Білім алушының тұлғалық дамуын қолдауда эмпатияны дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім алушының тұлғалық дамуын қолдауда эмпатияны дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпта әлеуметтік-эмоционалдық интеллектін дамыту мәселесі қозғалады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

Маңғыстау облысы бойынша

Кәсіби даму институтының

аға оқытушысы М.А.Сахарбаева


Білім алушының тұлғалық дамуын қолдауда

эмпатияны дамыту



Бастауыш сыныпта әлеуметтік-эмоционалдық интеллектін дамыту баланың оқу жетістіктерін арттырып қана қоймай, өзін тануға, қоршаған ортамен сенімді қарым-қатынас орнатуға жол ашады. Мұғалімнің әр тапсырмасы баланың эмоциясын ескере отырып құрылғанда ғана, білім беру процесі шынайы тұлғалық дамуға қызмет етеді.

Бастауыш сынып жасындағы балалар өзінен өзгелерді тануға, сезінуге, қабылдауға бейімделе бастайды. Эмпатияны дамыту үшін мұғалім оқушыларға түрлі өмірлік жағдаяттар ұсына отырып, оларды талдауға, пікір білдіруге, шешім ұсынуға бағыттайды.

Эмпатия - бұл айналасындағылардың сезімдерін түсіну және қабылдау, оларға жанашырлық таныту және эмоциялық байланыс орнату қабілеті. Балаларда эмпатияны дамыту салауатты өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруға, әлеуметтік бейімделуді жақсартуға және эмоциялық интеллектіні дамытуға көмектеседі. Мектепке дейінгі балалар үшін эмпатияны ойын тапсырмалары, ертегілер, кейіпкерлер бейнелері арқылы дамытуға болады.

Кіші мектеп жасындағы білім алушылар үшін классикалық жаттығулардан басқа эмпатияны пәндік дағдыларға біріктіру үшін сандық құралдарды пайдаланған жөн, бұл процесті қызықты және көрнекі етеді.

Балалардың эмпатиялық қасиеттерін дамыту үшін ойын түрінде және әдебиеттік оқу пәндерінде кейіпкердің іс-әрекеттері арқылы іске асыруға болады.

Балалардағы эмпатияны дамыту арқылы әр бала қоғамның мейірімді, қамқор және жауапты мүшесі болуды үйрене алады.

Мысалы, көркем шығармаларда кейіпкерлердің ішкі сезімдері, эмоциялары және өмірлік тәжірибелері баяндалады, бұл балаларға сол кейіпкерлердің жағдайын түсініп, олардың эмоцияларымен бөлісуге мүмкіндік береді. Сондықтан, педагог балалардың эмпатиясын дамыту үшін сюжеттік-рөлдік, ережелері бар ойындар және шығармашылық ойындар сияқты түрлі ойындарды пайдалануы керек. Бұл балаларға эмпатияның түрлі қырларын, жанашырлық қабілетін, басқаларға назар аудару, өз сезімдерін білдіре білулерін дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, балалар сюжеттік-рөлдік ойын «Аурухана» ойынын ойнағанда, олардың біреуі пациент, екіншісі дәрігер, ал үшіншісі оның досы немесе туысы болады. Мұндай ойындарда балалар басқалардың сезімдерін түсінуге және оларға сәйкес жауап беруге үйренеді.

Сонымен қатар, үстел ойындары не таза ауада ойнау сияқты ережелері бар ойындар да эмпатияның дамуына ықпал етеді. Мұндай ойындар барысында балалар ережелерді сақтауға, басқа қатысушылардың қызығушылықтары мен эмоциялық жағдайларын ескеруге үйренеді. Мысалы, топтық ойында бала өзінің іс-әрекетінің бүкіл команданың жетістігіне қалай әсер ететінін бақылай алады, бұл оның басқаларға жауапкершілік пен назар аудару сезімін дамытады.

«Досың ренжісе, не істер едің?» (топтық талдау)

«Жылы сөздер себеті» – әр бала сыныптастарына жылы сөз жазып, білдіреді.

«Эмоциялық театр» – қысқа жағдаятты сахналау арқылы кейіпкерлердің сезімін жеткізу.

Сонымен қатар, «Бағдаршам» әдісімен сабақтың соңында өз сезімін бағалауы, осының бәрінің білім алушының эмпатиялық қабілетінің дамуына әсері бар.

Мысалы, «Жаратылыстану» пәні – білім алушылардың табиғатқа деген танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың адамгершілік қасиеттерін, соның ішінде эмпатияны қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымдық пәндердің бірі.

«Табиғат және біз: жанашыр болайық» тақырыбында білім алушылар өсімдіктердің қоршаған ортадағы маңызын түсіну, оларды қорғау қажеттілігін сезіну, сонымен қатар табиғатқа жанашырлықпен қарауға үйрену бағытында жұмыс жүргізіледі. «4.2.1.6. өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну» атты оқу мақсатын сабақ мақсатына «Табиғат пен тіршілік иелерінің бір-бірімен байланысын түсіну. Эмпатиялық көзқарас қалыптастыру (өзгенің орнына өзін қоя білу). Жауапкершілік сезімін ояту және өз әрекетіне мән беру» деп икемдей аламыз.

Сабақ барысында қолданылатын ойындар мен тренингтік жаттығулар балалардың эмоционалдық сезімін, қоршаған ортаға деген жанашырлығын, сондай-ақ өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау дағдысын дамытады. Бұл тәсілдер оқушының тек білімін ғана емес, тұлғалық қасиеттерін де қалыптастырып, табиғатпен үйлесімді қарым-қатынаста болуына негіз қалайды.

Сабақтың түрі: тренинг элементтерімен интеграцияланған сабақ.

Психологиялық ахуал «Егер мен ағаш болсам...» тренингісінде балалар көздерін жұмып, мұғалімнің әңгімесін тыңдайды:

«Сен ағашсың. Көктем келді. Құстар келіп қонды. Біреуі бұтақты сындырып жатыр. Не сездің?..» Балалар өз әсерлерін сипаттайды.

«Табиғатқа зиян келтіру – тіршілікке қауіп» тақырыбында сурет не бейнеүзік (қоқыс, от жағу, жануарларға қауіп төндіру) көрсетіп:

Сен бұл көріністі көргенде не сезіндің?

Бұл жерде не дұрыс емес? деген сұрақтар қоя отырып, білім алушылардың табиғатқа деген аяныш, қамқорлық сезімдерін ояту жүргізілді.

Ойын: «Тірі табиғат – тіршілік иесі». Оқушылар жануарларды бейнелейді (қоян, құс, гүл, т.б.)

Жағдаят беріледі: «Адам келіп орманды кесіп тастады...» Әр рөлдегі оқушы өз «эмоциясын» білдіреді (мимика, сөз, қимыл арқылы)

Топтық жұмыс: «Табиғатты қорғаймыз!» 3–4 адамнан тұратын топ өз постерлерін жасайды. Постерлеріне тақырып қояды. «Ағаш – біздің досымыз», «Су – өмір көзі», т.б.

«Біз табиғатқа қалай көмектесе аламыз?» тақырыбында әр топ өз жұмыстарын таныстырып, талқылайды.

Сабақ соңында «Эмпатия күнделігі» бойынша:

«Бүгін мен не сезіндім?»

«Мен енді табиғатқа қалай қараймын?»

«Табиғатқа жасаған бір жақсы істерім»

Сабақ «Табиғатпен сырласу» – шағын хат жазу, «Қымбатты ағаш, кешір мені...», «Құс досым, мен сені қорғағым келеді...» деген сияқты үй тапсырмасымен аяқталады.

«Табиғат және біз: жанашыр болайық» тақырыбындағы сабақ барысында оқушылар өсімдіктердің тіршілік үшін маңызын түсініп қана қоймай, оларды қорғау жолдарын ойластырып, нақты іс-әрекеттер ұсынуға дағдыланды. Сабақта қолданылған ойындар мен тренингтер арқылы табиғатқа деген жанашырлық сезімін, эмоциялық қабылдауын, эмпатиялық қасиеттерін дамытады.

Сабақ соңында өз ойларын ашық айтып, «Мен өсімдікті қалай қорғаймын?», «Табиғатқа жасаған бір жақсы ісім» сияқты тапсырмалар арқылы жеке тұлғалық қатынасын білдіріп, табиғатпен байланысын терең түсіне алды. Мұндай сабақтар тек танымдық емес, тәрбиелік және рухани маңызы жоғары екенін көрсетеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.07.2025
88
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі