Тақырыбы: "Білім аралына
саясат "
Мақсаты:
Кітаптың
шығу тарихы мен оның адам баласына пайдасы туралы және бүкіл ғылым
мен техника кітап арқылы өрістейтінін, білімнің бастауы екенін
түсіндіре отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын,
рухани байлығын дамыту, өз елінің классиктерін
таныту.
Көрнекіліктер: І. /плакатқа жазылған
сөздер/
-
Кітап - білім бұлағы.
М..
Горький
2. Оқу – инемен құдық
қазғандай.
/мақал/
-
Оқу – білім бұлағы,
Білім - өмір
шырағы.
/мақал/
-
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса
аттама.
/жұмбақ жауабы:
кітап/
-
Кітап – алтын қазына.
/мақал/
ІІ. Кітап көрмесі.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды үш топқа бөліп, оларға үш тапсырма
беріледі.
-
Бір сандық бар өзгеше,
Қасыңа алып
жүресің.
Ішін ашып
ақтарсаң,
Өмір сынын
білесің.
Ол не?
/Кітап/
-
Ақыл – ойдың шырағы,
Зәулім көктей
шынары.
Биігіне бойлаған
Қанбайды адам
құмары.
Ол не?
/Білім/
-
Сынаптай жылтырап,
Биіктен сырғиды.
Ән салып
былдырлап,
Іздейді ылдиды.
Ол не?
/Бұлақ/
Берілген жұмбақтың шешуі үш
топтың аты болып, қолдарындағы қағазға аттарын жазып, тақтаға
іледі.
Осы сөздер арқылы бүгінгі тәрбие сағатымыздың
тақырыбын анықтап аламыз.
І топ. «Кітап» тобы.
Кітап туралы өз ойларын ортаға салады.
ІІ топ. «Білім» тобы.
«Білім не үшін керек? Білімді жинауға не керек?»
деген сауалдар төңірегінде әңгіме қозғайды.
ІІІ топ. «Бұлақ» тобы.
Бұлақтың пайдасы, оның осы тәрбие сағатына қандай
қатысы бар екенін дәлелдейді.
Тақта алдына қойылған ақын-жазушылардың
кітаптарынан оқушылар өздеріне ұнағанын таңдап алады. Алынған
кітаптардың ішінде төмендегідей тапсырма бар:
1. М.Әуезовтың І томы.
1. М.Әуезов туралы не білесің?
2. Бұл кітап саған неге ұнайды?
3. Білімді болу үшін не керек?
2. Ғ.Мүсіреповтың ІІІ томы.
1. Ғ.Мүсіреповтың қандай әңгімелерін
білесің?
2. Өзің оқыған әңгімесінің кейіпкерін
ата.
3. Кітапты неден жасайды?
3. М.Жұмабаевтың шығармалар жинағы.
1. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша
түсірілген «Батыр Баян» киносын көрдің бе? Оқиға не
туралы?
2. «Бұлақ» сөзінің синонимін айт. Соған
байланысты мақал айт немесе жұмбақ жасыр.
3. Кітап оқығанды ұнатасың ба?
Оқушылардың жауабы тыңдалғаннан кейін, Танаш
Дәуренбековтың «Кітаптар мұңы» әңгімесінен көрініс
көрсетіледі.
Кітаптар мұңы
/Мектептің отын қоймасы. Бір құшақ кітапты әкеліп
тастай салды. Есік жақтағы бір кітап басын көтеріп қарап қояды.
Ыңырсыған дауыстар./
Қазақ
әдебиеті: Ей, /жанындағысын түртіп/
тұрсаңшы, қайда келдік?
Дүние жүзі
тарихы: Ойбай, басым! Мазамды алмашы,
бүйткен тіршілігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресін
шығарып, желмен ұшырып жібергені жақсы еді.
Қазақ
әдебиеті: Не болды? Жалғыз сенің басыңа
келген қасірет қой дейсің бе? Көтер басыңды. Кімсің өзің? Сыртың
бүп-бүтін ғой!
Дүние жүзі
тарихы: Сыртымды қайтесің? Сыртым
бүтін болғанмен, ішім түтін. Мен үшін авторлар түн ұйықысын төрт
бөліп қанша қызмет етті, баспа қызметкерлері әр әріпімді жекелей
теріп, көз майын тауысты. Сонда кім үшін? «Балалар оқысын, сауатын
ашсын, адам болсын» деген ізгі ниет еді ғой
бәрінікі.
Табиғаттану: Иә, достар, менің де
күнім сендердікіндей. Мен де қолымнан келгенше бойымдағы білімімді
беріп, балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа, өз жерінің
табиғатын тануға тәрбиелеуге тырыстым, бірақ Адырбай деген бала
мені әбден шимайлап, жыртып, қорлады.
Қазақ
әдебиеті: Біздің де қңып тұрған жеріміз
жоқ, әріптестерім. Енді мұңдас болдық. Мен де Сотқарбай деген
баланың қолына түстім. Әдепкіде оқулық болып, мектеп босағасын
аттағаныма қуанып едім. Оным көпке бармады. Сотқарбай көзімді
бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып, сызып
тастады.
Дүние жүзі
тарихы: /асығып, тұтығып/ -Әуелі
көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерімді
жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында
доп қылып тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап
кетті.
Қазақ
әдебиеті: Әріптестер, ең құрығанда кіші
сынып оқушыларына неге жоғары сынып оқушылары айтып қоймайды екен?!
Олар да кінәлі-ау!
Математика: Дұрыс айтасыңдар! Менің
оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып
ойнағанда, 10-сыныпта оқитын ағасы қой демеді-ау!
Қазақ
әдебиеті: Бірақ әр оқушы өз дүниесіне
ұқыпты болуы керек қой. Ондай ұқыпты балалар да жоқ емес. Бірақ
олар Адырбай мен Сотқарбайларға ақыл айта алмай
келеді.
Дүние жүзі
тарихы: Иә, иә, сен дұрыс айтасың.
Менің өзім сияқты құрдасым болды. Ол екеуіміз мектеп кітапханасынан
бірге шықтық. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық. Міне,
оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың
болмас, шіркін! Кітабына кір жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін,
парағын қайтармайды, арасына қағаз салып қояды, сызбайды, сия
тамызбайды. Оның кітабы су жаңа күйінде шықты.
Табиғаттану: Енді бізді не істер
екен? Әлде отқа тамыздық етер ме екен?
(Бәрі селк ете түсті. Бір сәтке үндері шықпай,
іштен тынды.)
Қазақ
әдебиеті: Қой, мүмкін, бір кәдеге
жаратар. Қайтадан түптер.
Математика: /кекетіп/ Түптер!
Түптесе, сені түптер, ал түптеуге келмейтін, тұттай жалаңаш бізді
қайтеді? Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де
жарымжанбыз.
Дүние жүзі
тарихы: /басу айтып/ Әріптестер, мен
тарихты білсем, бізді фабрикада қайта жуып, тазартып, сиямыздан,
бояуымыздан арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға
жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы
ұқыпты оқушының қолына түссек екен деп тілейік.
Бәрі: Иә, иә, соны айтсаңшы. Ылайым
солай болсын. Бізді аялап ұстаса ғой.
/Бәрі үміттеніп кетеді/.
Мұғалім
сөзі: Иә, балалар, кітаптардың мұңы,
шынында да адам аярлықтай екен. Олай болса, кітапты күтіп ұстау –
бәріміздің міндетіміз. Кітап біздің ақыл-ойымызды өсіреді, ғылым
мен техниканың жаңалықтарымен таныстырады, өмірде не болып жатқанын
хабардар етеді. Білім бастауы болған кітапты ұқыпты ұстауға, оны
жан досыңдай қадірлеуге әрқайсысың міндеттісіңдер. Кітап адамға
қандай кезде де ақылшы, дос бола алады.
Осыған байланысты Әзілхан Нұршайықовтің «Ақиқат
пен аңыз» романынан үзінді оқиды.
Оқушы:
- Менде
Бауыржанның «Москва үшін шайқас» дейтін кітабы бар,- деді
полковник.
Сендерді сағынған сайын сол кітапты бір оқып
қоямын. Ал бұл-
нағыз ерлік кітабы, елдік кітабы ғой, шіркін!
Сонымен бірге мен
оны адалдықтың, арлылықтың, адамгершіліктің,
отаншылдықтың
уставы деп білемін. «қазір мынау жыл сайын
қарамағымызға келіп жататын жас солдаттарға осы кітапты сабақ
ретінде оқытар ма еді?»-деп те ойлаймын. Мұның ішінде тактика да,
тәжірибе де, ұрыс та, ұтыс та – бәрі де бар.
Бұл – бар уставтардың ойлы да ұтымды жиынтығы.
Бұл – Жеңіс кітабы. Әр тарауы әскери ғылым, азаматтық
білім.
«Кітап-білім бұлағы». Олай болса, оқушылардың
білімділігін байқап көрейік.
Кодоскоптан:
-
Қазақстанның көлдерінің, тауларының, қалаларының
суретін көрсетіп, тапқызу.
-
«Күн», «азамат», «кітап», «білім», «бұлақ»,
«оқушы», «жер», «халық», «арман» деп жазылған сөздерді көрсетіп,
орысша, французша, ағылшынша аудармасын айтқызу. /сынып француз,
ағылшын тілдерін оқиды/
-
Қазақстанда өсетін өсімдіктердің түрлерін
ата.т.б.
-
Мақал-мәтел жарысы.
Оқушының еркін сөйлеп, ойын айтуына уақыт
бөлу.
1-оқушы:
Кітап-адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол
елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке,
төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға
үйретеді.
2-оқушы:
Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір азаматы
күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие
алады. Кітап-біздің рухани жан азығымыз.
Ә.Асылбековтің «Оқушы мен кітап» өлеңі
оқылады.
«Менің тәрбие сағатынан алған әсерім» - оқушылар
жазбаша өткізеді.
Қорытынды сөз:
Міне, балалар, кітаптың пайдасы, оны күтіп
ұстаудың тиімділігі, кітаптың шығу тарихы туралы сөз қозғадық.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің барлық балаларының оқып, білім
алуына, олардың оқулықпен қамтамасыз етілуіне көп көңіл бөлді.
Сондықтан да «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»,-деген аталы
сөздің мән-мағынасын түсінуіміз керек.