Материалдар / Бидай дақылдар және олардың өсіру технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бидай дақылдар және олардың өсіру технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бидай дақылдар және олардың өсіру технологиясы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2023
382
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе



Елбасы 2011 жылдың 28 қаңтарындағы халқына жолдауында ауыл шаруашылығына көп көңіл аударған.    Республикамыздың агроөнеркәсіп өндірісінің даму дәрежесі мен тиімділігі    халықтың    ауыл    шаруашылығы    тауарларына    деген сұранысын қанағаттандыруға әсерін тигізумен қатар қазіргі жаһандық қаржы  дағдарысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен отандық   тамақ   және   жеңіл   өнеркәсіптерді   дамыту, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда маңызы аса жоғары.

Еліміздің ауылшаруашылығын келешек дамуында, ауылшаруашылық өнім  өндірішулердің бәсекелестікке барынша қабілетті агроқұрылымдарын ұйымдық-құрылымдық жетілдірудің маңызы зор. Қазақстанның  барлық облыстарында әр түрлі агроөндірісті кешенді ұйымдастыру мен агроқұрылымдардың тиімділігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік пен әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуге толық  мүмкіндік береді.

Бидайдың шыққан жері – алдыңғы Азия орталығы – қазіргі Иран, Аравия аумактары. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан ( Греция, Италия ) қатты бидай шыққан.

И.С. Сүлейменовтың (1973) қортындылауынша Қазақстанда Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834ж. өсіріле бастады. ХIХ ғасырда ол қазіргі Қостанай,Ақмола ж.б. облыстар аумақтарында себілген, ал ХХ ғасырдың басынан республикадамыздың барлық жерлерінде өсірілуде.

Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн.га. шмасында ,екпе дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады. Бидай қатты және жұмсақ болып бөлінеді.




Бидайдың жалпы сипаттамасы, морфологиялық ерекшеліктері.


Тамыр жүйесі шашақты, ұрықтық және түйін тамырларынан құралған.

Сабағы – сабан ( буынаралықтары 5-8 ), буынаралықтарының саны жапырақ санына сәйкес келеді.

Жапырақтары- сызықты (линиялы), жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан құралған, қынаптың тақтағы ауысар жерінде тілше ( түссіз пленка), ал жапырақ қынабының негізінде сабақты орап тұратын сызықты құлақша немесе мүйізшелер болады.

Гүл шоғыры- масақ, ол масақ білігі мен масақшалардан тұрады. Бидай масағы бөлігінің бір тұғырында бір масақша орналасқан, бірақ ол көпгүлді /3-5 гүлден тұрады/. Агрономның міндеті- мүмкіндігінше масақтағы барлық гүлдер тозаңданып, дән қалыптастыруы.

Жемісі- дән, ол үш бөліктен – қабық, эндосперм және ұрықтан-құралған. Дәннің ірілігі негізінен өсіру технологиясына байланысты өзгереді.

Нақты өсірілетін жерлерге және астықты пайдалану бағытына байланысты жаздық бидай сорттары: Ақмола 2, Астана, Целинная 3С, Целинная юбелейная, Целинная 24, Эритроспермум 35, Казакстанская 19, Казакстанская 25, Ертіс 97, Павлодарская 93, Карабалыкская 90, Карагандинская раннеспелая, Саратовская 29, Алтайская 50, Иртышанка 10, Любава, Лютесценс 32, Омская 18, Омс кая 19, 20,29,30.


Күздік бидай және қара бидай. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі

Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын артырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз етудің айтарлықтай шарты.

Мұндай қосымша астық алу көздерінің бірі-Қазақстанда күздік дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі. Ол барлық астық дақылдарынан өнімі бойынша 4,0-тен 10-12 ц/га дейін асып түседі. Осыған қоса жаздық бидайға қарағанда азық –түліктік құндылығы кем болмаса да, одан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді; ол топырақтан, күзгі,қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қореқтік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел эрозиясынан сенімді қорғалды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі-астық сұр көбелегі жарақаттануынан «өтіп кетеді», әрі 7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетатциясын ерте сақтайды.

Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде жүзінде 230 млн.га егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35% -ын құрайды, ал оның астық өнімі орта есеппен 25,4ц/га.

Қазақстанда күздік бидай ретінде негізінен жұмсақ бидай өсіріледі. Осыған байланысты төменде аталған түрдің өсу, даму және технологиясының ерекшеліктері қарастырылады.

Биологиялық ерекшеліктер. Күздік бидай биологиясы бойынша бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы-оның вегетатциялық кезегі күзде басталады да келесі жылы жазда аяталады. Тіршілік үрдісінде күздік бидай өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, гүлдену және пісу кезеңдерінен өтеді. Алғашқы үш кезеңдері күзде, қалғандары-келесі жылы көктемде және жазда өтеді. Осы кезеңдері бойынша оның биологиялық ерекшеліктерін қарастырайық.

Тұқымның өнуі- бұл тыныштық күйінде тұқымның белсенді әрекетке көшуі, ол үшін жылу, ылғал және ауа қажет. Тұқымы өз массасының 45-50% су сігіргеннен кейін өне бастайды, топырақтың оңтайлы ылғалдылығы ТЫС-тың 60-70 % мөлшерінде болғаны дұрыс. Күздік бидай тұқымы 0°С-да суды сіңіре алады, бірақ мұндай жағдайда тұқым бөрткенімен физиологиялық өсу үрдісі тоқтап қалады.

Егін көгі (көктеу) кезеңі. Топырақ бетіне әуелі колеоптиле шығады, ол жарылады да бірінші нағыз жапырақ пайда болады, осы сәтті егін көктеді деп есептейді. Себуден өсімдіктен көктеу кезеңінің ұзақтығы температураға, ылғал ж.б. байланысты. Қостанай облысы жағдайында жақсы дайындалған ықтырмалы сүрі танабында 12-17°С жылылықта күздік бидай 6-9-тәулікте, ал куаңшылықты жылдары және сүрі танабы нашар өнделгенде-10-16-тәулікте көктеген. Ақмола облысының бұрынғы «Красный флаг» кеңшарында ылғал бойынша қолайлы 1990жылы орташа тәуліктік ауа температурасы 18,6°С және 12,8°С болғанда тиісінше күздік бидай 6 және 8- тәулікте егін береді.

Түптену кезеңі. Түптену кезеңінің басын әдетте төменгі жапырақ қолтығына бірінші бүйір өркенінің пайда болуымен анықтайды. Бірінші бүйір өркенінің жапырағының өсуіне қарай негізгі өркеннің екінші жапырақ негізінде орналасқан бүршіктен екінші бүйір өркен қалыптасады. Орта есеппен 5-7 өркен түзіледі, егістік сирек болғанда олардың саны жоғары болуы мүмкін. Осы кезеңде негізгі өркендердің түзілуі және өсуімен қатар түптену түйініненекіншілік немесе түйін тамырлары қалыптаса бастайды. Күздік бидайда күзгі және көктемгі түптену кезеңдері ажыратылады. Күздік бидайға түйін тамыр жүйесі жаздық бидайға қарағанда қуатты дамиды.

Түтікке шығу (сабақтану) кезеңі. Бұл кезең бірінші буынаралығының 5-6 см-ге ұзаруынан басталады. Өсімдік сабағының шапшаң өсуі мен масақтың дамуы осы кезеңнен басталады, жапырақтардың негізгі массасының түзілуі аяқталады.
Масақтану кезеңі. Кезең масақтың жоғарғы жапырақ қынабы бөлігінен сыртқа шығуымен сипатталады және түтікке шыққаннан кейін 20-25 тәуліктен соң басталады, аймақ жағдайында бұл кезең мамырдын ортасы мен аяғына дәл келеді. Кезеңнің өтуі үшін оңтайлы ауа тампературасы 18-20°С.

Гүлдену кезеңі. Қолайлы жағдайларда күздік бидайдың гүлдену масақтанудан соң іле-шала басталады. Оның ұзақтығы температураға, ауа мен топырақ ылғалдылығына тәуелді. Гүлдену мен тозаңдану жүретін ең төменгі температура 6-7°С, АЛ барынша қолайлы ауа температурасы-20-25°С. Оңтайлы жағдайлар гүлдену мен тозаңдану уақытында топырақ ылғалдылығы ТЫС-тің 75-80% деңгейінде қалыптасады.

Пісу кезеңі. Ұрықтанған ұрық бүршігінде эндосперм қалыптасады, ұрық өсіп-дамиды, жатын қабырғасынан қабық түзіледі де тұқыммен бірігіп өседі, соңынан дәнге айналады.

Өсіруге рұқсат етілген сорттар. Мироновская 808-Украинаның В.Н.Ремесло атындағы Миронов би дай селекциясы және тұқым шаруашылығы ҒЗИ-да топтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Масағы әлсіз призма пішінді, ақ, қылтықсыз,орташа ұзындықта және тығыздықта. Дәндегі клейковина 28-37% аралығында өзгереді.

Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Ғылыми негізделген тыңайтқыш жүйесін қолданған күздік бидайдың заманауи сорттарының әләуеті өніміне жақын-гектарынан8,0-9,0 т өнім алуға болатыны дәлелденген дерек. Күздік бидайдың қоректік заттарды қажет ету мөлшері олардың топырақ құрамындағы мөлшеріне, өсірі жағдайына, өсімдіктің даму кезеңіне, сорттың ерекшелігіне тікелдей байланысты.

Топырақ өңдеу жүйесі. Күздік бидайға топырақ дайындау алғы дақылға, өсірілетін аймақтың топырақ климат жағдайына, нақты шаруашылықтың ресурстық ерекшеліктеріне ж.б. байланысты анықталады және өңдеу жазықтілгішті немесе қайырмалы құралдармен жүргізіледі. Күздік бидайдың ерекше сипаты-оның күзден тығыз топырақта қалыпты дамуы.


Тұқымды себуге дайындау және себу жұмыстары.

Жоғары сапалы тұқым күздік бидайдан мол өнім алудың маңызды шарты. Осы себепті бірінші класты себу сапасына жеткізілген өткен жылғы өнімнен дайындалған күздік бидай тұқымы пайдаланылады. Өйткені жаңа жиналған астық тұқымдары себуге дейін қалған аз уақытта егін жинағаннан кейін пісіп-жетілу кезеңін-тыныштық күйін- өтіп үлгермейді, нәтижесінде олардың лабораториялық өнгіштігі 70-80% -дан аспайды. Олар кондициялық өнгіштікке 20-30 тәуліктен соң жетеді. Жаңа жиналған астықтант дайындалған тұқым кеш көктейді, танаптық өнгіштік төмен және егістік сирек болады, ал бұл астық өнімін төмендетеді.Өткен жылғы өнімнің тұқымдары тез және жаппай көктейді, өсімдіктер жақсы түптенеді, қыстайды және айтарлықтай мол қосымша өнім береді. Бұл шаруашылықта күздік бидай тұқымының ауыспалы қоры керектігін дәләлдейді.

Өнімді жтинау. Күздік бидайдың піскен егінін жинау әдісін таңдап алу, оның жалпы жағдайына, ауа райының ерекшелігінге тікелей байланысты. Өсірілген өнімді жинау дәннің толық пісу кезеңіне тікелей, ал дәннің балауызданып пісуінің ортасында ылғалдылығы 30-35% болғанда, бөлектеп ору әдісімен жүргізіледі.

Күздік қара бидай- маңызды азық-түліктік дәнді дақыл. Оның дәнінде толыққұнды белоктар, көмірсулар, майлар, өте бағалы айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, валин, триптован), сонымен қатар А, В1,В2,Е,РР дәрумендері және элементтер бар, олар адамзат тіршілігінде өте маңызды.

Морфологиялық ерекшеліктері. Қара бидай қоңырбастар тұқымдасына және Secale туыстығына жатады да 12 түрді біріктіреді. Дақылда негізінен күздік қара бидай өсіріледі, ал жаздық қара бидай-төмен өнімді, Қазақстанда мүлде өсірілмейді десе де болады.

Тамыр жүйесі. Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі қуатты дамыған, шашақтық, ұрықтық және түйін тамырлардан тұрады, топырақта 1,0-1,5м дейін бойлайды, алайда негізгі массасы топырақтың беткі қабатында шоғырланады. Күздік қара бидайдың тұқымдары көбінесе 3-4 ұрықтық тамырмен өнеді, олар өсімдіктер тіршілігінің алғашқы кезеңдерінде қоректенуде үлкени рөл атқарады. Негізгі өркеннің төменгі түйінінен түйін тамырлар тарайды, олардың даму деңгейі топырақ климат ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына байланысты өзгереді.

Сабағы- сабан, іші қуыс , биіктігі 0,6-1,8 м дейін және буынаралығы төрттен жетіге дейін, оның жапырылуы сабақтың биіктігі, төменгі буынаралығының ұзындығы мен жуандығына қарай өзгереді.

Жапырақтары-ланцетті, бидаймен салыстырғанда ендірек.

Гүл шоғыры- күрделі масақ, ақшыл-сары, масақ бірлігі мен масақшалар бекитінтұғырдан құралған. Гүл қауыздары бес жүйкелі және бір-екі килі болады. Масақта 30-40 масақшалар дамиды.

Жемісі-жіңішке ұзынша келген немесе сопақша келген дән, жасыл, сары, сұр және басқа түсті, 1000 санының массасы-18-52г. Қара бидай-айқас тозаңданатын өсімдік.


Жаздық астықтарды өсіру технологиясы

Оңтүстік Қазақстанда, соның ішінде Қызылорда облысында жаздық бидай негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізіп, мелиоритивті танаптарда өсіру бұл дақылдың өсіру технологиясын жетілдіруді, әсіресе минеральды тыңайтқыштарды қолдану жүйесін және суару режимін оптимизациялауды қажет етеді. Жаздық бидайдың агротехникалық ролі де үлкен, өйткені ауыспалы егістегі суармалы жерлер тиімділігін арттырады,суды үнемдейді, жалпы өнімі артады.

Жаздық бидайдың өнімділігі көптеген факторларға, соның ішінде табиғи экологиялық және техногендік ( агроэкологиялық ) факторларға байланысты. Аймақтағы табиғи зкологиялық факторлар (жарық және температура режимдері, жауын- шашын мөлшері,оның маусымдық және әр жылдары бойынша өзгеруі т.б. ) адамзат әрекеті арқылы реттелінбейді, оған бидай дақылы, оның сорттары бейімделуі керек.

ТМД елдері аймағында егіліп жүрген жаздық бидай сорттар ішінде саратов сорттары көпшілік жағдайда өнімді және қуаңшылыққа төзімді.

Бидай — бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60% мөлшері бидайдан алынады.
Бидайдың жиырмадан астам түрі бар. Солардың ішінде ең көп тарағамы—жұмсақ бидай. Бұл дақылдын, алуан түрлі сорттары бар және олар жер шарының барлық аймақтарында егіледі. Біздің елімізде бидай ауа райы өте қатал Якут АССР-і жерінде, мүлде қар жатпайтын Закавказ айма- ғында, Қазақстан мен Орта Азияның аса құрғақ алқаптарында және Приморьенің ылғалды аудандарында өсіріледі.
Азық-түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні — аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады.
Европадағы елдерде адамға қажетті барлық калорияның 35% бидайдан алынады. Адам организмі үшін қажетті белоктар мен углеводтардың жарымына жуығын, Ві витаминінін 70—80%, РР және Е витамииінің не дәуір белігін, минералдық тұздарды және басқа қажетті заттарды бидай өнімі береді. Бидай наны азық-түлік көзі ғана емес, сонымен қатар ерекше катализатор болып табылады. Осы пайдалану нәтижесінде ас қорыту жақсарады жете басқа қоректер де жақсы сіңеді. Бидай белогының да ерекше бағалы қасиеттері бар, оның амин қышқылдық құрамы үйлесімді ке- леді.
Қазіргі жоғары механикаландырылған және мамандандырылған ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайында бидай түсімін арттыра берудің және мол өнім алудың негізгі факторы — дақыл үшін ылғал, керек және режимінің ең қолайлы жағдайын жасаумен қатар, оның аса бағалы сорттарын өсіріп шығару болып табылады.
Адамға қажетті азық-түлік пен мал азығы және шикізат үшін қажетті өнімдер молшылығын жасауда дәнді дақылдар селекциясының маңызы зор.
Қазіргі заманғы өсімдіктер селскциясының мақсаты — әр түрлі агроэкотипке арналып шығарылған сорттарды сыртқы орта жағдайына мүмкіндігіне көбірек бейімдей түсу, яғни белгілі бір генотип пен сыртқы ортаның абиотикалық және биотикалық факторлары арасындағы үнлесімділікті барынша арттыра түсу болып табылады.

Дүние жүзіндегі азық-түліктік дақылдар ішінде бидай жетекші орын алады. Астық шаруашылығын және оның басты дақылы — бидай өсіруді үздіксіз дамыту процесі жүргізіліп келеді.
КПСС XXVI съезінің шешімдері мен КПСС Орталық Комитетіиің май (1982), декабрь (1883), апрель (1984) Пленумдарында атап көрсетілгеніндей, астық өндіруді арттыру ауыл шаруашылығының түйінді проблемасы болып келді және болып қала бермек.
Алынатын астық мөлшерінде бидайдың ара салмағы 60 процентке жетеді.
Triticum туысының қазіргі систематикасы 27 түрді қамтиды (1-таблица), (В. Ф-Дорофеев, 1980).
Адамзаттың басым бөлігі жұмсақ бидай нанын пайдаланады. Егіс көлемі жөнінен одан кейінгі орынды қатты бидай алады. Бұл екі түр де полиплоидтық түрге жатады.
Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер полиплоидтық бидайдың аллополиплоидтық бидайдан шыққанын анықтады. Сондай-ак оның қалыптасуына азықтық дән беретін бидайдың кемінде бес диплоидтық түрі қатыскандығы белгілі болды. Бүкіл адамзаттың, солардың ішінде біздің еліміз халқыыың негізгі тағахмы үшін жүмсақ бидай пайдаланылатындықтан, ендігі жерде осынау бірегей түр жайын сөз етпекпіз.
Жұмсақ бидайға жататын түрлердің масағы тығыз емес, масақшалары сиректеу (Д=10—22, сирек жағдайда 23—38), ұзындығы 5—17 см; масағының ұзындығы енінен 4—5 есе артық; масақтағы масақшалар бір-бірі-нен алшақ, жоғары қарай қиғаш орналасқан, дәндерінің ұзындығы 5—9 мм, үзынша сопақшадан жұмыртқа тәрізді пішінге дейін өзгеріп отырады: үзындығы әдстте дәнінің енінен 2 ссе артық, кепде сиімен шамалас, яғни домалак болып келеді.
Бидай өскіндері қошқыл қара, жасыл, көкшіл немесе сарғыштау-жасыл, ашық жасыл түсті болады. Жапырақ тақталарының ұзындығы 8—35 см, кейде онан да үзын, ені 0,7—2,5 см, жылтыр (тегіс), бүртікті (беті кедір-бұдыр) немесе қысқа түктер басқан (қолға жұмсақ бол.ып тиеді). Жапырақ қынаптары жалацаш немесе түкті. Олардың жапырақ тақталарына өтер жерінде тілше мен қүлақшалар бар. Қүлақшалардан кейде жапырақ тақтасыпың жиегіне ететін үзын түкшелері» болады немесе болмайды. Тілшесіз (жарғақты ескін-сіз) түрлері де болады. Сабағының биіктігі 30—200 см. Сабағының іші бүкіл үзына бойына қуыс болады. Сабанының буыны жалацаш немесе үйкелуден түсіп қалатын қысқа түктсрмен көмкерілген.
Бидайдың морфологиялық белгілері систематиктер үшін түрлерді және әр түрдің ішіндегі түршелерді. Тигдинт туысының шегінде теңестіру құралы болып қызмет атқарады. Сонымен қатар кейбір морфологиялық белгілер селекционерлер үшін сұрыптау объектілері, генетиктер үшін тұқым қуалау белгілерін бақылау материалы болып табылады және ең ақырында, олар иммунологтар үшін де қажет болып саналады.
Алайда түсімділік, технологиялық сапалар секілді аса маңызды белгілер зор шаруашылық маңызға ие бола отырып , теңестіру мақсатына жарамайды, өйткені сыртқы орта жағдайлары оларға едәуір дәрежеде әсер етеді және сонымен қатар оларды оңай да тез әрі дәлме-дәл өлшеу мүмкін емес.
Тамыры. Бидай өсімдігінің тамыры екі түрлі болады. Түқым өніп шыққанда жас өсімдікте ұрық тамырлары түзіледі. Қосымша тамырлар немесе буын тамырлары әдетте бесеу, колеоптильдік тамырлар біреу-екеу болады, буын тамырларының саны ауа райына, топырақ жағдайларына қарай өте өзгеріп отырады. Ұрық тамырлары әрқашан да жіңішке, диаметрлері бірдей, бүйір тармақтары бар және олар бүкіл вегетациялық кезең бойы қызмет атқарады.
Ұрық тамырының негізі дәнде астық тұқымдастар сүттеніп пісуінің бастапқы кезеңінде, бірінші жұбы —сүттеніп пісудің басы мен орта кезеңінде, екінші жұбы — сүттеніп пісудің соңы мен балауызданып пісудің бастапқы кезеңінде түзіледі. Балауызданып пісудің ортасы мен соцымда колеоптильдік тамырдың меристералық ошақтары оқшауланады. Буын тамырлары негізгі өркенде жаздық бидайдың 1—4-жапырақтары, күздік бидайдың 1—8-жапырақтары бекінетін жерден жоғарырақта түзіледі. Тамыр жүйесі жалпы алғанда жаздық бидайда тұқым көктеп шыққаннан кейін 30—40 күн өткен соң, күздік бидайда 50—60 күн өткен соң толық қалыптасады.

Сабағы (сабаны). Сабак дегеніміз — бидайдың өнім түзуге қатысатын мүшелері көтеріп тұратын орталық өсі. Сабақ жапырақтардың, масақ өзегінен, жанама өркендерінің, қосалқы тамырдың қалыптасуына тікелей қатысады. Сабақта мүшелерді бірыңғай жүйеге біріктіріп, заттар айналымын қамтамасыз етстін өткізгіш тканьдер орналасады. Дон байлау кезінде пайдаланылатын қор заттары да сабақта жнналады. Ол сондай-ақ ассимиляциялық қызмет атқарып, құрғақ заттардың түзілуіне қатысады.
Бидайдың сабағы тік өседі, цилиндр пішінді келеді, ол буындар мен буып аралығынан түрады, әдетте беті тегіс, калыпты өскен сабак буындар мен буын аралықтарынан тұрады. Бидай сабағының әдетте жер бетінде 5—б буыны болады: буын аралығы сабактың төменгі жағында қыска болады. Сабак жер астындағы бірінші буын аралығынан өсе бастайды да, кейінгілеріне тарала береді, мүнда екінші буын аралығы өсуі жөнінен бірінші буын аралығын, үшіншісі — екіншісін басып озады жәие т. с. с. Сонымен, барлық астық тұқымдастар секілді бидайдың өзіне тән ерекшелігі — онда бірнеше өсу нүктелерінің болуы. Олар әрбір буын аралығының түбіндегі буын үстінде орналасқан. Жоғарғы буын аралығы төменгі буын аралығынан 6—12 есе ұзын болады.
Бидайдың көптеген сорттарының буын аралықтары қуыс болса, бунақтары бітеу, олардың іші толы болады. Далада кейбір сорттарда буын аралықтарының да іші бітеу келеді.
Өсімдіктің биіктігі (сабағының ұзындығы) генетикалық пегізге байланысты, бірақ көп ретте сыртқы орта жағдайларына да тәуелді болады. Өсімдік биіктігінің бидай өндірісінде өте зор маңызы бар, өйткені ол дақылды жинау әдісі мен оның ауыр-жеңілдігі соған да байланысты болады, сонымен қатар оның дақылдың құлал жатып қалуына да қатысы бар. Жерге құлап жатып қалмайтын көптеген сорттардың аласа әрі мықты сабағы болады.

Жапырағы. Жапырақ—бидайдың негізгі ассимиляциялаушы мүшесі. Ол жапырақ тақтасынан және сағақты қамтитын қынаптан тұрады. Нағыз жапырақтар сабақта екі қатар болып орналасады. Әрбір жапырақ өзінен жоғары және төмен орналасқан жапырақтарға 180° бұрыш жасай орналасады.
Қалыпты қынап сабақтың төменгі 2/3 бөлігін жауып тұрады, ал қолайсыз жағдайларда масақ қынаптан толық ұзарып шықпайды. Әрбір қынап буынға дейін бойлай бөлінген.
Жапырақ тақтасына сызықтық және параллель жүйкелену тон, бүл жағдай бүкіл типтері тұқымдасына-ортақ. Жапырақтың үстіңгі бетінде бірқатар бойлық қырлар пайда болады, олар өткізгіш шақтардың үстіңгі жағына орналасқан тканьдердсн түзілгсн. Ортаңғы жүйке тактаның астыңғы бетінен керініп түрады. Тақтаның екі бетінде де устьицелер болады, устыщелер астыңғы бетіне қарағанда үстіңгі бетінде кебірек болады. Жапырақ тақтасының төменгі бетінде қыр болмайды және ол үстіңгі бетіне қарағанда әдетте едәуір тегіс келсді.
Жапырақ тақтасы мсн кынаптың түйісетін найза тәрізді түзіліп, қынап пен сабақты қарама-қарсы екі жағынан да еркін қамтиды.
Жарғақты өскін (тілше) дс жапырақ тақтасы мен қынаптың түйіскен жерінде орналасқан жұқа өсінді болып табылады.
Жаздық бидайдың неғізгі өркенінен 7—8 жапырақ шығады. Күздік бидайдыц нсгізгі өркенінен 13—14 дейін жапырақ еседі. Жапырақтардың көпшілігі өскін пайда. болған соң қалыптасады.
Жаздық бидайда жапырак, тіршілігінің. жалпы үзақтығы 49—78 күнге созылады. Жаздық бидайда жапырақтар тіршіліғініц тоқтауы редукциялық бөліму нәтижесінде пайда болатып төрт клетканың қалыптасуынан, ал күздік бидайда — масақ өзегінің. сегментациясынан басталады.
Масағы мен дәнегі. Дақыл түптене бастаған кезде масақ қалыптасады. Бидайдың гүлшоғы— масақ. Жапырақ ішіндегі қынап сабағының өсуіне қарай масақ қалынтасады да, осыдан сыртка шығады (масақтаыады). Оның негізгі қылтанағы (өзегі)—иректелген, тіс тәрізді ол бірқатар қысқарған буындар мен буын аралықтарынан тұрады.
Өзектің әрбір буын аралығы түбіне қарай тарылып, үш жағына кеңейеді. Масақ жетілмеген, түрі өзгерген өркенге айналғап масакпіалардан түрады (Вагге, Н. Т., 1945). Бидайдың масағы — қондырма масақ. Масақшада үштен беске дейін гүл болады. Жоғары гүл әдетте рудименттік мүше. Әр масақ бүршігінен бір-екі масақ қауызымен оранған, ал ол бір гүлдің сыртқы және ішкі гүл кауызы бар. Гүлдің ішіне үш аталық және екі ауызды аналық ориаласқан. Гүлдің ең түбінде шағын екі пленка — лодикул орналасқан. Гүлдеу кезінде олар ісініп, гүл ашады. Гүлдеп болған соц лодикул солады. Тозаңқаптың пішіні жебеге ұқсайды: оның әрқайсысы гүлге жіңішке аталық жіпшесімен бекінген.
Масақтың және гүл қауызының хлорофильді ткані, түтік шоғы болады. Сондықтан олар ассимиляцня және булану процестеріле қатысты.
Масақтанудың соңын ала гүлдеу процесі басталады. Ең алдымен масақтың ортаңғы белігінің гүлдері, одан соң төменгі және жоғарғы бөліктерінің гүлдері гүлден бастайды. Тозаң қабы ең жоғарғы шегіне жетіп, сарғаяды, ал бүл кезде аналық та жайылып өседі.
Қалқанша дегеніміз—түрі өзгерген тұкым жарнақ жапырағы. Ол тұқым өнген кезде коректі заттарды эндоспермнен ұрыққаі жеткізу кызметін аткарады. Қалқанша эпителиймен көмкерілгон паренхималық тканьне.н тұрады. Эпителий клеткаларының үлкен сору күші болады, бұл клеткалар ұрық өскеи кезде ерссек өсімдіктің тамыр түкшелері орнына кызмет атқарады.
Эпибласт тамырдың сабақка өтер жеріне орналасқан. Оның маңызы толық анықталмаған. Эпибласт ткані борпылдақ құрылымды, осының арқасында ол үрык, өскен кезде ылғалды барынша сіңіріп алып, оны ұрыққа береді. Иванов (1971) эпибластың бүл қызметі ұрық тіршілігінің алғашкы кезеңінде өте маңызды деп атап көрсетті.
Дәнектің қалыптасуы сыртқы орта жағдайлары мен организмнің генотнпіне байланысты. Жаздық бидайда дәнектің қалыптасу ұзактығы 9—13 күн, суару ұзақтығы—14 күм, пісу ұзактығы 8—12 күн болады. Аланда ауа райы жағдайларына байланысты керсетілген диапазондар әр жаққа қарап біршама өзгереді.
Күздік бидайда дәнек қалыптасуының орташа ұзақ-тығы 10—16, суару ұзақтығы 9—14, пісу ұзактығы 8—13 күн.
Дәннің қалыптасып жетілуін шартты түрдс үш фазаға бөлінеді: сүттсну, балауыздану және толық пісу фазалары. Бүл фазалардан ету процссінде өсімдіктің өзінде, сонымен қатар дәнде, морфологиялық және биохимиялық өзгерістер болады.
Сүттеніп пісу фазасында дән жасыл реңді, айтарлықтай толысқан болады және сықкан кезде одан сүт реңдес қоймалжың бөлініп шығады. Ақ түсті болуы ондағы крахмал дәндеріне байланысты. Дәнде еритіп қант көп болады. Ұрық әлі де жүмсақ болады. Ал құрғағаннан кейін өніп шығуға қабілетті келеді. Бүл кезде сабақ, жоіарғы жапырақтар мен масақ әлі де өзінің жасыл реңін сактайды, бірақ өсімдік тіршілігініц тоқталу белгілері байқала бастайды. Ассимиляция процесі әлі де жалғаса береді.
Балауызданып пісу фазасында дәинің құрамындағы заттар алдымен жабысқақ күйге өтеді де, соңынан балауыз секілді жұмсақ болады.
Бұл кезде дәнді тырнакпен кесу оқай; көлемі жөнінен ол сүттеніп пісу фазасындағы дәннен едәуір кіші болады; біртіндеп жасыл реңнен айырылады. Сабак, жапырақ және масақ сарғая бастайды: жапырақтар морт сынғыш болады да, бірақ сабақ өзінің иілгіштік қасиетін сақтайды. Ассимиляция процесі тоқталады. Бұл фазада заттар бір топтан екінші топқа қарқынды түрде өте бастайды, дәннің масақпен физиологиялық. байланысы жойылады, бірақ гүл және масақ қауызы дәнді ылғалмен және синтез өнімдерімен қамтамасыз. ету қызметін атқара береді.Толық пісу фазасында дән қатая түседі және оның. көлемі кішірейеді, сондықтан кейбір сорттарда олар оңай шашылады, пластикалық заттардың бір топтан екінші топқа ауысуы аяқталады.
Пісу дәрежесіне қарай дәнектің анатомиялық құрылымы өзгереді. Дәнектің өсу процесі кезінде эндоспермнің крахмал бөлігінің клеткалары пластидтік крахмал жинақтайды, ал жеміс қабықшасының клеткалары жұмыр крахмал дәндеріне толады. Эндосперм клеткалары пластидтік крахмалмен толған соң хондриозомдық крахмал жинала бастайды. Эндоспермнің белоктық заттары қоюланып, бірте-бірте желімтек бола береді.
Түсім кепілі. Түсімнің мелшері негізінен қалғанда белгілі жердегі өсімдіктердің санына, масақтың мөлшеріне, масақтағы және өсімдіктегі дәннің массасына байланысты болады. Соңғы уақытта көп линиялы сорттар селекциясына барған сайын көп көңіл бөлінуде. Бұл — агрономиялық белгілері ұқсас, бірақ әр түрлі төзімділік гендері бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар линия популяциясы, яғни бүл сорт төзімділігі әр түрлі бірнеше генотиптің қоспасы болып табылады. Көп линиялы сорттар дүние жүзінің бірқатар елдерінде бидайды сары таттан қорғау үшін кеңінен пайдаланылады.


БИДАЙ САПАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
Дәннің натуралық салмағы. Бидайдың натуралық салмағы — сапаның неғүрлым кең таралған және қарапайым белгісі. Ол көпшілік елдерде килоғраммен алынған бір гектолитр дәннің салмағын білдіреді.
Дәннің натуралық салмағы әсер ететін негізгі факторларды Глиннат пен Бушук (1959) анықтаған. Олар үлгі ретінде алынған дәннің өлшемі натуралық салмаққа әсер етпейді деуге болады немесе мүлде әсер етпепді, ал екінші жағынан алғанда дәниің формасы және оның өлшемінің бір тектілігі натуралық салмаққа әсер етеді, өйткені дәл осы екі фактор дәннің тиісті ыдыста орна-ласу сипатын анықтайды деп көрсетті.
Натуралық салмақка айтарлықтай әсер ететін келесі маңызды фактор — бұл дәныің тығыздығы. Дәннін тығыздығы дәннің биологиялық қурылыс

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!