"БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ" эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
"БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ" тақырыбына эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

            Бүгінде мен шатқалы мен шытырманы, соқпағы мен торабы мол жолдың жолаушысына айналып, ұстаздықтың ұзақ сапарындамын. Ондағы мақсатым – ұлтым  мен оның болашағы үшін алаңдағаным, адал қызмет еткім келетіндігі. Ұраным: Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ. Адам бір жылын ойласа – дән себеді, бар ғұмырын ойласа – ағаш отырғызады, ал ғасырлық болашағын ойласа – ұрпақ  тәрбиелейді. Иә, расымен ақылдың кені болған бабалар сөзі тегін айтылмаған болса керек. Оқушыларды тәрбиелеуде, білім беруде  ұрпақтың болашағы мен тәрбиесі үшін ұстаздың жауапкершілігі мен еңбегі зор екені даусыз.

            Ендеше, қазіргі таңда білім  беру сапасын арттырудың инновациялық тәсілдері қандай?

            Еліміз Еуразиялық аймаққа кіріп, ХХІ ғасырға аяқ басқалы елбасының «Қазақстан – 2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология процестерінің дамуы келешекте білім ордаларында білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызып, сол мәселені реттеу барысында бірнеше қадамдар жасады. «Білімді мыңды жығар» демекші, әлемдегі алпауыт мемлекеттердің қатарына ену үшін ең алғашқы қадам білім саласынан басталады десек болады. Оған дәлел орта мектепте білім мазмұнының жаңаруы, жаңашылдыққа сай жаңашыл кадрлардың дайындалуы, бір сөзбен айтқанда, инновациялық білім жүйесінің қалыптасуы. Инновациялық білім беру жүйесі «Адам – қоғам – табиғат» арасындағы үйлесімділікті жаңаша қалыптастыратын дүниетану үрдісіне көзқарас өзгеріп, оқушының ойлау жүйесін мәдениетті тұрғыдан жетілдіру; білім берудің әдісі мен мазмұнын оқушының іскерлік, жігерлілік қабілетін және жаңашылдық қасиеттерін қалыптастыратын әдіснамалық әдістерге бағыттау; пәндерді оқыту барысында адамның рухани байлығына, өнегелілігіне, істеген ісіне әлеуметтік жауапкершілікпен қарауына көңіл бөлу; оқушының алған ғылыми білімін, оның әлеуметтік тұрмысын іскерлік қабілетімен ұштастыра қарастыру. Тұтастай алғанда жаңашылдық көзқарас қалыптастыруды талап етеді. 

Алайда, менің байқауымша, білім беруде түрлі әдіс-тәсілдерді немесе платформаларды бір сабақта көп қолданамыз. Бұл педагогтің өз сабағында жаңаны көрсетем деп жоғарыда аталған үйлесімділікті ұмытқанды көрсетеді. Десекте, көш жүре бара түзіледі деген сенімдемін.

             Қорыта айтқанда, Жүсіпбек Аймауытовтың мына бір сөзін де көңілімізге түйсек: «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер». Сондықтанда, құрметті ұстаздар қауымы, білім беру сапасын арттыру жолында жаңадан жаңаны таба білейік.

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2024
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі