Материалдар / Білім беру үдерісінде IT құралдарын пайдаланудың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім беру үдерісінде IT құралдарын пайдаланудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала авторлары көптілді ортада қазақ тілін оқыту үдерісіндегі инновациялық әдістер туралы баяндайды. Білім беру үдерісінде IT құралдарын пайдаланудың тиімділігіне талдау жасайды, мысалдар келтіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2022
395
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру үдерісінде IT құралдарын пайдаланудың тиімділігі

Наралиева Р.Т., Бегалиева А.К.

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ-дың аға оқытушылары


Қазіргі таңда еліміздегі оқу-ағарту саласында жаңа бағдарламалар жасалуына байланысты біздің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздар ұжымы да (толық мәлімет: www.kaznu.kz сайтында) инновациялық оқыту жүйесін оқу үдерісінде белсенді пайдаланады. Сабақтардың құрылымы дәстүрлі түрде ғана емес дидактикалық ойын немесе сайыс сабағы ретінде құру тыңдаушылардың белгілі бір пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, білімін де тереңдете түседі. Осы бағытта қазақ тілі пәнінің оқытушылары концентрлі қағида бойынша білім алушыларға қандай ақпарат беретін, сабақтың мазмұны мен құрылымы қалай болатынын жоспарлайды. Оқу-әдістемелік кешенде оқытудың концентрлі жолымен бірге тура сатылы қағидалары аралас ұсынылған. Тыңдаушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері ескеріліп, материалдар іштей сұрыпталып беріледі. Мысалы, көптілді дәрісханада түркі тілдес білім алушылар мен өзгетілді тіл үйренушілерге арналған тақырыптас лексика-грамматикалық материалдар өзара сұрыпталынып өте жеңіл, жеңіл, жеңілдеу болып бөлінеді. «тіл сабағында оқушылардың белсенділігін арттырып, саналы білім алуына әдеттендіру, дағдыландыру сияқты психологиялық жайттар ескерілуі керек» [1,5].

Көптілді ортада қазақ тілі сабағында сан есімді оқыту барысында АТҚ құралын қолдану өте тиімді. Шетелдік тыңдаушыларға сан есім туралы слайд көрсету арқылы мағлұмат бере отырып, тілдің негізгі аспектілері бойынша тренинг жаттығуларды орындату арқылы тілдік дағдыларын дамытылады. Мысалы,

Ашық сабақтың жоспары:

Топ: 1-топ АИР тыңдаушылары.

Мерзім: ... Дәрісхана:

Пән: қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Ретттік сан есім.

Сабақтың мақсаты: оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес тыңдаушыларға тақырыпты меңгерту: реттік сан есім туралы білімін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімдік: АИР тыңдаушыларының сөздік қорын байыту, алған білімдерін нақты тілдік жағдаятта қолдана алуға дағдыландыру, тілдің негізгі аспектілері бойынша тақырыпты меңгерту.

Тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық құндылықтарын құрметтеуге баулу. Дамытушылық: білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, осы пәнге деген мәдени-танымдық қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы.

Сабақтың формасы: АҚТ құралын және дидактикалық ойын түрлерін пайдаланатын дәстүрден тыс сабақ. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, ақпараттық технология. Көрнекі құралдар: презентация, үлестірмелі материалдар. Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

4. Жаңа материалды бекіту

5. Сергіту сәті

6. Диалогті толықтырыңыз

7. Сабақты қорытындылау

8. Үй тапсырмасын беру

9. Бағалау

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Түгендеу. Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушылар?! Құрметті тыңдаушылар көңіл-күйлеріңіз қалай? Бәріңіз түгелсіздер ме? Сабаққа дайынсыздар ма? Сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Үй тапсырмасын тексеру. Слайдты көрсетуді бастау. «Математика – ғылымның патшасы». Оқу-жұмыс бағдарламасына сәйкес бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Реттік сан есім». Ең алдымен үй тапсырмасын пысықтап алсақ. Біз өткен сабақта сан есім мен сан есімнің бір түрін – есептік сан есім туралы өткен едік.

Қане, сан есім туралы жалпы түсінігін кім айтады?

Есептік сан есім дегеніміз не? Бұл сұраққа кім жауап береді?

Сіздерге үйге сан есімі бар мақал-мәтелдерді тауып, жаттап келу тапсырылған еді. Дайынсыздар ма? Дайын болсаңыздар, құрамында сан есімі бар мақал-мәтелдерді айтуды бастайық.

«Мақал-мәтел – сөз мәйегі»

Үлгі: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар. Семіздің аяғы – сегіз. Он екі айда он үш той. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. Жігітке жеті өнерде аз. Кедейдің жеті қаңтары бар. Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз. Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас. Айла алтау, ақыл жетеу. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас. Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем. Бір ит көріп үреді, Екі ит еріп үреді. Елуінде - ер дана. Елуінде - ел жаңа. Аларманға алтау аз, Берерменге бесеу көп. Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сан есім және оның мағыналық түрлеріне жалпы түсінің беру. Реттік сан есім туралы түсінік беру.

САН ЕСІМ. РЕТТІК САН ЕСІМ. Сан есім - заттың санын, ретін, есебін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: Қанша? Неше? Нешеу? Нешінші?

Есептік сан есім – заттың нақты санын білдіреді. Мысалы: бес, он екі, жүз жиырма сегіз.

Реттік сан есім – заттың саналу ретін, қатарын білдіріп, нешінші?, қаншасыншы деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші.

Жинақтық сан есім – заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, бесеу.

Болжалдық сан есім – заттың санын дәл білдірмей шамамен болжалдап, көрсетеді де қанша? неше? қай шамалы? Қаншадан? деген сұраққа жауап береді. Мысалы, жиырмаға жақын.

Топтау сан есімі – заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де нешеден? қаншадан? деген сұраққа жауап береді. Мысалы екі-екіден, үштен, қырық -елуден, оннан.

Бөлшектік сан есім – заттың бөлшектік санын білдіреді

Мысалы: төрттен бірі, ширек ғасыр.

Реттік сан есімнің жұрнақтарының үстелу реті/тәртібі

І – -ншы: алты-ншы;

ІІ – -нші: екі-нші, жеті-нші;

ІІІ, ІҮ, Ү – -ыншы, -інші: тоғыз-ыншы, сегіз-інші, бір-інші,

- он-ыншы, төрт-інші, бес-інші, жүзінші.

- Ескерту. І (а) Жиырма-сыншы.

- І –жуан дауысты дыбыстар;

- ІІ – жіңішке дауысты дыбыстар;

- ІІІ – үнді дауыссыз дыбыстар;

- ІҮ- ұяң дауыссыз дыбыстар;

- Ү – қатаң дауыссыз дыбыстар.

Жаңа материалды бекіту. Экпресс-фронтальды сауалнама: Сіз білесіз бе? Әлемде талай қызық бар. «Жеті қазынаның» мәні неде? 1) Сұрақтарды топ болып талдаңыздар! а) «Жеті қазынаға» сіз нені жатқызасыз? ә) Әлемдегі «жеті кереметке» нелер жатады? б) Әлемнің сегізінші ғажабы не деп ойлайсыз? в)«Жеті қазына» деген сөз тіркесін оқыдыңыз ба? Естідіңіз бе? Ал, Ислам аңызы бойынша жеті қазынаға мыналар жатады: Біріншісі – Қыдыр (Қызыр) ата. Екіншісі - Бақ. Үшіншісі - Ақыл. Төртіншісі - Денсаулық. Бесіншісі – ақ жаулық. Алтыншысы - Тұз. Жетіншісі - Ит.

Мәтіннен реттік сан есімдерді, батаға айналған сөзді, мақалды табыңыз.

«Жеті қазынаға» бұларды не үшін жатқызамыз? Кім дұрыс жауабын біледі?

«Жеті қазынаның» дұрыс жауабы:

1) Ол өзі ұнатқан адамдарына ғана дариды. Дарыған адам байлыққа кенеледі.

2) Ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. «Қыдыр дарып, бақ қонсын» деген бата беру бар.

3) Ақыл – байлық пен бақыттың тірегі.

4) Денеңізде саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды.

5) Жалғыздық – бір Аллаға ғана тән қасиет. Адам жарымен ғана бақытты.

6) Тұз – Алланың адамдар мен жан- жануарларға берген несібесі.

7) Жетіншісі - Ит. Адам мен Хауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы.

?! Тілдің жазылым аспектісін қалыптастыруға арналған тренинг-жаттығулар.

1-жаттығу. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазып, сөйлемдерді көшіріңіздер.

1-байлық – денсаулық,

2-байлық – ақ жаулық,

3-байлық – бес саулық.

2- жаттығу. Көп нүктенің орнына реттік сан есімінің тиісті қосымшасын қойып жазыңыздар.

Қазақ халқының «Жеті ырысына» мыналар жатады:

Бір... ыншы/інші – адамның ақылы, ой - санасы.

Екі... ншы/нші – денінің саулығы.

Үш... інші/ыншы – ақ жаулық.

Төрт... ыншы/інші - бала.

Бес... інші/ыншы - көңіл.

Алты... ншы/нші - жер.

Жеті... ншы/нші - ит.

?! Тапсырма. Жеті қазынаның әрқайсысының жанына мағынасы сай келетін сипаттаманы тауып, мәнін толықтырыңыз.

Қазақ халқының «Жеті қазынасының» дұрыс жауабы:

1) Адамзат арқылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп, ғарышқа самғады. Әрі дүниенің қожасы болды.

2) «Денсаулық – зор байлық»деген сөзімен байланысты.

3) Халқымыз ежелден әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы серігіміз деп пір тұтып қастерлеген.

4) Бала – адам өмірінің жалғасы, қуанышы.

5) Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды.

6) Жерсіз – ел тұл, жер – елдің анасы.

7) Адамның сенімді серігі – ит.

Шетелдік тыңдаушыларға қазақ тіліндегі заттар мен құбылыстардың сандық ұғымын қалыптастыру жолында әуелі сан есім туралы бастапқы ұғым [2,86] түсіндіріледі. Заттардың сандық мөлшері, сан есімнің көбінесе зат есіммен тіркесеті түсіндіріледі. Сан есімді оқыту барысында АТҚ құралмен қатар көркем әдебиеттің материалдарын пайдалану тыңдаушыларға теориялық біліммен қатар мәдени-танымдық тұрғыдан ақпарат беріп, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын құрметтеуге баулиды.


Әдебиеттер тізімі:

1.Кәтембаева Б., Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы. Алматы, «Мектеп» – 1975. Б.5.

2.Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы. Алматы, «Рауан» – 1990. Б.86.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!