Материалдар / БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІН АҚПАРАТТАНДЫРУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІН АҚПАРАТТАНДЫРУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ

Материал туралы қысқаша түсінік
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІН АҚПАРАТТАНДЫРУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2023
218
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


БЕЙБТ БОЖАНОКОВ,

"Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар

21 орта мектеп" КММ-нің информатика пәні мұғалімі Жетісу облысы, Талдықорған қаласы

Shape1


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІН АҚПАРАТТАНДЫРУСАПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ


Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс- әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Білім беру үрдісі – уақыт өзгерісі бойынша өзгеріп отыратын динамикалық үрдіс. Мұндай үрдіс үшін бастапқы деңгей, яғни, өзгеру аралығы өте

маңызды.

Білім беру үрдісі қандай да бір белгіленген уақыт аралығында немесе шексіз уақыт бойы дамып отыра алады. Бірінші жағдайда үрдістің соңғы нәтижесі анық (бір тұлғаның жеткен деңгейі) , ал екінші жағдайда бұл үрдіс үнемі өзгерісте болады. Қалыптасқан түсінік бойынша білім сапасы әр оқушының қандай да бір білім ордасынан алған білімімен бағаланады.

Білім беру жүйесінің бұрынғы даму кезінде, яғни, қазіргі ақпараттық технологиялар енбей тұрған кезде, білім сапасын келесілермен сипаттады: оқушылардың сапасы, оқытушылардың кәсіби дайындығы, білім беру үрдісінде қолданылатын технология. Ал қазір ақпараттық-комммуникациялық технологиялар білім беру жүйесіне екпінді түрде енгізіліп жатқанда білім сапасын құрайтын факторларға интерактивті білім беру ресурстарын да қосу тиімділігін практика көсетіп отыр.

Білім сапасын жоғары деңгейге жеткізу үшін әрине аталған факторлар бір-бірімен байланысты болуы керек. Осы факторлардың біреуінің деңгейі төмендесе, ол білім сапасына әсер ететіні анық. Әр фактордың жалпы білім сапасына әсерінің қандай екенін талдау келесі қорытындыларға әкеледі. Жоғары білім сапасына қол жеткізу үшін қажет:

  1. Білім үрдісін толықтай әдістемелік және бағдарламалық жабдықтау;

  2. Оқушының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана алуы үшін бастапқы дайындық деңгейін жоғарлату;

  3. Жеке тұлғалық қалыптасу деңгейін жоғарлату (жаңа білімді қабылдай алу, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдануға икемдеу т. б. )

  4. Білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру;

  5. Оқытушылардың кәсіби деңгейін жоғарылату;

  6. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды практикада тиімді колдану;

  7. Интерактивті білім беру ресурстарын жоғары әдістемелік-педагогикалық және техникалық деңгейін қалыптастыру.

Интерактивті білім беру ресурстарын құру ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудегі білім беру жүйесінің ең бір маңызды мәселелерінің бірі болып отыр.

Интерактивті білім беру ресурстарының құрамына біз электронды оқулықтар, электронды тапсырмалар жиыны, әр салаға байланысты материалдар, әдістемелік нұсқаулар, ақпаратық білім беру технологияларын жатқызамыз.

Интерактивті білім беру ресурстарының сыртқы негізгі сипаттамасына диалог режимінде материалды оқу, танысуды жатқызамыз. Сонымен қатар оның тағы бір артықшылығы мультимедияны қолдану, анимациялық эффектілерді қабылдау болып табылады.

Ішкі сипаттамасына тоқталсақ, олардың қатарына функционалды ерекшеліктерін, мазмұнының тереңділігін, практикада қолданудағы қол жеткізетін тиімділігін, әдістемелік-педагогикалық қасиеттерін жатқызамыз.

Және ақпараттық-коммуникативтік технология оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану төмендегідей мүмкіндіктерді жүзеге асыруына жағдай жасайды:


  • оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру, оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану;

  • оқытудың жаңа әдістері мен формаларын қолдану;

  • проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру;

  • жаңа ақпараттық құралдарын пайдалану арқылы оқу үрдісінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.

Білімді ақпараттандыру – бұл әлемдік қауымдастық талаптарына сәйкес ақпараттық технологиялардың білім үрдісіне енгізу үдерісі, педагогтың жаңа формацияда жалпы білім және кәсіби даярлығының сапасын арттыру. Оқу-тәрбиелеу үрдісінде ғаламтор-ресурстарды тиімді және ұтымды пайдалану білім беру жүйелерін ақпараттандыруға тікелей байланысты. Бірақ мектепке ғаламтордың келуімен оқу үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің өздігінен жоғарылап кетпейтіндігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Жаңа ақпараттық технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдануы керек. Сыртқы әсерді қуып кетпей, оқыту бағдарламасының сыртқы емес ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс. Компьютерді мұғалім қосымша материалдар әр түрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге мысалы, математика және

физика пәндерінде әртүрлі сызбалар, графиктер, иллюстрациялар, аспаптар, зерттеушілер суреті т. б. жақтызуға болады.

Ақпараттық технологияларды қолдану барысында мұғалім араласпай-ақ оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастыру кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық анықтама жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Оқушылар білімі автоматты түрде бағаланады.

Ақпараттық-коммуникациялық

технологияларды білім беру жүйесіне практикалық енгізу оқушылардың қолдана білу деңгейіне байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда оқушылар екпінді және екпінді емес болып екіге бөлінеді. Екпінді қолданушылардың білім деңгейлері әр түрлі, бірақ олар ақпараттық-коммуникациялық технологияны екпінді қолданады және программалық жабдықтарды тез қызыға меңгереді. Ал екпінсіз оқушылар тобына дәстүрлі технологияларды қолданушыларды жатқызамыз.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру жоғары деңгейдегі мамандарды қажет етеді. Ондай мамандар бастапқы деңгей кезінде де кәсіби біліктілік таныта білсе, ары қарай оқушыға қабылдау жеңіл болады.

Қорытындылай келе, ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың білім беру жүйесіне екпінді түрде ендіру дамып жатқаны анық. Яғни, бұл салада даму байқалып, атқарылып жатқан жұмыстардың бары біздің еліміздегі білім сапасын арттырады және жоғары деңгейге көтереді деген сенім ұялатады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мұхамбетжанова С. Т. «Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық телекоммуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері». 2006 ж.

  2. Информатика образование. Журнал. № 4, 2006 ж.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!