Материалдар / Бейбіт ел Қазақстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бейбіт ел Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы 2018 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жыл болып саналатынын атап өтті. «Жүйелі жаңғыру биыл біздің бүкіл жұмысымыздың өзегіне айналды. Біріншіден, экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Екіншіден, саяси жаңғыруды бастадық. Үшіншіден, рухани жаңғыруға кірістік. Бұған мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаламды арнағанымды білесіздер», деді Мемлекет басшысы. Президент бағдарламалық мақаладағы негізгі міндеттерге назар аударып, Қазақстан қоғамының даму кезеңдеріне қатысты ойларын ортаға салды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2021
564
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 

Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені

Елбасы 2018 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жыл болып саналатынын атап өтті. «Жүйелі жаңғыру биыл біздің бүкіл жұмысымыздың өзегіне айналды. Біріншіден, экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Екіншіден, саяси жаңғыруды бастадық. Үшіншіден, рухани жаңғыруға кірістік. Бұған мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаламды арнағанымды білесіздер», деді Мемлекет басшысы. Президент бағдарламалық мақаладағы негізгі міндеттерге назар аударып, Қазақстан қоғамының даму кезеңдеріне қатысты ойларын ортаға салды. «Мен ең алдымен болашақ қазақстандықтың болмысын айқындап, қандай болуы қажеттігін атап өттім. Біріншіден, ол – әлемдік бәсекеге қабілетті жасампаз тұлға. Екіншіден, алдына нақты мақсаттар қойып, соған ұмтылатын прагматик, әрі реалист. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті нығайтып, ұлтының дамуын тежейтін барлық нәрселерден бас тартатын адам. Төртіншіден, білімнің салтанат құруын ең маңызды іс санайтын, жаһандық білімнің шыңына шыққан жан. Бесіншіден, тек эволюциялық даму ғана халқының өсіп-өркендеуіне мүмкіндік беретінін жақсы түсінетін саналы азамат. Алтыншыдан, ол – түрлі тілдерді меңгерген, әлемнің үздік тәжірибелерін алуға және заман талап­тарына сай өзгеруге қабілетті, сана-сезімі ашық адам» деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Еліміздегі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету - бұл біздің табыстарымыздың іргетасы және Қазақстанның одан әрі өсіп - өркендеудің шарты. Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 ші қазанда өткізілді. Содан бері бұл күн - Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі.

19 шы қазан күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында  Рухани келісім күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс - шараға аудан әкімінің орынбасары Г.Біләлева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ф.Қожаханов, ауылдық округтердің дін өкілдері, мектеп директорлары, ұстаздар, этно мәдени орталықтардың өкілдері мен жастар қауымы қатысты. Жиналған көпшілік қауымды аудан әкімінің орынбасары Г.Біләлева құттықтап, мерекенің мән - маңызына тоқталды. 

Дөңгелек үстел барысында келген қонақтар сөз сөйледі.

- « Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн - қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі ретінде атап өтіледі.  Бүгінде Қазақстанды барша әлем танып отыр. Өйткені Елбасы Н.Назарбаевтың бейбітсүйгіш саясатының арқасында Қазақстанда бір шаңырақ астында ынтымақ пен достықта түрлі конфессия мен діни  ұйымдар, көп ұлтты халық өкілдері тату- тәтті тұрып, еңбек етіп, еліміздің абыройын асқақтатуда.

Әрине, мұнда егеменді мемлекетіміздің Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атқаратын рөлі ерекше дер едім. Бізге, қарапайым қазақстандықтар үшін ең бастысы елде тыныштық болып, ұлтаралық келісім нығайып, халқымыз, еліміз аман болсын»,- деді Жаңақұрылыс ауылдық округінің имамы С.Самарбек.

Сондай-ақ аталмыш басқосуда неміс этно - мәдени орталығының жетекшісіі В. Мешкаускас (Песчан ауылы),  аграрлы техникалық колледжінің 3-ші курс студенті А.Хомякова,` В.Трубаченко Рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтау салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні болғандықтан елдегі ұлтаралық, конфессияаралық келісім, халықтар ынтымағы біздің басты құндылығымыз деген пікір білдірді.   


Ұлы Жаратушы иеміз адамзат баласының берекесі артып, ғибратты өмір сүрулері үшін, топтасып өмір сүруге бейім етіп жаратқан. Қоғам ішіндегі адамзат баласы үшін басты құндылық ретінде танылған имандылық − бірлік және татулықтың арқасында тамырын кеңге жаяды. Ол үшін бізге ең алдымен бірлік керек. Халқымыз: «Бірлік бар жерде – тірлік бар», – деген. Бірлік – қасиетті сөз.


Бүгін Қазақстанда бейбітшілік пен өзара келісім ішінде 140 этника мен 40 конфессия өмір сүруде. Республикамыз көпұлтты және көпдінді қоғамнан тұрады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Қазақстан – бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері. Барлық қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімдерді сақтауға шақырамын. Бұл біздің мәңгі құндылығымыз. Бұл біздің мәңгі еліміз бен Астанамыздың мақтанышы».

Қазақстан Республикасның Конституциясына сай, еліміз құқықтық, зайырлы және демократиялы ел. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.
«Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек.
Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.

Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев былай дегені бар еді: «Егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден-бір құжат бұл – Конституция. Ата Заңымыздың алдында ала-құласы жоқ бәріміз де бірдей жауапты, бәріміз де бірдей міндеттіміз!»

Ата Заңымыз тұтастықтың, татулықтың кепілі болғандықтан Қазақстан халқы түсіністік, достық жағдайында өмір сүріп келеді.Статистика деректері бойынша, елде 140 этнос пен 46 діни қауымдастық бар екендігі белгілі. Осылардың арасында ешқандай да келіспеушілік, дүрдараздық жоқ. Олар Қазақстанды ортақ Отаны санайды. Елімізде он бір тілде газет-журнал жарық көріп отыр. Олар ағылшын, неміс, әзірбайжан, корей, ұйғыр, өзбек, татар және басқа да тілдерде. Театрлар алты тілде өнер көрсетіп жүр. Олардың барлығын мемлекет өзі қаржыландыруда. Осындай өнегелі істі әлемдегі өзге мемлекеттерден кездестіру қиын. Осының өзі арамыздағы өзге ұлт өкілдерінің тілі мен дініне, мәдениеті мен өнеріне деген қамқорлық нышаны.

Конституцияда белгіленген бағыт-бағдарымыздың дұрыстығының арқасын¬да әлемді шарлаған экономикалық дағдарыстан да қиналмай өттік. Қайта экономикада осы жылдары оң көрсеткіштерге қол жеткіздік.

Ата Заңның бірінші бабының өзінде басты құндылық ретінде адам, оның өмірі мен еркіндігі атап көрсетілді. Адамды бас¬ты орынға қойған мемлекетімізде адамға қамқорлық жасауда игілікті шаралардың жүзеге асырылып жатқанына куә болып жүрміз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтерінен мыналарға қанықтық. Адамның өмір сүруін қамтамасыз етуде ең төменгі тұтыну себетінің құны айрықша рөл атқарады.

Ел ішіндегі ұлтаралық татулықты нығайтуда маңызды конституциялық орган болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясының орны айрық¬ша екенін атап өткен жөн. Бұл Ассамблея – бейбітшілік пен келісімді тиімді насихаттаушы қоғамдық институтқа, этносаралық және кон¬фессияаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің негізіне айналды. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығы, Астана қаласында мемлекет басшыларының Саммитін өткізуді дүниежүзінің қолдауы мемлекетіміздің Конституция негізінде жүргізіп отырған салиқалы саясатының белгісі.

Біз қазіргі күні экономикалық жетістіктерді, әлеуметтік игіліктерді, саяси тұрақтылық пен мәдени өркендеуді бастан кешіріп отырмыз.Елдің қол жеткен табыстарына, біздегі орын алған татулық пен түсіністік жағдайларына әлемдік өркениет қызғушылық танытуда. Осының өзі көңілді марқайтып, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміңді арттыра түседі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел үшін сіңіріп отырған еңбегін ерекше атап көрсеткен жөн. Өткен жылы еліміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесі үшін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа заң жүзінде «Елбасы» деген атақ бекітілді. Біздің Елбасының алқалы жиындарда ортаға салған көптеген ұсыныс бастамалары әлемдік деңгейде мойындалып отыр. Негізі, Конституция ұғымы қазаққа жат емес.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзінде былай деген еді: «Конституция бойынша, заң бойынша өмір сүру – жай ғана қажеттілік пен азаматтық міндеттілік емес. Бұл – азат адамдардың артықшылығы. Өз құқықтарының бағасын біліп, басқалардың да осындай құқықтарын мойындайтын адамдардың артық¬шылығы. Осындай жағдайда ғана біз – жеке азаматтар емес, Қазақстан халқымыз, тұрғындар емес, қоғамбыз, азаматтық қоғамбыз. Географиялық кеңістік емес, бізді біріктіретін – еліміз». Бұдан қандай ой түюге болар еді. Әрбір азамат өз ортасы мен қоғамын құрметтей білуі тиіс. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген ертеден келе жатқан бір сөз бар емес пе? Сол айтылғандай мемлекетіне қарап, азаматын танып-білуге болатын заманға да келдік. Мемлекетіміз қайтсе дамиды, өркендейді? Бұл – замандастарымыздың өз міндетіне деген жауапкершілікті түсінуіне, әділдік пен адалдықты басты ұстаным ретінде алуына тікелей байланысты.

Shape1

Все права защищены.

При использовании материалов strategy2050.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт strategy2050.kz обязательна.

При использовании материалов strategy2050.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.strategy2050.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта strategy2050.kz «www.strategy2050.kz».

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.

Бүкіл дүние жүзі бойынша қазақтардың саны – 12 млн. Бүгінде шет елдерде тұратын қандас бауырларымыздың саны 3, 5 млн адам. Қазақстанда 130 - ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде ең көп санды орыстар - 30%, украиндар – 3, 7%, өзбектер – 2, 5% құрайды. Адам санының өсімі мен дамуы жағынан Қазақстан БҰҰ - на мүше мемлекеттер қатарында да қомақты орын алады. Даму жағынан қазіргі күні ТМД - ға кіретін мемлекеттердің ішінде алдыңғы орында. Қазақстанда 84 қала, 200 кент, 2036 аудандық округ, 7684 ауылдық мекендер бар. Қазақстан тұрғындарының 56%- ы қалада, 44%- ы ауылдық жерлерде тұрады.

1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471 ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық – мәдени бірлестіктері , 500- ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт – дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Өзара түсіністік, ұстамдылық әртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтың идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық – құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңе білді. Бұл ынтымақ үрдісі ғасырдан – ғасырға жалғасуда. Біздің еліміз нәсілшілдік, ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермейді. Қазақстан Республикасындағы сан жағынан аз халықтарға қамқорлық жасау үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылған. Түрлі нәсілдерге жататын барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтығы Конституциямен қорғалады. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты. 2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.

2008 жылғы 20 қаңтарда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. ҚХА еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субъектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері айқындалды.

Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этномәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын және дамуын қамтамасыз етеді. Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері елдегі тыныштықты сақтауда ең бастысы ақпараттық тәуекелдерге дұрыс әрекет ету деп есептейді. Өйткені электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бөгде идеологиялық ағымдар таратылады. Әзірше бұл Қазақстанға көп қатысты емес, ол барлық бірлестіктердің үйлесімді жұмысымен түсіндіріледі.Еліміздің дамуындағы Ассамблея рөлін бағаламау мүмкін емес. Өйткені, Қазақстан халықаралық сарапшылардың «бұл ел ұлтаралық алауыздық салдарынан ыдырайды» деген болжамдарына қарамастан, үлкен жетістіктерге қол жеткізе алды. Мемлекетіміздің табысы халықтың бірлігіне, барлық ұлттық тілдер мен дәстүрлерге деген құрметке негізделген. Ассамблея жұмысының арқасында сенімнің, келісім мен өзара түсіністіктің ерекше ауаны қалыптасты, әрбір азамат ұлтына немесе діни нанымына қарамай Ата Заңда кепілдік берілген құқықтар мен еркіндіктердің бәрін толық пайдаланды. – Елдегі бейбітшілікті сақтаудағы маңызды рөл бірыңғай ұлтаралық саясатты жүргізуге арналған барлық ұлттарды біріктіретін биліктің бірегей органына жүктелген, ол – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Оның жұмысының табысты болуына көбінесе өңіріміздегі ғалымдар жүргізген зерттеулердің де көмегі бар, – деген болатын Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Даниал Ахметов. – Дарынды ғалымдарымыздың еңбегі елдің дамуында маңызды рөл атқарды және оның жетістігіне айналды. Олар – көптеген республикалық құжаттардың негізіне айналған нақты ұсыныстар. Қуантарлығы, біздің ғылыми сараптамалық тобымыз тек Шығыс өңірімен ғана шектелмейді. Топ 14 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп, оларға әлемнің көптеген елдерінен ғалымдар қатысты. Біздің әзірлемелер әлемдік ғылым үшін үлкен қызығушылық туғызады және Еуропа мен Американың біраз кітапханаларында сақтаулы, – деді тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ философия және саясаттану кафедрасының профессоры Лилия Столярова.

Қазақстанда барша этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін дамытуға қажет жағдайлардың бәрі жасалған. Ассамблея қызметінің арқасында мемлекетіміздің этносаралық қарым-қатынастарды тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделі артып келеді.

Қырғызстандағы және Украинадағы бауырлас халықтардың қақтығысы тұрақсыздықтың елге қандай зардап тигізетінін көрсетті. Украина кеңестік кезеңде экономикалық дамудың жарқын үлгісі болатын. Бірақ қазір келіспеушіліктер елді тіл принципі бойынша екіге бөліп отыр. Бізде Украинадағыдай зор әлеует жоқ, оның кеме жасау өндірісі дамыған, еуропалық елдерге тіке шыға алады. Алайда, бізде Елбасының жүргізіп отырған салиқалы саясаты бар. Бүгінде еліміздің ішкі жалпы өнімі Украинадағыдан жоғары, халық саны бізде үш есе аз болғанның өзінде. Мұның бәріне ұлтаралық тұрақтылықтың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Қаншама мектеп, аурухана, жолдар салынды, әлі де салынады. Дәл осындай тиімді саясатты бұдан әрі де жалғастыра берсек, өңірлер осы қарқынмен дами бермек. Жерімізде тұрып жатқан барлық халықтардың тілдері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау керек және осы игі дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға тиіспіз. Біз – еуропалықтар емеспіз, еуразиялықтармыз. Біздің өз бет-бейнеміз бар, өзіміздің діліміз, тарихи негізіміз бар және біз осымен мақтанамыз! Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында халқымыздың рухани өміріне, мәселен отбасы құндылығын арттыру, жат ағымнан алыс болу, бірлікті сақтау, қайырымдылық жасау, мейірімді болып, кешірім жолын ұстану секілді сауапты амалдарға да мән береді.

Сондықтан ел ішінде тыныштықты, ауызбірлікті сақтап ұйымшылдыққа ұйытқы болуға үлес қосу – әрбір мұсылманның міндеті болып табылады

Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп келеді.

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді Қазақ мақалында. Бұл сөздің қаншалықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр.

Мынадай бір аңыз бар:

Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.

Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке - жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайысыңды біртіндеп құртады» - дейді.

Әрине, мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!