400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру мазмұнын модернизациялауда мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада оқушылардың таным іс-әрекеті белсенділігін қалыптастыратын оқытушының оқу іс-әрекеті тәсілдерінің көптүрлілігін пайдалану туралы баяндалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру мазмұнын модернизациялау аясында

жаратылыстану пән мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері


Сүлейменова Гүлнар Абдуллаевна,

«Өрлеу БАҰО» АКФ ҚР Білім беру жүйесінің

басшы және ғылыми-педагогикалық

қызметкерлердің біліктілігін арттыратын

Республикалық институттың «Менеджмент және

ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы




Психологиялық көзқарас қалыптастыру мәселелері. Мысалы Кеңес одағының шекпенінен шығып, сол идеологияның сойылын соғып, қатып қалғандардың көзқарасын өзгерту оңай іс емес екені белгілі. Тіпті оны көшеден де көруге болады. Мысалы, біздегі қарт адам автобусқа кірсе, өзін мүсәпір ретінде көрсетіп, өзіне біреудің орын бергенін қалап тұрады. Ал шет елде керісінше, өзін олай қорлатуға жол бермей, егер орын берсең, «Сен не мені кемсітіп тұрсың ба» шамданатыны сөзсіз.

Келесі мысал, бізде алдынғы буын ағалардың «сара жолын», яғни бір-бірінен көшірудің (плагиат) түрлі тәсілдерін көріп, «тәжірибе жинап» өскен бала сабақта бақылау немесе диктант жазатындығын білсе, нешетұрлі қитұрқылық әрекетке барып, жақсы оқушының қасына отырудың амалын ойлап, түбі көшіріп, «нәтижесінде», дұрысын айтсақ салдарында «жақсы» баға алып шығады. Тіпті сонысына мақтанып, оған ешқандай қымсынбайтындығы аян. Ал осы жағдай шетелде орын алса, қатар отырған балалардың нұсқалары бірдей, есептері ұқсас болса да олар көшіруді ойларына да алмайды. Себебі, өмір салты, яғни сабақ оқу барысындағы тәртіп, яғни көзқарас солай қалыптасқан. Тіпті берілген есепті өзінің дәрежесіне сай, өзінің шамасына қарай шығарып, соның нәтижесін, бағасын алып, соны ары қарай арттыруға тырысады. Өзінің шын мәніндегі дәрежесін анықтауға мүмкіндік алады. Шынайылық деген осы. Бұл ұғым Нұсқаулықта берілген 2-суреттегі пирамиданың түйіні іспетті. Есімізге түсірсек, онда мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі деп берілген. Социологтар ұстанымды мұғалім бойындағы негізгі құндылық есебінде атап көрсетеді. Ал зерттеуші Пажарес білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді.

Қорыта айтқанда, осы ескі жүйенің ескіргенін мойындап, жаңаша көзқараста шешім қабылдап, іс-әрекетін нығайта алса, басты жетістік осы болмақ! Нәтижесінде өзгеруге ұмтылған мұғалім ұстанымын өзгерте отырып, бүгінгі жаңа дүниені күтіп отырған оқушылардың талап-тілектеріне сай жаңа көзқараспен білім нәрін құяры анық.

Осы жерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты мысал етуге болады. Президент қаншалықты Кеңес одағының шекпенінде қызмет етсе де, сол жылдары лауазымды орындарда болса да, ел мүддесі үшін жаңаша көзқарастағы бүгінгі заман талабына сай шешімдер қабылдауда. Бұл көзқарас оған көптеген шетелдерде болып, олардың тәжірибелерімен танысу барысында қалыптасқандығы аян. Нәтижесінде адам таңқаларлық көптеген әлемдік жобалар іске асуда. Бұл жерде барлығымызға Елбасы болудың қажеті шамалы. Тек әрқайсымыз шамамызға қарай, мектеп немесе класс деңгейінде көшбасшылық танытып, ескі білім беру жүйесінің балалардың қажеттілігін өтей алмай отырғанын мойындап, жаңаша көзқараста қарекет етсек жеткілікті.

Модернизация - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттік саясаты. Жаңғырту арқылы оқытудың функционалдық және басқа да қасиеттерін жақсарту, сенімділігін арттыру және пайдалану жүзеге асырылады. Осы жағдайда еліміздің білім беру саласында көптеген модернизациялау бағдарламалары біліктілікті арттыру курстары арқылы қолжетімді етіп отыр. Әлеуметтік қауымдастық – бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын индивидттер жиынтығы, тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, мектеп) енуі.

Сондықтан оқу ісі орынбасарларының білім берудегі модернизациялауда отбасы, мектепішілік ұжым, ата-ана, ең бастысы оқушы тұлғасын үш бағытта дамытатын психологиялық-педагогикалық аспектісін арттыратын, жетілдіретін құраушы индивид болып табылады.

ПShape1

Философияда тұлға әлеуметтік, биологиялық сипаты бар адам.

Психологияда тұлға – психиканың сапасы, адамның қоғамда дамуының нәтижесі.

Педагогикада тұлға өз қасиеттерінің, процестерінің, жағдайларының, өзінің психикалық мүмкіншіліктерінің реттеушісі.

сихологиялық-педагогикалық тәжірибеде ойлау процесінде логикалық операцияларының бар жиынтығы пайдаланылмайды: салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, жалпылау. Сабақтарға қызығушылық тудыратын тәсілдері қолданылмайды: нақты есте қаларлық мысалдар мен фактілер, цифрлар мен бағдарлар; оқу қиыншылықтарын құру; оқушылардың таным іс-әрекеті белсенділігін қалыптастыратын оқытушының оқу іс-әрекеті тәсілдерінің көптүрлілігін пайдалану және т.б. Қызығушылықтың пайда болуының мәнді факторы ретінде оқу материалының эмоциялық жағы қарастырылады, осы мәселелер шешімінің болашақ іс-әрекетпен байланыстылығын көрсету маңызды.

Сабақтарға психологиялық қолдау көрсетудің белгілері табалдырықтық түйсіктері нормаларын сақтаумен байланысты: дыбыс жиілілігі – 40-80дб, фонынан жоғары болу – 6 дб; сөздер арасындағы интервалдарды сақтау - 40 мкс, сөйлеудің темпі – 1 минутта 120 сөз, сөйлеу қарқыны - 20-80 бит секундасына, сөйлемнің ұзындығы – 13 сөзден аспайды. Осындай шағын элементтерді ескере отырып Карл Роджерстің «Өзіндік «Мен» тұжырымдамасы, Лев Выготскийдың ЖАДА (жақсын арадағы жаму аймағы) арқылы 2 сағатқа берітген семинар сабағы аясында оқу ісі меңгерушілеріне каунселлинг дағдыларының қалыптасуына тиімді болып табылады. Ал педагогикалық-психологиялық аспектісін жетілдіру үшін алдымен өз ұстаным, көзқарас, шешімдерін реттеу керек, сонда ғана іс-әрекет нәтижелі/сапалы болады. Ол үшін өзін-өзі дамыту моделін қолдану семинар сабақтың өзектілігі болды.

Осылайша, жаратылыстану ғылымдары мұғалімінің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді.

Педагогикалық білім – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамы­тады. Шын мәнісінде, педагогикалық білім оқытудың танымдық, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді.

Білімнің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айнал­дыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады Жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім беру мәнмәтінінде аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды білікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамас байланы­ста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі абстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле алуы тиіс.

БПА аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру және көрсету сияқты ғылыми идеяларды ұсынудың тиімді, оңтайлы нысандарын қамтиды. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен көрсету әрі ұсыну тәсілі болып табылады. Сонымен қатар білімдердің педагогикалық аспектісі мұғалімге оқушылардың жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруінің себептерін түсінуге көмектеседі. Бұл себептер кей жағдайларда оқушылардың ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен немесе теріс ұғымдарымен келетіндігімен түсіндіріледі.

Технологиялық білім – оқытудың видео, веб-материалдарға қол жеткізу және басқа да сандық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану сияқты қосалқы құралдары туралы білім. Бұл білім технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларды меңгеруді де меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды по­штаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Оның үстіне, ТБ құрамына перифериялық құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді.

Білімнің технологиялық аспектісі – технологиялық білім (ТБ) мен пәндік білімнің (ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.

Мысалы, жаратылыстану ғылымдары саласында интернет желісінде қолжетімді көптеген модельдеулер (симуляциялар) бар. Модельдеу (симуляция) олардың әрекет етуі туралы мәлімет алу үшін жаратылыстану жүйелерін немесе адам жүйелерін ғылыми модельдеу үшін жиі қолданылады. Модельдеу баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжам­ды шынайы әсерлерін көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ модельдеу нақты жүйе, оған қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты қолданыла алмаған жағдайда немесе оның қолданылуы қауіпті болса не рұқсат етілмесе, жүйе енді жасалып жатқанда немесе мүлде жоқ болғанда қолданылады.

Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды. Олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсартуға ықпал ете алатын болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімдердің оқушылардың осы білімдерді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек. Оның үстіне, Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады. Сонымен қатар зерттеушілердің ай­туынша, осындай мұғалімдер зертханада жұмыс істейтін ғалымдармен, бағдарламашылар, технологиялық сарапшылармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері жеткіліксіз тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда, оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдануда асқан ептілік танытады.

Қорыта келгенде, жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқыту қажет.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Колесникова И.А. Основы андрагогики/ – М.: Академия, 2003;

2) Гиляревский Р.С. Информационный менеджмент: управление информацией, знанием, технологией. - СПб.: Профессия, 2009. – 304 с.;

3) Жайтапова А.А., Рудик Г.А.. Педагогика 21 века на пороге школы. Алматы, 2009;

4) Тренерге арналған нұсқаулық, 2014 жыл;

5) А.Алимов.Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. 2013. ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014;

6) Орақова А.Ш., Корнилова Т.Б., Жартынова Ж.А., Касымова А.А., Насырова Г.У. мұғалім тәлімгердің жұмыс кітабы. Алматы, 2016.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі