Бейнелеу өнер сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары.
Бейнелеу өнері және сызу пәнінің оқытушысы :
Абдыгалиева Кунсулу Асылбековна
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі/
Высший многопрофильный колледж гражданской защиты

Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне ену білім беру жүйесін реформалауды, яғни білім сапасын қазіргі талаптарға сай қамтамасыз ету мақсатында жетілдіруді қажет етеді.Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің мақсаты жүйеленіп, дайын күйінде берілген білім,қабілет пен дағдыларды қайталаумен шектеліп қана қоймай,шығармашылықпен еңбектене білетін тың жаңалықтар ашуға қабілетті,өзіндік ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.Соңдықтан Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында білім беру жүйесінің міндеті жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту" ретінде белгіленген. Бұл өз кезегінде, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мен дамытудың анағұрлым тиімді жолдары мен әдістерін іздестірудің маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Осыған байланысты бейнелеу өнерінің мол мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы өте зор.
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі бастау мектеп оқушысының тұлғасы мен санасының дамуы қарқынды жүретін, ерекше құнды да қайталанбас кезең.Соңдықтан бала бойындағы қабілетті осы бастапқы кезеңде ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.Мұны біртұтас педагогикалық процестегі оқытуды ұйымдастыруға тұжырымдамалық жаңа тұрғыдан келу негізінде шешуге болады.
Шығармашылық қабілет, өзіндік жұмыс істеу іскерлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды,ол мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптастырылады. Тұлға шығармашылығының маңыздылығы көрнекті қазақ ойшылдары мен ағартушылары Әл-Фараби,Ж.Баласағұн,А.Құнанбаев,Ш.Құдайбергенов,А.Байтұрсынов,Ы.Алтынсарин,М.Көпейұлы,Ж.Аймауытов,М.Жұмабаев,М.Дулатов және т.б.еңбектерінде ашып көрсетілген.
Оқыту процесінде баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін шет ел педагог ғалымдары–Ю.К.Бабанский, В.С.Ильин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков,Б.М.Теплов,Н.С.Лейтес,Л.С.Выготский,сонымен қатарқазақстандық көрнекті ғалымдар Т.Т.Тәжібаев,Қ.Б.Жарықбаев,М.М.Мұқанов және т.б.қарастырды.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру өзіндік ерекшілігі бар пелагогикалық үдеріс. Бұл бастауыш сынып оқушыларының өнер туындыларын қабылдау мен бейнелеудің икемділіктері мен дағдыларын меңгерумен байланысты сипатталады. Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның әдістемелік жолдарын ұсыну.Егер бейнелеу өнері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы ғылыми теориялық мәселелерге талдау жасалса;бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру мүмкіндіктері бейнелеу өнері сабақтарында жүзеге асырылатындағы айқындалса;бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру механизімі жүзеге асырылса, онда бейнелеу өнері сабақтарында білім сапасы мен бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеті арта түседі. Қазіргі таңда оқушылардың шығармашылық білімін қамтамасыз ету, оның деңгейін арттыру,тұтастай алғанда оқушылардың жан-жақты танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті мектептерге қойылатын талаптардың бірі болып отыр. Әлемдік ғылыымда табиғатқа,қоғамға және адам ойының дамуына ғылыми көзқарас бірнеше ондаған ғылымдардың өзара байланысы шеңберінде білімдер жиынтығы негізінде қалыптасады. Ал, шынайы ғылыми жүйеден туындаған білім барлық өмірлік,қоғамдық құбылыстарды дұрыс танып білуге мүмкіндік беретін әртүрлі пәндердің қосындысынан құралады. Соңдықтан оқу жоспарындағы барлық пәндер осы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған жағдайда ғана оқыту үдерісі тиімді деңгейге көтеріле алады.
Бейнелеу өнері пәнін оқытудың басты мақсаттары оқушыны өнерге баулу негізінде қоршаған ортаға деген жағымды эстетикалық қатынас пен өмірдегі әртүрлі құбылыстардың өзіндік құндылығын адам,табиғат,көркем шығармаларды түсінуге тәрбиелеу. Бастауыш мектеп оқушыларының қазақ халқының өнерін, мәдениетін сүйетін, басқа халықтар мәдениетін құрметтейтін рухани жан дүниесі бай, дамыған адам тәрбиелеу.
Шығармашылық ізденіс оқушының өзін-өзі тануға ұмтылу, ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену. Ұстаздың сабақ берудегі басты мақсаты баланы бастауыш сыныптан бастап,шығармашылық жұмыстарына қызығушылығын тәрбиелеу. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқытудың басты мақсаттарының бірі оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру. Осы мақсатта қазіргі таңда білім беру мен қатар баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, заманауи соңғы техника мен технологияларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда оқыту үдерісіне пайдалану және осы орайда бейнелеу өнерін оқытуда соңғы әдістемелерді пайдалану мәселелері тұрады.Демек бастауыш мектепте жаңаша оқыту түрлі педагогикалық технологияларды пайдалану оқушының өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеп, білім алу дағдысын қалыптастырудың жүйелік сипатын білдіреді.
Бейнелеу өнері пәнінде эстетикалық тәрбие берудің басты мақсаты қоршаған ортаның, табиғаттың әсемдігін сезініп, көре білуге тәрбиелеу. Сұлулықты көріп,сезіне білетін бала оны аялап, қорғай біледі, мейірімді болады. Бейнелеу өнерінен біз тек эстетикалық тұрғыдан ләззат алып қана қоймай,ол бізді өте күрделі қиын өнерді сезіне білуге баулиды. Ол-қоршаған ортаны көре білу өнері. Сондықтан мектептегі бейнелеу өнері пәнінің алатын орны ерекше.
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп,қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Оқушылардың рухани жан дүниесі бай болуы үшін ең алдымен көркем өнерлік сана дамуының ерекше маңызы бар. Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятып,эстетикалық сезім мен көркемдік талғамды қалыптастыруға,жалпы адамзаттық өнер құндылықтарын ажырата білуге, өнердің шын мағынасын түсініп,оны өмір қажеттілігіне жарата білуге бейімдеу аса қажеттілікті талап етеді. Оқушылардың жеке шығармашылық қабілеті мен бейнелі ойлауын қалыптастыруда бейнелеу өнері пәнінің маңызы өте зор. Бейнелеу өнері пәнінде эстетикалық тәрбие берудің басты мақсаты қоршаған ортаның, табиғаттың әсемдігін сезініп, көре білуге тәрбиелеу.Сұлулықты көріп,сезіне білетін бала оны аялап,қорғай біледі,мейірімді болады.
Қорыта келе,балалардың шығармашылық қабілетін дамыту дегеніміз адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі болып табылады. Өмірде дұрыс жол таба білу үшін дұрыс ой түйіп,өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек, баланың бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу баланың рухани күшін нығайтып өзін-өзі тануына көмектеседі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз