жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бердібек Соқпақбаев "Менің атым Қожа" спектакль (сахналық қойылым)
Бердібек Соқпақбаев
Көзіме бір көрінсең бала ғашық
(сахналық повесть)
Қожа1 Қожа2 Қожа3 Қожа4 Жанар Жантас Сұлтан Майқанова
Қожаның анасы Әжесі
Анфиса Михайловна орыс тілі мұғалімі Бригадир
Бала Даулет - Жұмағұл
1.Бәрі шығады хор
Көктемді қондырып қанатына, Құс қайтып келеді Алматыма. Ән толды аспанға,
Құс қонды жас талға. Бақыт кеп қол алғандай.
Қайырмасы 2 рет Құстарды мен тостым, Айғайлап ән қостым, Арманым оралғандай Қуандым жарқылдап, Мәз болдым ән тыңдап, Құшақтап арманымды.
Қожа 2 шығады. –Менің атым ...Атымды айта бастасам тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады.Менің атым пәлендей әйдік атта емес.Жарайды өткенге өкініш жоқ дегендей істің турасына көшейік.Менің атым Қожа. (Массовка күледі)
Қожа 1:Күні бойы футбол ойнап әбден қалжырадым.Ойын үстінде
шаршағаным онша аңғарылмайды.Енді,міне дел сал болып,өзімді әрең сүйреп келе жатырмын.Аяққа қонған шаңды қарашы! Бір елі.Шіркін ай,осы бойда күмп еткізіп өзенге періп кетер ме едім, а?!
Айтпақшы,айтпақшы,бағана осы жерде қыздар шомылып жүр еді. Іштерінде Жанарда бар шығар? Жанар...атың қандай әдемі! Сендердің бұл қызбен танысып қоюларың керек.Жанар класстағы ең бір ақылды қыз.Екінщіден,сұлу.Әсіресе,қызыл береткасын киіп жүргенде сондай құлпырып,жайнап кетеді.
Қожа2:Пах,Шіркін,былай болса Массовка:Қалай? (Күліп кетіп қалады)
Қожа2:Адам әуелі үлкен болып жаралса,өмірдегі өзіне тиісті қызмет,мамандығын атқарып болғанан кейін барып балаға айналса.Сонда Майқанова маған қалай қарар еді. «Үлкен кезінде ол әйгілі жазушы болған.Оның есімі бүкіл дүние жүзіне мәлім.Олай болса менің оған әкіреңдей бергенім жарамас.жазушыны сыйлау керек»-деп тәубесіне келер еді.
Судың шетіндегі дымқыл құмда біреудің жалаң аяқ ізі сайрап жатыр.Мүмкін,осы Жанардың ізі шығар.Үңіліп,еңкейіп тұрып қараймын.
Қожа1:Иә,Иә..........иә Жанардың ізі.
Қожа2:Ақырын,ептеп қана аяғымды салып байқадым.Ізі аздап кішілеу келеді.Иә, бұл Жанардың ізі болуы тиіс.Бойымды тәтті бір сезім жайлады да,сол күйде қимылдамастан тұрып қалдым.
Ән
Асау өмір арнасында, Шалқып сәби сезімменен Он жыл мектеп партасында Бірге отырдым өзіңменен
Қайырмасы
Сездіруге батпадыңба а? Бала махаббатымды Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды.
Қожа1:Таңертеңгі шайымды ішіп алғаннан кейін аяңдап спорт алаңына қарай келе жатырмын.Мектептің қасында Жантас ұшыраса кетті.Қолында мөр басылған бір жазушы қағазы бар екен.
Жантас: Үй қара көже! Ха-ха,Қалың қалай?Қара көже Қалайсың?
Әй ,айтпақшы, қара көже сен мынаның не екенін білесің бе?
Қожа1: Ол не?
Жантас:Бұл лагерьге жолдама.Мына мен,және ауылдағы балалар,қыздар бәріміз лагерьге барамыз! Ха Ха Ха!Ал сен анау көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.
Қожа1:Оны саған кім берді?
Жантас:Кім беруші еді?Сүйікті мұғалімім – Мақанова апайым берді.
Жантас:Айтпақшы,айтпақшы, сен ол тізімде жоқсың сызып тастаған сені.Ха,Міне жоқ!
Қожа1: АА! Мен неге жоқпын .....
Жантас:Өйткені мен білмейм. Қожа1:Майқанова апай қайда? Жантас:Білмеймін.бағып жүр дейсің бе? Қожа1:Әкел
Жүгіріп бірін-бірі қуады.
Майқанова: Не болды?Не болды? Қадіров Қожа1:Маған лагерьге жолдама беріңіз.
Майқанова:саған бұл жолы жолдама берілмейді.Екінші кезекте барасың.
Қожа1:Неге?
Майқанова:Неге болушы еді.Біріншіден лагерге жолдама барлық оқушылырға бірден жетіспейді.Екіншіден біз лагерьге алдымен үлгілі,тәртіпті балаларды жібереміз.
Қожа1:Жантас немене,менен артық болғаны ма?
Майқанова:Сен немене мені тергегелі тұрсың ба? Ах,Қадіров! Қадіров!
Қожа1:Бермесеңіз қойыңыз!
Майқанова: Қадіров! Қадіров! Мұнда кел!Қадіров!
Жантас:Қара көже қалайсың?Жолдама алдың ба? Қожа1:Алдым
Жантас:Бердіма?Көрсетші ,қәне. Қане? Қожа1:Бері жақындашы Жантас:Көрсетші
Қожа1:Бері кел,Әй!
Қожа2:Түстен кейін төсегімде жатып ойға қалдым.Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды ғой.Әлгі Жанатасқа жолдама беріп,маған бермегені ,оныкі де әділ емес,оның бұл ісі ызамды осы келтірді.Дегенмен,Майқанова-мұғалім,класс жетекшісі.Ә, Жә, қәзір оқу кезі емес қой,каникул кезі,ол маған не істей алады?Үш айға дейін кім бар,кім жоқ?Мүмкін жаңа оқу жылы кезінде біздің класс жетекшіміз басқа біреу болар.Онда мен Мақанованың маңынада жолай қоймаспын.
Қожа3:Екі күннен кейін бір топ бала думандатып лагерьге жүріп кетті.Мен ішім күйіп ауылда қалдым. Ойымда – Жанар.Түнделетіп жайлауға кетіп қалсам,көпке дейін көре алмаймын.Сағынамын –ау. Менде өз-өзіме сұрақ қоямын.Неге ғана Жанарды ойлай берем? Оны көрмесем алакөңілденіп,тынышым кетіп тұратыны несі?Әлде,осының өзі әлгі жұрт айтатын,кітаптарда жазылатын не емес пе?А... Япыр-ай,осы бір сөзді ойға алсам жүрегім селк ете қалады.Егер оны Майқанова білсе,онда күнім не болар еді?Ә,Қадіров,қаршадайыңнан қызға ғашық болып,қарай гөр мұны!Мұны саған кім үйреткен?Мінекей нағыз масқара сондай болар еді.Мен Жанарға ләм деп бірдеңе айтпақ түгілі,оның жанына баруға жүрексініп тұратын себебім,міне,
осы.
Қожа 4:Жанардың үйі көшенің басына таман. Мүмкін ол ұшырасып та қалар. Мен оған жайлауға баратынымды айтамын.Олда мені біліп,ойлап,сезіп жүрсін. Осы Жанар мені жайшылықта ойлайдыма екен? Әлде ойламайма екен? А,айтпақшы Жанардың үйінде әжесінен бекер сескенетін тағы бір қорқынышым-осы үйдің антұрған төбеті.
Қожа1:Жо,Жоқ төбет байлаулы екен. Мен қора жақтан шарбаққа жақындай түстімде .Осы кезде үйден Жанар жүгіріп шықты.
Жанар:Жат,Ақтөс жат деймін.
көрші Уйде әжең бар ма ?Айналайын.
Жанар:Әжем бағана фермадағы Сүйінбай атанікіне кеткен.Әлі оралған жоқ.
Қожа1:Жанардың үйінде екенін білгенде қуанышым қойныма сыймады.Н е де болса бірер ауыз тілдесіп алуға бел байладым.Жанар!
Ән Сездіруге батпадыма ба а Бала махаббатымды
Қожа1:Кеш жарық,Жанар
Жанар:Кеш жарық,Қожа!Неғіп жүрсің? Қожа1:Мен
Жанар:Иә
Қожа1:А мен...мен а мен түнделетіп жайлауға барамын. Жанар:Мамаңа барасын ба?
Қожа1:Иә,иә мамама барамын.Жанар,не,сен,неге,а,сен неге лагерьге бармадың?
Жанар. Мен мамам келгенше үйде болып,әжеме көмектесем.Ал,Майқанова апай жолдаманы келесі кезекке беремін деді.
Қожа1:АААА Жанар:Қожа?
Қожа1:ААА
Жанар:Менің әжем үйде жоқ,жүр дойбы ойнайық. Қожа1:Жүр
Жанар:Жүр
Жанар:Қожа.Сен дойбыны жақсы ойнайиысың?
Қожа1:Онша емес
Қожа2:Ал,шындығында өзім теңдес балалардың бәрін ұтушы едім.Жанардың бетпе-бет отырған сүйкімді жүзіне,иығына төгіліп тұрған көмірдей қап-қара қолаң шашына,қарап толқып отырып,бірінші ойында қалай ұтқызып алғанымды байқамай қалдым.
Қожа1:Қап,осы жолы ұтам Жанар:Ұтпасаң не боласың?
Қожа1:Не бол десең сол болайын.
Жанар:Олай болса,дүние жүзіндегі барып тұрған мақтаншақтың өзі боласың.
Қожа1:Жарайды.
Қожа2:Ойын шиленісіп басталды.Ә дегенде-ақ екі пешкадан қарпысып алдым.Бірақ,біраздан кейін ойынның ара-салмағы өзгере бастады.Бір- екі жерден бір жүріп алдым.Жанардың екі пешкасы тағы тұр.
Жанар:АП АП!Ура! Жеңілдің!Жеңілдің Мақтаншақ Қожа ұтылдың,ұтылдың!
Қожа1:Ұтылған жоқпын Жанар:Ұтылдың Қожа1:Ұтылған жоқпын
Жанар:Ұтылдың дим! Қожа1:Тоқта,Жанар,қалай болып кетті?
Жанар:Міне, былай сен мені мынамен жедің,жедің, одан соң мен сені былай жедім.Биге шықтым.Одан кейін былай,былай, былай жеңдім! Мақтаншақ Қожа! Ұтамын деп мақтанып едің ғой!
Қожа1:Тоқта,менің әлі бір биім бар ғой. Жанар:Оның қолынан не келеді?
Қожа1:Көреміз.Сен әлі ұтқан жоқсың,жүріс кезегі менікі. Жанар:Ойнамаймын сенімен!
Қожа1:Ойнамасаң қой!
Ән.Жалт етіп жай отындай көкжиектен Әттең ай
Қожа4:Жанарды ренжітіп кеттім-ау,соншалықты неге кестім,аа?Ұзын жолдан шығып,жеңіле салсам нем кететін еді? Жанардың өкпелі пішінімен бұртия қараған киіпі көз алдыма келеді.Кешірші,кешірші,Жанар!Тұрпайылық істедім.Кінә менен.Жанар! Кешірші Жанар!Жанар!Жанар,кешір!Жанар,кешір!
Ән
Айналдым еркем-ай, Айналдым еркем-ай Айналдым еркем-ай,
Қожа1:Әже,әже,маған төсек салмай –ақ қойыңыз.Мен бүгін жайлауға кетем.
Әжесі: Ойбай-ау, мұның қалай,осы жеті қараңғы түнде ма?
Қожа1Иә,түнде.Күндіз ыстық қой.түнде жол жүрген денсаулыққа пайдалы емес пе?
Әжесі:Әй,көлікті қайдан таптың?
Қожа1:Қайдан тапсам да таптым.Көлік даяр,әже!
Әжесі: Әй,сен,оңбағыр,тағы да бір бәле шығарғалы жүргеннен саумысың?
Қожа1:Туу,әже!Не пәле шығарушы едім?Осы сіз – ақ маған ылғи шүбәланып тұрады екенсіз.
Әжесі: Шүбәләнбай қайтейін.Өзің тыныш жүрмейсің.Шыбыным,әйтеуір ешкімге тимей,ұрынбай жайыңа жүр.Тік жүрсең,тоқ жүресің – дейді атам қазақ!Саған айтар ақылым – тыныш жүр.Тыныш жүр.Біреудің ала жібін аттаушы болма.Мешкей деген жақсы ат емес.
Қожа1:Иә,иә,әже.
Қожа2:Әжем менің қызық адам.Тұрмыстың қарапайым қағидасынан одан жүйрік мына ауылда,сірә, табыла қояр ма екен?Сөйте тұра ол көп нәрсеге келгенде сәбидей аңқау,қараңғы болғаннан кейін аңқау болмай қайтсін?Мен оған қанша әурелесем де осы күнге дейін оған Жердің домалақ екендігін түсіндіре алмай-ақ қойдым.Қолын бір-ақ сілтейді.
Әжесі: Әй, Жер домалағы несі?Сен домалақсың.Басымды қатырмай бар.Бар!
Қожа1:Кейде екеуміз құдай жөнінде де сөзге келісіп қаламыз. Әжесі:Құдай жоқ болса дүниені кім жаратты?
Қожа1:Әже, дүниені ешкім де жаратқан жоқ. Ол өзі жаралған. Әжесі:Сен сонда не, қасымда қарап тұрып па едің? Дінсіз неме! Қожа1:Әже,қарап тұрғаным жоқ,кітаптан білем,кітаптан.
Әжесі:Ал,адамды кім жаратты? Қожа1:О, ал адам маймылдан жаралған.
Әжесі: Тәйт,сандалған неме,сандалмай бар онда ормандағы маймыл әке-шешеңе!Не дейді,маймыл.
Қожа2:Әжем екеуміздің ғылыми туралы таласымыз әрқашан осылай аяқталатын.
Сұлтан:у-у-у-у.(үнімен). Қожа1:Сұлтан!Сұлтан сен қай жақтан жүрсің?
Сұлтан:Жайлауда жүрмін. Қожа1:Жайлау қалай екен?
Сұлтан:Жайлау биыл тамаша,шөптің шығымын көрсең белуардан келеді.
Қожа2:Белуардан келеді? Сұлтан:Ия.
Қожа1:Барайын десем көлігім жоқ. Сұлтан:Ой,мен алып кетейін.
Қожа1:Қалай алып кетесін?Көлігін бар ма? Сұлтан:Онда шаруаң болмасын.Ер-тоқымың бар ма? Қожа2:Бар.
Сұлтан:алып шық ер- тоқымыңды.Әжең көріп қалмасын,тез-тез!
Қожа2:Сұлтан менен 2-3 жас үлкен.Әкесі Сүгір жылқы бағады.Өзі осыдан біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен.Содан бері бұрынғының серілері құсап әкесінің арқасында сәйгүліктен сәйгүлікке таңдап мініп ылғи жортуылдайды да жүреді.кейде айлар бойына зым-зиян көрінбейді,сосын қайта пайда болады.Не істеп,не тындырып жүретінін бір құдайдың өзі білсін.
Қожа:Қайда салайын?
Сұлтан:Сал мына менің артыма.Менің құлан дөненім аман болса,екеумізді жайлау түгілі Алматыға алып барады.
-Шуү жануар!
Ән ақбозат шауып келед Жануар тоқтай қалад
Сұлтан.Қара көже шылым шегуге қалай қарайсың
Қожа1 жоқ
Сұлтан өй осы уақытқа дейін шылым шегуді үйренбей нағып жүрсің мә үйрен
Қожа1 жоқ өзің тарта бер
Сұлтан Ей жындысыңба ертең мына отырған жұрт айтады неге үйретпегенсің деп мә тарт
Сұлтан сен не істеп отырсың 2 рет 2 де ашуланып.Осылай тарта ма екен тым жақсы сигаретті осынша қор қылуын қараш
сауатсыз надан,қара. ішке тартады ішке Қожа1. а ішке ма айтпайсыңба
Ойбай Сұлтан басым айналып барад
Сұлтан .ойбу Қара көжем у ажалыңнан үш күн бұрын өлетін болдың ау енді сенің апаңа не бетімді айтам.Ей қара Көже тұр қымыз ішеміз
Сұлтан әй бұл кімнің үйі а? Бала Жұмағұлдың үйі Сұлтан Жұмағұл не істейді Бала қой бағады
Сұлтан.Қой бағады де үйде кім бар Бала үлкендерден мен ғана Сұлтан үйде қымыз барма?
Бала Жоқ көршілер ішіп кеткен
Сұлтан неге алдайсың?анау астыңдағы 5 литр қымызды қайда қоясын
Бала оны саған кім айтты
Сұлтан оны маған жаңа қой бағып жүрген сенің әкең менің досым Жұмағұл айтты.Үйдегі тұрған қымызды төкпей шашпай ішіңдер деді.
Атың кім сенің? Бала Дәулет
Сұлтан е сенің есіміңді неге Дәулет деп қойғанын білесіңбе.Сенің есіміңді Дәулет деп дастарханы бай мол дәулетті болсын Дәулет деп қойған.
Бала оның кілті менде
Сұлтан сен ашып жібер біз қымыз ішейік сосын ары қарай жол жүрейік
Бала оны менің мамам ауылға ақшаға беріп жібереміз деген Сұлтан нені
Бала қымызды
Сұлтан өй жана сенің әкең айтқан жоқпа қымызды ішіңдер
Бала оны әкем саумайды анам сауады ғой.сатамыз деді ғой ақшаға Сұлтан сен қымыз берсең біз ақша береміз
Бала анам ұрыспайма ? Сұлтан жоқ ұрыспайды Бала жарайды ішіңдер Сұлтан бәрекелді жарайсың
-ӘН Дегенде құрғақ киіз, құрғақ киіз
-Қаракөже, қоя тұршы, ей, қоя тұршы. Қарасаңшы мынаған, қарасаңшы.
Қожа1-Бұны қайдан алдың?
Сұлтан-Тамаша баладай болмай ма,ә? Қожа1-Әдемі екен,мұны қайдан алдың?
Сұлтан-Сұлтекең 10пузакпен әуестенбейді. Сен оны біліп қой.
-Әй, дымың ішіңде болсын,Қаракөже! Қожа 1-Ассалаумағалейкум, ата!
Жұмағұл-Уағалейкумассалам Сұлтан-Саламалейкум!
Жұмағұл-Әй, оттықтарың бар ма? Қожа1-Бар, ата, бар
Сұлтан-Жоқ...а, бар екен
Жұиағұл-Қай совхоздың балаларысыңдар? Сұлтан -Калининский
Қожа1-Ей, Калининскийдің балаларымыз деп неге өтірік алдайсың? Сұлтан-Өй, жаңа қымыз ішкен үйдің иесі осы Жұмағұл ғой
Жұмағұл-Ай, рахат-ай, бағанадан бері қансырап тұр едім.Қай совхаздың балаларымыз дейсіңдер?
-Жұмағұл Калининскийденбіз
-Сұлтан Әй, Қаракөже..Қаракөже
Қожа1- Оны мен алған жоқпын ата, қасымдағы бала алды Жұмағұл-Қай бала?
ҚОЖА1-Сұлтан деген бала ән ЖАЗИАРА
Қожа2-Жайлау біздің осылайша тәмам болды. Ауылға әндетіп, думандатып кірдік. Колхоз кеңесінің алдында ішінде председателі бар бірнеше адам бізге қарап әңгімелесіп тұр екен. Машина олардың қасына келіп тоқтады. Сабыр председатель қолын шаттана көтеріп, бізді қарсы алды.
Председатель: Ай, амансыңдар ма, аяулы
-Сәлеметсіз бе!
Пред: Қане, жиналыңдар, сендердің суреттеріңді газетке сұратып жатыр. Таласпаймыз, таласпаймыз!
Қанекей, дайынсыңдар ма? 1-2-3
Қожа1-Машинадан түспей, балалар суретке түскелі жатқанда аяймыз ба тұмсықты. Мен орта шебінде едім. Келдім де алдыңғы шебіне кеп қасқайып тұрдым да бейтаныс жігіт шырт-шырт еткізіп суретке түсіріп алды.
предс-Ал, аман болыңдар! массовка-Сау болыңыз!
Қожа1: -Машинадан түскен бойда мен әдейі орағытып Жанардың үй
жағымен өттім. Есікке құлып салынбаған екен. Жанар үйде ме екен? Үйде емес пе екен?
Жантас: -Не істеп тұрсың, Қаракөже? ҚОЖА 1-Ей, не қыласың?
Жантас-Сағынып қалдың ба? Қожа -Кімді? Нені?
Жантас-Білем кімді сағынып, кімді сығалап, кімді нетіп, нағылып жүргеніңді. Білмейді-ау дейсің бе?
Қожа1-Мә саған, бар жүгір..
Бұл сөзді мен қалай батыл айта салдым десеңші а? Қай мағынада айтқанымды өзім де білмеймін. Жүрегім селт ете қалды. Иә, Жантас қуға сол керек.
Кейіннен білдім, Жанар ауылда жоқ екен. Лагерге кетіпті. Құлазыған далада жалғыз қалғандай болдым. Екі иығымнан зіл батпан көңілсіздік басты.
Ән Алыстан бұлбұлдар Аңсайды
Қожа4-Төр үйге кіріп, столыма жайғасып отырдым да, Жанарға хат жаздым. Мүмкін көркемдігі пәлендей жүйрік бола қоймас, бірақ шындық бар, сезім бар. Әлде көптен қолыма қалам ұстамағандықтан кеудем жырға толып кеткен бе, әлде Жанарға деген сағынышымның тасқындап құйылған түрі осы болды ма, шүпілдеген 2шумақ өлеңді ешбір қиналмастан жазып тастадым. Өте-мөте сәтті шыққаны, соңғы қорытынды шумағы болды.
Жаным, сендей жан болмас, Туса, туар артылмас
Бір өзіңнен басқаға, Сағынышым айта алмас
Эх, шіркін, мойынға алған жұмысыңды тындырып тастап, рахаттанатын кезің болады-ау. Сондай бір жетіскен халде орнымнан
түрегелдім де, сағатқа қарасам, 11болып қалыпты. массовка-Жанар,
Қожа4 Жанар, сені қатты сағындым!
Қожа2: -Тоқта, кенет өлеңнің соңғы шумағын тағы бір қайталай бергенде, тоқта деген бір сұрақ көмейіме көлденең тұра қалғандай болды. «Ол өлең сенікі емес»,- деді әлгі сұраушы бәлем. Енді кімдікі? Өзің ойлап көрші..ойланам.. Я, шынында да, кенет көзім бақырайып, тынысым бітіп қалғандай болды. Мәссаған, әкем-ау, мынауың Абайдың өлеңі ғой. Дәл өзі. «Айттым сәлем Қаламқас» деп басталатын Абай атамыздың өлеңі.
Ұшып түрегеп, Абай атамыздан ауысып кеткен шумақты сызып тастамақ болып, бір тұрдым да... тағы да ойға қалдым. Бұдан біріншіден дәптер былғанады. Екіншіден болса, Абай – ұлы ақын. Мен сияқты жас талапкер оның бір шумақ өлеңін кәдеге жаратқан екен.
Одан немене, ұлы ақынның шалқар мұрасы азайып қала ма? Мен оны бәрібір баспаға ұсынайын деп жатқан жоқпын. Сондықтан, тұра берсін, сызбаймын. Сайып келгенде, Абай кім? Мен кім? Екеуміз де қазақпыз. Екеуміз де ақынбыз. Ақын ақынға қарайласпасын, жәрдемдеспесін деп еш жерде жазылмаған.
Ән сегіз аяқ
Алыстан сермеп,жүректі тербеп Шымырлап бойға жайылған Қиуадан шауып қисынын тауып Тағыны жетіп қайырған
Толғауы тоқсан қызыл тіл Сөйлеймін десең өзің біл
Қожа1: Балалар, балалар, адам деген қызық қой я? Оқып жүргенде, демалысты аңсайсың. Енді мен де оқып жүріп, демалысты аңсағандаймын. Қыстыгүні жаз болса екен дейсің, қыста жазды көксейсің. Бұл неліктен? Адам баласының бабын қалай табуға болады. Дегенмен, менің оқуымды аңсауымда сап-салмақты себеп бар. Оқу басталды деген сөз, Жанармен бірге болам деген сөз.
Айтпақшы, бүгін лагердің жабылатын күні екен. Олай болса, Жанар келеді. Урааа!
-Жанар, Жанар, мен сені сағындым, Жанар. Сен қайда болдың, Жанар? Лагерде болдың.. Жанар..
Әжесі: Құлыным, ойбай, Қожа, ойбай. Астапыралла саған не болды? Қожа: Туү, әже сіз бе?
Әже: Бісміллә! Ойбай, әлгі анау қызыл бұзауды тауып, қораға кіргізіп қойшы. Мына ыстықта енді ол жайылар деймісің? Бара ғой, бар.
Қожа1: Мен үйде емеспін, әже. Әже Үйде болмасаң да бар.
Қожа1: Қалай барам? Сіздің жұмсағаныңызды естіген жоқпын ғой әже. Әже: әй, қылжақтамай, бар деймін, бар деген соң.
Қожа1: Ал, бармадық делік әже, сонда не болады? Әже: Ал бармасаң, меннен тоқмаш жейсің
Қожа: піскен тоқмаш па әже? Әже1: піскен, піскен. Бар енді.
Қлжа1: Менің қылжаңыма тойғыза бастағандықтан әжем енді үндемеді. Ақырын бұзаулар жайылатын жаққа қарай келе жатырмын. Лүп еткен леп жоқ. Қапырық.
Қожа3 Осы кезде, қабақтан маңқиып келе жатқан өзіміздің қызыл бұзауды көрдім. Ізімен жүріп, қуып айналтып, жүгіре жөнелдім. Әй, бұзауды басып о жағынан бір шығам, бұ жағынан бір шығам. Не боп қалғанын түсіне алмай, сасқалақтаған қызыл бұзау тарсылдатып, көршінің қорасына кіріп кетті. Ол жерден қызыл бұзауды жетелеп алып шықтым. Сол кезде сап етіп басыма бір ой келді. Егерде, қызыл бұзау адам тілін түсінетін болса, онда мен тізерлеп отырып өтініш жасаған болар едім ғой. Сүйкімді қызыл бұзау! Мен тағы қуған болайын, сен қашқан бойда ұстатпай, Жанардың қорасына кіріп кет. Сонан соң абалап ит үреді.Үйден Жанар жүгіріп шығады. Мен оны бір айдан бері көрген жоқпын. Сол арада біраз тұрып, сұхбаттасып, әңгімелесіп алатын едім. Сүйкімді қызыл бұзау, сені соны түсінемісің?
Қожа4: Әй,әй!Қызыл бұзау бұны қайдан ұқсын? Қоя берсең болды, үйге қарай безгелі тұр. Жоқ, сен әуелі маған қызмет істе. Мен бұзауды ноқтасынан жетелеп, Жанар үйінің алдына алып келдім.
Ешкім қарап тұрған жоқ па деп, жан-жағыма көз саламын. Тым-тырыс. Сонан соң бөтен аулаға айдатып..О, Жолағысы келмейді. Жерден жіңішке шыбық тауып алдым да, сауырға салмастан оысп-осып жібердім. Шіркінге жан керек екен, төргі бұрышқа бір-ақ барып жетті. Анау ілініп тұрған легенді құлатып, ауланың әлек-шелегін шығарды.
Сол кезде ойлағанымдай, Жанар жүгіріп шықты. Адам осындай кезде сасқаннан не айтарын білмей қалады екен ғой. «Жанар, Жанар, ана бұзауды бері қарай қуып жіберші»,- деппін. Бұдан басқа ештеңе айта алмадым. Қожа4Иттен үркіп шыққан бұзаудың соңынан қуып кете бардым.
Ән гүлімдей жайнап асыр сап ойнап Еркелеп өскен ауылым
Қожа2Бүгін сентябрдің бірі!!!
Мектептегі формамды парадқа асыққандай қатырып киіп келе жатырмын. Әне, алдымда Жанар үйі көрінді. Жанар мектепке кетті ме екен? Кетпеді ме? Бұл үйдің алдынан үкімет басшылары тұрған трибунаның қасынан өткендей кеудемді кере түсіп, сіресіп өтіп барам. Қайдан білейін, мүмкін терезеден Жанар қарап тұрған шығар. Жоқ, көз қиығымды салып байқасам, Жанардың қарасы көрінбейді. Келесі көшеге бұрылғанда, алдымнан папка құшақтаған бір қыз шыға келді.
Майқанова: Қадыров, сен жазда қайда болдың? Қожа1: мен жайлауда болдым.
Майқанова: Бәсе, жайлауда болғаның көрініп-ақ тұр. Анау, күнге жақсы күйіпсің. нағыз қара көже енді болыпсың.
Қожа1: Апай!
Майқанова: Кешірім сұрама!
Қожа2: Мәссаған, Майқанова апай ештеңе сезбейтін тәрізді. Мен Майқановамен келе жатып, өзімді, өімнің мықты қсіп кеткенімді байқадым. Жоқ әлде, Майқанова аласарып кеткен бе? Жоқ, қайта
оның қазір киіп келе жатқаны, биік өкшелі туфли. Көйлегінің етегі қисық маймаң аяғының етегіне оралғыштап келе жатыр. Жарайды, мен классқа кеттім.
Қожа2.Мынау біздің класс. Әлі ешкімнің келе қоймаған түрі бар. Орынды қай жерден алсам екен деп ұзақ тұрдым. Менің ендігі күткенім, Жантас..тьфу бұл оңбағанның аты аузыма қалай түсіп кетті? Жанардың келуі. Қасымдағы орынды оған ұсынбақпын. Сосын жыл бойы Жанар екеуміз қатар отырамыз. Балалар біртін-біртін келіп, классқа кіріп жатыр. Жанардың қарасы көрінбейді. Даладан қыздардың үні шықса, сол екен деп қалам. Бір кезде Жантас оңбаған кіріп келді. Оның үстінде де жаңа форма. Көрдіңдер ме мені дегендей, аяғын ширатыла басып келеді.
Массовка-Мә, судай жаңа киімін қара!
-Етігін қара!
Жантас: -О, сәлем бердік еңбек еріне! Жаның бос па?Қаракөже? Қожа1: Саған сақтап отырмын Жантас
Жантас: не деген кең жүректі кең пейілді азамат десеңізші. Рахмет, Қаракөже
Қожа1: Бос емес
Жантас: Кім отырады бұл жерге?
Қожа: Түсінесің бе қазақша айтқанды? Бос емес!
Жантас: Ааа, бұл жерге Ж-дан келетін қыз отырады. Бұл оны Жанарға сақтап отыр ғой. (Жанар кіріп келеді)
Жантас: Жанар, қалайсың?
Қожа1: -осы кезде класқа Жанар кіріп келді. Басында маған ғажап ұнайтын қызыл береткасы бар, Мен мұндай әбігер халде тұрып, онымен амандасуға мұршам да келмеді. Жанар кластағы басқа бір шеттегі партаға отырды.Оңбаған Жантастың кесірінен жоспарымның күл талқаны шығып, парша болды.
Ән Ақ көңілді ақ арманым
Қожа1-Көзімді ашып, қабырға сағатына қарасам, 8ге 15 ақ минут
қалған екен. Бірінші сабақ орыс тілі болатын.
Анфиса: -Здравствуйте ребята! Садитесь пожалуйста!
Так, байқауымша, бәрі түгел екен. Жарайды. Пушкиннің «Қысқы кешін» жаттап келдіңдер ме? Қазір бәріңнен сұраймын.
Қожа2: Сендер осы сәттегі Қожекеңнің халін білсеңдер етті. «Қысқы кешті» жаттап келмек түгілі, мен ондай тапсырма бергенін ұмытып та кеткен екенмін ғой. Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы бүлк ете түсті. Анфиса Михайловна тақтаға шақырып, сұрай бастады. Әуеле, Балабекова деп Жанарды атады.
Анфиса: Балабекова, келе ғой
Қожа2: Жанар сабаққа дайындалмай келуші ме еді? Буря мглою небо кроет, Вихри снежные крутя, деп бастады да тоқтамай сыдыртып айтып шықты.
Анфиса: Жарайсың Балабекова! Отыра ғой
Қожа2 Жарайсыңды Жанарға іштей мен де айттым. Жазған басым, кеше осы өлеңді бір жапырақ қағазға көшіріп алып, балыққа ала кетсем ғой. Ерігіп, демалып отырғанда тез-ақ жаттап алар едім.
Анфиса: Тұрсынбаев? Ж? Жантас-Мүмкін Б шығар? Анфиса: - Ж, Жантас.
Жантас: -Буря мглою .. вихри снежные крутя.. А: Тұрсынбаев, тақтаға шығып айтыңыз
Жантас: Мұғалім бәрібір емес пе? Тақта не, парта не? А: Тәртіп жұрттың бәріне бірдей. Тақтаға шығып айт.
Қожа2: Ох, сұмпайы Жантас. Сұмпайысын қарай гөр. Партаның астынан кітап ашып қойып, соны бір көзіен сығалап, қарап тұрмақшы ғой. Жантастың пасықтығына жем бола қоятын Анфиса Михайловна емес.
А: Ал, енді айта ғой, Тұрсынбаев? Қылжақты қой да тақтаға шық.
Жантас: Қылжақтап тұрғаным жоқ. Аспушкина.Буря мглою небо кроет...білем
А: Тихо ребята! Дальше? Тұрсынбаев неге жаттамай келдің?
Жантас: Мұғалім, білесіз ба, кеше вахтадан келдік. Түнімен қолым ауырып, жаттай алмадым.
А: Тұрсынбаев, осы сенің-ақ сылтауың бітпейді Жантас: Енді елдің қамы, жұрттың қамы бітпейді ғой
А: Тұрсынбаев, отыр 2. Білсең білем, білмесең білмеймін деп шыныңды айт
Жантас: Айтам мұғалім А: Отыр 2
Жантас: Жоқ, айтам
А: екі 2..үш 2... Тихо ребята, Тұрсынбаев отыр немесе кластан шығып кет.
Жантас: Бірақ келесі жолы айтам. Жантас-Апай, апай!
А: Жаханов келе ғой
Қожа2: Тағы бір қатерден жаным қалғандай ух деп демалған шығармын. Менің ендігі бар үміт артқаным- қоңырау үні болды. Шіркін- ай, сол сыңғырлап қоя берсе ғой. Келесі жолы «Қысқы кешті» жаттап келіп, бірінші болып айтар едім. Япыр-ай 45минут уақыт енді өтсе керек еді ғой. Жаханов та тоқтамай, зулатып айтып шықты.
А: -Жарайсың!
Қожа2: Мұның барлығы немене, бүгін тез айтқыш болып кеткен бе? Мұғалім еңкейіп оған баға қоймақшы. Жаным қыпылдап, тырнағымның ұшына келді. Енді кімді шақырады екен, а?
А: -Так, Қадыров. Қадыров бар ма? Жантас: -Міне, міне...Қадыров!
А: Қожа, келе ғой
Қожа:2 Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмегеннен дәрменсіз халде орнымнан сүйретіліп, ілгері келе бердім. Қысылғаннан маңдайымнан бұрқылдап суық терім шығып кетті. Бірақ, білесіздер ме, адам өмірінде тілін сипаттап айтуға жетпейтін неше алуан бақытты минуттар береді ғой. Дәл соның бірін мен осы сәтте бастан кештім.
А: Айта ғой Қожа
(Қоңырау үні)
Қожа 4-Балалар, балалар! Майқанова апай ауырып қалыпты, сабақ болмайды. Урааа!
Ән қызыл құмда ауылым
Қожа4Мұғалім ауырып қалып, сабаққа келмей қалса, балаларда одан бетер қуаныш бар ма?! Класстың іші мәз-мейрам болып шулаған дауысқа толып кетті. Содан далаға шығып доп ойнадық. Ал бұл жолы ерекше бір шабытпен ойнадым. Талай қыңыр доптарды қиырдан қағып алып, жалт-жұлт етіп, жан таппай жүрмін. Мүмкін, бізлің ойнымызды тобымен келіп қыздар қарап тұрғандықтан осылай шығар. Жанардың алдында нашар ойнауға менің қандай қақым бар? Бір рет қиын бір допты жығылып жатып алғанымды қайтесің? Етбетінен төртбағандап дік ете қалдым. Допты аспаннан қағып та үлгердім. Орнымнан лып етіп тез түрегелдім де, қыздар жаққа көз салдым. Олар да мәз.
Жанар? Япырау, Жанар қайда? Мыналардың арасында Жанар жоқ қой. Бағанадан бері мен Жанар қарап тұр екен деп, жанымды пида етіп ойнап жүрсем. Ойнамаймын.
Қожа, Қожа, Қожа?
Қожа1Қолымнан шығып кетті. Мен ойнамаймын. Жанар қайда?
Бұлардың арасында Жанар жоқ қой. А, оның класта тапжылмай кітап оқып отыратын бір әдеті болушы еді. Мен класқа қарай кеттім.
Қожа 2 Класқа келдім де, тұрып қалдым. Көргеннен де менің көрмегенім артық еді. Класста Жанар мен Жантас қана отыр. Басқа ешкім жоқ. Бір партаның үстінде, бастары бір-біріне тақала түсіп, әлдеқандай бір суретті журнал оқып отыр.
Қожа1 Не оқып отырсыңдар?
Жантас: Жай отырмыз.
Қожа2.Не істерімді білмей, тұрып қалдым. Ішіиде бір әлдеқандай отты құйын көтерілгендей болды. Мен Жанармен бірде-бір бұлай отырып көрген жоқпын. Неткен ақымақпын десеңші, а?! Сабақ болмай қалғанда осындай бір қызық журнал тауып әкеліп, Жанарға оқып беру бұған дейін менің басыма неге келмеді екен? Жантастың қуын.
Қожа1.Жантас, жүр сыртқа шығып волейбол ойнайық. Жантас.Жоқ, кеше мен қолымды ауыртып алып едім.
-Жанар Қожа бөгет жасамаш
Қожа2 мәссаған мен Жанардың аузынан мұндай сөздің шығатынын үш ұйықтасам түсіме кірмепті.Төбемнен суық су құйып жібергендей күй кештім.Өз орныма бардым портфельімді ақтара бастадым,не іздегенімді өзімде білмейм жүрегім дүрс-дүрс етіп қағып соғады мен мисызбын мисыз,қашанда біреулердің ісіне қызығып қызғанып тұрам.менің де басым жұмыс істейтін заман болар ма екен болмас па екен?
Ән сен жанымда жүрсең
Қожа1Есік алдына тоқтаған бір матоциклді көрдім.Одан менің мама түсіп жатыр.Көше жақтан қолына ошақ ұстаған әжем келе жатыр
анасы.Амансызба апа
әже аманмын рахмат жәйшә келдіңбе
Анасы жұмысты тастап адам жәйша келуші ме еді?
Әлгі жер әлемді шулатып өрт қойып жүрген бұзақы баланың әлегі Әже-Бұзақы болатындай соншама ел тонап кісі өлтіріппе
анасы- сабақ үстінде мұғалімді бақамен шошытқан адам.тура ертең кісі өлтіруден де тайынбас
Әже-Бақа әкел деген өздері айтқан екен.Жалғыз Қожа емес сыныптағы балалар да әкеліпті.Сол сабаққа керек деп соямыз деп көлшіктен бақа ұстап алып жүрген енді соның барлығына баяғы аты шулы Қожа кінәлі ме?
Анасы.-Ей жарықтығымай сіздің ғана өсиетіңізді тыңдап өскен бала қалай болсын
Қожа1Балапанын қорғаған мекенедей әжем шыр шыр етеді.Сотқар немересін қамқорлығына алуын қараш.Ай әжем қайырымды әжем.менің осындай тентек екенімді біле тұрып үйстесің ау
Әже.Әй сен қайда қаңғып жүрсің шешең байғұс келді әне барсаған ашулы,бар.
Қожа1.мама сен жылып отырсың ба?
Анасы. иә жылап отырмын қайтейін жыламай құдай бағымды ашпаған мен сорлыға жылаудан басқа өзге не бұйырған.Қу жалғыз ау осы сенің ақ күйігіңді тартып өлетін болдым ау. Бұл не сұмдық жүрген жеріңнен бір шөп шықпағыр болып жүрсің ғой,өлтірдің ғой өлтірдің ғой мына сорлы анаңды неге тыныш жүрмейсің осы саған не жетпейді
Қожа1 мам мам қойшы жыламаш мам кешірш
Анас.жолама мама деме Бұлай қор болып сорланғанша қу бас жалғыз тастаған артық еді ғой
Қожа мама кешірші енді тәртіп бұзбайсын ант етейін.мені кшірші мама
Анасы мен үшін сенің адам болғаныңнан басқа ешқандай бақыт
жоқ
Ән Сағындым ғой Ауылды сағындым ғой сағындым ғой Қожа2Тарих тағы бір күнге ұзады.осы бір тәуліктің яғни24 сағ
ішінде кімнің басынан не көшіп үлгермеді дейсің.мен өз өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім.мамамның мен үшін сенің адам болғағыңнан артық ешқандай бақыт жоқ деген сөзі құлағымнан кетер емес.сенші маған маматай сенші адам болам қалайда адам
болам мынау деген жазушы болмасам не қыл дейсің .мен енді кешегі Қожа емеспін бүгін менің жаңа өмірімнің алғашқы түні.
Ән .Бәріде зуылдайды
Қожа1. мамам жайлауға кетті мен мектепке пет советке келдім Директор.Иә Қадыров біз сені мұнда не үшін шақырып отырмыз
білесіңбе?
Қожа. иә білем тәртіпсіздігім үшін
Майқанова.Ал мына жолдастарыңа не айтасыңдар? Кім сөйлегісі келеді.
Жантас. мен сөйлейм
Қадыровты оқудан шығару керек ол уәдесін орындамайды.сосын анау жолы Майқанова апайды қорқытып өлтіріп қоя жаздады.Сосын ол қыздарға хат жазады
Майқанова.Қай қызға хат жазады
Жантас. Білмейм үлкен әріппен Ж деп жазып қойған сосын екеуміз Қозы Көрпеш Баян сұлу сияқты мәңгі бірге болайықшы деп жазып отырған масқара емеспе?
Қожа1.Өтірік айтасың
Жантас. Өзің өтірік айтпа алдында Майқанова апайдың сабағында партаның астына тығылып жазып отырғаныңды көргем
Қожа1.өтірік
Директор. Қадыров мектеп өмірі жүйкеңді тоздырды ма бұдан былай мектепте оқығың келмей ме?
Қожа1. жоқ
Директор. ендеше неге қоймайсың тәртіпсіздікті Қожа1.Ең соңғы рет кешіріңдерші.
-Майқанова. Қадіров түзелмейді. Ол бізге талай рет уәде берген.
Қадіровті оқудан шығару керек.
Ән «Ұстазым ақылшы дос, ой арманым Арналсын саған деген ...»
Майқанова-Жо- жоқ. Қадіров ертең адам болатын бала.
Ән Ғалым да, шахтер да бас иетін Ұстазың бар сенің қасиетің
Білім берген...ой берген ақыл берген Көз алдымнан кетпейді ау асыл бейнең
Ұстазым ақылшы дос, ой арманым Арналсын саған деген аяулы әнім...
Қожа1.Мен Майқанованы қас дұшпаным деп санап жүрсем, «Ол түбінде адам болатын бала» деп айтқаны қалай? Міне жұмбақ. Мен Майқанованың жетім өскендігін бөлмеуші едім. Енді оған біртүрлі аяныш көзбен қарай бастағандаймын. Бәсе, қыста бүрсеңдеп жұқа пальтомен шықты. Қайтсін енді. Оқу бітіргеніне бір жыл ғана болды. Әй, Қожа- ай, ақымақсын. Шикісің әлі. Қарбызыңның ішінде судан басқа дәнеңе жоқ.
Өлең. «Көзіме бір көрінсең бала ғашық»
Нұрила кемпірдің үйінің алдында қара қаншық сүйек кеміріп жатыр екен. Оған байқатпай жерден жұдырықтай тасты іліп алдым. Қасынан өте беріп, дәл бүйірінен жіберіп қалмақшы едім. Кенет, сап етіп бір ой келді басыма. Япыр- ау, бұл ит маған не істеді? Мен оны неге ұрамын? Сосын үйдің иесі шықпай ма жүгіріп? Қарғап, тілдемей ме мені. Тәртіпсіздік деген, міне, осындайдан туады екен ғой.
Қолымдағы тасты былай лақтырып тастап, өзімді- өзім іштей сөгумен жөніммен кете бардым. Келесі көшеге бұрылғанда алдымда Жанар кетіп бара жатқанын байқадым. Қоңыр көйлектің етегі дөңгелене төгіліп, шағын бойына жарасып барады. Басында мен ұнататын қызыл беретка. Қолтығымнан қанат біткендей болып жеделдей басып, жанарды лезде қуып жеттім.
-
Жанар?
-
Қожа!
-
Сәлеметсің бе, Жанар?!
-
Амансың ба, Қожа? Қожа, кеше сен қорықтың ба мектептен шығарады екен деп?
-
А? Неге қорқамын? Шығарса Сарытоғайдағы нағашымдікіне барып оқитын едім.
Жанар? Иә?
Сен кешегі хатты кімге жазғанымды білесің бе? Жанар? Қай хатты?
Жиналыста Жантас айтқан хатты. Кімге?
Мен...
Кімге жазып едің? Мен...Жанар...
Кімге жазып едің, Қожа?
Мен...мен.. мен. Ай, жай ойнап айтып едім.
Жок... (Ән . «Сездіруге батпадым ба, ай?»)
Шіркін бүгінгі кеш қандай әсем еді. Ай жарық, аспанның көк жібек шатыры бар жиһазын тағынып, мөлдіреп тұр. Клуб жақтан гармон үні, балалардың шуылдап ойнаған дауыстары естіледі. Бойымда бір керемет жігер оты лапылдап, солай қарай бет алдым. Ай нұрынан лапылдап ойнаған күміс көпір белдеулер бет алдымда, ауылдың дәл іргесінде өзен жатыр жарқырап. Мөп-мөлдір мына ғажап дүниеи ұш, самға деп қолтығымнан қанат бітіретін, арманның нысанына қарай алып ұшатын тәрізді.
Лаула, лаула жүрек оты! Самға, қиял құсы!
Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым. Ән: Құс қайтып оралды Алматыға
https://af.attachmail.ru/cgi-bin/readmsg/007.rtf?rid=2887080…2796666444&&id=14878708530000000374%3B0%3B1¬ype
26.02.17, 20J39
Стр. 1 из 30

