Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру сапасын басқарудағы тұлғалық-әрекеттік парадигма

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұлғалық-іс-әрекеттік парадигма оның тұлғалық және әрекеттік компоненттерінің бірлігі ретінде анықтай келе, оның біріншісінің тұлғалықпен немесе соңғы уақыттарда ол тұлғаға бағытталған парадигмамен байланысты екенін атап өтейік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру сапасын басқарудағы тұлғалық-әрекеттік парадигма



Мұхамбетжанова Сәуле Талапеденқызы, п.ғ.д., доцент,

«Өрлеу БАҰО» АКФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын

республикалық институттың «Менеджмент және

ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі

Тұлғалық-іс-әрекеттік парадигма оның тұлғалық және әрекеттік компоненттерінің бірлігі ретінде анықтай келе, оның біріншісінің тұлғалықпен немесе соңғы уақыттарда ол тұлғаға бағытталған парадигмамен байланысты екенін атап өтейік (И.С. Якиманская, Е.В. Бондаревская, М.Н. Берулава, В.В. Сериков және т.б.).

С.Л.Рубинштейн атап өткендей, «тұлғаның психикалық бейнесінде тұлғаның әр түрлі жақтарын сипаттайтын әртүрлі салалар немесе қасиеттер көрініп отыр; бірақ осындай өзгешеліктер мен қарама-қайшылықтардың осындай саналуандылығы жағдайында негізгі қасиеттері бір-бірімен адамның нақты қызметінде әрекеттесе және біріне бірі өзара еніп тұлға бірлігін құрайды»

К.К.Платонов: тұлғалық тәсіл адамның барлық психикалық қасиеттері, оның әрекеті, оның жеке-психологиялық ерекшеліктері нақты бір тұлғаның өзіне, тұлға негізінде қалыптасады деп қарастырса, ал Л.Выготский Жақын арадағы даму аймағы ретінде қарастырады.

Тұлғалық – іс-әрекеттік парадигма тұлғалық компонентте оқытудың ортасында оқытылатын адамның өзі – оның мотивтері, мақсаттары, оның қайталанбас психологиялық қалыптасуы яғни, тұлға ретіндегі оқушы болып табылады. Оқушының қызығушылықтарынан, оның білімі мен іскерлігін негізге ала отырып, мұғалім сабақтың оқу мақсатын анықтайды және барлық білім беру процесін оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыттап, түзетіп отырады. Оған сәйкес, тұлғалық-іс-әрекеттік парадигманы жүзеге асыру барысында әрбір сабақтың мақсаты әрбір нақты оқушының және барлық топтың позициясынан қалыптасады.

Мысалы, сабақтың мақсаты былай қойылуы мүмкін: «бүгін сендердің әрбіреулерің есептің белгілі бір түрін шығарып үйренесіңдер». Мұндай тұжырым бойынша мұғалім өз білімінің бастапқы,сол кезеңдегі деңгейін бағалап,содан соң қол жеткізген жетістігін, өзінің тұлғалық өсуін бағалауы қажет. Басқаша айтқанда, оқушы сабақтың аяғында бүгін нені үйренгенін, нені білмегенін немесе кешегі күні не істей алмайтыны туралы сұрауы керек. Оқытуға байланысты мәселені осылайша қою барлық әдістемелік шешімдер (оқу материалын ұйымдастыру, пайдаланылған әдістер, құралдар, жаттығулар және т.б.) оқушы тұлғасының жеке ерекшеліктері, оның қажеттілігі, мотивтері, қабілеттілігі, интеллекті мен басқа да жеке-психологиялық ерекшеліктері арқылы өтуі қажет.

Л. Выготскийдің түсінігінде балалардың оқуын дамыту сыртқы реттеуден (яғни, тапсырмаларды құрбыларының немесе ересектердің қолдауымен орындау) өздік реттелуге (тапсырмаларды өз бетінше орындау) өту үдерісі болып табылады. Баланы оқыту - «сыртқы реттеуден» «өзіндік реттелуге» ілгерілеу үрдісі. Негізгі идеясы мына аспектілер ретінде шоғырланған:

Жақын арадағы даму аймағы

Әлеуметтік мәнмәтінде оқыту

Балалардың оқуын ересектердің қолдауы

Бейтараптау үдерісі

Сыртқы реттеуден өзіндік реттелуге өту

В ыготский идеяларының ішіндегі ең танымалы жақын арадағы даму аймағы болып табылады. Бұл оқудың кез келген бөлігінде және кез келген бөлігіне қатысты бала жетістігінің екі деңгейі бар екенін білдіреді: нақты жетістік деңгейі, яғни бала қазіргі кезде өз бетімен нақты істей алатындары, және әлеуетті жетістік деңгейі, яғни бала ересектің не анағұрлым тәжірибелі құрдасының көмегімен істей алатындары. Осы екі деңгей арасындағы оқу саласы жақын арадағы даму аймағы немесе ЖАДА деп аталады. Выготский бала өзінің ЖАДА-сында оқығанда нағыз күшті және тиімді оқу болады деп санаған.

В ыготский бойынша барлық оқытулар әлеуметтік мәнмәтіннен басталады . Зерттеу жұмыстарының елеулі қатары соңғы жылдары балалардың оқуын ересектердің қолдау үдерісін зерттеді. Бұл зерттеу елеулі деңгейде Выготскийдің әдісін қолдады, сондай - ақ, балалардың жақын арадағы даму аймағында дами отырып оқуын ересектердің құптауы мен тиімді қолдауына ықпал ететін элементтерді анықтады.

Е ресектер құптайды, нұсқау береді, сұрақ қояды, пікір жазады және т.б. Өзара әрекеттестіктің мұндай түрлі нысандары баланың кез келген тапсырманы сәтті орындауына мүмкіндік беретін, соның нәтижесінде баланың түсінуі мен дағдысын дамытатын білікті ересек адамның «қолдауын» қамтамасыз ететін, уақытша қолдау құрылымына бірігеді. Алайда, зерттеулер көрсеткендей, құзырлы тәлімгердің басты ерекшелігі бала тапсырманы неғұрлым өз бетінше орындауға қабілетті бола бастасымен немесе өзіне реттеуші рөлдің жауапкершілігін ала бастасымен, қолдау көрсетуді сыпайы түрде тоқтату қабілеті маңызды болып табылады.

Выготский бойынша оқытуды, тапсырмаларды сәтті орындау бойынша рәсімдер алғашында үлгіленген және ересектермен немесе неғұрлым тәжірибелі құрбыларымен қалыптастырылған болады, кейіннен бала тапсырманы мұқият талқылауға үйренетін (баланың өзіндік түсініктемесінің қалыпты құбылысы осылай ерекше мәнге ие болады), соңында бала абстрактілі ойлау мен іштей сөйлеуін пайдалана отырып, өзін толық реттей алатын бейтараптану үдерісі ретінде сипаттауға болады.

Мектепте білім ала отырып, балалар білік, дағдыларға ие болады және өзіндік білімі мен әлемді түсінуін дамытады. С онымен қатар, олар өмір бойы оқитын болса, қалай оқуды үйренулері керек, өзін өзі ынталандыратын оқушылар болуы, оқуға және оқушы ретінде өздеріне деген оң қарым - қатынасты дамытуы қажет.

Сонымен, жоғарыдағы аталған ғалымдардың идеялары Z буын ұрпақтарының дамуына ықпал етеді. Негізгі идея тұлғаға бағыттап оқыту өзекті екендігі білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында айқындалып отыр.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2020
484
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі