Материалдар / Бесік және оның түрлері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бесік және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бесікті күнделікті өмірде қолданылғанмен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады. Бесіктің пайдасын, түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрену.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2022
916
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

















Жоспары:
І.Аннотация
ІІ. Кіріспе.

2.1. Бесіктің түрі
2.2. Бесіктің құрылысы
2.3.Бесіктің жасау-жабдықтары
ІІІ. Бесікке салу
3.1. Бесік жырлары
ІҮ. Қорытынды

4.1. Жобаға қорытынды ұсыныс

4.2.  Пайдаланған әдебиеттер

Ү. Жетекшінің пікірі














Кіріспе
Мәселе
Бесікті күнделікті өмірде қолданылғанмен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.
Мақсаты: Бесіктің пайдасын, түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрену.
Міндеттері:
Бесік туралы кітаптар мен оқулықтардағы зерттеулермен танысу;
Бесіктің түрлері, ерекшеліктері жайлы білімдерді тереңдету;
Ғылым, доктор, профессор еңбегімен танысу.
Нысаны: бесік
Бағыты: Қазақ тілі Болжам:Бесікте өскен баланың психологиялық ерекшеліктері мен дене бітімін бақылап зерттеу.Болашақта электронды бесіктің жобасын ойластыру.
Нәтижесі: - Іздену нәтижесінде бесіктің денсаулыққа пайдалы екенін, әр түрлі аурулардың алдын алуға болатынын білеміз.
Қазіргі кезде бала көп бесікке жата бермейді, оның пайдасын біле бермейді.
Осы жұмыс арқылы бесіктің пайдасын дәлелдегім келеді.

Бесік- қазақ халқының мәдени мұраларының бірі, ұлт өнерінің төл туындысы,тәрбие құралы, нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек. Сәбиді желдің өтінен, жердің сызынан, салқынның қаһарынан, аптап ыстықтан қорғаушы киелі ұя. Көшіп жүріп елі мен жерін жаудан қорғаған жаугершілік заманда бесік жолда жүруге де ыңғайлы болған. Бесік ағаштан, негізінде талдан иіліп жасалады. Себебі тал басқа ағаштай емес иілмелі, морт сынбайды, құрт түспейді. Бесікті Орта Азия мен Кавказ, Үндіқытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланған, әлі де пайдаланады.

Бесік жасау- жабдықтары:
Түбек
- сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанбау үшін бесіктің астын тесіп орнатылатын алмалы –салмалы киіз қалта. Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады.
Жөргек- шидің үстінен төселетін түбек тұсы ойық жұқа киіз немесе арасына мақта, жүн салынып жасалған көрпеше төсеніш.
Жастық- бесік енімен бірдей, арасына құс мамығы толтырылған кішкене жастық.
Көрпе- жұқа матадан тігілген жаздық және арасына мақта, түйе жүні салынған жамылғы көрпе.
Жаялық- сәбидің денесін орайтын жұмсақ мата.
Кепіл-түбек ойығына төңіректеп төселетін, сәбидің жалаңаш тәні қажалмау үшін жамбас тұсына, тізе аралығына кепіл ретінде салынатын кішкене жұмсақ жастықшалар.
Таңғыш- екеу. (Аяқбау, қолбау)Ұштары бесіктің екі жағындағы сабау ағаштарға таңылатын, біреуі бөленген сәбидің көкірек тұсынан түсетін, биязы жүннен тоқылған құр немесе екі-үш қабат матаны сырып, баулары ысылып жасалған тартпа бау. Таңғыштың екі ұштары арқалыққа байланады.
Бесік жапқыш- Бөленген сәбиді маса- шыбыннан, желден сақтауға, матадан арасына мақта немесе жүн салынып тігілген, бесіктің сыртынан жабатын көрпе.
Құстөсек –Түбек тұсында дөңгелек ойығы бар, жөргектің үстінен төселетін, арасына құс мамығы салынып тігілген жұмсақ төсеніш.

Бесікке салу
Бесік- баланың өзінше жеке төсегі. Оныңда қажетті мүліктері толық болуға тиіс. Сәбиді бесікке салуға тиісті әже асты-үстін түгел қарап, тексеріп шығады. Көрпе –жастығын, жөргектерін, түбек пен шүмекті, т.б. толықтайды. Шүмек босанған әйелге арнап сойылған қалжа малдың асықты жілігінен жасалады. Оны баланың қырқына дейін жасап қояды. Көрпелерді төсеп, жаялықтарды жайып болған соң, ырым үшін ғана емес, тазалық үшін де бесікті аршаның бүрін жағып тұрып аластап алады.
Мұнысы- жын шайтаннан , пәле- жаладан аулақ болсын дегені.
Мысалы: Алас, алас,
Иесі келді, пәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас,- деп аластайды. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады.




Бесік жырлары

Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Көк ала иттің құйрығың
Жіпке тағып берейін!
Әлди-әлди , балашым!
Алдыма алып шабайын,
Тойға кеткен әкенді
Қайдан іздеп табайын? 
Әлди-әлди, аппағым!
Жылама, менің жүрегім,
Әкең малда тұр шығар
Таянышқып күрегін.
Әлди, менің бөбегім,
Әкен жүр ғой малменен!
Жүрген шығар алысып
Шұнақ аяз қарменен.
Айналайын, балашым,
Аман болсын анашың









Қорытынды:

Бүгінгі ғылыми жобамды қорытындылай келе бесіктің пайдасының бала денсаулығы үшін өте маңызды екенін білдім. «Шындығына келетін болсақ, баланы құндақтап орағаннан гөрі бесікке жатқызғанның пайдасы көбірек болар еді. Өйткені баланы құндақта ораған кезде оны қайта-қайта шешіп, жаялықтарын ауыстырып тұруға тура келеді. Ол жаялықтарын ауыстырғанға дейін суда, ылғалда жатады, жаялықты ашып қайта орағанша оның денесі салқындайды, суық тиіп қалуы мүмкін» - дейді. Менің ойымша бесікте жатса, бала мұндайдың бірін де көрмей таза, жылы әрі тыпыршып оянып кетпей, тыныш ұйықтаған болар еді.























 













Аннотация

Менің ғылыми жобам қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі бесік жайлы, оның адам денсаулығына пайдасы туралы айтылады. Бесікті зерттеу барысында сәби денсаулығы үшін пайдалы екені анықталды. Зиялы әжейлер мен пікірлесе отырып, бесіктің нәресте үшін пайдасы мол екенін білдік. Жобада тек оның пайдасы жайында айтылып қана қоймай, бесіктің түрі, жасау жолдары да сөз болады. Мысалы: Бесіктің пайдасы жөнінде айтылған қазақ халық медицинасының білгірі, медицина ғылымының докторы дәрігер Естөре Оразақовтың да сөздері келтірілген.

Мой научный проект рассказывает об одной из национальных ценностей казахского народа-колыбели, о ее пользе для здоровья человека. В ходе исследования люльки было установлено, что малыш полезен для здоровья. Общаясь с интеллигентными бабушками и единомышленниками, мы узнали, что колыбель полезна для ребенка. В проекте говорится не только о его пользе, но и о типе люльки, создании будет в пути. Например: приводятся слова знатока казахской народной медицины, доктора медицинских наук доктора Есторе Оразакова, который рассказал о пользе колыбели.



My research project tells about the cradle, one of the national values of the Kazakh people, its benefits for human health. During the study of the cradle, it was found that it is useful for the health of the baby. Intelligent grandmothers and, having argued, we learned that the cradle is useful for the baby.

The project not only tells about its benefits, but also about the type of Cradle, its creation "I'm sorry," he said.

For example: the words of eStore Orazakov, a specialist of Kazakh folk medicine, doctor of Medical Sciences, are also mentioned about the benefits of the Cradle.

















3- сынып оқушысы Закирова Айшаның

«Бесік» атты ғылыми жобасына





Пікірі.

Бүгінгі таңда білім жолының қыр-сырын толық меңгеріп, атсалысуда жеткіншек жастың алға қойған ұстанымдарының бірі – ғылыми жоба бойынша өздік жұмыс жүргізуі болып табылады. Ғылыми жоба жазу – оқушыны шығармашылық ізденіс пен зерттеу жұмысының тұңғиығына жеткізіп, жетістік деңгейіне жетелейді. Оқушы өз бетінше жаңалық ашудың көзін қарастырады. Оқушының бұл жобасы негізінен үш бөлімнен құралған. Әр бөлімге нақты жоспар құралып, сол жоспардың негізгі мағынасын ашуға жүйелі ой-пікірін тұжырымдаған.

Серғазы Зейнеп оқуға зерек, ынталы. Берілген тапсырманы уақытында, тыңғылықты орындайды. Көпшілікпен тез тіл табысады, ізденімпаз, білуге құштар, тәрбиелі отбасында өскен, еңбекқор бала. Бесік туралы ғылыми жобасын былтыр 2013 жылы қыркүйек айында бастады. Өздігінен ізденіп газет – журналдардан, кітаптардан оқып, ауыл әжелерінен сұрап, бесік туралы мәліметтер жинастырды. Осы аралықта оны толықтырып, ізденді. Зейнеп болашақта өз ұлтының салт – дәстүрін дәріптейтін, насихаттап үлгі ететін азаматша болып өсетініне кәміл сенемін!





Ғылыми жетекшісі: Копеева А.А





Жобаға қорытынды – ұсыныс:

Айшаның осы уақыт бойына зерттеп, бақылаған ғылыми жұмысында біраз жетістіктерге жетті деп ойлаймын. Зерттеу барысында өздігінен ізденіп, бесік жайында мәліметтер жинап, « Бесікке салу » тойына қатысып өз көзімен көріп, өз қолымен ұстап, өз ойын дәлелдеуге тырысты.

Бесіктің бала денсаулығына пайдалы екені біраз мәліметтермен дәлелденді. Ертеден келе жатқан мәдени мұрамыз өз жалғасын тапса деген пікірін де ашық, анық жеткізді. Ойы тыңдаушыға жүйелі, тиянақты, түсінікті етіп баяндалған. Айтар ойын, пікірін сатылап жүйелі жеткізуге тырысады.

Бесіктің тек құрылысын ғана айтып қоймай, оның жеке-жеке бөлшектеріне, олардың неден және қалай жасалғанына дейін тоқталып, саралап шыққан. Бесіктің қай бөлшегі болсын тектен-тек жасалмай, бір пайдаға асып жатқанын дәлелдеп келтірген. Жасау-жабдықтарына да жеке-жеке тоқталып, түрлерін, олардың неден тігілгенін, қандай пайдасы барын атап көрсеткен.

Өзінің ғылыми жобасына болжау жасап, болашақта қазіргі заман талабына сай жұмысбасты әйел – аналардың жағдайларын ескере отырып бесікті «электронды» өздігінен тербеліп тұратын етіп жасау жобасын да ойластырып қойған.

Өзінің жас ерекшелігіне сай мәліметтер жинастырып, ізденген. Дегенмен, әлі бесік туралы толықтырулар енгізген жөн деп ойлаймын.

















Практикада пайдалану үшін ұсыныстар:

  1. Қазақша бесіктер қолданыс тауып, жаңа үлгіде, әрленіп, әшекейленіп дүкендерде сатылса.

  2. Аналарға көмек ретінде батареямен істейтін өздігінен тербелетін электронды түрі қарастырылса және ол қарапайым халық үшін қол жетімді болса деймін.













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!