.Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі:Тіл дамыту Тақырыбы: «Ж», «ш» дыбыстары.Су торғайы.М.Зверев

Тақырып бойынша 11 материал табылды

.Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі:Тіл дамыту Тақырыбы: «Ж», «ш» дыбыстары.Су торғайы.М.Зверев

Материал туралы қысқаша түсінік
Апта тақырыбы: «Жабайы жануарлардың қысқа дайындығы» 1.Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі:Тіл дамыту Тақырыбы: «Ж», «ш» дыбыстары.Су торғайы.М.Зверев Мақсаты: әңгімені оқып, сұраққа жауап беруге үйрету Білімділік мәні: әңгімені оқып, сұраққа жауап беруге үйрету Дамытушылық мәні: дыбыстарды дұрыс айта алуын дамыту Тәрбиелік мәні: құстарға қамқорлық жасау мен қорғауға тәрбиелеу. Құралы:жұмыс дәптері,тақырыпқа байланысты үлгі сурет,санағыш,кір қыстырғыш,үнтаспа Сөздік жұмыс:шыбыш Билингв.комп.:мұз-лед,жабайы құстар-дикие птицы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Апта тақырыбы: «Жабайы жануарлардың қысқа дайындығы»

1.Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ж», «ш» дыбыстары.Су торғайы.М.Зверев

Мақсаты: әңгімені оқып, сұраққа жауап беруге үйрету

Білімділік мәні: әңгімені оқып, сұраққа жауап беруге үйрету

Дамытушылық мәні: дыбыстарды дұрыс айта алуын дамыту

Тәрбиелік мәні: құстарға қамқорлық жасау мен қорғауға тәрбиелеу.

Құралы:жұмыс дәптері,тақырыпқа байланысты үлгі сурет,санағыш,кір қыстырғыш,үнтаспа

Сөздік жұмыс:шыбыш

Билингв.комп.:мұз-лед,жабайы құстар-дикие птицы.

Оқу іс-әр/ң кезең/рі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала іс-әрекеті

Мотивациялық кезеңі

Шеңбер бойына тұрғызып, «Торғайлар мен мысық» ойыны.Тәрбиеші-«мысық»,ал қал-ғандары «торғайлар» болады.Бөл-меде жағымды баяу әуен ойналады.Ойын осылай жалғаса береді.


Мойындарында торғайдың суреттері бар. «Торғайлар» алаңқайда гүлден-гүлге секіріп,ұшып-қонып жүреді.Мы-сықтың дауысын естісімен «торғайлар» ұяларына ұша жөнеледі.Ұсталған «торғай» «мысық»болып ауысады.







Негізгі кезеңі

-Балалар,біз қандай ойын ойнадық?

-Біз бүгін торғайлар туралы ойынды бекер ойнаған жоқпыз.Өйткені сендерге қазір жазушы М.Зверевтің «Су торғайы» атты әңгімесін оқып беремін.

Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады.Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады.Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз.Осындай кезде шыр-шыр етіп,мұз үстінде жорғалап торғай жүреді.Ол-қайқы құйрық,кішкентай қара торғай.

Торғай шолп етіп аяғынды суға сүңгіп кетеді.Оның мөлдір судың түбінде жорғалап,тастардың ара-арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады.Әне,ол пыр етіп қайтадан жағаға ұшып шық-ты.Тырнақтарының ұшына мұз қатып қалған.Оны да елең қыл-мастан зыр-зыр жорғалап,баяғы-сынша әндетумен болады.Бұл қандай ғажап құс!Бұл құсты су торғайы дейді.Ол қысы-жазы бірдей жемін су түбінен табады.

Әңгіме мазмұнын балалармен бір-ге талқылау.

Мазмұнын 5-6 балаға қайталатып айтқызу.

Суреттерден көрсету.

-Балалар,құстар үй құстары және жабайы құстар болып екіге бөлінеді.

Сөздік жұмыс: шыбыш не екенін түсіндіру

Билингв.комп.: мұз-лед,жабайы құстар-дикие птицы.

қайталату.

-Балалар,қазір аулаларынан қай құсты көріп жүрсіңдер? -Балалар,құстардың қандай пайдасы бар?

Сергіту сәті.

Торғай,торғай торғайсың

Таяу келіп қоңғайсың.

Жем шашайын,тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

«Ж-ш дыбыстарының дұрыс артикуляциясы:ерін дөңгеленеді де алға қарай жиырылады.Тіл ұшы жалпақтанып,тістердің түбіне жуықтайды,бірақ тимейді.

Жаңылтпаш:Шемішке шақсаң шақ

Шапшаң шақ

Шөбіңді шапсаң шап

Шапсаң шап.

«Не жақсы,не жаман?» дидактикалық ойын:берілген суреттерден жақсы және жаман істерді тауып көрсету,ажырату.

Дәптермен жұмыс жүргізу.

Жеке жұмыс жүргізу

-«Торғайлар мен мысық» ойынын.


Ынта қойып тыңдайды.












5-6 бала өз сөздерімен диалогті түрде сахналап,мазмұнын айтып береді.

.

-Әңгімеде жылдың қыс мезгілі айтылған

-Әңгіме су торғайы туралы

-Су торғайы-қайқы құйрық,кіш-кентай,қара,т.б.

-Су торғайы жемін судың түбінен табады

-Су торғайын ғажап құсқа теңейтін себебі, тырнақтарының ұшына мұз қатып қалса да,елең етпей,зыр-зыр жорғалап,әндетіп жүреді








-Қыстап қалатын құстар,жылы жаққа ұшып кететін құстар болып бөлінеді.

Түсінеді.

Қайталайды

-Тоқылдақты алатын болсақ,ол ағаштың арасынан құрттарды теріп жейді,сондықтан да оны ағаш дәрігері деп те атайды.

-Ал қарлығаш болса,ол-адамға дос.

Ұясын үйге,ескі тамдарға,қораларға салады.Ұяны бұзуға болмайды.Оларға ерекше қамқорлық көрсетіп,жем,нан үгінділерін сеуіп жүру керектігін ұмытпау керек.

-Әңгімедегі су торғай жабайы құсқа жатады деп ойлаймыз.

Жыл құстарына қараторғай,көкек,қарлығаш,аққу,тырна,т.б. құстар жатады

-Жыртқыш құстарға бүркіт,қырғи,үкі,жапалақ,қаршыға,т.б. құстар жатады

Сәйкесінше қимылын орындайды

«Ж-ш дыбыстарының дұрыс айтылуын пысықтайды.

Тыңдайды,қайталайды

Жақсы және жаман істерді ажыратады




Дәптердегі тапсырманы орындайды

Қорытынды кезеңі

1-топ:санағыш қараторғайға ұя құрастыру.2-топ:кір қыстырғыштан қарлығаш ұясын құрастыру тапсырылады.

-Жабайы құстарды ата?

-Неліктен олай атаймыз?

-Олар қайда мекендейді?

Тапсырманы жарыса орындайды.

-Сауысқан,қарға,су торғайы,бүркіт,қаршыға,т.б.

-Олар адамның қамқорлығынсыз тіршілік етеді.

-Жабайы құстар орманда,тауда,тоғайда мекендейді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:әңгіменің тақырбын,авторын,сұрақтарға жауап беруді.

Түсінігі:шыбыш,мұз,жабайы құстар сөздері мен сөз тіркесінің дұрыс қолданылуын





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
2812
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі