ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
Түркістан
облысы
Сарыағаш аудандық білім
бөлімі
№18 Абай атындағы жалпы
білім беретін мектеп
Ғылыми
жұмыс
Тақырыбы: «Бидай сүті –
қуат көзі»
Бағыты: «Қазақстанның
тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат
маршруттары»
Секция:
«Этномәдениеттану»
Жоба авторы: Қуандықова
Әсемай Нұрланқызы
4 «а» сынып
оқушысы
Жоба жетекшісі:
Ж.Қуандықова
Сарыағаш 2024
жыл
Жетекшінің
сипаттамасы
Қуандықова Әсемай Нұрланқызы
2005 жылы Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылдық округі,
Зортөбе елді мекенінде дүниеге келген. Мектеп табалдырығын аттаған
күннен бастап, Әсемай өзінің білімге деген құштарлығымен,
қызығушылығымен көзге түсіп келеді. Әсемай мектепте қоғамдық
жұмыстарға өте белсенді қатысады. Сондай –ақ, түрлі сыныптан тыс
іс-шараларға қатысып, марапаттарға ие болып
келеді.
Пән үйірмелеріне, қосымша
сабақтарға да белсенді түрде қатысып, маңызды сұрақтар қоя білетін
талапты оқушы. Үнемі ізденіс үстінде жүретін Әсемай, берілген
тапсырмаларға басқа әдеби кітаптардан, газет-журналдардан
мәліметтерді өздігінен ізденіп тауып келеді. Әсемайдың сөздік қоры
мол. Басқа оқушылардан ерекшелігі - ол сыни тұрғыдан ойлай біледі.
Алған ақпаратты өмірде қолдана білуге
бейім.
Қазіргі кезде Әсемай «Бидай
сүті – қуат көзі» тақырыбын өзіне жақын алып, ізденіп, мәліметтер
жинақтады.
Әсемай өз жұмысын зерттеу
барысында көп ізденіп, көп оқып, еңбек етуде. Тақырыппен
айналысқанына бір жылдың көлеміндей уақыт болды. Қазіргі уақытта
осы тақырып бойынша біршама білімге ие бола білді. Алдағы уақытта
зерттеу жұмысының, еңбегінің арқасында өз тәжірибесін одан әрі
жетілдіре түседі.
Хакім Абайдың «Болмасаң да
ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз» деген сөзін жанына жақын ұстаған
Әсемай, өз тақырыбы үстінде аянбай еңбек ететініне
сенімдімін.
Жетекші мұғалім:
Ж.Қуандықова
Мазмұны
І.Кіріспе
бөлімі...........................................................................................2
ІІ.Негізгі
бөлім.
2.1.
Аннотация............................................................................................3
2.2
Мақсаты.................................................................................................4
2.3. Бидай туралы
мәлімет.......................................................................5
2.4.Бидайдың
қолданылуы......................................................................6
2.5.Бидайдың
сүті......................................................................................8
26. Бет күтімінде
қолдану.......................................................................9
2.7. Сумалак
тағамы.Тағамның тарихы.
............................................10
2.8. Тағамның келіп шығуы
туралы
аңыздар....................................12
2.9. Тағамды дайындау
әдісі...................................................................14
ІІІ.
Қорытынды.........................................................................................18
ІV. Пайдаланылған
әдебиеттер...............................................................20
Кіріспе.
Президентіміз Қ.Тоқаев мырза
айтқандай «Ең басты құндылық – ол адамның өмірі». Ал адам
өміріндегі басты байлық – ол денсаулық екені мәлім. «Денсаулықтың
қадірін-ауырғанда білерсің» дегендей, ауырып ем іздегенше
ауырмайтын жол іздеген абзал. Алайда, аурудың батпандап кіріп,
мысқалдап шықпасына кім кепіл? Қазіргі таңда елімізде медицина
саласы қарқынды дамып келеді. Ертеректе көпшілік шетел асып ем
іздейтін. Қазірде еліміздің барлық өңірлерінде медициналық
көмектерге халық көңлі тоятыны мақтанарлық жайт. Елбасымыз халықтың
денсаулығын жақсартуда қаншама қаржы бөліп, мезгіл сайын аурудың
алдын алуда арнайы шараларды жоспарлы түрде іске асырып отырады.
Жүйелі орындалған жоспар өз нәтижесін беріп отырғаны –халық
иігілігі. Дегенмен , қыс мезгілінде адамдардың басым көпшілігі
тұмаудан зардап шегетіні анық. Оған арнайы екпе жасатып, алдын алып
жатамыз.
Тұмау –өте жұқпалы ауру.
Тұмаудың қоздырғыштары тұмаумен ауырған адаммен бір бөлмеде
тыныстау, жөтел кезінде ауа арқылы жұғады. Әсіресе, жас балалар
арасында өте жиі кездеседі. Тұмау – барлық ауруды қоздырып, адамды
аз уақыт ішінде тым қатты әлсіретіп жібереді.Сондай-ақ, айығу
мөлшері де ұзақ уақытты алатыны тағы бар. Тұмаудың келіп шығуына
адам ағзасында С дәрумені тапшылығы себеп болады. Өйткені, адам
ағзасында С дәрумені жетерлі болса , аурудың жұғу дәрежесі төмен
деңгейде болып, адамға ауру жұқпайды. Сосын адам ағзасында
кез-келген ауруға қарсы тұратын иммундық жүйеге де байланысты. Егер
адамның иммунитеті жоғары болса, ондай адамға ешбір ауру жұқпайды.
«Ауру-астан» деген қазақта жақсы сөз бар. Сондықтан да алдымен
арқауымыз болатын асымыздың құнарлылығына аса мән берген
жөн.
Осы орайда, көне дәуірден келе
жатқан адам ағзасына қажетті дәрумендер мен микроэлементтерге,
аминқышқылына өте бай, өнген бидай сүтінен әзірленетін нағыз қуат
көзі – «Сумалак» тағамын жылына бір рет тоя жеуді кеңес
беремін.
2
Аннотация
Бұл жобада бидай түрлері және
де оның қолданылуы туралы мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар,
бидайды өндіргенде одан сүт алынатындығы ақпараттар берілген.
Сондай-ақ, бидай сүтін үй жағдайында дайындап, бет күтімінде
қолданылуы көрсетілген.
Бидай сүтін тағамда қолдану
туралы да тамаша деректер көрсетілген. Тағамның шығу тарихы туралы
кереметтей аңыздар қарастырылған. Сонымен қатар, тағамның дайындалу
әдісі жайлы толық ақпараттар
берілген.
Аннотация
В этом проекте содержится
информация о пшенице и ее сортах. Также говорится о применении
пшеничного миолочка в приготовлениии национальных блюд и о его
косметических свойствах.
Наряду с этим проект содержит
полные сведения о истории и способах приготовления этих
болюд.
Abstrakt
This project provides information on the tupes of
wheat, its use, and wheat. As weel as the use, wheat milk for jase
care and food from wheat. There are legends about the origin of the
food.
Detailed information on cooking is
given.
3
Жобаның
мақсаты:
*Салауатты өмір салтын
насихаттау;
*Табиғаттың керемет
сырларына терең бойлау;
*Адам ағзасына пайдалы
тағамдар тізбегін арттыруға үлес
қосу;
*Ертедегі аңыздарға сүйене отырып, тарихы анық болмаған тағамның
құнарлылығын зерттеу;
Көзделетін
нәтиже:
-Табиғат сырларымен терең
танысып, мәнін дәріптеу.
-Аурудың алдын алуда дұрыс
тамақтануды насихаттау.
-Пайдалы тағамдар тізбегін
жасау;
-Салауатты өмір салтын
ұстану.
4
Бидай туралы
мәлімет
Бидай – дәнді-дақылдар тобына
жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың
ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға
жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер
өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%)
мөлшеріне байланысты бағаланады.
Бидай біздің заманымызға
дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле
бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің
заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар
бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері
үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен
жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне
қолданылған сұлы мен қара бидайға
қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім
алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да
оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.
Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға
дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға
дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар.
Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е
дәрумені, антиоксиданттар, В
тобындағы дәрумендер өте көп болады.
Қолданылуы
Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын,
«тритикале» және «булгур» жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы –
өзімізге белгілі «манная крупа». «Тритикале» – будандастырылған
бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон,
кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні
жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен
композицияларын безендіру үшін
қолданылады.
Биіктігі 40 — 130 см, тамыр
жүйесі — шашақты, тарамданған. Сабағы
қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай
орналасқан. Гүл шоғыры — күрделі
масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар
орналасқан, ал олардың аралығында 3 — 5 гүлдері болады. Масақтың
пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде
қылтанағы болады. Тұқымы — ұзына бойына тартылған сызаты
бар,
беті
жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен
масақша қабыршағының түк
5
басуына, қылтықтары мен
дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге
бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен
жұмсақ және қатты бидай өсіріледі.
-
Жұмсақ
бидайдың (triticum aestіvum)
масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан
көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады,
құрамында 16%-тей ақуыз болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді
әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақстанда егіс көлемінің
негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әр түрлі жағдайына ыңғайлы,
өсу қабілеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақтарда
өсіреді. Бидайдың дәнінен жарма,
ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең
пайдаланады. Әсіресе, Қазақстанның Батыс, Орталық,
Шығыс аудандарында өсетін
жұмсақ бидай өте құнды болып
есептеледі.