Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
дипломдық жұмысқа керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ




Тилейхан Айдынгул

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі.

Көкшетау, Қазақстан



Резюме: Использование системы критериального оценивания в учебном процессе позволяет увязать систему оценивания достижений обучающихся с целями отдельного предмета, а также выявить и расширить использование определенных параметров (критериев), позволяющих обучающимся для формирования компетенций в начальной школе.


Abstract: The use of criteria-based assessment technology involves comparing students' achievements with well-defined, predetermined criteria, determining the success of a learning material, the development of practical skills, and recording changes in the overall level of readiness of each student in the dynamics of his success in various fields.




Қазіргі әлемде білімнің қоғамдағы барлық саладағы ілгерілеуді қамтамасыз ететін стратегиялық ресурс ретіндегі рөлі жүйелі өзгерістерді талап етеді. Білімнің негізгі және ең ұзақ сатысы ретінде, мектеп білімінің жаңа сапасын қамтамасыз етудің түйінді сәті болып отыр, оған әр азаматтың және тұтас қоғамның келешектегі өмірлік табыстылығы байланысты. Оқушылардың және олардың ата-аналарының әрбір индивидумның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыратын толыққанды білімге құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдай жасаған маңызды. Оқудың нұсқалары мен әдістерінің көптүрлілігі көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы объективті ақпаратпен ілесуі тиіс, оны білім алушылардың жетістіктерін бағалау үрдісінде айқындауға болады. Бағалау үрдісін қайта қарастырудың өзектілігі осы күні білімдегі заманауи стратегиялық міндеттермен, білім сапасына қойылатын халықаралық стандарттарды және заман талаптарын ескеріп, білім сапасының деңгейін арттыру қажеттілігімен, білім беру нәтижелерінің объективтілігін және қазақстандық мектеп түлектерінің ел сыртындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатымен, білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағасына және оны бағалауға бірыңғай талаптарды әзірлеу қажеттілігімен анықталуда.

Қазақстанның PISA-2009 нәтижелерін талдау ұлттық білім беру жүйесін, ҚР Білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде білім саясатындағы басым бағыт ретінде бағалау жүйесі және білім сапасының мониторингін жетілдіру үшін өзекті келешегін көрсетуде. Бастауыш мектептің бірінші сыныбында ресми білім алу бірінші сынып оқушыларының мектепке жайлы бейімделуі үшін бағалаусыз оқыту қағидаттары негізінде құрылған. Іс жүзінде бастауыш мектеп білім алушыларының жетістіктерін бақылаудың және бағалаудың балама жүйесі табысты қолданылуда. Білім алушылардың, соның ішінде бастауыш мектеп оқушыларының да жетістіктерін бағалаудың ұтымды нұсқасы болып критериймен бағалау жүйесі болып табылады. Критериалды бағалау технологиясының қолданысы білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдын-ала белгілі критерийлермен салыстыруды көздейді, әлдебір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, әлдебір практикалық дағдының қаншалықты қалыптасқанын анықтап, әр білім алушының жалпы дайындығы деңгейіндегі өзгерістерді де, оның түрлі танымдық аяларындағы табыстары динамикасында тіркеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық практикада қазіргі күні жиі қолданылып жүрген бес балдық жүйемен бағалау әдістемесі қарапайым да, үйреншікті екені сөзсіз. Бірақ ол саралауға қабілетсіз және бағалардың объективтілігін қадағалауға мүмкіндік бермейді, өйткені оның білім алушылармен өз жетістіктерін өздігінен бағалауын қолдайтын және дамытатын, сонымен қатар, білім беру үрдісінде білім алушы өзінің сәттіліктері мен сәтсіздіктері туралы ақпаратты меншікті жетістіктерін жақсарту үшін ұсыныс түрінде алып отыратындай, кері 4 байланысты жүзеге асыратын нақты және анық критерийлері жоқ.

Критерийлік бағалау жүйесінің білім беру үрдісіндегі қолданысы білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін жеке пәннің мақсатты нұсқамаларымен байланыстыруға, сонымен қатар білім алушылардың бастауыш мектептегі құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін белгілі параметрлерді (критерйилерді) қолдану арқылы анықтап, көтеруге мүмкіндік береді. Бастауыш мектептегі әр оқушының дайындық деңгейін, оқудағы жеке ілгері басуын критерийлік бағалау жүйесімен анықтау, тек оқушылардың білім алуға деген мотивациясын ғана емес, бастауыш мектептегі білім беру үрдісінің де сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Қазіргі бағалау түрлі нысанды, түсінікті, психологиялық тұрғыдан жайлы, екіқұрамды жиынтық және қалыптастырушы болуы керек.

Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест, емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды. Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді өңдеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек.

Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.





ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Ксензова Г.Ю. Оценочная деятельность учителя. Учебно-методическое пособие. М: Педагогическое общество России, 2000. 121с

  2. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М., Алматы-2004,

3-басылымы

  1. Мануал «12 жылдық мектептегі бастауыш білімнің құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері», Ж.Ш.Адамова,. Д.А.Сүртібаева, МББҚБА және ҚД институты,2007,. Мануалға қосымшалар, Ж.Ш.Адамова, Қарағанды,2008

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы

  3. Современные средства оценивания результатов обучения: Учебное пособие /Сост. Е.В.Телеева - Шадринск: Изд-во Шадрин. пединст-та, 2009.

  4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы

  5. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, Астана 2012 жылғы 14 желтоқсан

  6. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.06.2021
323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12