Бейімбет Майлиннің 130
жылдығы мерейтойы
.
...«Жазушы өлмейді» деген
ұраны тыныс берді,
Әдебиет қорына мол қазына, көп
ырыс берді
Толастаған шындығы бар,
әділетті халқымның,
Бейімбет мақтанышың,,
қайраткерің, алтының!
Маржан
Нурсейтова
Бейімбет
Майлин
Қараша күз туған екен
бабамыз,
Еңбегінен мол қуатты
табамыз
Жазушы, әрі драмашы,
ақын
Жібермеген әдебиеттен
хақын.
Әкесі Жармағамбет, Майлы
ұлы,
Еңбегін Бейімбет жайлы
қылды
Шындығын заманының
жиғаны
Зертеуге бізге сан ойлы
қылды.
Сауатсыздық әлемімен
күрескені
Сауатсыздық әлемімен күрескені
бар,
Жаңаша оқытып, жазуға ілескені
бар.
Қарсы тұрып, ескіліктің
салдарына,
Еркіндік іздеп, қорғап,
сірескені бар.
Ситдықовпен бірге жасаған
әліппесі,
Ғабит Мүсірепов тағы болды
әріптесі.
Оқу құралы, әдістеме шығып
жатты,
Біріккенде білімділердің алып
кеші
Қыпшақтан ол шыққан тұлға,
ақыны
Қостанайда туғандары мен
жақыны.
Жетімдіктің зор азабы мен жолы
бар
Молдасынан сауат ашқан қоры
бар.
Ана, әже
еңбегі
Ана, әже еңбегімен
тырнақтаған,
Бейімбетте ешбір сыр
жатпаған.
Әлемге аян медресесі
Ғалияның,
Уфаға барып оқып, құр
жатпаған.
Қостанайдан алған білімі тағы
бар,
Орыс-қазақ тілінде оқу бағы
бар!
Сауаттанған, ізденген,
көтерілер,
Мұғалім ол,сауат шашқан таңы
бар.
Еңбек
жолы
«Қазақ», «Садақ», «Айқап»,
«Ауыл»,
Өркендегенін көреді, байқап
ауыл.
Өскендегі қызметің қызғаныш
па?
Дегендейін шықты жау байқа
бауыр!
Редактор бол, хатшы бол,
меңгерді,
Мақала, очерк, жазбалары
теңделді.
Тыныштығын көре алмай
дұшпаны,
Алаш жұртын саясатшыл
төңкерді.
Ұйымдасты беделді адам,
білімділер
Мақсат болды сауатқа білім
жүрер.
Халқының болашағы
сауаттанды.
Жиды, терді жан-жақтан сауат
барды.
Бас редактор да болды,
басқарды,
Әдеби тартысы саясаттың
басталды.
Теңдік үшін, бостандыққа
үндеген,
Шақырып бірлікке
ауыл-жастарын.
Халық
тағдыры
Тәркілеген байлардан не
барды?!
Болса кімде қандай байлық жер
алды.
Колхоз, совхоз құрған
заманда,
Демеймін, алаш жұртым
демалды?!
Тұтқындады, азаптап, қинай
берді,
Ақпаратты жалған қып жинай
берді.
«Халық жауы» атағы
тұтқындалған,
Бейімбетті нақақтан, қимайды
елі.
Репрессия заманы жалмаған
зиялыны,
Халықтың азабы, жолда қап қиял
үні.
Қайта ақталды жазадан біраз
уақыт,
Ұлы Отан Соғысы бітті, ес жияр
күні.
Көптомдық шығармалар шыққан
еді,
Әдеби мұра, өнімді еңбек ұтқан
еді.
Қазақ елі қайран қап
қайраткердің,
Жоғын айтып, азасын да тұтқан
еді.
Мұң-мұқтажын халықтың
еңбегінде,
Жазғанына сау күнінде
сенбегендер!
Қорғап жатыр атойлатып, ақтай
келе,
Қоғам аясына тыныс беріп
емдегендер!
Жойылмайды ешқашан да
данасы!
Тобыл толқып еске алады
қазағын,
Бейімбет көрді, жазықсыздан
азабын
Теңдік іздеп әйелдерге жүрген
шақта,
Қандай сатқын жасаған еді
мазағын!
Тәркілеген байдың
қазына-мүліктерін,
Заманында Кеңес Одағы
сүліктерің!
Жазушы өлмейді деген Бейімбет
сөзі,
Жазды ұрпағы, мұң-азабы
бүліктерін.
Рухани жаңғырды, аластады
жаланы,
Күңгірт болған, қара аспаны
даланың
Үш бәйтерек. Сталиндік
құрбандары
Жүз отыз жаста асылдар оты
жанады.
Елім десе де, еселенген
жаласы!
Сатқыны кім, ей сатқын,
қарашы!
Азабыннан қанға толы
санасы,
Сатқын екеш қай адамның
баласы!
Мәңгі жасап келеді алаш
қарашы!
Өз-өзіңді күлге оранған
санашы!
Адам хақын, жанын алар
кімсің?
Санасызға мақұлыққа
балашы!
Тартып алды, неңді алаш
аталар,
Қалай ғана тыныш көрде жата
алар!
Халық есте мәңгі деген
қайраткер,
Алып жатыр бүгінгі таң,
баталар!
Қазағымның жасай берер
алашы!
Жойылмайды ешқашан да
данасы!
Өсе берер бәйтеректері
биіктеп,
Жайқалғаны ол қазақтың
баласы!
Гүлжамал
ана
Бейімбет Майлиннің
жұбайына
Тағдырыңда зиялымен күнің
кештің,
Қиындығың ұғынбаған бүгін
ешкім.
Зерттегенде өмір жолын
ханымның,
Мұңлы әуен қобыздың үнін
кештім.
Қой бағып жүріп, Карлагта
кезгенің,
Соққыңды да, тән ауырғанын
сезгенім.
Жайқалмады көз алдыңда бала
бағың,
Халін ойлауға мұршаң да жоқ
өзгенің!
Балалар кетті, хабарсыз
таратылған,
Болмады мейірім, көмек ара
тұрған.
Құрбаны әділетсіздік
ойранының,
Артыңда қалды ержүрек, дара
тұлғаң!
Аш ойдан ұйқы көрмей мазаң
кетті,
Қалайша жазықсыздан жазаң
жетті.
Қатыгез Сталиндік саясат
құрбаны
Жұбайдан айырылған қазаң да
өтті.
Штрафбатқа бірден Әукенің
кеткен-ді,
Қаралы хабар сұм соғыстан
жеткен-ді.
Бес баланың төртеуі кетті,
Семей асып,
Ата-анасыз алыстап, өзге қолға
өткен-ді.
Бес балаңды құшағыңа бір қыса
алмай,
Күн-түніңді жүргеніңде құса
жалмай
Іздеп келді, Разия қызың, қой
бағысып,
Жаныңда боп, көп іздеген тыста
қалмай.
Мереке Еділ және Гүлсім
балаларың,
Соғыстан кейін ақталған
аналарын
Қауышып көріскенде мұңлы
ғұмыр,
Қарағандының атырған ала
таңын!
Шахтада тұрған терезесі бір
сарайда,
Тұрмасқа болмас, басқаны қалай
ма?
Жеткізген балаларын
Гүлжамалдай,
Ананың көрген күнін бар талай
да!
Қиындық қалды артта жаңарды
ел,
Ақталған асқар таудай қамалды
бер!
Ержүрек ана болған жары
ақынның,
Құрметте, ей адамзат, бағаңды
бер!
Арнау
Ауданға Бейімбет Майлині
беріледі дегенде жазылған арнау
Жерлесіміз қайраткер, көрнекті
ақын,
Бүгін міне, төрімізге төрлепті
ақын!
Әдебиеттің негізін қалап
келген,
Сол әдебиет әлемін өрлетті
ақын!
Азатты елдің болашағы
арманы,
Төңкерістің қиын күнін
жазады.
Байсымақтың кедейдің
алдында
Қорлығы мен оның көрген
азабы.
Әйел затын қаншалықты
қорғады,
Адасқандай қалың сонау
орманы
Теңсіздігі әйелдің бейнесін
де,
Түрлі етіп жазушымыз
жазады.
Ел ертеңін ойлаған жалынды
адам,
Елі үшін алаулап
жалындаған!
Еліменен бірге жүріп
күресіп,
Жауы болып қапыда
сағымдаған!
Болса дағы қайта өрледі осы
таңда,
Ақталғаны елімізде ашық жан
да!
Бейімбеттің аты өшпес
ешқашан,да
Шындық түбі осы күні
ашылғанда!
Ауданыма Майлин аты
берілер,
Сөз маржаны Бейімбеттің
терілер
Осылайша жасай бермек
мәңгіге,
Еңбегімен көрінген ұлы
серілер!
Бейімбет Майлин
кейіпкеріне
Бейімбет Майлин
шығармасындағы кейіпкерлерге үндеу
Тек мал мен байлықты
тілепсің!
Шынаркүл деген қызыңның
да
Санасын көміп, жастай
күрепсің!
Ағалар қамқорсыз, мейірімсіз,
есерсоқ,
Ойын қуған, мисыз немедей,
кесел боп.
Мейәрлене, қарындасқа
алмағаны-ай,
Жұбататын Шынаркүлді шешені
жоқ!
Болды дейсің, тамаша,кәні, қай
елің?
Тағдыры қиын дәуіріңдегі
әйелдің
Әйел зат па, сататын құнын мал
қып,
Боздаған боттадай алғаны бай
ердің!
Бақыт болды, азында тек
қуаныш,
Жақұт болды, алдағаны
жұбаныш.
Қиындықты көтергендер
қаншама,
Әжелерден көзі көрген
сұраңыз!
Бейімбет жазды теңдікті
қалағандай,
Сүймейді, барғысы жоқ шара
қандай.
Қазіргі күн әйелдер, ханшайым
боп,
Тәуелсіз боп еркіндікпен ар
алғандай!
Қиын тағдыр, қыз - аналар
қиналды,
Қиын тағдыр, барда санасы
ұялды.
Сол сананы оята алған
қайраткерлер,
Қиындығын қаламменен жия
алды.
Қостанай облысы, Бейімбет
Майлин ауданы, Тобыл ауылы тұрғыны
Тобыл жалпы білім беретін
мектебінің мұғалімі
Нурсейтова Маржан
Жумагазовна