400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру процессінде ұлттық құндылықтарды сақтау

Материал туралы қысқаша түсінік
ұлттық тәрбиесі - әлемде теңдесі жоқ тәрбие десек артық айтқандық емес. Баланың жастайынан ұлттық құндылықтарды дәріптеуінің, елімізді, туған жерімізді, дініміз бен тілімізді құрметтеуінің негізі осы ұлттық тәрбиенің негізінде жатыр. Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат тәрбиелеу үшін ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру процессінде ұлттық құндылықтарды сақтау

Біздің ата-бабаларымыз  бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі - әлемде теңдесі жоқ тәрбие десек артық айтқандық емес. Баланың жастайынан ұлттық құндылықтарды дәріптеуінің, елімізді, туған жерімізді, дініміз бен тілімізді құрметтеуінің негізі осы ұлттық тәрбиенің негізінде жатыр. Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат тәрбиелеу үшін ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу қажет. Оның маңыздылығы мен қажеттілігі зор. Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына. Осы ұлттық тәрбиені балалардың бойына сіңіру мақсатында мектеп ұстаздарының, ата-аналардың  атқарып жатқан жұмысы мен тәрбиеге қосып жатқан үлесі өте көп.  Балалардың ұлттық санасының қалыптасуында әрбір  жүргізілетін іс-шаралардың алатын орны ерекше. Казіргі жүргізіліп отыратын тәрбиелік мәні зор іс-шаралар осының дәлелі десек болады. Атап айтатын болсақ, ең бірінші кезекте, әрине, құндылықты сөз еткенде – тәуелсіздік және тарихи танымынан  бастап, Тәуелсіздіктің арқасында, қазақ елін, Қазақстан халқын әлем танып  мойындағаны сөз етіледі. Тарих – тәрбиеші, ұлттың  бағдары, жол сілтеушісі.  Тарихы бекем жасалған халық дұрыс бағыт алады. Бірегей көп томдық мемлекеттік тарихымызды өзіміз жазбай ұлттық құндылықтарымызды орнықтыра алмаймыз. Келесі кезекте ел мен жер, ұлттық рух, тіл, әдебиет және руханият, қолөнер, ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр, отбасылық тәрбие туралы айтылады. 

Сөз соңында Мұхтар Әуезов атамыздың «Ел боламын десең, бесiгiңдi түзе» дегендей, ертеңгi ұрпақтың тәрбиесiн бүгiннен бастап қолға алып, жастарымызды ұлтын сүйетiн ұлтжанды, Отанын сүйетiн патриот етіп тәрбиелеу, Ұлттық тәрбие мен құндылықтарды қолға алу біздің басты міндетіміз дегім келеді. Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, алдымен, өзіміздің ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты сол арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек. Салауатты да саналы ұрпақ қамын ойлар болсақ, сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу – ұстаздың, әрбір ата-ананың қоғам алдындағы борышы деп білеміз. 



Мектеп директоры: Буртаев Г.И

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 наурыз
182
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі