жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы саралап оқыту бойынша тапсырма дайындау жолдары
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы саралап оқыту бойынша тапсырма дайындау жолдары
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міңдеті - білім берудің ұлттық моделін жасақтау арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Жалпы білім беру саласындағы білім мазмұнының жаңаруы – еліміздің білім саласындағы жаңа саяси ұстанымның біртіндеп жүзеге асуы, егемен еліміздің білімді дамыту арқылы өркендеу бейнесінің бір көрінісі.
Өркениетті елдермен тереземіз тең болуы үшін әлемдік білім аясына кірігуді мақсат тұтқан еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы жаңа сапалық деңгейге көтеруді көздеуде. «ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтере алады» деген Н.Ә. Назарбаевтың сөзі де осы еліміздің білім саласындағы саясатын байқатып отыр. Осы мақсатты жүзеге асыру барысындағы педагогикалық қауымдастықтың міндеті – білім беру процесінің жаңа үлгілері мен оқытудың тиімді технологияларының ішінен білім алушының тұлғалық және кәсіби-тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, оның дамуына, оның жеке потенциалы негізінде өз бетімен оқу-танымдық іс-әрекеттерді жүргізуіне, тапсырмаларды дербес орындап, шығармашылық және интеллектуалды қасиеттерін жетілдіруіне, өзін-өзі жетелеуіне мүмкіндік беретін түрлері мен формаларын табу болып табылады.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарлауымен өткізілген «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы саралап оқыту бойынша тапсырма дайындау жолдары» тақырыбындағы республикалық оnline семинарының да басты мақсаты - мектептегі білім мазмұнын жаңарту жағдайында саралап оқытуды дамыту арқылы білім беру мазмұнын табысты игеруге, оқушының қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы білім беру ортасын құру жолдарын іздестіру, тиімді жолдарын табу мәселелеріне арналды.
Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарының жаңартылған білім мазмұнына көшуіне, жаңа жағдайдағы жұптық, топтық жұмыстардың үлесінің ұлғаюына, тапсырманы орындау үдерісінде үлкен көлемді ақпаратпен танысып, оны талдап, жинақтау барысындағы жұмсалатын оқушы уақыты мен еңбегі көлемінің өсуіне байланысты берілетін тапсырманы саралаудың рөлі күрт өсті.
Саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Ол оқушының өз бетінше ізденуіне, сабаққа қойылған мақсатқа жету бағытындағы міндеттерді шешудегі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асатын үдеріс. Саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы әр баланың ақыл-ой деңгейімен белсенді әрекет атқарылады, әр оқушының мүмкіндігіне сай тапсырманы орындай отырып, жұптағы, топтағы, сыныптағы өзінің орнын табуына, өзіндік «мен» түсінігінің қалыптасуына мүмкіндік туындайды. Оқушы бойындағы өзіндік «мен» түсінігінің қалыптасуы оның бойындағы жеке қасиеттерінің, өзіндік көзқарасының, табиғи құбылыстар мен қоғамдық өзгерістерге қатысты өз ойын ашық айта алуына мүмкіндік туғызады.
Саралап оқыту технологиясы арқылы, соның ішінде тапсырмаларды саралау арқылы жеке оқушының өзінің жастық ерекшеліктерін, физиологиялық қабілеттерін тиімді пайдалануына мүмкіндік беріледі. Өсіп келе жатқан әр оқушының әр түрлі жастағы жұмысқа қабілеттілігі, оның жұмыс жасау ұзақтығы мен осы жұмыс барысындағы өнімді жұмыс уақытын ескеру арқылы оқушы бойында пайда болуы мүмкін шаршау, пәнге деген қызығушылығының төмендеуі түріндегі жағымсыз әдеттердің қалыптасуынан құтылуымыздың, немесе оны азайтудың мүмкіндігі пайда болады.
Сабақ мақсатын орындауға, тиімді нәтижеге жетудегі тапсырмаларды саралаудың тағы бір тиімділігі – ол оқушының дәл осы сәттегі өз күшін, мүмкіндігін шамалауына, сол арқылы белгілі биіктікті төменгі көңіл-күймен емес, мақтанышпен бағындыруына қол жеткізе алатындығы. Бұл жерде біз оқушының өзін психологиялық тұрғыда басқаруына, өз психикасын саналы басқаруына, бүгінгі жетістікті пайдалана отырып, келесіде одан да жоғары жетістіктерге саналы ұмтылуы мүмкіндігі пайда болатындығын көруімізге болады.
Семинар барысында айтылған ойларды, бөлісілген тәжірибелерді талдай отырып, жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланысты педагогикалық қызметкерлер арасында үлкен шығармашылық ізденіс бағытының пайда болғандығын көруге болатындығы байқалды. Себебі сабақ мақсатына жетудегі саралауға мүмкіндік беретін тапсырма жасақтауға қатысты әр түрлі түсініктер, жасақталатын сараланған тапсырмалар мен критерийлер арасындағы байланыс, саралау тапсырмалары мен пәндік стандарттар арасындағы қарым-қатынаста біршама алшақтықтар бар екендігі көрінді. Бұл мұғалімдер тарапынан жүргізіліп отырған жұмысты білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктері (кафедралары) мен мектеп директорларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, аудандық (қалалық) әдістемелік орталықтар әдіскерлері мен облыстық әдістемелік және қосымша білім орталығы алдында осы бағытта көптеген жұмыстар күтіп тұрғандығын байқатты.
Республикалық семинар жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайындағы бір сыныптан екінші сыныпқа көшу барысындағы білім мазмұнының шиыршық (спираль) түріндегі өзгеруі кезінде де төменгі сыныпта өте сауатты талданған тапсырмаларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін көрсетті. Бұл жерде мазмұнның күрделенуі кезіндегі пәндік-тақырыптық сабақтастықты үзбей тапсырма күрделілігін артыру арқылы сабақ нәтижесіне жету мүмкіндігі көрсетілді. Аталған үдеріс республика мұғалімдерінің көптеген кедергілермен басталған сабақ нәтижесіне жетудегі тапсырмаларды саралау мәселесінің белгілі деңгейде шешіле бастағанын көрсетіп отыр.
А.С.ТУЛЕГАЛИЕВ,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
«Курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу»
зертханасы жетекшісі
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген