2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Би билейік

Би билейік

Материал туралы қысқаша түсінік
2.2.1.1 - музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу; 2.1.3.3 - негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бөлімі:

Мектеп: №77 мектеп-лицей

Педагогтің аты жөні:

Елеуова Г

Күні:

15.01.202

Сынып:

2 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Би билейік!

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

2.2.1.1 - музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу;

2.1.3.3 - негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату

Сабақтың мақсаты:

Музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізеді, негізгі музыкалық ұғымдарды анықтайды және ажыратады

Құндылық: заң және тәртіп айы

Моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін білу

Мектепте, қоғамда этикалық және құқықтық нормалар

мен ережелерді сақтаудың маңыздылығын білу

Сабақтың барысы: Апта дәйексөзі : «Талап бар жерде, тәртіп бар»

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут
























Сабақтың ортасы

35 минут






















Ынтымақтастық атмосферасы

Сәлем, достым! (амандасады)

Қалай жағдайың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (құшақтайды)

Өткен сабақ пен жаңа тақырыпты байланыстыру

«WORDWALL” әдісі арқылы жүреді

-Композитор деген кім?

-Репетиция дегеніміз не?

-Крещендо дегеніміз не?

ЕББҚ оқушыға:

-Деминуэндо деген не?

-Құрманғазы Сағырбаев кім?

-«Сарыарқа» күйінің авторы кім?

Құндылық: Моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелері туралы әңгіме жүргіземін.

Сабақ тақырыбы мен сабақ мақсатымен таныстыру

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Би билейік».

Бүгін сендер музыкалық ұғымдарды анықтауды және әуенге би қимылдарын ойлап табуды үйренесіңдер.

Жаңа тақырып

1-тапсырма. Тыңдау және талдау.

«Адай» күйі https://youtu.be/Fr-npm25ly4

Құрманғазының «Адай» күйін тыңдау және шығу тарихы.

Құрманғазы бірде келе жатып қазақтың адай руының үш жүз жауынгеріне кездеседі. Үш жүз жауынгер аттарының тұяқтарына тулақ байлап алыпты. Жауынгерлер түркімендерге қарсы шапқан кезде тулақтар жерді шаңғытып жібереді. Сонда түркімендер адайларды өте көп екен деп ойлап, қорқып қашып кетеді. Мұны көрген Құрманғазы адайлардың батырлығына, тапқырлығына таң қалып осы «Адай» күйін шығарған екен.

-Күйдің көңіл күйін сипаттаңдар. (жылдам, көңілді)

Ережемен жұмыс

Би-музыкамен немесе ырғақпен түрлі дене қимылдарын жасап көрсететін өнер түрі.

-Музыкалық шығармаға қандай би қозғалыстарын таңдар едің?

-Таңдаған би қозғалыстарын дене қимылдарымен көрсетіңдер.

Ер балалар тобы «Адай» күйіне ат үстінде қамшы ұстап шауып келе жатқан қимыл қозғалыстарды көрсетеді.

Ал, қыз балалар қошеметтеп тұрады.

Авторымен танысу:

«Кел, билейік» әнінің авторы Бақытжан Байқадамов. Бақытжан Байқадамов-Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композиторы. Оның «Су тасушы қыз», «Домбыра», «Кел достар», «Айгөлек», «Он алты қыз», «Кел, билейік» т.б әндері бар.

Дауыс ашу жаттығуы.

«До мажор гаммасы» жаттығуын орындау

2-тапсырма. Ән орындау

«Кел, билейік»

Өлеңін жазған: М.Әлімбаев

Әнін жазған: Б.Байқадамов

  1. Кел, билейік, кел, билейік,

Неге тұрсың билемей,

Кел билейік,іркілмейік,

Неге отырсың үйренбей.

Қайырамасы:

Жалығуды білмейміз,

Жабығуды білмейіз,

Жауқазындай көз тартып,

Жайран қағып билейміз.

- Ән не туралы?

- Әннің екпіні қандай?

- Әннің көңіл күйі қандай?

Сергіту жаттығуы “Ырғақты жаттығу”

Шығармашылық жұмыс

-Суреттегі қыз бейнесі мен әшекейлеріне назар аударыңдар.(Қосалқа)

Дереккөз №1 «Қосалқа» күйінің авторы турылы мәлімет

Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылы бұрынғы Бөкей ордасының Қарамола деген жерінде дүниеге келді. Ол Соқыр Есжан, Байжұма, Мүсірәлі сияқты күйші - домбырашылардың күйлерін жастайынан жаттап өсті. Дәулеткерейдің алғашқы шығарған күйлері "Қыз Ақжелең" мен "Қосалқа".

Дереккөз №2 Күйдің шығу тарихы

Бір күні Дәулеткерей атамызға Құрманғазы атамыз қонаққа келеді. Сыртқа демалуға шыққан кезде, құдық басынан су алып келе жатқан Саржан келіні көрінеді. Сонда Құрманғазы: ''Сіздің сыршыл да сезімтал күйлеріңізді естіп жүрміз. Саржан келініңіздің де жүрісіне, сылдыр қаққан сырғасы мен алқасына арнап бір күй шығарыңызшы '' - дейді. Сол бойда Дәулеткерей отыра қалып бір күй тартады. Бұл күй ел арасында "Қосалқа" атанып кетеді.

«Қосалқа» күйін тыңдау

-Тыңдаған күйіңе сипаттама бер, ойыңмен бөліс.

-Музыкалық шығарманың әуенін темпін, ырғағын анықта

Би қимылдарын жасату

Қыз балалар тобы «Қосалқа» күйіне сырға, білезік, айна бейнелеп, түрлі қимыл қозғалыстар жасайды. Ал, ұл балалар қошеметтеп тұрады.

Құндылық: Мектепте, қоғамда этикалық және құқықтық нормалар мен ережелерді сақтаудың маңыздылығы туралы ойларын ортаға салады.

Қорытындылау

«Иә. Жоқ» әдісі

пікірлер

иә

жоқ

1

«Адай» күйінің авторы Құрманғазы



2

«Қосалқа» күйі судың сылдырына арнап шығарылған



3

Музыкамен түрлі дене қимылдарын жасап көрсететін өнер түрін би деп атаймыз



4

«Адай» күйі қыздың әшекейлеріне арналған



5

«Кел, билейік» әні көңілді ән



Оқушылар болған жұмыстарын жұбымен алмасып, тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді.

5 дұрыс жауап -Жарайсыңдар!

4 дұрыс жауап - Тамаша!

3,2,1 дұрыс жауап – Мұқият бол!

Өлең мазмұнына сәйкес ширату жаттығуын жасайды.








Сұрақтарға жауап береді.








Сабақ тақырыбымен танысады.





Күй тыңдайды және талдау жасайды.








Ережені біліп алады.




Сұрақтарға жауап береді.


Би қимылдарын жасайды.


Автормен танысады.






Дауыс ашу жаттығуларын орындайды.




Ән орындау









Сұрақтарға жауап береді.



Шығармашылық жұмыс орындайды.



Күйдің шығу тарихымен танысады.


Әнді орындайды








«Қосалқа» күйін тыңдайды және талдау жасайды, сұрақтарға жауап береді.

Би қимылдарын жасап көрсетеді.











«Иә. Жоқ» сұрақтарына + таңбасын қояды.




«От шашу»










«Үш шапалақ»









Мақтау, мадақтау, ынталандыру сөздері










Дескрипторлары

-Адай күйінің шығу тарихын біледі

-өзі таңдаған би қимылдарын көрсетеді

-автор туралы мәліметпен танысады

-әнді ережені сақтай отырып орындайды

-шығармашылық тапсырманы орындайды

-тест сұрақтарына жауап береді


Жарайсыңдар!

Тамаша!



Керемет!



Жақсы!



Талпын!




Мұқият бол!




Тағы да ойлан!




Сенің қолыңнан келеді!







Сен жасай аласың!



Өлең шумағы










АКТ







Сұрақтар




«Адай» күйінің сілтемесі https://youtu.be/Fr-npm25ly4









«Қосалқа» күйінің сілтемесі

https://youtu.be/tZ8a4TspgfQ










Оқулық



Слайдтар









«Адай»

«Қосалқа» күйлері













домбыра



Авторлардың суреттері







Интерактивті тақта













Күйлер





















Тапсырмалар





Шығармашылық жұмыс

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс жасайды


Бұгінгі сабақтан алған білімдерін бағалайды.

Кері байланыс


Тексерілді:


12 Ақпан 2025
139
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі