2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖАНРЛАРЫ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖАНРЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың қабілеттерін арттыру жұмыстары барысында олар шығармашылық әрекеттің мәнін терең ұғынып, соған сәйкес өздерінің ішкі үмкіндіктерін жетілдіру орын алып, кәсіби шығармашылыққа бағыталуы үшін жүйені инновациялау.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

МАЗМҰНЫ


Кіріспе..................................................................................................................3

1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖАНРЛАРЫНА СИПАТТАМА......................................................................................................7

1.1 Бейнелеу өнеріндегі живопись туралы ұғым және оның даму тарихы.....................................................................................................................7

1.2 Қазақстан суретшілерінің өмірі мен шығармаларымен оқушыларды таныстыру әдістері..............................................................................................12

1.3 Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры......................................................................................................................24

2 БЕЙНЕЛЕУ САБАҒЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СУРЕТ САЛУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.............................................................................................35

2.1 Бейнелеу өнері сабағында туындыны практикалық тұрғыда жазудың әдіс – тәсілдері...............................................................................................................34

2.2 Түстану заңдылықтарының живопись өнеріндегі ролі...............................37

2.3 Живопись сауаттылығына үйрету және «Аулада» жұмысын орындауда қолданылатын техникалық құралдар............................................................46

Қорытынды............................................................................................................51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................53

Қосымшалр
























Кіріспе


Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қазіргі кезедегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарымқатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың шығармашылығымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді. 

Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіріуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылыс еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдан өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығарматұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халықтарына арнаған. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін экономикалық және қоғамдық Жаңару қажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын [1].

Совет жазушылары – В.Маяковский, С.Маршак, К.Чуковский, С.Михалков, А.Барто, композиторлары – Д.Шостакович, С.Прокофьев, АН.Александров, Д.Кобалевский, М.Красев, М.Раухвергер, Е.Тиличеева, Т.Потапенко, суретшілері – Н.Жуков, А.Пластов, А.Каневский, Е.Чарушин балаларға арналған көптеген тамаша шығармалар тудырды. 
Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес. 

Эстетикалық тәрбие өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетіні қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған. 
Эстетикалық тәрбие – күрделі процесс. Сондықтан біз кейде «балаларды эмоциялы қабылдауға үйрету», «рахаттана білу», «сүю және ұмтылу», «қабілеттілік көрсету» деген сияқты тұжырымды сөздерді жадымызда ұстаймыз да оның қалай көрініс беретінін нақтылап отырамыз. 
Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың адамгершілік, ақыл-ой дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формаларында, ойын сабақ, тұрмыс, еңбек, мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады. Эстетикалық қылықтардың табиғи үйлесімділігі еңбекке қоғамдық өмірге деген қарым-қатынаста әсіресе көрнекі байқалады. 

Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін талғамын қажеттігін білдіреді. 

Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасы және бейімділігін дамыту. Осған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек. 

Эстетикалық тәрбиенің негізі құралдары әдебиет және өнер. Ола зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігірлендіреді. Олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (әдебиетте проза, кескіндемеде – жанр, баталия, пейзеж, мүсінде – бюс, музыкада симфония, оратория, ән енгізіледі). 
Белгігі орыс суретшілері П.А.Федотовтың, В.Г.Перовтың, И.С.Репиннің, В.В.Верещогиннің, И.И.Шишкиннің, И.Н.Левитонның және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.[2] 

М.Горький, Н.А.Островский, А.А.Фадеев, М.А.Шолохов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов – еңбектеріндегі адам баласының бақытты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады. 

Сонымен бейнелеу өнері және әдебиет шындықты игерудің және танудың құралы. Өнер мен әдебиет шындықты және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады. 

Оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру барысында іскерлік пен икемділікті қалыптастыру көзделеді. Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарасты қалыптастыралы. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашалық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бағыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсалуы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрған жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекелейлеу – бұл зор эстетикалық қамқорлық. 
Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқрасын тәрбиелеуде ықпалы мол.

Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұратына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: келбет, киім, жан дүниесі, ойы бәрі сұлу болу керек. Эстетика - әдемілік, сұлулық негізі. 

Бейнелеу өнері сабағында пейзаждың кесіндеме шығармалары, суреттік шығармалар оқушылардың эстетикалық дүниетанымын байытады. 
Сонымен, бейнелеу өнері пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде ролі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді. Мектепгегі эстетикалық тәрбие оқушылардың сабақтағы жұмыс жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетикалық өмір елегінен өткен көптеген формалары бар. 

Шығармашылық үйірмелер – олар әдебиет, музыка, хореогарфия, бейнелеу өнері т.б. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі – көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі.

Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады. 
Мектепте бейнелеу өнері сабағында алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес эстетикалық саяхат өтікізіледі Саяхаттын негізгі объектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер. Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады. 

Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің мақсаты, жақтары, ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жай эстетикасы, өзін ұстай білу үлгісі, дене қимылы. 

Білім адамзаттың терең және үлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттың қауіпсіздіктің маңызды факторы. Осыған орай бұрыңғы мәдени тәжірибені жеткізуге бағытталған үлгі бойынша оқытатын репрадуктивті, жеке адамның қызығушылықтарынан мемлекеттік мүддені жоғары қоятын білімнен адамның өз танымының биік баспалдақтарына қарай жетектеп отыратын «өмір бойы» алатын білімге бағытталу жүзеге асырылуда. Білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлемнен әлеуметтік қарым – қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуде белсенділік тануға ықпал етуі тиісдеп есептеледі.

Ғылыми – техникалық прогресс еліміздің материалдық – техникалық базасын жасау құралы болуымен қатар, қоғамның әлеуметтік дамуын жетілдіруге ықпал етті. Ол өндірістік техника ментехнологияны жаңартып, материалдық игіліктер молшылығын жасаудың негізінде адамдардың интеллектуалдық байлығын арттырып, шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал жасайды. Бейнелеу өнері мұғалімдері үшін көркемдік және көркемдік-педагогикалық бағыттар қатар жүреді, өйткені мұндай дайындық оқушылардың арнайы кәсіби қабілеттілігін дамуын қамтамасыз ететіндігін қадап айтқан жөн. Демек, оқушылардың дүниетанымын кеңейтудің, олардың шығармашылық қабілеті мен біліктілігін жетілдірудің қоғамдық мәні зор деген сөз.

Зерттеудің мақсаты: Живопись өнеріндегі әр түрлі техниканы игеру арқылы жанрларды өз дәрежесінде толықтай орындау.

Зерттеу міндеттері:

  • отанға деген сүйіспеншілікті, патриотизімді ояту.

  • композиция ерекшеліктерін көркемдік тұрғыдан талдау жасап алатын орнын зерттеу.

  • бояу түрлерінің ұлттық сипатын анықтау.

  • халқымыздың ұлттық дүниетанымынң табиғи сипатын және тәрбиелік мәнін ашу.

Зерттеу пәні: Пейзаждын жанрындағы живопись «Аулада».

Зерттеу объектісі: Өнердің әр түрінде образдың құрылуы  өзгеше, бір жағынан рухани мазмұнынының көрінуімен ерекшеленсе, екінші жағынан – мазмұны көрініс тапқан, материалға байланысты. Дегенмен, барлық жағдайда образды қабылдаудың әдісі тек бақылау ғана емес, сондай ақ күй кешу де маңызды. Картинаны қараған кезде  жай бақылап қана қоймастан онымен бірге күй кешіп, түрлі сезімге енеді. Сондықтан да кенептің бетіне жазылған бейне, объектінің жай ғана өлі көшірмесі емес, ол объектінің мәні, сондықтан да ол сезім арқылы қабылданып, оның құпия сыры мен жаны қабылданады. «Аула ішінде» картинасы арқылы болашақ ұрпаққа қаншама жан жақты тәрбиелік маңызы зор мүмкіндік бар.

Жетекші идея: Оқушылардың қабілеттерін арттыру жұмыстары барысында олар шығармашылық әрекеттің мәнін терең ұғынып, соған сәйкес өздерінің ішкі үмкіндіктерін жетілдіру орын алып, кәсіби шығармашылыққа бағыталуы үшін жүйені инновациялау.

Зерттеу көздері: Егеменді Қазақстан газеттері, Білім туралы заң, живопись, сурет, композиция пәндерінен теориялық негіздемелер.










01 Сәуір 2025
133
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі