400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Белсенді оқытудың тиімді әдістері: тәжірибеде қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытудың белсенді және интербелсенді үлгілерін енгізу – бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі. Себебі, студент оқу үдерісіне белсенді араласқан кезде ғана берілген материалды жеңіл меңгеріп, жақсы есінде сақтайды, мәніне тереңірек үңіледі. Сондықтан да бүгінгі күн талабы – студентті белсенді әрекетке тарту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Белсенді оқытудың тиімді әдістері: тәжірибеде қолдану

Оқытудың белсенді және интербелсенді үлгілерін енгізу – бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі. Себебі, студент оқу үдерісіне белсенді араласқан кезде ғана берілген материалды жеңіл меңгеріп, жақсы есінде сақтайды, мәніне тереңірек үңіледі. Сондықтан да бүгінгі күн талабы – студентті белсенді әрекетке тарту.

Оқыту үдерісінде тұлға зерттеу тақырыбына, талқыланатын мәселеге, жағдаятқа белсене араласып, сәттілікке қуанып, сәтсіздікке реніш білдіріп отырса ғана оның ішкі уәжі оянады. Сонда ғана білімді саналы меңгеруге ынтасы пайда болады.

Белсенді әдіс. Бұл – оқытушы мен студенттердің сабақтың өн бойында өзара белсенді әрекеті жүзеге асатын оқу мен оқыту әдісі. Студенттер - енжар тыңдаушы емес, сабаққа белсенді қатысушы Білім алушы сабақ бойы үдеріске 4 студент оқытушы студент студент араласа отырып, барлығын өзі жасауға қатысады: тапсырманы өзі орындайды, талдауға белсене араласады, жаңа тақырыпты меңгеруге атсалысады.

  1. ӘДІС, ТӘСІЛ, СТРАТЕГИЯ АРАҚАТЫНАСЫ. Жалпы зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, әдістемелер, жүйелер мен әдіснамалар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.

  2. ТАҚЫРЫПТЫ АШУҒА АРНАЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР. Миға шабуыл. Ми штурмы (дельфи), Кроdоs)ссенс, Терминдер арқылы боdоs)лжау, Шағын дәрістер, Кең ауқымды дәріс, Қара жәшік, Ассоdоs)циация.

  3. МӘТІНМЕН ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТӘСІЛДЕР. Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері-жүйелілік және тұтастық. ЖАЗЫЛЫМҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТӘСІЛДЕР. Мәтінді өз бетімен меңгергенен кейін ол туралы білім алушыда белгілі бір ой қалыптасуы 36 тиіс.

Интербелсенді («Inter» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен әрекеттестікте, диалог құрып, әңгімелесу үстінде болуы тиіс. Басқаша айтқанда, белсенді әдіске қарағанда студент тек оқытушымен ғана емес, бір-бірімен кең көлемде әрекеттестікте болулары шарт және оның белсенділігі басымдылыққа ие. Ал оқытушы - сабақтың мақсатына жету жолында оларға бағыт беруші. Сонымен қатар, студентті белсенді әрекетке жұмылдырып, оқу материалын өз беттерімен меңгеруге жетелеп отыратын өзара белсенді жаттығулар мен тапсырмаларды әзірлейді. Интербелсенді сабақтың негізін өзара белсенділікке жұмылдыратын әдіс-тәсілдер құрайды. Студенттер жаңа тақырыпты да өздері меңгереді. Интербелсенді әдістер арқылы студенттер оқу материалын жылдам меңгереді, естеріне сақтауға да тиімді. Сондықтан да инновациялық оқытудың негізі интербелсенді әдістерде жатыр.

«Қалай оқыту керек?» дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу үдерісінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат – мазмұн – форма – оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді.

Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері:.Бегалиева Гулжан Тунгишбековна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.03.2025
142
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі