл жинақта байыппен оқуды қажет етеді. Ептеген əріп қателері бар. Кейбір өлеңдердің жолдары ауысып кеткен. Оның есесіне Мұраттың жарық көрген шығармаларында кездеспеген шумақтар, соны тіркестер ұшырасады.
Бауыржан Омаров Мұраттың болашақ айтыскерлігі туралы мынадай тұжырымдар айтқан: «Мұрат есейе келе айтысқа ден қойған. Ол туып-өскен Атырау өңірі айтыс ақындарынан кенде емес еді [3]. Жасынан ойын-сауыққа араласып, сал-серілерге ілесіп, жиын-тойдан қалмайтын Мұрат солардың сөз сайысынан нәр алып, айтысқа бейімділігін көрсете бастайды. Ал ақын деген қадірлі атақты алу үшін сол кездегі қазақ дәстүрі бойынша белгілі деген бірнеше ақынмен айтысып, сыннан өту, жүлде алу шарт еді. Мұраттың айтысқа шығуы үшін бойына біткен ақындық қабілеті, тапқырлығы аздық етеді. Енді жас Мұратты Қаратоқай руының белді биі Есеттің өзі баулып, ел мен жердің тарихы жөнінде жалықпай әңгімелеп, рулардың шежіресіне жетік болуға үйретеді. Әр рудың батырлары мен билері, мақтаулы адамдары жайында мол мағлұмат беріп, әр жұрттың сүйегіне таңба болып есептелетін келеңсіз жайттардың жай-жапсарына қанықтырады. Рулардың тегін, дәстүрін жете ұғындырып, ағайынның бетіне шіркеу болатын олқылықтарды іліп алып, әжуаға айналдыруға машықтандырады».
Бұл кітапқа тек Мұрат Мөңкеұлының шығармалары ғана енгізілмеген. Мұнда «Байұлы Байбақты Ғұмар Қазы ұғлына Мұрат ақынның айтқаны» атты ұзақ өлеңі, «Қазтуған» жыры, «Мұрат ақынның заманның түріне қарап шығарғаны» («Үш қиян») деген толғауы ғана жарияланған. Кітапқа енген одан басқа дүниелер: «Жəңгір хан дүниеден қайтқанда Алаша Байтоқ жыраудың айтқан сөзі», «Сұлтан Кенесары батыр қоныстан ауғанда Досқожа ақынның айтқаны», «Беріш Махамбет батырдың сұлтанға айтқаны» (жыр Мұраттан жазып алынды деп көрсетілген), «Адай Балуанияз батыр жауда өлгенде айтыл- ған сөздер». Бүгінде баршамызға белгілі Махамбет жырлары тұңғыш рет жоғарыда аталған жинақта жарияланған [4]. Бұл өлеңдердің бəрін де Мұрат ақын жатқа білген. Мұраттан Ығылман Шөреков жазып алып, батыр ақынның мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізген. Бұл жөнінде Махамбеттің өмірі мен өлеңдерін көп зерттеген, ақын жөнінде роман жазған белгілі жазушы Берқайыр Аманшин: «1837 жылғы декабрьдің жиырмалары ша- масында Тайсойған құмында Есенқұл Беріш Бабаттың үйінде болған, сол қыс бойы сол құмда, тағы басқа үйлерде болған мұндай сөз базарларында, қазіргіше əдебиет кештерінде, ақындар мүшəйрасында сол елдің адамдары Махамбет өлеңдерін жаттап алып, одан кейін Беріш Мұрат ақын, Мұраттан Ығылман жазып алу арқылы бізге жетті ғой», – дейді [5]. Б.Аманшин сонымен қатар, Ығылманның «Исатай – Махамбет» даста- нын жазғанда оның Махамбетке, Мұратқа еліктегенін, солардан көп үйренгенін атап көрсетеді. Ал, Қабиболла Сыдиықов Махамбет өлеңдерінің 1989 жылы басылған жинағындағы түсініктемесінде: «Махамбет өлеңдерін шəкірті Қуан жырау, Кішкене Қобыланды ақындар жатқа білген. Одан Мұрат ақын үйренген. Мұрат білетін өлеңдерді Ығылман жаттаған. 1925 жылғы жинаққа енген (Ташкент қаласында басылған «Исатай – Махамбет» жинағы – Б.О.) Махамбет өлеңдері Ығылман айтуынан жазылған. Бұл жинақтың ақын өлеңдерінің басылымдарын дайындағанда бірден-бір сүйенетін сенімді нұсқа болатын себебі сондықтан», – деп тұжырым жасайды. Осы ретте «Мұрат ақынның Ғұмар Қазы ұғлына айтқаны» жинағына жəне басқа басылымдарға сүйене отырып, Махамбет өлеңдерінің текстологиясын жасауға сүбелі үлес қосқан Қ.Сыдиықов Мұрат мұраларын жұртшылыққа танытуға да көп еңбек сіңіргенін айтуға тиіспіз. Сонымен, Мұрат Мөңкеұлын біз тек ақиық ақын ретінде ғана емес, халықтың ардақты ұлы Махамбеттің өлеңдерін жұртына шашау шығармай жеткізуші, əдебиет тарихының білгірі, мұратанушы ретінде де бағалауымыз керек. Мұрат пен Ығылманның Махамбетті халқымен қайта табыстыруы – қалың қазақтың игілігі үшін жасалған азаматтық іс. Махамбет – Мұрат – Ығылман сабақтастығы ұлы мұраны бүгінгі күнге жеткізген қасиетті керуеннің алтын көпірі болып қалды. Бұдан соң, профессор Халел Досмұхамедұлы ақынның шығармаларын топтап, 1924 жылы Ташкент қаласынан «Мұрат ақынның сөздері» деген атпен кітап етіп бастырып шығарды. Ақын шығармалары 1946-47 жылдарға дейін мектеп оқулықтарына енгізіліп келді. «Қарасай-Қази» жыры 1943 жылы жеке кітап болып шықты. Мұраттың өлең-толғаулары «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Ай заман-ай, заман-ай» жинақтарына, айтыстары əр жылдарда шыққан айтыс жинақтарына енгізілді [6]. Мұрат ақынның шығармалары 1940 жылы Мəскеуде басылған «Песни степей» атты қазақ əдебиетінің антологиясында (жалпы редакциясын басқарған Л.Соболев), 1978 жылы Ленинградта басылған «Поэты Казахстана» атты жинақта (құрастырған М.Мағауин) жарық көрді.
Мұраттың шығармашылығын алғаш зерттеген Халел Досмұхамедұлы оның мұрасын жүйелеп, өлеңдеріндегі қайшылықтарға баға беріп, мұраттанудың негізін қалады. Əдебиет зерттеушілері, ақын-жазушылар əр жылдарда Мұрат мұралары туралы пікірлер айтты. Əсіресе, ақын шығармаларына тереңірек тоқталған М.Əуезов, Ə.Қоңыратбаев, М.Жолдыбаев, Қ.Жұмалиев, Ə.Тоқмағанбетов, С.Мұқанов, Ы.Дүйсенбаев, Х.Сүйіншəлиев сынды ғалым-жазушылардың ой-пікірлері Мұрат мұраларының табиғатын ашып, байыпты талдау жасаумен құнды. Философ- ғалым Қ.Бейсембиев те Мұраттың дүниеге, қоғамға көзқарастары жөнінде пікір айтты. Алайда оның тұжырымы сол кездегі идеологиялық ойлаудың өлшеміне сай болды. 1958 жылы Америка Құрама Штаттарының Дьюк университетiнiң профессоры Томас Густав Виннердiң ағылшын тiлiнде басылған «Ресейлiк Орталық Азия қазақтарының ауызекi шығармашылығы мен əде- биетi» атты кітабында Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріне талдау жасалды. Мұрат ақынның мұралары Қазақстан Ғылым академиясы Тіл жəне əдебиет институтының 1940 жылдардың орта шенінен бастап ұйымдастырған ғылыми экспедицияларының нəтижесінде жиналды. Мұраларды Атырау өңірінен іздеп тауып, академия кітапханасының қолжазба қорын дамытуға Б.Қорқытов, А.Əбдірахманов, Ғ.Əбілжанов, М.Тілеужанов, Сұлтанғалиева, Ауатанов т.б. жинаушылар үлес қосты. Ақынның өлең-толғауларының көпшілігі оның ұлы Дəулетқалидың аузынан жазып алынды. Орталық ғылыми кітапхана қорының 1303, 97 Д, М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты қолжазба қорының 406, 504, 593 папкалары Мұраттың шығармаларына арналған. Сондай-ақ, институттың қолжазба қорының 411, 332, 910 папкаларында Мұрат ақынның өлең-толғаулары бар [7].
Мұрат ақынның шығармалары қай кезде де əдебиет зерттеушілерінің назарынан тыс қалып көрген жоқ. Мұратбек Бөжеев филология ғылымдарының докторы дəрежесін алу үшін жазған диссертациясының бір тарауын Мұрат Мөңкеұлының өлең-дастандарына арнады. Ақынның ардақты есімі ақталғаннан кейін мерзімді баспасөзде Мұрат Мөңкеұлы жайында бірнеше мақала жарияланды. Ақынның өлең-толғаулары газет- журналдарда жарық көрді. 1991 жылы ғалымдар Қ.Сыдықов пен Ш.Керімов Атырау, Маңғыстау өңірлерінде өмір сүрген төрт ақынның (Қашаған Күржіманұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Шынияз Шанайұлы, Насихат Сүгірұлы) «Алқаласа əлеумет» деп аталатын жыр жинағын құрастырып, бастырып шығарды. Осы жинақта Мұрат шығармаларының бұрынғы басылым дарымен салыстырылған текстологиясы жасалып, ұсынылды. Сол жылы шыққан Халел Досмұхамедұлының «Аламан» атты кітабына (құрастырғандар Ғ.Əнесов, А.Мектепов, Ш.Керімов) Мұраттың 1924 жылы Ташкентте жарық көрген жинақта жарияланған өлең-толғаулары енгізілді.
«Əлем» альманағының алғашқы санында, «XIX ғасыр əдебиеті» оқулығының хрестоматиясында Мұраттың өлеңдері жарияланды. Ақын шығармаларының баспасөзде жарық көруіне əдебиеттанушы ғалым Сəрсенбі Дəуітов көп үлес қосты. Оның құрастыруымен Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы шығармалары енгізілген «Зар заман» жинағы 1993 жылы жарық көрді. Кейіннен Мұрат ақынның шығармалары жазушы, шежіреші Берік Қорқытовтың кіріспе сөзімен жəне түсініктемесімен 2001 жылы «Өлке» баспасынан «Қынапты қара қылышпын», «Арыс» баспасынан
«Мұрат» атты жеке жинақ болып басылып шықты. Сонымен қатар, ақын өлеңдері 2004 жылы «Тарихи тұлғалар. Есет, Алдар, Мұрат, Шернияз» атты жинақта жарияланды. Биыл «Ана тілі» баспасынан Мұрат Мөңкеұлы шығармаларының толық жинағы жарық көрді [8].
Академик Зейнолла Қабдоловтың жетекшілігімен 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде «Мұрат Мөңкеұлының əдеби мұрасы» атты кандидаттық диссертациямыз қорғалды. Ал, 2001 жылы М.Əуезов атын- дағы Əдебиет жəне өнер институтында қорғалған «Қазақ əдебиетіндегі зар заман ағымы. Генезис, типология, поэтика» атты докторлық диссертациямызға осы ағымның белді өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығы да арқау болды. Сонымен қатар, əр жылдарда жарық көрген ғылыми-зерттеу еңбектерімізде ақынның өлең-жырлары нақты нысанамызға айналды. Осылайша мұраға жанашыр əдебиетші ғалымдардың бірнеше буынының əр жылдардағы жүйелі ізденістері арқылы қазақ əдебиетінің көрнекті өкілінің соңында қалдырған мұрасының жоқ- жітігі түгелденді. Х.Досмұхамедұлынан басталған мұраттану үрдісі мұратанудың бір саласы болып қалыптасты. Рухани тамырын тереңге жайған бұл дəстүр алдағы уақытта да жалғаса бермек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. – Алматы: Ата мұра, 2000. – Т.3. – 768 б
2 Омарұлы Б. Мұрат Мөңкеұлы. – Алматы: Крамдс Пресс, 1993. – 105 б.
3 Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. – Алматы: Жазушы, 1970. – 192 б.
4 Мұрат / Құрастр. Б. Қорқытов. – Алматы: Арыс, 2001. – 232 б.
5 Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. – Алматы: Білім, 2000. – 368.
6 Сүйішәлиев Х. Қазақ әдебиетіні тарихы. – Алматы: Санат, 1997. – 928.
7 Мұқанов С. Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. – Алматы, 1942. – 1- бөлім. – 248 б.
8 Шәріп А. Қазқ поэзиясы және ұлттық идея. – Алматы: Білім, 2000. – 336 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бауыржан Омарұлы: «Мұрат Мөңкеұлы» шығармалары мен туындылары

шағым қалдыра аласыз