«Асық ойыны – үлкен халықтық тəрбие.
Ұлтымыздың дəстүрі мен мəдениетінің бастауы»
Б. Момышұлы
Асық ойынының пайда болуы. Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-IX ғасырлар. Қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын олар тек өндірістік құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек тағы басқа табиғи заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарында қолданылады. Асық - қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі. Оны қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнады. Жолаушы адамның жолдан аман оралуына асық үйірген. Баласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бәле- жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені. Қыз болса, бесігіне еліктің асығын (жабайт) тағады. Сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдағаны. Келіні құрсақ салғанда, атасы мен әжесі ырымдап асық жинайды. Онысы – ұл тілегені. Келінге көз тимесін, аман-есен босансын дегенге саяды.
2017 жылы ЮНЕСКО асықты қазақтық ұлттық ойыны ретінде адамзаттың материалды емес құндылығы тізіміне енгізді. Бұл әрине қуантатын жайт, өзге ұлттық ойындарға қарағанда асық ату, бес асық ойыны қарқынды дамып келеді. Төл ойынымызды дәріптеп жүрген ел ағалары, спорттық жаттықтырушылар да жетерлік. Асық біздің ұлттық ойындардың әріппесі деп жатамыз. Қазіргі жасөспірімдердің асыққа қызығатындығы әрине қуантарлық жағдай. Асық ойнағанда мидың моторикалы жұмыс жасайды және қолдың ептілігі дамиды, шапшаңдық шыңдалады. Орта жастағы адамдардың баллық шағында ойнаған ойыны естеріне түсіп,араға жылдар салып, балалық шақтарына естеріне түсіріп, оны қыздарына үйретіп, сонымен қатар олармен осы ойынды ойнап мәре-сәре болып жатқан жайы бар. Бұл анасы мен қызының арасындағы әдемі қарым-қатынас, шеберлік сағаты десек те болады. Асық жинап жарысып, санап, үйде қой сойылса оның асығын аңдып жүрген шақтарын еске алады. Сөйтсек әлі шикілей алынған асық мүжілмегендіктен салмағын жоғалтпайды екен. Қазақ асық жинауды бала дүниеге келмей жатып-ақ жақсы ырымға балаған. Асық қазақ үшін асыл мұра. Асықты түрлі түрті етіп бояп қоятындығы тағы бар, оны текемет жасағанда жүнді бояйтын бояумен бояған дұрыс екен.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бес асық ойынының тарихы мен қазіргі қолданылуы
Бес асық ойынының тарихы мен қазіргі қолданылуы
«Асық ойыны – үлкен халықтық тəрбие.
Ұлтымыздың дəстүрі мен мəдениетінің бастауы»
Б. Момышұлы
Асық ойынының пайда болуы. Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-IX ғасырлар. Қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын олар тек өндірістік құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек тағы басқа табиғи заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарында қолданылады. Асық - қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі. Оны қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнады. Жолаушы адамның жолдан аман оралуына асық үйірген. Баласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бәле- жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені. Қыз болса, бесігіне еліктің асығын (жабайт) тағады. Сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдағаны. Келіні құрсақ салғанда, атасы мен әжесі ырымдап асық жинайды. Онысы – ұл тілегені. Келінге көз тимесін, аман-есен босансын дегенге саяды.
2017 жылы ЮНЕСКО асықты қазақтық ұлттық ойыны ретінде адамзаттың материалды емес құндылығы тізіміне енгізді. Бұл әрине қуантатын жайт, өзге ұлттық ойындарға қарағанда асық ату, бес асық ойыны қарқынды дамып келеді. Төл ойынымызды дәріптеп жүрген ел ағалары, спорттық жаттықтырушылар да жетерлік. Асық біздің ұлттық ойындардың әріппесі деп жатамыз. Қазіргі жасөспірімдердің асыққа қызығатындығы әрине қуантарлық жағдай. Асық ойнағанда мидың моторикалы жұмыс жасайды және қолдың ептілігі дамиды, шапшаңдық шыңдалады. Орта жастағы адамдардың баллық шағында ойнаған ойыны естеріне түсіп,араға жылдар салып, балалық шақтарына естеріне түсіріп, оны қыздарына үйретіп, сонымен қатар олармен осы ойынды ойнап мәре-сәре болып жатқан жайы бар. Бұл анасы мен қызының арасындағы әдемі қарым-қатынас, шеберлік сағаты десек те болады. Асық жинап жарысып, санап, үйде қой сойылса оның асығын аңдып жүрген шақтарын еске алады. Сөйтсек әлі шикілей алынған асық мүжілмегендіктен салмағын жоғалтпайды екен. Қазақ асық жинауды бала дүниеге келмей жатып-ақ жақсы ырымға балаған. Асық қазақ үшін асыл мұра. Асықты түрлі түрті етіп бояп қоятындығы тағы бар, оны текемет жасағанда жүнді бояйтын бояумен бояған дұрыс екен.
шағым қалдыра аласыз













