Бекіту сабағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бекіту сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің сабағым өзге ұлт өкілдеріне сабақ беретін ұстаздарға көмек болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: ________

Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып:

Бекіту сабағы


Сабақтың мақсаты:Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру, тыңдаушылардың сөздік қоры мен ауызекі сөйлеу тілін байыту және қазақша сәлемдесу мен қоштаса білуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, ой қорыту, диалог құру, сұрақ-жауап, тыңдау.

САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) тыңдаушылардың сабаққа қатысуын қадағалау;

ә) көңілдерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

* Жаңа сөздерді сұрау

* Сәлемдесу, қоштасу үлгілерін сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Аты-жөніңіз кім?

Атыңыз (есіміңіз) кім?

Тегіңіз қалай?

Туған күніңіз бен жылыңызды айтыңыз.

Қай мектепті, қашан бітірдіңіз?

Қайда оқуға түстіңіз?

Болашақ мамандығыңыз қандай?

Қайда тұрасыз?

2-тапсырма.Қазақ тіліне аударыңыз.

Здравствуйте


Здоровье


Как ваши дела?


Давайте познакомимся


Как тебя зовут?


Сестренка


Как настроение?


Живы-здоровы


Неплохо


Твое здоровье



3-тапсырма: Көп нүктенің орнына сұраулық шылауларды қойыңыз.

Ол сатушы …? Дәрігер қабылдай …? Сіз оқытушысыз …? Кіруге бола …? Шығуға рұқсат …? Бұл Мадина …? Асылым сабақта …? Сабақ қазір біте ...? Сен кино көресің ... ?


4-тапсырма. Жекеше түрдің І жақ жалғауларын дұрыс жалғаңыз. Добавьте личные окончания 1-го лица единственного числа (-бын/бін, -пын/пін, -мын/мін).

1) Мен ұстаз_______. 2) Мен құрылысшы_______. 3) Мен көңілді_______. 4) Мен жүйрік_______. 5) Мен бақытты_______. 6) Мен сіздіңжетекшіңіз_______. 7) Мен Әділет емес_______. 8) Мен тұрмыста_______. 9) Мен Қазақстаннан_______. 10) Мен бойдақ_______. 11) Мен студент_______. 12) Мен спортшы_______. 13) Мен Фархад_______. 14) Мен Мөлдір_______. 15) Біз Абай көшесінде_______. 16) Біззейнеткер_______. 17) Бізстудент емес_______.

5-тапсырма. Берілген диалогтардан кімдердің танысқандығын анықтаңыз.

а). -Кешіріңіз, қарындас, сізбен танысуға бола ма?

-Танысайық..

-Менің есімім - Асқар. Ал сіздің есіміңіз кім?

- Менің атым - Айсәуле.

-Есіміңіз қандай әдемі!

-Рахмет.

ә). –Ассалаумағалейкум, ақсақал!

-Уағалейкумассалам, балам! Қай баласың?

-Атым–Арман.Сіздің балаңыздың досымын. Біз бірге оқимыз.

-Өзің қай жерденсің? Әке-шешең кім?

-Мен Көкшетауданмын. Әке-шешем сонда тұрады.

-Руың қандай?

-Руым – найман.

-Өзің бір жақсы бала екенсің. Біздің үйге келіп тұр.

-Рахмет, ата. Уақытым болғанда келіп тұрармын. Сау болыңыз!

б). -Танысып қой, бұл менің әріптесім - Асылбек.

-Өте жақсы. Менің есімім – Мұрат. Мен Арманның досымын.

-Ал біз Арман екеуіміз бірге жұмыс істейміз. Танысқаныма қуаныштымын.

-Мен де.


6-тапсырма: Ережеге сүйеніп көптік жалғауын жалғаңыз

Азаматтар, емтихан______, мейрам______, жидек______, аспап______, хат______, маман______, қарбыз______, кітап______, күн____, сурет______, мектеп______, сұрақ______, сан______, әріптес____, дәлел___, балапан______,  зат______, балық______, әзіл____, есік______, ұлт______, пышақ______, қалам_____ көйлек______, оқулық______, шелек______, киім______, гүл______, жеміс______, дәптер______, көл______, ай______, нәрсе______, теңіз______, ауыл______,терезе______, кілем______, тау______, апта______, тіл______, үй______, көше______, қияр______, заң______, қоңыз______, бөлме______, оқушы______, батыр______, қой______, кесе______, жер______, қоңырау______, кітапхана______, қол______, сәбіз______, әйел______, көпір______,қоян______, сезім______, құрдас_____, дос_____, бағдарлама_____, ереже_____, тәсіл_____, атау_____, нағашы_____, бөле_____, тапсырма_____, тағам_____, әдебиет_____, кілем_____, ұлт_____.


7-тапсырма. Кестені толтырыңыз

Менiң
(-м /-ым / -iм)

Сенiң
(-ң /-ың / -iң)

Сiздiң
(-ңыз /-ңiз /
-ыңыз / -iңiз)

Оның

(-ы/і, -сы/сы)

өмірім

өмірің

өміріңіз

өмірі

досым




гүлім




дәптерім




көйлегім





8-тапсырма. Қазақ тіліне аударып, төмендегі кестені толтырыңыз.

Моя семья, ваша национальность, твой друг, его работа, наша дорога, твой стол, мой брат, твоё окно, его книга, твоя бабушка, ваш ковёр, его слово, его очередь, ваша статья, моя тарелка, твой корабль, её школа, его вино, твой учебник, мой класс, наше дерево, ваша дверь, её урок, моя ошибка, твой дом, его картина, ваше письмо.


Менiң

Сенiң

Сiздiң

Оның










Үйге тапсырма. Мақалдардың мағынасын түсініп, жаттап алыңыз.

а). Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.

ә). Танысы аздың – тынысы аз.

б).Сәлемге сараң болсаң - өмірде қараң боласың.

в).Сәлемі дұрыс емес салтанатты бұзады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2020
863
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі