Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылау мен басқаруды ұйымдастыру» тақырыбыдағы авторлық оқу бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамга жоғары білімді, рухани-адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымактастыққа кабілетгі, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам кажет. Бұған жету үшін баскаруды дамытуға бағытталған жаңа модел керек. Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту болып табылады. Менеджмент ұғымы — бұл адамдардың ынтымақтастығы, бұл адамдардың карым-қатынас әдісі. Осы жерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде педагогикалык менеджменттің ықпалын көруге болады. Ол ушін педагогикалык менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын атуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білім беру ұйымдарында

Мектепішілік бақылау мен басқаруды ұйымдастыру»

Мазмұны


Кіріспе.....................................................................................................................

Білім беру жүйесінгі басқару еңбегінің үрдісі.....................................................

Менеджменттің маңызы, кәсіби білім беру жуйесіндегі рөлі мен орыны........

Менеджменттің теориясының және тәжірибесінің дамуы.................................

Менеджменттің негізінде мектепті басқару және педагогикалық басқару........

Ұстаздармен жүргізілген тренинг сабақтар.........................................................

Қорытынды..............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................



































КІРІСПЕ

Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамга жоғары білімді, рухани-адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымактастыққа кабілетгі, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам кажет. Бұған жету үшін баскаруды дамытуға бағытталған жаңа модел керек. Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту болып табылады. Менеджмент ұғымы — бұл адамдардың ынтымақтастығы, бұл адамдардың карым-қатынас әдісі. Осы жерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде педагогикалык менеджменттің ықпалын көруге болады. Ол ушін педагогикалык менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын атуға болады.

1. Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.

2. Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.

3. Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.

4. Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.

5. Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы.

Бұл қағидалар педагогикалык менеджментте бірқатар накты талаптар қояды. Олар мына төмендегілер:

-адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқы мен мумкіндіктерін мойындау;

-адамға сену, оның өзін-өзі тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;

-өзара құрмет негізінде сенім ауанын қалыптастыру;

-бастамашылдықты, шығармашылық бейімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді қалыптастыру;

-жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.

-адамға құрмет және сенім - басқарудағы ізгілікгің ең жоғары көрінісі.

Адамдарға тұлға ретінде қарау кағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл қызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп карастырған жөн. Мұғалім де баланы онын үлгірімі тұрғысынан ғана окушы деп карамай, тұлға ретінде қарастыруы шарт. Тіпті, оны баланың бойындағы барлык нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығуы, қоршаған ортасы, тұрмысы, т.б.

Педагогикалық менеджменттің ынтымақтасу кағидасы, яғни, басқарудан қарым-қатынасқа көшуде мынандай қағидалар туындайды:

мұгалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және -мектептің қоғамдык, өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын жасау;

мұғалімнің жеке қасиеттерін білу әрі ескеру және олардың оқушыларга деген ізгілікті қатынастарын, құзыреттіліктерін, бастамашылықтары мен жауапкершіліктерін бағалау;

-мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі қағидасы - адамгершиік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалык мақсатқа лайық жұмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мұқият назар аудару, талдау,сараптау, сонан соң шешім қабылдау.

Ең бастысы, менеджердің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі - педагогтерді біріктіре, жұмылдыра білу. Барлык қағидалардың мәні - мұғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау, өз әрекетіне сенімділігін ояту. Ол үшін мұғалімдердіц кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау, семинар, конференция, педагогикалық оқу-байқауларға қатысуға мүмкіндік беру керек. Осындай жанашылдык ықпал үздіксіз өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру кажеттілігін талап етеді. Д.Карнегидің басқара білудің (әлеуметтік-психологиялық болып табылатын) 10 ережесін үнемі назарда ұстау қажет.

1.Сұхбаттасқан адамдардын ерекшелігін ыкыласпен мойындаңыз және мақтаудан бастаңыз.

2. Кемшілікті жанама түрде көрсетіңіз. Тура сынау пайда келтірмейді.

3.Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сұхбаттасушыны сынаңыз.

4.Әнгімелесушіге бұйрық беруден бұрын сұрақ койыңыз.

5.Адамға өз жетістіктерін қорғауға мүмкіндік беріңіз

6.Мақтауға сараң болмаңыз.

7.Адамның үмітін ақтау және сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз.

8.Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай түзетуге болатындай, ол қиындык келтірмейтіндей үміт туғызыныз.

9. Өз қалауынша, адам қызығушылықпен орындайтын күйге қол жеткізіңіз.

10.Адамның өз бейнесін сақтауға мүмкіндік беріңіз. Д.Карнегидің ұсынып отырған ережесі қарауындағы адамға сыйластыкпен қарауға үйретеді. Менеджменттік басқару әдісінде жеке тұлғаға сенімділікпен карау негізі қаланған.

Менеджменттің басты мақсаты — жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш. Осы менеджменттік басқару арқылы педагогикалык қызметтің сапалы нәтижесі үшін атқарылған жұмыстың жемісін көруге болады. Басқарудың педагогикалық менеджмент негіздерін меңгере отырып кез келген деңгейдегі педагогтердің біліктілігін көтерудегі негізгі міндет — әдістемелік сауаттылыкты меңгере алуы (ағартушылық, құзырлылық, зерттеушілік мәдениеті). Педагогикалық менеджмент мектеп басшысы мен мұғалімдердің құзырлылык пен белсенділігін және өзін дамыту үшін жағдай туғызудағы дамытушылықты басқару болып табылады

АҚШ жоғары білім беру жүйесінде менеджерлерді даярлаумен айналыса бастаған ең бірінші капиталистік ел болып табылады. Ол білім беру саласына мамандарды даярлау ісінде ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстың үлкен тәжірбиесін жинап үлгерді. АҚШ-та менеджерлерді даярлаумен айналысатын алуан түрлі оқу мекемелер саны өте көп. Солардың ішәнде америкалық ассоциациялар, бизнес мектептері, менеджмент орталықтары, кеңес ұйымдары ерекше орынды алады. Жоғары және орта звенодағы менеджер кадрларын даярлаудың көлемі жөнінен ең үлкен ұлттық оқу орталықтары, жетекші университеттер негізінде жүздеген арнайы факультеттер мен арнайы курстар - басқарушы кадрларды интенсивті, мақсатты және кәсіби түрде дайындайды.

Басқарушылық кадрларға қойылатын талаптарды, оларды дайындаудың ұйымдастырылуы мен мазмұнын білімнің әлеуметтік сферасфндағы өзгерістер анықтайды. Сондықтан да басқарушы мамандарды оқыту сапасын арттыруға, университеттер мен колледждерді жетілдіруге аса көп мән беріледі.

АҚШ-тың кез келген ұйымында менеджердің дипломынсыз ешкімде басқарушы қызметін армандай да алмайды (жоғары білімі болса) да.

Білім менеджерлерін сапалы даярлаудың бірден бір жолы талапкерлерді мұқият іріктеу болып табылады. Мектеп қабырғасынан-ақ Америкалық басқарушылар ассоцицасиясы жоғары сынып оқушыларына менеджмент саласында 2-3 апталық арнайы демалыс және оқу лагерьлерін ұйымдастырады. Ойын- сауық іс- шараларымен қоса менеджменттен сабақтар жүргізіледі. Бұл сабақтарды шынайы менеджерлер мен зейнеткерлер өткізеді. Олар балаларды басқарудың ғылыми бастамалары мен практикасымен таныстырады. Лагерьлер ақылы болғанмен шығының басым бөлігін ассоциация көтереді. Бұл мектеп кезінде оқушылардың басқарушылық қабілеттерін ерте анықтауға мүмкіндік береді.Басқарудың америкалық моделінің өзіндік орны бар. Мұнда басқарушылық жеке адамдарға бағытталады. Яғни, жұмысты қабілеттеріне қарай бөледі. Әрбір адам жетістіктеріне қарай бағаланады және марапатталады. Жеке пікірлерге мән беріле отырып, ортақ шешім қабылдайды. Ал, жапондық модельде топ, команда болып жұмыс жасауға алға қойылған, топтың немесе команданың ұсынысы, шешімі қабылданады.

Америкалық модельді жүзеге асыруда Гарвардтық мектептің тәжірбиесі мол.

Гарвардтық мектептің негізін салушылар, басқару деген-ерекше кәсіп және оны медицина немесе юриспруденцияға үйреткендей үйрету керек деген тұжырымға негізделеді.Гарвардтық бизнес мектебінде дәстүрлі сабақтар бөлу жоқ, яғни сабақтар дәріс және семинарға бөлмейді. Дәрісшінің тыңдаушыларымен қарым-қатынасы тыңдаушылардың белсенді менеджерлерді даярлаудың оқу үрдісіндегі оқыту нақты жағдаятты талдаудан тұрады. Мұндағы мақсат мәселенің тек шешу жолын анықтау ғана емес, сонымен қатар тыңдаушыларды өз позициясын қорғауға, дәлелдеуге үйрету. Гарвардтық мектептегі оқу үдерісінің негізі-нақты жағдаят.

Мектептегі практикалық басқару іс-әрекетінің бағыттары құндылығы жағынан бірдей емес. Мектептің негізі әлеуметтік міндеттеріне сәйкес,ол өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады, осыған байланысты, басқарудың барлық бағыттарының ішінде оқу-тәрбие жүйесін басқару бірінші орынға ие. Осылаша, педагогикалық басқару- практикалық іс-әрекет, ол-тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. Педагогикалық басқару теориясы- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі,ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.Білімнің бұл саласының міндеттері- педагогикалық басқаруды зерттеу, оның теориялық және практикалық мәселелерін жете зерттеу, оны жетілдірудің ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар, педагогикалық басқару мектептің барлық жұмысымен қатар басқа жұмыстардың түрлерін жоққа шығармайды. Білім беруді басқару теориясы ағарту саласындағы ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына негізделеді.

Қазақстан Республикасында беделді азаматты тәрбиелеу мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл үдеріс педагогикалық басқарудың ең манызды мәселесіне айналуда.Қазіргі жағдайларда қазақстандық мектептің жаңа моделін жасау жүріп жатқан кезде өткеннің және қазіргі уақыттың жаңашыл педагогтарының тәжірбиесін арнайы зерттеу керек. Мәселен, олардың тәжірбиесіндегі жаңа білімнің мазмұны қандай (сапасы,деңгейі), педагогиканың әртүрлі саласы мен ғылыми тұтас педагогикалық ғылым үшін педагог жаңашылдарының қосар үлесі қандай деген сияқты. Педагогика әдіснамасының, дидактиканың, тәрбие теориясының, педагогикалық психологияның, жеке әдістемелердің жаңашылдық тәжірбиелердің жаңашылдық тәжірбиелердің басты назарында болуы керектігін анықтау қажет.

Базалық басқарушылық білім алу проблемасы қазақстандық ғалым- педагогтардың(Г.А.Уманов, Н.Д. Хмель, А.П.Сейтешов, Н.А.Лебедова,А.А.Семченко, т.б.) ғылыми зерттеулері мен мақалаларында бірнеше рет қозғалған. Аталғандардың көпшілігі мектеп директоры қызметінің мазмұнын терең талдаған, оның (директордың) тұлғасына қажетті кәсіби білім біліктікке қойылатын талаптар жүйесі жасалды, біліктілікті көтеру институтында қайта дайындау курстарындағы тәжірбие сипатталды.

Басқару ісін дұрыс атқару үшін басқарушы өзің-өзі басқара алу қажет. Бұл туралы Қытай данышпаны Лао-Цзы "Басқаны басқара білген адам мықты, ал өзін-өзі басқарған мықтырақ" деген екен.

Қазақстан Республикасында беделді азаматты тәрбиелеу мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл үдеріс педагогикалық басқарудың ең манызды мәселесіне айналып отыр. Басқарудың қызметтерін тек дидиактикалық тұрғыдағы аспектілермен шектеген қате болар еді. Білім беру мектептеріндегі педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелік жүйесі де басқаруға келеді.

Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-арекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтік басқарудан өзінің объектілерімен (оқушылар, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа білім беру бөлімшелері,т.б), олардың заңдылықтарымен ерекшеленеді. М.М.Поташик былай дейді: "Басқару- мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін барлық субъектілердің мақсатты іс-әрекеті". Бұл анықтама маңызды екі нәрсеге назар аудартады: біріншіден, кез келген басқарудың мақсатты іс-әрекеті болып табылады; екіншіден, ол басқалардан өзінің міндеттерімен ерекшеленеді.

К.Д. Ушинский былай деп жазған: "Егер қаржы немесе әкімшілік әлемде олардың идеяларының орындаушыларға ұнайтын-ұнамайтынын ескермей, ұйғарыммен, жарлықпен қызмет етуге болатын болса, қоғамдық тәрбие беру әлемінде ашық айтылып, ашық қабылданған пікірден басқа идеяны жүзеге асырудан басқа амалы жоқ". М.И.Кондаков: "Мектеп жұмысын басқару өндірістік және қоғамдық өмірдің басқа салаларын басқарудан айтарлықтай ерекше, өйткені мұнда күштерді орналастыру мен үйлестіру, байланыс пен өзара тәуелділік жүйесін жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие үдерістерінің барлық жақтарына бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету мәселелері басты мәнге ие болады",-дейді.

Басқару әрбір адамның жұмысымен үйлестірілуі тиіс. Жұмыс үдерісі жанжалсыз, кикілжіңсіз өткені дұрыс. Басқарушының үйлесімділігі басқарушылардың қажеттігін қамтамасыз ететіндей болғаны дұрыс. Жұмыс жасау барысында ғана үйлесімділік сақталады,жұмыс тоқтаса үйлесімдік те жоқ. Демек, үйлесімділік жұмыс үдерісінің барометрі іспеттес. Үйлесімділік, соңғы мақсат емес, басқарудың оңтайлы атмосферасын сақтауға қажетті құрал болып табылады. Үнемі жылы отбасылық жұмыс атмосферасын сақтауға тырысу керек. Жапондықтарда корпоративтік философияның негізін "киосей", яғни барлығының игілігі үшін өмір сүру және жұмыс жасау құрайды. Осы ұғымнан "Кейретсу" құралған, ол бірнеше бір-біріне бағынышты компаниялардың одағы. Жапонияда қазіргі таңда алты түрі белгілі: dai-ichi Kanqyo; Fuyo (Fuji); Mitsubishi; Mitsui: Sanwa: Sumitomo.

Батыстық қоғамда басқарудың кілттік философиясы нәтиже бойынша басқару болып табылады. Барлық сала өзара бәсекелестікте. Бәсекеге қабілетті болу үшін өте жақсы нәтижеге жетуге талпыныс жасалады. Нәтиже: "Барлық күшті салу"; "нәтижені көрсету"барысында көрініс табады, бұл тәртіп үлгісіне (модель поведения) бағытталған басқару түрі болып табылады. Тәртіп үлгісі-жұмыс этикасы және адамгершілік. Ол-үдеріс. Сапамен басқару- үдерістерді басқару болып табылады. Ол құрылымына қарай төрт компоненттен тұрады.

Басқарудың төрт компоненті:

Сапаға тырысу:

Сапа "толықтай дефектінің болмауы" деп түсіндіріледі. ол міндетті талап, Жапон басшыларының талабы бойынша, егер тұлға сапаға бағытталмаса, ұжымның мүшесі болып та есепке алынбайды. Бұл елде сапа басты құндылық болып табылады.

Энтузиазнің қажеттілігі:

Топтық қоғамдастықта энтузиазм адамдарға командалық рухты ұстап тұруға қажетті энергия күші ретінде саналады. бұл ортақ мақсатқа жету барысындағы өзара түсіністік, қайырымдылық, басқалар үшін қобалжу.

Мысалға Жапон елінде адам бір нәрсені іске асырамын дегенімен оған энтузиазммен қарамаса, команда мүшесі бола алмайды.Яғни, білімге құштарлық; білімі мен қабілетімен бөлісу; іс-әрекетке көшу. Басқару ұраны: "Әңгіме айту жеткілікті, іске көшелік!"

Дамуға мән беру:

Дүние жүзі бойынша 80-ші жылдары дамуда жапондықтар чемпион атанған. Даму барысында, табыс өзін күттірмейді. Дәл сол уақытта табысқа жету көзделмейді, ұзақ уақыт бойы табыс алып келу көзделуі тиіс. Өнім алу үшін оны ұзақ мерзім күтіп, баптау керек.Яғни, жақсы маман шығару да мерзімге, оған салған күшке байланысты.

Отбасылық, тығыз байланыс:

Топтың,ұжымның корпоративтік мәдениеті қалыптасуы тиіс. Бірін-бірі сыйлау, құрметтеу, бағалау т.т. Бұл қасиеттер команданы біріктіреді, жетілдіреді.Ұжым, топ отбасылық жағдайда болуы тиіс. Яғни оның әкесі, анасы, мүшелерінің көздеген мақсаты бір болған жағдайда жетістікке жетеді.

Питер Друккер мен Том Питерсон, Роберт Уотерманның насихаттаған басқару идеясы "үй ішінде жүру" деп аталады. Олар өздерінің "Тиімді басқарудағы ізденіс"( В поисках эффективного управления) атты еңбектерінде бұл идеядан басқа "көшеде жүру" атты басқару әдісін ұсынған.Екі жағдайда да басқарушы өз кабинеттерінде отырумен шектелмей, жұмыс орындарын аралап, ол жерде не болып жатқанын өз көздерімен көріп, шынайы ортадағы құбылыстарға көз жеткізуге тырысады. Мұны тәжірбиелік басқару деп айтады. Басқарушы біреудің айтуымен емес, өзінің қызығушылығы арқасында жұмыс орнында болып жатқан өзгерістерді көріп,байқап отыруы тиіс. Бір орында отырып басқару үшін "аяқ" керек. Демек сол жерде басқару (управления на месте)- басқарудың бір қағидасы болып табылады.

Батыс елдерінде жұмыс жүйесі жеке ынталандыру және мадақтауға негізделсе, Жапонияда командалық қағида бойынша марапатталады. Басқаруда жұмысты бөлу:қызметтік нұсқау: жоспарлау жүйесі дұрыс іске асырылуы тиіс

Менеджмент ғылым ретінде 19 ғасырдың аяғымен 20 ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді бастан кешірді.Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм» ағыммен байланысты екені айтылады. Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерок Тейлор /1859-1915/. Ол өңдірісті ғылым басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаналық болған бұл құбылысты кеиін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді. Ф.Тейлор кәсіп орынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасау болатының» нысан етті.Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қамтамассыз етті.Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд(1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919), т б өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты. Классик үлгідегі «әкімшілік» мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А.К.Райли басқарудың әмбебап принциптерің ойластырды. Сондай мектептің негізің салушы франсуз ғалымы Анри Файоль(1841-1925)практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынадай қорытындыға келді-«басқару-кәсіпорынның мүмкіңдіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу». Ол сонда-ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылыми жолымен ұйымдастыру принциптерің қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті. Бихевористік «мінез-құлық» мектебі 20 ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқың белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарың басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі – Элтон Мейо (1880-1949)болды. Осы ілім формалдық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерің, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды- «қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өңдіріс салаларымен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды. Американдық зерттеушілер де Мери Паркер Фоллет (1868-1933), Абрахам Маслоу (1908-1970) бихевористік (мінез-қҧлық) мектептің өкілдері болып табылады. Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқарудың математикамен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп «басқару ғылымы немесе сандық ықпал» мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері-американдық ғалымдар С. Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х Райфа. 20-шы ғасырдың 60-шы жылдарында менеджментте жана бағыт қалыптасты.Ол «ситуациялық әдіс» деп аталды .Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық-басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасу жағдаймен байланыстыруды талап етеді. Өзінің зерттеуіне бұл мектеп кәсіпорын, ұйымның жұмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді. Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан, мүмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі алынады. Басқару теорисы мектептерінің пада болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады. Мысалы, басқару теориясының «классикалық мектебі» мыналардың әсерінен қалыптасты- «ұйымдар санының өсуі, тауар мен қызмет көрсету нарығының өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриалды революцияның басталуы. Бихевиористік (мінез-қҧлық) мектебі пайда болуы кәсіподақтың өсуі әсерімен түсіндіріледі, дайындығы жақсы менеджрлерге сұраным екінші дүние жүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты. «Басқару ғылымы» мектебінің дамуы корпорация, концерн, концерн-конгломераттар көлемі өсуі әсерімен, «қырғи-қабақ соғыс», өңдірістің құлдырауымен түсіндіріледі. «Ситуациялық тәсіл» мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерінің ұлғаюы әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық, бақталастық, жоғары технологиялық өнімнің өмірге келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғарғы биліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімен байланыстырылады. Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың- американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.Қазақстанда басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөніңде бідің еліміздің дамуының әрқилы кезеніңдегі әр түрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойының қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

10-12 ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылдардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды.Ол жұлдыздармен басқа табиғи құбылыстырға қарай отырып, мемлекеттің, шахарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді.Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялары ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидің ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жҧмыстарын жүргізуде. Тәуке хан (1860-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогресивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1682-1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніңдегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. «Жеті-жарғы»-бұл әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақтардың заңдармен қарапайым құқық нормаларының алғашқы жазба жинағы болып табылады. «Жеті жарғыға» сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халықтық жиналыс-құрылтай арқылы сұлтандардың және ру басшыларының қатысуымен жүзеге асырылды. Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолог және қайта құрушы Әбілқайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып , Қазақстанның далалық аудандарының ауқымды тереториясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды. Алайда, Әбілхайыр хандығы орталықтанған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, облыстарға бөлінді. 18 ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінің дамуында Қазақстанның териториялық иеліктерін қалпына келтірген көрнекті мемлекет қайраткері Абылай хан (1711-11781) маңызды роль атқарды. Өзінің оңжылдық басқару кезеніңде ол мемлекетте біраз өзгерістерді жүзеге асырды.

19-ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым ағартушы Ш.Уалиханов(1835-1865) маңызды орын алды. Ол орыс ағартушыларымен ревалюцияшыл демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады. Сонымен бірге патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық-мәдени артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жену үшін күресті, қазақтардың отырықшылықпен егін шаруашылығына көшуін насихаттады. Ш.Уалиханов ағарту ісімен жеке реформалардың ролін асыра бағалай отырып, басқару облысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады. Ш.Уалихановтың мемлекетті басқару жөніңде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы-демократтары Ы.Алтынсарин(1841-1889)мен Абай Құнанбаев(1845-1904) әрі қарай дамытты.

20-ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен ерекшеленеді. Олар-Ә. Жангелдин, Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, Л.Мирзоян, О.Исаев, Ұ.Құлымбетов, С.Мендешев, Н.Нұрмақов, Т.Рұсқұлов, Ғ.Тоқжанов, О.Жандосов, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров және т.б. Торғай облысында-Ә.Бөкейханов, Жетісуда-М.Тынышбаев, Түркістанда-М.Шоқаев қазақ халқының өкілдері уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Бірақ олар отарлаушы басқару жүйесінің шенеуніктері болып табылғандықтан жергілікті қазақ тұрғындарының мәселелерін толық шеше алмады. Қазіргі заманғы менджменттің қалыптасу тарихы мен дамуын 20-ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап қараса болады. Алғашқы қазақ инженер-менеджері, өңдірісті ұйымдастырушысы Қ.И.Сатбаев(1889-1964) болды. Ол бірінші болып кеңшілердің еңбек өңімділігі мен адамдардың еңбекке деген мотивация мәселелердің, жұмысшылардың, кәсіподақтардың кәсіпорындармен және Балқаш пен Жезқазғанның таукен байыту комбинаттарында еңбек процестерімен байланысты сұрақтарын шешті. Оның басқару стильіне тән ең маңызды ерекшелік, ол зерттелетің нақтылы материалдарды терең ғылыми жүйелеу мен жалпылау болатын. Бұл жерде нағыз білгірдің әдеттен тыс басқару ойы көрінеді.

Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына көрнекті ғалым, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д.А.Қонаев (1912-1993)ерен үлес қосты. Ол қырық жылдан астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің бірінші басшысы болды. Д.А.Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған кезенде респблика бұрынғы КСРО-ның ірі агро-өнеркәсіптік аймақтарына айналды.Мұнда елдегі түсті металлургияның негізгі базасы орналасты, ауқымды жылу-энергетикалық кешен әрекет етті, мұнай өңдірудің үлкен потенциалы болды. 20-шы ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгерді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестікпен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Қазақстанда мемлекеттік кадр Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылы 19наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылды «Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық көрсетеді».

Қазақстанның Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымына еңу қарсаныңда біз басқару шешімдері салаларындағы ғаламшарлық бәсеке алдында тұрамыз. Президент мемлекеттік қызметкерлерге мына принциптерді басшылыққа алу қажет деп есептейді:

а) халық берген биліктің қызығына түспей, оған иелік ете білу керек;

ә) өзін үшін пайданы көздемей, өзің қызмет ететін қоғамның игілігі туралы ойлау қажет;

б)«мемлекеттік қызметкер қалай тұрып жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек;

в) адамдардың сенімін жоғалтпайтындай етіп басқару керек

г) лауазымға істі кәсіби түрде жүргізе алатындарды ұсыну керек.

Қазіргі жағдайда біздің еліміздің тұрақты дамуының басымды бағыты Қазақстан экономикасында қазіргі менджментті қолдану жөнінде теориялық тұжырымдама жасақтау болып табылады. Менеджменттің қоғамдық мәнділігі біздің 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары сезілді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан яғни нарықтық экономикаға көшу сәтінен бастап оқытылады. Мемлекетте дҥниежүзілік білім стандартына жауап беретін менеджмент сала бойынша мамандар дайындау жөнінде жұмыс басталды. Қазіргі кезде білім беру мен кадрларды кәсіби дайындау мемлекеттің экономикалық старатегиясының құрамды элементтері болып табылады.

Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық профессор К.Ғ.Ахметовтың «Менеджмент негіздері» (1993) ж. Кітабы болып есептелінеді. Біздің пікірімізше, ол қазақстандық менеджмент мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Біздің отандастарымыздың арасынан «Менеджмент негіздері» (1994ж). «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» (2001ж). Жұмыстарының авторы К.Б.Бердалиевтыда атауға болады. Осы еңбектерінде ол қазақстандық кәсіпорындарды басқару ерекшелліктерін мазмұндады. Қазақстандық кадр менеджменттінің мәселелерін алғаш рет Қарағандылық ғалым Каренов Р.С. зерттеді.Одан басқа «Өңдірістік менеджмент» (1996ж), «Иновациялық менеджмент»(1997ж), деген еңбектері бар.Ол «Кадрлық менеджмент» атты еңбектерінде нарықтық экономикалық жағдайындағы кадрлармен жұмыс жүргізудің отаңдық тәжірибесін қорытты және біздің еліміздің кәсіпорындарында позитивті шетел тәжірибесін пайдалану жөнінде кейбір пікірлерін ұсынды. Қазақстандық кәсіпорындар тұрғысынан өңдірістік менеджменттің теориялық аспектілері Ә.Ә.Әбдірешовтың «Кәсіпорынның өндірістік менеджменті (2001ж)кітабында келтірілген. Оның еңбегінде стратегияны, жоспарлауды, еңбекті басқаруды дамытудың әдістемелік ұсыныстары көрсетілген. Нарықтық конюньктура жағдайында қаржы менеджерінің рольі айтарлықтай өсті. Қаржы менеджменттініңде мәселелері де Қазақстанның ғалымдарының еңбектерінде көрініс табуда. Осылайша Қазақстандық менеджменттің теориялық сонымен қатар қолданбалы аспектілері зерттелініп жатыр және арықарай зерттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджменттің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент», ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақша дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінің әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. «Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түпкі төркіні гректің «манус», яғни «қол, көш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігің білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік білдіреді:

-адамдармен қарым-қатынас жасау үлгісі, әдісі;

-билік және басқару өнері;

-шеберліктің ерекше түрі әкімшілік дағды;

-басқару органы, әкімшілік бөлігі.

«Менеджмент негіздері» курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегідей анықтама берілген: «Менеджмент-бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылдық ресурстарды ұтымды пайдалану процесі». Э.А.Уткин «Курс менеджмента» еңбегіңде менеджментті былайша түсіңдіреді: Менеджмент- бұл нарық жағдайындағы кәсіпорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджменттің әлеуметтік- экономикалық механизімнің түрлі принциптерін мен қызметтерің, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі. А.А.Рудгиннің менеджмент түсінігінің неғұрлым қысқаша сипаттамасы қолданылады. Оның пікірінше, менеджмент- бұл әрі өнер, әрі ғылым. Менеджмент- бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің құралдарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай сипаттаманы Вачугов Д.Д, жетекшілік еткен ғалымдар тобы «Основы менеджмента» деген кітапта береді. Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталды. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады: Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

1. Мемлекттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

2. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және соларға жетекшілік ету.

3. Құрама одақтық (ассосиациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, басшылық ету қажет.

4. Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

5. Мемлекеттегі меншіктік менеджмент. Бизнес- менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой –пікірлерде ықпал етеді.

Волфьганг Хайер өзінің «Еуропада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп жазды: «Менеджмент – бұл жұмысты істеп тұрған комерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез-келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын тек басшылар.Бұл жерде барлық баскару буындарының қызмет мазмұнын анықтау, олардың қызметіндегі өзара әрекетті (әрекеттестікті), үйлесімділікті ұйымдастыру, олардың арасында субординациялық, координациялық және кері байланыс қатынастарын орнату айрыкша мәнге ие. Мектеп басшысының міндеті - барлық басқару органдарының ыкпал ету аймағын дәл аныктау, оларға белгілі бір өкілеттіктер (кұкыктар) беру және оларға жүктелген міндеттерді орындау әдістемесі бойынша тұракты түрде нұсқаулар беріп отыру, олардың кызметін ынталандыруды және координациялауды камтамасыз ету, педагогикалык процеске қатысушылардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын, мінез-кұлык мотивтерін дұрыс бағалау және ұжым мүшелерінің вертикаль бойынша да, горизонталь бойынша да ықпалды қарым-қатынасына кол жеткізу болып табылады. Директордың орынбасарлары оку жұмысы бойынша, тәрбие жұмысы бойынша, оку-өндірістік жұмысы бойынша/ кәсіптік мектеп үшін/, бейімді оқыту бойынша, инновация бойынша, оку үрдісін реттеу немесе ұйымдастыру мәселелері бойынша, экономика және кәсіпкерлік жұмысы бойынша шаруашылық жұмысы бойынша; Окушылардың кызығушылыктары бойынша әртүрлі топ жетекшілері; Конференция, мектеп кеңесі, педагогикалык кеңес, директор жанындағы кенес, үйлестіру кеңесі, экономикалык кеңес, эксперттік кеңес, аттестаттау комиссиясы емтихан комиссиясы; Ата-аналар комитетінің жиналыстары, үйлестіру кеңесі; Окушылар комитетінің жиналыстары, үйлестіру кеңесі, Мұгалімдер кеңесі, үйлестіру кенесі Бірлестік, кафедра, мектепшілік топтар мәжілістері, үйлестіру кеңесі Функциалды кызмет жетекшілері жанындағы кеңестер, үйлестіру кеңесі Әдістемелік ғылыми-әдістемелік кеңес, директордың орынбасары жанындағы кенес, үйлестіру кенесі; Психологиялык білім беру кафедрасы, Эстетикалык білім беру кафедрасы, Политехникалык білім беру кафедрасы, Гуманитарлык білім беру кафедрасы, Бастауыш білім беру кафедрасы.

Мектепті басқарудың мақсаты мен мазмұны, оның арнайы және жалпы қызметі, әдістері, формалары және құралдары қоғамдағы әлеуметтік заңдар мен заңдылықтардың, сондай-ақ экономикалық заңдардың тікелей ықпалымен қалыптасады. Осылайша, "мектепті басқарудың тиімділігі белгілі әлеуметтік-экономикалық мазмұнға ие категориялармен бағалануы тиіс. Бұл басқару теориясының нақты-экономикалық пәндермен белсенді өзара әрекеті арқылы ғана мүмкін», деп көрсетеді ғалым В.Г.Афанасьев.
Мектептің қызмет етуінің негізгі мақсаты - тұлға бойында, өзіне де, қоғамға да қажетті белгілі қасиеттерді қалыптастыру, сондықтан да осы жүйені басқаруда әлеуметтік-псиҳологиялық, педагогикалық аспектінің ерекше рөл атқаратынын естен шығармаған жөн. Мектепті басқару теориясының нысаны - барлық құрамды элементтерімен алынған жүйе. Практиканың нысаны - мектептің әртүрлі құрамдық топтарының іс-әрекеті (ұжым, пән бірлестіктері, үйірмелер, жеке субъект). Практикалық басқару іс-әрекетінің амал-тәсілдері - басқару әдістері. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттің амал-тәсілдері - ғылымның нақты бір нысанасын зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсіл, амалдар: мектептерді басқару бойынша білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесін қорытындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру. Білім беру жүйесіндегі немесе бөлек топтағы практикалық басқару іс- әрекетінің нәтижесі - тәжірибені жетілдіру, бұған оқу-тәрбие үдерісінің қорытындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесі - жаңа заңдар, практикалық іс-әрекетпен жүзеге асырылатын заңдар, қағидалар, ережелер, тұжырымдар. Мектеп басшыларының басқарушылық қызметі, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілік жүктеледі. Оку-тәрбие жұмыстарымен қатар әдістемелік жұмыстар да басқару арқылы іске асырылады. Өткен кезеңдегі барлық алдыңғы қатарлы педагогтар (Н.А. Корф, Н.И. Пирогов, Н.Ф. Бунаков, К.Д. Ушинский және т.б.) мектеп басшысы қызметі педагогикалық сипатта болу керек деп есептеді. Бұл пікірмен қазіргі педагогтар да келіседі (М.И. Кондаков, В.П. Стрекозин, Ф.Г. Паначин және т.б.). Педагогикалық жүйе дербес дамитын және тұтас басқарылатын бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару бір жағынан оның тұтастығын сақтаса, екінші жағынан оның жекелеген компоненттеріне ықпал жасауға, өзгертуге мүмкіндік береді. Жүйенің мақсаты оның мазмұнын айқындайды, ол мазмұн көп түрлі және оны іске асыру әдістері де сан алуан. Басқа жүйелер сияқты педагогикалық жүйе де алынған нәтижелердің деңгейімен сипатталады. Адамзат дамуының үшінші мыңжылдық жылнамасы ашылып отырған кезеңде жалпы қоғам дамуының үрдісіндегі білім жүйесінің алатын орны мен маңызы жөнінде әлемдік деңгейде көптеген ой-толғаныстар пайымдалып, оның нәтижесі ретінде негізгі бағыттар айқындалуда. XXI ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болатыны мойындалды. Оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған ірі конгрестердің өткізілуі, онда жаңа жүзжылдықты білім ғасыры болады деген қорытындының жасалуы куә бола алад. Бұл дүниежүзілі жиындарда осы жаңа ғасырдағы адамзат қауымдастығының жүйелі даму мәселесі тек қоғамның барлық мүшесін біліммен қамтамасыз етудің тең құқықтық жағдайы шешілгенде, білім берудегі әлеуметтік-әділеттік ұстаным жүзеге асырылғанда ғана білім сапасын арттыру мәселесі оң шешімін табады деген ортақ түйін жасалды. Адамзаттың өмір сүру тәсілдерінің, ойлау жүйесінің, идеяларының алмасу қарқыны білімнің қоғамдағы орны мен рөлінің де үнемі ауысуына ықпалын тигізері даусыз. XXI ғасыр - марғаулықты көтермейтін қатаң бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе, қазақ мектебінің оқу-тәрбие үрдісінде жаңа бір сапалық өзгерістер болғаны абзал. Себебі қазақ мектебі - мемлекеттің болашағы, ұлттың бесігі. Ендеше қазақ халқының ұлт ретінде сақталуы осы бесіктің тыныс-тіршілігіне, оны қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Елдігіміздің кепілі, мемлекетіміздің қауіпсіздігі, мемлекеттік тілдің бағы жануы, қоғамда ұлтаралық сыйластық, ынтымақ, бірлік сақталуы алғышарттарының бірі - қазақ мектебінің қуатты болуы екені дау тудырмас ақиқат. Сондықтан мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жиналған халықтың рухани мол мұрасы әлемдік озық үлгілермен астасып, бүкіл оқу-тәрбие үдерісіне негіз болуын ойластыру қажет. Қазақ мектебіне мемлекет тарапынан қамқорлық жасау -кезек күттірмес мәселе. Қазақ мектебінің тарихын ұлт тарихынан бөле қарауға болмайды. Білім беру мекемесін-қазіргі заманға сай маман басқарып, стратегиялық жағынан көре білетін кәсіби тұғырланған адам келетін болса, білімнің мәні мен мазмұны артып, сапалы білім беріліп, адамдық каптиалдың деңгейі жетілдіріле түседі. Осындай ұсыныстарды жүзеге асыратын болсақ, білім беруде айтарлықтай табыстарға жететініміз сөзсіз. Өндірісті басқару теориясында басшы қызметінің педагогикалық аспектісі, оның еңбек ұжымына тәрбиелік әсері ескерілетіні заңдылық. Мектеп директоры қызметінің педагогикалық сипаты В.А.Сухомлинский еңбектерінде сипатталған: "…жақсы директор - ол, ең алдымен, жақсы ұйымдастырушы, тәрбиеші және дидакт, бұл тек өзі сабақ беретін балаларға ғана қатысты емес, бұл мектептің барлық тәрбиешілері мен мұғалімдеріне қатысты". Яғни, мектепті басқарушы бүгінгі таңда, білім менеджері ретінде анықталып, мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде, дамытуда әлеуметтік және тұлғалық маңызды нәтижелерге жету үшін педагогикалық үдеріске қатысушылардың қызметін орталықтандырумен толықтырылуы тиіс. Басшы өз әрекеттерін қызметкерлердің әрекеттерімен сәйкестендіреді, оның шешімі педагогикалық үдерістің өзге де субъектілерінің пікірімен позициясынан ұйғарылады. Мектепті басқару мәселесіне арналған көптеген зерттеулерде (Э.Г. Костяшкин, Ю.А. Конаржевский, В.П. Стрезикозин, П.В. Худоминский, Т.И. Шамова, Н.Д. Хмель, Н.Н. Тригубова, т.б.) басқарушылық қызметтің құрылымы мен мазмұны, мәні ашылған. Басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жүйесін енгізу бойынша (И.П. Раченко, Умирбекова Ж.Б., Г.Т. Хайруллин, т.б.); мұғалімдердің шығармашылық зерттеушілік және эксперименталды қызмет-әрекетін ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгізу бойынша (Ю.К. Бабанский, Л.И. Гусев, В.И. Журавлев, В.И. Загвязинский, Б.А. Койшибаев, В.В. 
Краевский, Г.Л. Лукпанов, М.Н. Скаткин, Я.С. Турбовский, т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С. Бенцион, Г.И. Горская, Л.С. Коробкова, Ш.Т. Таубаева, В.П. Топоровский, т.б.); мамандықты көтерудің психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негізін құру бойынша (Г.С. Сухобская, А.С. Пискунов, т.б.); Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру жүйесін дамыту тарихы бойынша (Б.А. Әлмұхамбетов т.б.) арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Мектептегі басқарудың жаңашылдық аспектілерін М.М. Поташкин, В.С. Лазарев, Л.И. Моисеев, И.И. Цыркун, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. еңбектерінде талданған. Алайда, мектеп басшыларын мектептегі ақпараттарды ұйымдастыру мен басқаруға дайындаудың мәні мен әдістемесі педагогикалық ғылымда жеткіліксіз. Білім беру ұйымдарында педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелік жүйесі де басқарудың құрылымына енеді. Әсіресе, мектептердегі тәрбие іс-шараларының қалыптасқан тәрбие стереотипінің түбегейлі өзгеруімен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың түпкілікті ауысуымен қазіргі кезеңіндегі қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі қиыншылық жағдай, білім берудің, қазіргі тәрбиелік үдерісті белсендендіруді, оның жаңа түрлері мен әдістерін табуды, әсіресе, бұл процесті басқарудың басқа амалдарын табуды аса қажет етеді

Мектеп менеджері қызметі адамға бағытталған және ол өз қызметін осы адамдар арқылы жүзеге асырады. Адамдармен жұмыс - адамзат қызметінің ең күрделі де қиын түрі. Педагогикалық ұжымды психологиялық- педагогикалық білімсіз басқару мүмкін емес: қарым-қатынас психологиясы, тұлға психологиясы, жас ерекшелік психологиясы, педагогикалық психология, педагогика, білім философиясы. Менеджерге риторикадан, конфликтологиядан; педагогикалық шеберліктен, аутотренингтен, эстетикадан (бөлме эстетикасы, басқарушылық еңбек, тәрбиелеушілік еңбек эстетикасы, тұлға эстетикасы, ұжымның эстетикалық тәрбиесі); этикадан білімдер жүйесі қажет. Қазіргі кезеңде заман, менеджерлерден білім берудегі инновациялық технологияларды болжау мен ұйымдастыру қызметіне, білімнің үнемі жаңалануына байлынысты нарық конъюктурасының, сұраныс пен ұсыныс динамикасының жағдайын зерттеу үшін маркетингтік қызметке енуін талап етіп отыр. Ол үшін білім беру менеджері маркетинг негіздерін білуі керек, мемлекеттік тіл мен шет тілдерін меңгеруі тиіс. Жоғарыда айтылғандар бойынша, білім берудегі инновациялық технологияларды болжау мен ұйымдастыруды білетін, өз ісінің маманы болып табылатын мектеп менеджерлерін даярлау проблемасы еліміздегі білім беру реформаларының тиімділігін қамтамасыз етудің басты ресурстарының бірі болуда деген қорытынды жасауға болады. Үздіксіз білім беру жүйесін біліктілігі жоғары басшылар, яғни менеджерлер басқаруы қажет, ал олар білім беру саласындағы келешек реформалардың табысты болуының негізгі іргелі факторы болуы әбден мүмкін. Педагогикадық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтілігі және толықтығы ақпараты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіздікке қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиеттерде, ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады, Басқаруда ақпаратты тиімді қолданудың қиындығы оның тым көптігінен немесе тым аздығынан туындайды. Мектепішілік басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешім қабылдауға, оны іске асыруды реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық жүйедегі ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады, Ал оқу тәрбие үдерісінде тұлға дамуының бағыттары, оның оқу және оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да ақпараттар жетіспей жатады. донона Мектепішілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу сақтау және қолданудың әдістерін жете білуі тиіс. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметіне бақылау, сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау және әдістемелік материалдармен жұмыс жасауды жиі қолданады. Техникалық құралдарды және компьютерді қолдану нәтижесінде материал жинау, оны өңдеудің мерзімі едәуір қысқарады. Қазіргі мектеп басшысының міндеті - мектепішілік ақпараттық басқару технологиясын жасау және ендіру. Ол технологияны басшымен бірге мұғалімдер де пайдалана алуы тиіс. Педагогикалық жүйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізуі үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белігілеріне қарап басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша - күнделікті, айлық, тоқсандық. Енді, мектеп басшыларының менеджер ретіндегі қызметі мен міндеттеріне тоқталайық. Мектеп басшылығының қызметтері Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі бекіткен арнайы ережелер жиынтығымен анықталады, бұл ережелер мектеп директорының, оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі мәселелері бойынша орынбасарлары мен басқа да педагогикалық кадрлардың іс-әрекетін реттейді. Төменде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша мектепте қызмет атқаратын адамдардың жұмыстары келтірілген. Мектеп директорының басшылық қызметі, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілігі бар. Мектеп директорының міндеттері: кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептің педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалімдердің кәсіби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық деңгейін көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу және оқыту мен тәрбиенің озат педагогикалық тәжірибесін енгізу; оқу-тәрбие үдерісінің барысын, оқушылар білімінің сапасы мен жеке тұлға ретінде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау; мониторинг жүргізу арқылы тиімді оқыту варианттарын таңдау, тиімді жолдарды болжай отырып, сапаны арттыру; -оқушылардың кәсіби бағыты бойынша тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру және оларға өмірде өз жолын табуға кеңес беру; - оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына практикалық көмек көрсету және оның іс-әрекетін белсендіру, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша мұғалімдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен іскерлік- ынтымақтастық қатынас жасау; - Еңбек туралы Заңға, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен жарғысына сәйкес мектеп қызметкерлерінің міндеттерін анықтау мен нақтыландыру; потае ата-аналар қоғамдастығы ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру және оларға басшылық жасау; жергілікті қоғамдық ұйымдар, мекемелер және негізгі кәсіпорындармен іскерлік байланыс орнату; мектептегі қажетті санитарлық-гигиеналық тәртіпті орнату, оқушылардың, мұғалімдер мен мектептің қызмет көрсету адамдарының сабақтағы және іс-әрекеттің басқа да түрлері барысында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік шараларын сақтау; - мектептің қазіргі заманғы материалдық-оқу базасын нығайту мен дамыту; емпотао мектеп қызметкерлерін жұмысқа алу мен жұмыстан шығару; мектептің педагогикалық кеңесімен келісіп, мұғалімдерді және мектептің басқа да қызметкерлерін мадақтау мен марапаттауға ұсыну.

Мектеп директорының оқу жұмысы бойынша орынбасарының қызметі мен міндеттері:

-мектептегі сабақтарды және оқыту үдерісіндегі тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру;

оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерімінің сапасын бақылау; әртүрлі пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру (пәндік үйірмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т.б.); оқушылардың оқу көлемін реттеу; мектептің оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-әрекетінің нәтижелері туралы сандық және жазбаша есеп беру; оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша білім беру департаментінің нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуын бақылау; оқу-тәрбие жұмысының сапасын жоғарылату үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қорыту мен енгізу;

мұғалімдердің пәндік әдістемелік бірлестіктерінің (секциялары) жұмысына басшылық ету. Мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының міндеттері: оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестіру; оқушылар тәрбиесін жетілдіру бойынша сынып жетекшілері мен ұзартылған күн топтары тәрбиешілерімен әдістемелік жұмысты жүргізу; оқушылар ата-анасымен, мектептен тыс балалар ұйымдарының басшыларымен іскерлік байланыс орнату; мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына ғылыми-әдістемелік бағалау, озат педагогикалық тәжірибені қолдау.

Мектепті жаңарту мен оған өзгерістер енгізу жағдайларында жоғарыда аталған қызмет міндеттерін орындау үшін мектеп директоры мен оның орынбасарларының жоғары педагогикалық білімділігі, адамгершілік мәдениеті болуы, жұмыста іскерлік пен жауапкершілік көрсетулері, оқыту мен тәрбиені жетілдірудің тесілдері мен шығармашылық әдістемесіне ие болуы керек, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің жаңашылдық ынтасы мен озат тәжірибесіне қолдау көрсету. Мектеп басшыларының қызметтері әдістемелік жұмысты нақты ұйымдастырғанда ғана нәтижелі болмақ.Негізінен алғанда жоспарлау басқару қызметінің бірі болып табылады. Жоспарлау - шешімді дайындау үдерісінің функциясы. Ол мекеменің дұрыс қызмет етуі мен дамуына қолайлы жағдай тудыратын барлық ішкі және сыртқы факторрларды мүмкіндігінше алдын ала есепке алуға арналады. Жоспарлау мына кезеңдерден тұрады: мақсат қою; алғышарттарды анықтау; альтернативаларды анықтау; ең тиімді альтернативаны таңдау, жоспарды енгізу мен орындау. Кез келген ұйым басшы мен қызметкерлердің қызметін реттеуге бағытталады. Ол, ең алдымен, басшының өз мүмкіндіктерін бағалауы, қол астындағыларды зерттеуі, әрбір қызметкердің мүмкіндіктерін анықтау, күштерін реттеу. Ұйым алдында: жоспарды кім және қалай іске асырады? деген сұрақ тұрады.


Жоспарлау құрамы:

-мақсаттар мен міндеттерді белгілеу;

-стратегия, бағдарлама, жоспар жасау;

-қажет қорларды анықтау және оларды мақсаттар мен міндеттер бойынша бөлу.

Жоспарлаудың бір бөлігі ұйымдастыру. Ұйымдастыру функциясының негізгі құралдары (бұйрықтар, қағидалар, ережелер, нұсқаулар, ескертпелер, кеңестер, пікірлесу ж.т.б.) мотивация, бақылау, үйлестіру, коммуникация, коммуникация әдістері, жиындар, жиналыстар, ақпараттық бюллетендер, кері байланыс жүйесі, ақпараттық технология, бейресми кездесу. Басқару қызметінің аясында іс-әрекет жағдайын талдау, жоспарлау, іс- әрекетті ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау және реттеу т.б. іс-әрекеттер жүзеге асады. Тиімді, нәтижелі басқару үшін аталған қызметтердің барлығының үйлесімді өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету қажет. Олардың біреуінің орындалмауы тұтастай ұжым іс-әрекетінің нәтижелеріне ықпал етеді. Сонымен жоспарлау (іс-әрекет жоспарын құру) дегеніміз іс-әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау. Ал, тиімді жоспарлау дегеніміз жұмыстың жай-күйін жан-жақты және мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің қол жеткізген нәтижелеріне объективті баға беру. Сонымен қатар алдағы уақыттағы іс-әрекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтау және алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді, құралдарды айқындау, оларды шешудің қолайлы жолдары мен құралдарын дұрыс таңдау. дамыту Қазақстан Республикасының орта білім беруді Концепциясында, «Басқарудың нәтижелі болуы, негізінен, қажетті ақпараттың болуына, басқарушылық шешімдерді дер кезінде және сапалы түрде қабылдай алынуына және тұтас білім беру жүйесінің мониторингін ұйымдастырылуына байланысты» деп белгіленген.

Жалпы білім беретін ортамектептерді басқару, кез келген басқарушылық іс-әрекет сияқты, барлық іс- әрекеттің нақты жоспарлануын талап етеді. Мектептің ең маңызды жоспары жылдық жұмыс жоспары, ол жалпы мектеп өмірінің жетекші құжаты болып табылады. Бұл жоспарда мектеп іс-әрекетінің барлық жақтары қамтылып, олардың бірлігі, ішкі және сыртқы байланыстары мен өзара тәуелділігі есепке алынады. Жылдық жоспардың терең ойластырылуы, негізді және мақсатты болуы мектеп жұмысының нәтижелілігін анықтайды.

Мектептің жылдық жұмыс жоспары төмендегі ұстанымдарға сүйеніп құрастырылады:

жоспарлаудың ғылымилығы. Яғни жоспар әлеуметтік және экономикалық іс-әрекеттің шарттарын, педагогикалық үдерістің психологиялық- педагогикалық заңдылықтарын, мектеп дамуының тенденциялары мен болашағын ескере отырып құрастырылуы тиіс;

жоспардың қолайлылығы және үйлесімділігі. Оның құрамында алға қойылған мақсаттарға жету үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті мөлшері болады. Бұл ұстаным жоспардың шынайы болуына, мектеп ұжымының іс-әрекетінің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдауға, жоспардың құрамды бөліктерінің мақсатты түрде өзара байланысын қамтамасыз етуге бағытталады;

жоспардың нақтылығы. Орындалатын нақты шараларды жүргізу қажет, орындаушыларға берілетін тапсырмалар, іс-шараларды өткізуге кім жауапты, мерзімі, орны мен уақыты көрсетіледі;

жоспардың перспективтілігі. Жақын уақыт аралығында орындалуға тиісті мақсаттар мен міндеттер және мектеп іс-әрекетінің болашағы сипатталады.

Мектептің келесі жылдарда орындалатын алдына қойылатын оқу-тәрбие міндеттері енеді; конхо - ұжымдық қағида. Мұнда, мұғалімдердің, тәрбиешілердің, мектептің басқа да қызметкерлерінің жоспарды талдау мен құруға белсенді түрде қатысуы қарастырылады. Яғни, жоспар ұжымдық шығармашылық еңбектің жемісі ретінде алынады. B.А. Сухомлинскийдің пікірінше: «Мектептің өткен жылғы жұмысына терең талдау жасамай келер жылға жоспар құру мүмкін емес. Кемшіліктерді түзету өткен жылғы жұмысқа қаншалықты терең әрі жан-жақты талдау жасалғанына байланысты». Мектеп жұмысын талдау «мұғалімдер ұжымын оқушылардың мықты білімі мен өте жақсы үлгерімі үшін, кемшіліктерді тез және дер кезінде жою үшін күреске жұмылдыру сияқты мақсат негізінде» (Ю.А. Конаржевский) жүзеге асуы тиіс. Мектептің өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жасаудың бірнеше әдістері бар, мысалы Ю.А. Конаржевскийдің әдісі бойынша: мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті; мектептегі әдістемелік жұмыстың жағдайы; білім берудің жағдайы, білім беру деңгейін көтеру бойынша мұғалімдер ұжымының жұмысы; мұғалімдер ұжымының оқушылардың ата-аналарымен жұмысының жағдайы; қоғамдық оқушылар ұйымдары жұмысының нәтижесін жақсарту үшін мұғалімдердің көмегі; оқушылардың тәрбиелілік деңгейі; оқушылардың сабақтарға қатысуының жағдайы; оқушылардың білім, білік және дағдаларының жағдайы; жалпыға міндетті оқуды жүзеге асырудағы ұжымның іс-әрекеті ретінде сипатталады. Қазіргі кезде кейбір мектептерде іс-әрекеттің жағдайларына байланысты жұмыс жоспарларының басқа да түрлері құрылады. Мектеп қызметінің белгілі бір шарттарының өзгеруі , алдын-ала жоспарланбаған жаңа жағдайлардың пайда болуы жұмыс жоспарына өзгерістер мен түзетулер енгізуге себеп болады. Жоспардан өзге мектепте басқа да құжаттар жүргізіледі, оны шартты түрде үшке бөліп қарауға болады: педагогикалық-оқыту құжаттары, мектеп ішіндегі ақпарат және қаржы-шаруашылық құжаттар. Педагогикалық-оқыту құжаттарына: журналдар, яғни сынып журналдары, факультатив сабақтарының журналдары, дайындық сабақтарының журналдары, т.б. кітаптар: окушылар тізімінің алфавитті кітабы, бланктер мен тіркеу кітабы (орта білім туралы аттестаттар мен негізгі сатыны бітіргені туралы куәліктерге арналған жеке кітаптар), «Алтын белгі» медалін есепке алу кітабы, мақтау грамоталары мен мақтау қағаздарын есепке алу кітаптары, мектеп мұғалімдерінің жеке құрамын есепке алу және шығыс және кіріс ақпараттарын тіркеу кітаптары, тексерушілердің ескертулері мен ұсыныстары жазылатын кітап; оқушылардың жеке құжаттары; еру оқушыларға белгілі бір мамандық алғаны туралы анықтамаларды беру ведомості (бастапқы кәсіби оқыту ұйымдастырылған мектептерде); жоғары мекемелерден келіп түскен бұйрықтар, жарлықтар және де басқа да бұйрықтық-ақпараттық құжаттар; мектеп аттестациясының материалдары, мектептің оқыту құқығы туралы лицензиясы; мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар, баяндама хаттамалар көшірмелері; комн білім беруді басқаратын жоғары мекемелермен және басқа да ұйымдармен ақпарат алмасу кітабы. Мектеп құжаттарын дұрыс, нақты жүргізу және ұйымдастыру мектеп ішіндегі тиімді басқарудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Құжаттар дер кезінде жасалып, реттестіріліп отырған жағдайда ғана мектеп ұжымы іс-әрекетінің барлық бағыты бойынша қажетті де нақты ақпарат алуға болады.

Қазақстан Республикасында білім жүйесін басқару органдарының білім беруді тиімді басқаруын қамтамасыз ететін, дер кезінде толық, шынайы салыстыруға болатын ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған және жұмыс істейтін компьютерлік техниканы қолдануға негізделген программалы-телекоммуникациялық орта. Білім саласында уәкілдік ететін органдар, жергілікті атқару органдары, білім беру ҧйымдары ӛз қызметін атқару барысында алынған білім беру мониторингі мәліметтері және соның ішінде басқа да ведомостволық статистикалық бақылау мәліметтері кіреді. Білім беру процесінің барысы мен нәтижесі, сонымен қатар оқудан тыс шаралар туралы барлық қатысушыларға мәлімет беру, оқу процесі және оқу мекемесін басқаруда ақпараттық қолдау кӛрсету, ҧстаздарды, ата-аналарды, оқу мекемелерінің әкімшілігін және жҧртшылықты ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Компьютерлік желі-ақпарат алмасуға және ақпараттық қорды бірлесе пайдалануды қамтамасыз ететін компьютерлердің ӛзара біріккен тобы. Жергілікті компьютерлік желі-бір жерде немесе бір кәсіпорын шеңберінде орналасқан компьютерлерді біріктіретін, пайдаланушылардың шектелген тобына арналған компьютер желісі.

Желілік құралдар-білім беретін электронды басылым және қорларды құруда телекоммуникациялық технологияларды қолдану мҥмкіншіліктерін қамтамасыз ететін,білім беру қызметінде телекоммуникациялық компоненттерді қолдауға арналған ақпараттандыру құралы.

Байланыс желісі-белгілі бір желінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін орталықтар және байланыс тораптары, мамандандырылған арнақҧрушы аппаратура, сымды-радио-, оптикалық және басқа байланыс арналарының жиынтығы.

Білім беруді ақпараттандыру проблемалары

1) ұстаздардың ЖАТ-ы енгізуге қарсылығы сынып-сабақ жҥйесімен сипатталатын топтасып оқыту және дербес компьютерлер пайдаланатын жекешелеп оқыту тҥрі арасындағы қайшылықтардан туындайды;

2) «хакерлік» феномененің пайда болуымен байланысты кейбір адамдар тобының компьютер экранындағы виртуалды ақиқатқа енуі, олармен белсенді бірлесіп әрекет етуі, бірақ ол нақты ӛмірден қол ҥзген тұлғааралық қатынастарының қысқаруы;

3) ақпаратты таратудың қҧқықтық негіздері: оқушылардың ақпарат алу қҧқығы, оқушылар туралы ақпаратты, пайдалануға рҧқсат етілмеген мектеп базасындағы мәліметтерді оған зиян келтіру мақсатында пайдалануы және басқа адамдардың автор қҧқығы, сонымен қатар тегін таратуына тыйым салынған ақпаратты білім беру мақсатында пайдалануы және т.б.

Менеджерлердің кәсіби даярлауының мазмұны мен әдісі оқытудың дәстүрлі және белсенді формаларымен ұсынылыды: басқару стильдері, іскерлік қарым-қатынас, өзін-өзі ұйымдастыру, шешім қабылдау және т.б. Осы уақытқа дейін білім беру мекемелерінің басшылары басқарушылық білімді курстық қайта дайындау ұйымдары арқылы тек біліктілігін жоғарылату жүйесінде ғана алған еді. Осыған орай маман- ғалымдардың пікірінше (Т.И.Шамова, В.С. Лазарев, Г.В. Михайлов, М.М. Патошник, Ю.А. Конаржевский, В.П. Симонов, О.Кирилов, В.Ю.Кричевский, П.И. Третьяков, Н.А. Лебедева, В. Терентьев, А. Короткевич, Н.В. Кухарев, В.И. Бондарь, Н.Костылева, А. Кузибецкий, Н. Рождественская және т.б), заманауи басшыда өзінен-өзі "туа біткен дарындылық" пайда бола қоймайды, қысқа мерзімдік оқу курстары нәтижесінде қалыптаспайды, базалық басқарушылық-педагогикалық білімді игеру қажетті. Соңғы кезде дәл осы мәселеге байланысты ғылыми зерттеулер мен мақалалар да жарық көре бастады. Олардың көпшілігінде мектеп директоры қызыметінің мазмұны жан-жақты талқыланды, кәсіби білім, білік пен дағдылар жүйесі, тұлғаға қойылатын талаптар қарастырылады, біліктілігін жоғарылату институттарындағы дайындау және қайта дайындау тәжірибелері сипатталған. Сонымен қатар, білім беру менеджерлерін арнайы лурстар мен " Білім беруді басқару" мамандығы арқылы экономикалық бағытта дайындау мәселесі жөнінде алғашқы жұмыстар пайда болды (Н. Беляцкий, И.Д. Ладанов, Р.С. Каренов, Поль де Брюйн, В.Н. Чурматнеева, Д.Н. Бобрышев, В.Л. Мокряк, Н.А. Сакада, В.Н. Почтарук, Х. Зидентопф, З. Издевский, Е.Турей, Ю.Н. Голубева, Н.И. Боярко, З.Гельманова, З.Магрупова, Ю.А. Морозов, Ф.Ф. Аунапу, Ю.А. Розенбаум, Е. Голубчиков, С.И. Семенцов және т.б.). бірақ бұл жарыстарда басқару ғылыми-педагогикалық контекстен тыс түрлі аспектіде қарастырылған.

Менеджерлерді даярлау дәріс беру арқылы, практикалық және өзіндік сабақтар жүргізу арқылы жүзеге асады. Менеджментті дәстүрлі түрде оқыту-сенситивтік әлеуметтік-психологиялық тренингке бағытталған. Бұл тренингтің мақсаты-ұйымдардағы адамдар іс-әрекетінің мәселелерін және оны шешудің тимді жолдарын қарастыру; ұйымдасқан іс-әрекет аясындағы негізгі концепцияларды, шағын топтардың құрылымын, жұмыскерлерді ынталандыру, кикілжіңдерді шешу жолдарын, басқару стильдерін және т.б. зерттеу.

Дәстүрлі емес әдістер ( әлеуметтік-психологиялық тренинг, іскерлік және рөлдік ойындар, мәселелерді шешу, т.б.) менеджерлердің кәсіби іс-әрекеттерінің әр түрлі жақтарын модельдеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының мектептеріне менеджментті басқарудың моделі ретінде кіріктіру қалыптасқан басқару әдістерінің орнына жаңа прогрессивті және нәтижелі әдістердің келгенін көрсетті.

-иерархалықтың орнына сенім;

-бұйрықтың орнына сендіру;

-жағынудың орнына ынтымақтастық, бірлестік;

-басқарудың икемделуі, адамға ыңғайлануы.

Ежелгі құлдық Римдегі "Адам адамға - қасқыр" деген ұғымның орнына қазіргі демократиялы қоғамға сәйкес " Адам адамға - дос" деген ұғым келуі керек.

Тұтас білім беру жүйесі бойынша басқару аспектілері:

-техникалық − технологиялық аспект нақты өндірістің даму деңгейін, әсіресе ондағы қолданылатын техника мен технологиялардың, өндіріс жағдайларының ерекшеліктерін ескеру қажеттілігін ұйғарады;

-ұйымдастырушылық - экономикалық аспект жұмыскердің саны мен құрамын, моральдық және материалдық ынталандыру, жұмыс уақытын пайдалану және т. б. с. с. қызметтерді жоспарлауға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді;

-құқықтық аспект персоналмен жұмыс істеуде еңбек заңдылықтарын сақтау мәслелерін қарастырады;

-әлеуметтік - психологиялық аспект персоналды тәрбиелеу жән оқытуға байланысты мәселелерді қарастырады.

Басқару қағидалары - басқару функцияларын орындаудағы жетекшілер негізге алатын идеялар, заңдылықтар және мінез-құлқының тәртібі. Басқару менеджментінде негізгі қағидалар болып табылатындар:

-басқарудағы орталықтандыру мен отралықсыздандырудың ұтымды үйлесімі;

-басқарушылық шешімдерді қабылдауда өкілеттілікті ұтымды пайдалану;

-басқарудағы жеке басшылық пен алқалылықты дұрыс пайдалану;

-басқарудың ғылыми негізділігі;

-жоспарлаушылық, яғни ұйымның келекшектегі дамуының негізгі бағыттарын, мәселелерін, жоспарларын белгілеу;

-құқықтардың, міндеттемелердің және жауапкершіліктердің үйлесуі, яғни ұйымдағы әрбір адам нақты жұмыстармен қамтылады да, оның орындалуына жауап береді;

-мотивация, яғни менеджерлер марапаттау және жазалау жүйесін неғұрлым ұқыпты жүргізген сайын мотивация бағдарламасын тиімді орындап, ұйымның және жеке бастың мақсаттарына жету үшін әр адамның әрекетін (ояту);

-басқаруды демократизациялау - барлық қызметкерлердің ұжымды басқаруға қатысуы;

-персоналды басқару жүйесін дамытудың бағытын анықтайтын қағидалар; -персоналды басқару жүйесін дамытудың бағытын анықтайтын қағидалар.

Персоналды басқарудың шартты қағидаларына персоналды басқару функцияларының қалыптасуы мен өндірістің мақсаты және өзгеру жағдайлары жатады.

Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-психологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлі статустары, иерархиялық құрылымдары (бip жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрсетіледі) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бipiн-6ipi мойындау, ықпал ету стиль мүдделі т. б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңдай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең актуалдысы. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық әрі түбегейлі баға басшы жұмысыныщ стилі бойынша жүзеге асады. Басқару қызметіндегі әpбip басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару функциясын жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль - ой дүниесі десе, Бью-фурон «стиль — адамның өзі», деп тұжырымдайды.

Бұл нақыл сөздердің дұрыстығын қазіргі жұмыс стилінің түciнiгi де дәлелдей түседі. Қaзipгi кезде стильді басшының басқару функциясын тиімді орындау мақсатында өзінің қармағындағыларға ықпал етyi бойынша бағалайды. Сонымен, басшылық стилінің мәні сол, басшы қандай әдістермен ұжымның қарқынды және творчестволықпен өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ете алатындығында, қармағындағылардың ic-әрекеті нәтижесінің қалай бақылайтындығында. Қабылдаған стиль ұжымда ерекше жағдай мен қарым-қатынас туғызады.Басшылық стилі тұрақтылығымен, амалдарды қайталауымен ерекшеленеді. Бірақ мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген мамандардың бағалауынша стиль¬ге әдетте ырғақтылығы тән, олардың тұжырымдауынша «ең дұрыс басшылық — бұл ырғақтылық» және де «басшылық ете білу — бұл басшылық стилін өзгерте білу».

Басшы жұмысының стилі — оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың және ic-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі — бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.

Басқару қызметкерлерінің мәдениеті әр түрлі қасиеттері бойынша көрініс тапса да, олардың мәдениетінің толық және нақты бағасын жұмыс істеу стиліне қарап беруге болады. Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз - билік органдарының, қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс –тәсілдер, құралдар жүйесі, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс - тұрыс үлгici. Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері мемлекеттік-биліктік ерекшеліктерге сүйеніп, оны қолданумен байланысты болатын, нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп отыратын, басқару әсерін қалыптастыруды және icкe асыруды мақсат тұтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметтік белсендігімен айқындалады.

Мемлекеттік басқару стилі келесі элементтерден тұрады: Мемлекеттік билік органдарының мақсаттық, функционалдық және ұйымдық сипаттамалары; Басқару органдары кызметтерінің заңды түрде бекітілген және жүзеге асырылатын әдістері, процедуралары, нысандары; Қызметкерлердің жалпы мәдени, кәсіби және жеке қабілет денгейі. Басқарушылық қызмет стилі саяси режимдерге байланысты және соған сәйкес қалыптасады. Осыған орай ғылыми әдебиеттерде бірнеше басқару стилдері қарастырылған, атап айтқанда, директивті (эюмпилж, автократиялық, авторитарлық), демократиялық (ұжымдық, кооперативтік) жэне либералдық.

Басшылық СТИЛІ басқару тәсілмен белгілі бip ара-қатынаста және өзара әрекетте болады. Алайда олар бірдей ұғым емес.Басқару тәсілі — басқару iciн жүзеге асырудың жиынтық әдістері (амалдары), жұмыскерлер мен еңбек ұжымына мақсатты ықпал ету, басқару функциясын орындау процесінде олардың ic-әрекеттерін үйлестірудің қамтамасыз ету. Басшының дербес және жалпы стилі болады. Әpбip басшы¬ның дербес стилi бар, мұның өзi оның ic-әрекетінде көpiнiп, басқару аппаратының және бұл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс — оны түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды.

Психологиялық касиеті; Орындау тәжірибе жағдайы; Басшы мен бағыныштының өзара қарым-қатынас жасауы; ұжымның ықпал ету нәтижесінде басшы стилі үнемі жетілдіріліп отырады. Стильдің қалыптасуы — бұл ұзаққа созылатын, күрделі мақсатты процесс. Әpбip басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларда алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдар қолдана білyi тиіс. Стиль түрлері және олардың сипаттамалары
Басшының дербестігі көптеген iciнe қарай емес, қалай icтeйтіндігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бip мәселенің өзін әр түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.

Стиль дегеніміз әлеуметтгк құбылыс, өйткені, бipiншіден, онда басшының көзқарасы мен ceнiмi бейнеленеді, екіншіден ол түптеп келгенде жүйенің қалыпты жұмыс істеушінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стиль оның қарамағындарылардың, ұдайы назарында болып, олар мұны өзіне бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені жұртшылық, оның жүріс-тұрысына,ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі-өнеге алуға, үйренуге талаптанады.

Басшыға ұжымның барлық мүшелерін қанағаттандыратын жұмыс стилін қалыптастыру oңайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер 6ip басшы оларға сенім көрсету арқылы ықпал ететін болса, екіншісі «тиістісің», «міндеттісің» секілді кағиданы басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып, оларды eсiнeн «аулақ ұстайды» да, ұсак-түйек мәселеге дейін өзі шешеді. Енді бiр басшылардың eciгi әрқашанда ашық, оған кез келген мәселе туралы пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады. Бip директор күн сайын бригадаларды аралап отырады, ал екіншісі біpeyi мұны қажет санамайды.

Басқару стилінің типі түбегейлі қалыптаспаған, сондықтанда отандық және шет елдің әдебиеттерде оның өзі түрліше жіктеледі. Мәселен, X. Кох (Германия) басшы стилін былайша бөледі:

1. Бip жақты автократтық стиль;

2.Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;

3. Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне бipкелкі қатыса отырып басқару;

4.Парламенттік сипаттары басқару стилі;

5. Бағыныштылар негізінен дербес, жоғары басшылардың тікелей қатысуынсыз-ақ әрекет ететін басқару стилі.

Автократтық және парламентарлық стильдер колайсыз деп саналады, өйткені алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай дербестігі болмайды, ал екіншінде жұмыс жоспарсыз жүргізіп, бағыныштылар мүлде дербес әрекет етеді.

Ең қолайлысы кооперативтік стиль— «жақсы ынтымақтастық», «ұйымдасып әрекет ету», қиын-қыстау жағдайда өзара бірлесе, ынтымақтаса отырып күш бipiктipy. Басшы жұмыскерлерді мұқият тыңдайды, олардың ұсыныс ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді жоспарлайды және қабыл¬дайды. Мұндай стильде қойылған міндеттер іскерлікпен орындалады, өйткені дәл осындай жағдайда қызметкерлер езге icкe қатыстымын деп есептейді. АҚШ-та мынадай стильдер белгілі (басқару жүйесі деп аталады):
Функцияны беру стилі;

Міндетті басқару;

Ерекшелеу тәсілмен басқару;

Жүйені ретке келтipy арқылы басқару.

Функцияны беру стиль әpбip қызметкерге, өзi басқара алатын нақты істі тапсыруды көздейді. Бұл қызметкер өзіне бекітілген іске толық жауап береді, ал оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді. «Міндетті белсенді басқару жүйесінде» басшы, мен бағы¬ныштылар алдағы міндеттерді бірлесіп қарастырады да, әpбip адамның міндет аясы белгіленген, нәтижесіне орай жауапкершілігі айқындалады.
«Ерекшелеу тәсілмен басқаруда» басшының міндеті өз қызметкерлерінің мүмкіндігі тиімді пайдалануына қолайлы жағдай туғызу болып саналады. Төменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген еңбек нормасына және жұмыс нәтижесін бағалау критерийіне сәйкес көмек қажетін хабарлайды, ал көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендігін мәлімдейді.
«Жүйені ретке келтіру арқылы басқаруда» белгіленген тәртіпті қатаң басшылыққа алу, жұмыс процестері мен еңбек тәсілдерінің шаруашылық-экономикалық қызметін жеңілдету көзделеді. Демек, басқару стилиінің жіктелуі алуан түрлі екендігін аңғарамыз, оның үстіне осы жіктеулердің қай-қайсысы болмасын басқарудың сан қырлы стильді толық қамтиды. Басшы стилін жіктеу нeгiзiнe, әдетте, басшы мен бағынышты аралығындағы қарым-қатынас сипаты алынады. Басшының жеке-дара ерекшеліктеріне, оның саяси, ұйымдық, педагогикалық, моральдық-этикалық, кәсіптік сапалары жатады. Басшылық стиль ерекшеліктері осы аталған компоненттердің (құрылым тармақтарының) қайсысы басым болатындығына байланысты. Практикада көбінесе басқарудың үш стилі кездеседі: либералдық, авторитарлық және демократтық.
Либеральдық стиль — мұндай жұмыс стилінде басшы ерек¬ше белсенділік танытпайды, iс-әрекетінде кездей соқтық басым жуйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принципсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғары қызметтегілерге қарайлайды.
Мұндай стилдегі басшы тәртіп бұзушыға қатаң талап қоймайды, карамағындағылардың білімінің төмендегеніне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді.
Мәселелерді немқұрайлы талқылайды, ашық пікірлесуге сын-ескертпелерге бара бермейді. Мұндай басшы кез-келген келіспеушілікті жарамсыз құбылыс ретінде қабылдайды. Ұжымда мұндай басшының беделі онша болмайды, әрі кәсіпорын тиімді жұмыс iстeй алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық,берекесіздік, тәртіптің бетімен кетуі орын алады. Либералдық стиль-басшының бағыныштылардың ic-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым кызметінің ең күрделi мәселелерін шешуге де қатыспайды.

Авторитарлық стильдің бірі макиавеллизм деп аталады. Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол «Принц» кітабында, билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ, өйткені «мақсат талдау жасайды» деген идея ұсынды. Авторитарлық стильде шешімді бip адам кабылдайды, ол жарлық, бұйрық, түрінде келеді («менің айтқаным бойын¬ша icтe»). Бұйрық талқыланбайды, күштенуге хақын жоқ. Автократ бағыныштыларының ic-әрекетін өз жауапкершілігіне алады. Тек қажетті мәліметтер жөнінде ғана пікip алысып, өз жоспары туралы әңгіме қозғамайды. Мәліметті тым көп жинайтындықтан жұмыс басты болады.

Автократ басшылар сырттай бұйырып, үнемі жұмысты ойлайтын адам сияқты көрінеді, олардың жүзінде «жұмыс басталып, icкe үлкен жауапкершілік» сезінеді. Д. Браунның сипаттауынша «автократ, ескірген жылу жүйеде секілді қоршаған орта климатына, дәл мағынасында эмоционалдык, климатқа көңіл бөлмейді.
Мәжілістің көбінесе бағыныштыларына нұскау беру түрінде еткізеді. Өзінің карамағындағыларды жиі-жиі қатты сынайды. Ол ұжымдары кез келген бейресми топтарды қатаң айыптайды. ''Мұндай стиль, творчестволық. белсенділік туғызбайды. Дегенмен, мұндай стиль өмірінен келеді. Оның ӨЗI басшының жеке басының сапасына, немесе ол басқарып отырған ұжымның құрылымына байланысты. Егер басшы өз icін жетік білмесе, әрі кәсіби билік дәрежесі өзi басқарып отырған адамдардан төмен болса, онда ол авторитарлық стильді пайдалануға мәжбүр болады. Алайда, автократтардың барлығы бірдей біліксіз, білімді емес. Кейде ұжымға кәсіби білімі өте төмен адамдар жинақталады. Мұндай жағдайда тәжірибелі басшылардың өзi де авторитарлық стиль элементтерін қолдануына тура келеді. Авторитарлық стильдің алуан түрлі формасы болады: патриархалдық: барлық «жанұя мүшелері» басшыға бағынуы тиic, ал басшы бағыныштыларын әлі жетілмеген деп есептейді; харизматикалық (харизм—Құдай шапағаты): Лидерді ең көрнекті, дана деп есептейді, ал оның өзі бағыныштыларына еле қатал, аяусыз, әрі оларға қамқорлық жасауды қажет деп санамайды;
автократтық: жеке адамдардан гөpi институтқа (мемлекетке, кәсіпорынға) тән. Басшылықты аппараттағы бағынышты инстанциялар арқылы жүзеге асырып, жанама түрде автократтық, шешімді жүзеге асырады; бюрократтық, (төрешілік) — бұл туралы төменде толығырақ баяндалады.

Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселен көпшілік ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрық та осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілік ұжымда шешіліп, сонан кейін бекітіледі (мадақтау және жазалау, қоғамдық өмip мәселелері, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару т. б.).

Жұмыс барысында басшының беделі қалыртасады. Бедел тек лауазымдық жағдайымен ғана емес, сонымен бірге нақты біліммен, еңбекпен және адамдарға ұқыпты қатынаспен, түсінікпен келеді. Бедел (авторитет) – бұл белгілі әлеуметтік роль, онымен қоршағандарының белгілі үміттенулері байланысты.

Басшы беделінің шарттары:

Жаналық пен прогрессивтіктің және оларды өндіріске енгізу ынтасыныңғ болуы.

Жұмыскерлік, дербестік және қайсарлық.

Әділдік және принциптік

Тапсырылған жұмысқа жауапкершілігі

Сыйлау мен адамдарға деген әділдікті және талапты үйлестіру.

Байсалдылық, шыдамдылық, өзін-өзі сынауы.

Мәдениеттілік пен дұрыс басқару стилін меңгеру.

Адамдарға сену, сенім арту.

Беделділік шын болуы мүмкін, сонымен бірге өтірік те болуы мүмкін.

Өтірік беделдің қалыптасу жолдары:

Ағайыншылық (тумалық, жерлестік) бедел. Мұндай бедел ұжымда «өзіміздікі» болуға, сенімге енуге ұмтылыс нәтижесінде қалыптасады. Ол (мұндай бедел) ұжымды түгелдей бағындыруға бағытталмайды.

Әкімшілік бедел (коммуналдық бедел) – ол басшының жеке сапалық ерекшеліктеріне негізделген және құр әкімшілік стильді білдіреді.

Сатып алу беделі – басшы өзін жақтайтын, тыңдайтын қызметкерлермен қоршауының нәтижесі.

Қорқыту беделі – сын көзқарастарды, ойларды басу айтылғанды ешқандай ойсыз орындату жағдайын қалыптастыру.

Басшыдан қорғану беделі - өзінің кәсіптік, мамандық деңгейінің нашарлығы байқалып қалатын жағдайлардан қашу, әр уақытта өзінің қимылдарын алдын-ала қорғау, барлығын жоғары басшылыққа аудару.

Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде қолданатын сипаттық әдіс, тәсіл, амалдар жиынтығын білдіреді. Басшы стилі басқару әдістерімен белгілі бір қатынаста және байланыста болады. Басшы стилі – бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі. Бұл ұғымның ең әділ, дұрыс мағынасы мынандай: «Тәсіл мен стильді салыстыруға болады». Нота барлығына бірдей, алайда әрбір орындаушы шығарманы өзінше бейнелейді. Басшының дербес стилі алуан түрлі объективті факторлардың ықпалымен қалыптасады.


Жеке стиль төмендегідей факторлар ықпалымен қалыптасады:

1. Өндірістік қимыл-қызмет сипаты және өндңрңстегі экономикалық жағдай.

2. Басшымен бағынышты арасындағы өзара қарым-қатынас.

3. Психологиялық қасиеттері

4. Атқару тәртібінің жағдайы

5. Ұжымның демократиялық және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері (жыныс-жас құрамы ұжымның, мамандық және атқарушы, т.б.)

Стильдің қалыптаспауы – бұл ұзаққа созылатын, күрделі мақсатты процесс. Демократ басшы ұжымдағы мәселелер туралы, алда тұрған қиындықтар туралы қарамағындағыларға үнемі хабарлап оты-рады, ал өз атына айтылған сын-ескертпелерді дұрыс қабылдайды, бағыныштылармен қарым-қатынас жасауға тырысады, ең соңында, ол ешқашанда бағыныштыларына үстемдігін көрсетпейінше, ол ұжымның басшысы емес, соның 6ip мүшесі ретінде әрекет етеді.Мұндай басшы жақсы ұйымдастырушы, ұсақ-түйекті елемейді, басты назарын түйінді міндеттерді шешуге шоғырландырады. Өінің қарамағындағыларды туындаған мәселелердішешуге баулиды, пікірімен санасады. Кейбір міндеттерді дербес шешеді. Шаруашылық қызметшдегі жауапкерліктерді карамағындағыларға ceніп тапсырады.

Демократиялық стильде - бағыныштыларға еркіндік беру арқылы, олардың белсенді түрде араласуы нәтижесінде шешімдер әзірленіп, қабылданады. Жұмысты орындауға қажетті алғышарттар жасалып, оның нәтижесі әділ бағаланады. Адамдармен сыйласымды қатынастар орнатылады Қарамағындағыларға нақты міндеттер, нұскаулар берел тиістi жерінде мадақтай да, жазалай да бітеді. Жұмыс тәсілін (өзiнiкiн және басқалардың) әдісін бағалайды. Өзiнe-өзi жұмысты құлшына істейді, құрмет пен қошемет күтпейді мұндай жағдай ұжымда белсенділік, творчестволық ахуал, ұйымшылдық, татулық, ауызбіршілік туғызады. Аталып кеткен стильдерден басқа әркім нені және қалай icтeгici келсе өз бетінше орындайтын анархиялық стиль; белгілі 6ip шараны орындау, атқару кезінде ғана аса белсенділік танытатын, келесі жағдайларға дейін салғыртсу, әрекетсіздік білдірілетін кампаниялық стиль (кампанейский), көбінесе бұйрыққа, қызметтік тәуелділікке негізделіп, дөрекі психологиялық қысым жасалатын, epiктiлiк стиль түрлері бeлгiлi. Сонымен қатар нормативті, яғни көпшілік мойындаған, қоғам қолдайтын жалпы ортақ стильді, нақтылы басқару қызметінің жағдайларына, түрлерге және қызметкерлердің қабілетңне байланысты қалыптасатын жеке стильдері де атауға болады.

Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару  ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң  ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.

Жалпы басқару дегенді — шешім  қабылдауға бағытталған, белгіленген  мақсатқа сәйкес басқару нысанын  ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған  шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытын-дысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп-ішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе — орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б. 

  Мектепішілік басқару дегеніміз  біртұтас педагогика-лық процеске қатыстылардың  барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету. Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, »ықпал ету» ұғымының орнына »өзара әрекеттесу», »ынтымақтасу», »рефлексивті басқару» ұғымдары қолданылуда. Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен  толығуда. Менеджмент теория-сы басшы  қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы  қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түскен. 

  Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері

Қазіргі заманың білім жүйесінің  басты ерекшелік-терінің бірі — мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы

білім проблема-ларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

Білім беру жүйесінің мемлекеттік  сипаты елде »Білім туралы» заң негізінде  бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістік-терімен байланыстырылады. Білім саласының басымды-лығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.

Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты »Білім туралы»  заңда белгіленген мемлекеттік  саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды:

-білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

-республикадағы мәдени және  білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің қорғалуы;

-білімнің жалпыға бірдейлігі, білім беру жүйесінің дайындығы, даму деңгейі -мен ерекшеліктеріне бейімдел-гіштігі;

-білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;

-білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі.

Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік саясатын мемлекеттік білім стандартарын сақтау арқылы іске асырады. Білім стандарты  оқу бағдар-ламасының міндеті  минимумы мен оқушылар жүктеме-сінің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды. Білім беруді басқару органдары-ның міндеті білім алуды формальді түрде қамтамасыз етумен шектелмейді, ол сонымен бірге жеке тұлғаның өзін-өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады. Білім беру саласында мемлекеттік  саясатты дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік  органдары құрылады. Олар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық басқару  мекемелері.

Мемлекеттік басқару органдары  — білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын (постификация) айқындайды; білім мекеме-лерін қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді. Қазіргі жағдайда білім беруді басқару  жұйесін орталықсыздандыру (дезентрализация) процесі жүреді. Оның мәні жоғарғы  басқару органдарының бірқатар функциясын жергілікті органдарға беру. Бұл жерде респуб-ликалық органдар стратегиялық бағыттарды талдап жасаумен айналысса, жергілікті органдар нақты қаржылық, кад-рлық, материалдық және ұйымдастырушылық мәселе-лермен айналысуы тиіс. 

Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері

Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұрт-шылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғы- шарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі — мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады. Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылда бір рет өткізілетін конференция болып есептеледі. Оның өкілеттігі өте кең; жалпы мектептік конференция мектеп кеңесін, оның төрағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдап, нақты жағдайға қарай оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді. Сондықтан да бір мектептің Жарғысы екінші мектептікінен өзгеше болуы мүмкін. Мектеп кеңесі алқалы орган болғандықтан дамудың негізгі бағыттарын, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді. Сонымен бірге мектеп кеңесі оқу орнының жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия, штаб құрып, олардың құқықтары мен міндеттерін өкілеттік шегін белгілейді. Ал, конференцияға шешуші дауыспен орталау және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, оқу орнының басқа да қызметкерлері, ата-аналар, жұртшылық өкілдері сайланады. Конференциялар аралығында жоғары басты органның рөлі мектеп кеңесіне беріледі.

Мектеп кеңесінің қызметі мынадай негізгі бағыт-тарда іске асады:

-конференция шешімдерін іске асыруды  ұйымдастырады;

-мемлекеттік және қоғамдық органдар оқушылардың мүддесіне қатысты  мәселе қарастырғанда ата-аналармен  бірге оқушылардың әлеуметтік қорғалуын  қамтамасыз етеді;

-бірінші сыныпқа оқушылар қабылданғанда  олардың жасын, оқу түрін белгілейді.бюджет шығындардың есебін талқылайды, оқу орнының жеке қорын қалыптастырады, оқу орнының бюджеттік және бюджеттен  тыс қаржысын жұмсауының негізгі  бағыттарын айқындайды;

-мектеп  директорының, оның орынбасарларының, жекелеген мұғалімдердің есептерін тыңдайды; мектеп  әкімшілігі және жұртшылық өкілдерімен  бірігіп ата-аналарға педагогикалық  білім беруге жағдай туғызады.

Жұртшылық немесе ата-аналар өкілдерінің бірі бас-қаратын мектеп кеңесі мектеп әкімшілігі және қоғамдық ұйымдармен тығыз бірлікте жұмыс жүргізеді. Кеңестің шешімі ата-аналарға хабарланады. Әрине, кеңес шешімі оған қатысқандардың үштен екісі қоштап дауыс бергенде заңдық күші бар деп есептеледі. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының  арта түсуі білім жүйесін мемлекетсіздендіру және білім мекеме-лерін диверсификациялаудан көрінеді. Мемлекетсіздендірудің мәні мемлекеттік білім беру жүйесімен  бірге мемлекеттік емес білім  мекемелерінің де құрылуын аңғартады. Олар мемлекеттік ақпарат құралына енбейді, мұғалімдер мен тәрбиешілер, оқушылар мен ата-аналар өздерінің жеке мүдделері, аймақтық, ұлттық, кәсіптік, діни бірлестіктің, топтың мүддесіне жұмыс жасайды. Ал диверсификация (латын тілінен алғанда -көптүрлілік, дамудың жан-жақтылығы) бір мезгілде білім беру мекемелерінің бірнеше типінің қатар дамуы. Мысалы, гимназия, лицей, колледж, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын, мемлекеттік емес білім беру мекемесінің бірқатар ерекшеліктері болады. Ондай мекемені басқару тікелей оның құрылтайшысы немесе сол құрылтайшы тағайындаған қамқоршылар кеңесі іске асырады. Мемлекеттік емес білім мекемелерінің қамқоршылар кеңесінің өкілеттілігі, басқару құрылымы, мекеменің басшысын сайлау, тағайындау тәртібін айқындайтын өз жарғысы болады.

Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т. б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықттардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағида-лары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.

Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру

Мектепшілік басқару ең алдымен  басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен  ата-аналардың бастамашылығы мен  өздігінен жұмыс жасай алуын  дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек  қана шешім қабылдау мен талқылаудың  бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі — мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыс-тыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды.

Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы

Педагогикалық процесті басқару жүйесінің  табиғатын түсіну, басқаруға қолайлы  алғышарт жасайды. Мектептегі басқаруды  жүйелілік ыңғайының бірінші  белгісі — мектепті жүйе ретінде  танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі мектептің құрылымы болып табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса мектептің байланыстары мен қатынастарының дамуы соған тікелей байланысты болмақ. Жүйенің үшінші компоненті оның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен олардың өзара әрекеттесуі арқылы жүйенің жаңа сапасы қалыптасады. Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің тұтастығын айқындайды. Мектепті басқаруда жүйенің төртінші ерекшелігі — оның қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен қоршаған ортаның әрекеттесуі екі формада көрінеді. Бірінші жағдайда мектеп өз әрекетін сыртқы ортаға бейімдесе, екінші жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшін ортаны өзіне бағындырады.

Мектепті басқарудағы жүйелілік  пен тұстастық мектептің басшысы  мен ұжымының басқару қызмет-терінің  өзара байланысы мен өзара  әрекеттесуін де қарас-тырады. Бұл қағиданы іске асыруда біржақтылыққа жол  бермеуге болмайды. Осы қағида арқылы басқару қызметі-нің бірізділігін, қисындылығын, өзара пайдалылығын, оның барлық қызметінің де бірдей маңыздылығын аңғарамыз.

Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік –психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп Жарғысына ендіріледі. 

Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай – педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі.


































Қорытынды

Қазіргі таңда білім беру жүйесі еңбек нарығының талаптарына жауап бермейді, яғни біздің елімізде және  әлем елдеріндегі экономикасында болып жатқан өзгерістерге сәйкес түбегейлі өзгеруді қажет етеді. ЖОО сапасын арттырудың тиімді әдістерінің бірі- оперативті басқаруды енгізу (көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беретінін тәжірибе дәлелдеген), яғни ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлемдік білім беру кеңістігінде жоғары беделге ие болуын қамтамасыз ету үшін СМЖ енгізуді талап етеді.Осыған байланысты оқу орындарында ИСО 9001:2015 сериялы халықаралық стандартын қолданысқа енгізуге - СМЖ  шешім қабылдады. СМЖ оқу орныныңң педагогикалық, ғылыми, тәрбие, әкімшілік, шаруашылық секілді қызмет салаларын қамтиды. Көрсетілген салалар өзара байланыста болады және көп жағдайда бір-бірімен қиылысады. СМЖ-ның қызмет етуі барлық персоналды қатыстыру арқылы жүзеге асады, ал жоғары басшылық (университет ректоры) сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін толық жауапкершілікті өзіне алады. Қорыта айтқанда  Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- білімгерлердің оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нітижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек. Алайда, білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.









Пайдаланылған әдебиеттер

1.http://bilimdinews.kz/index.php/item/605-bastauysh-bilim-berudi-zha-a-memlekettik-standarty- сайты

2.Асқаров Е.С. Сапаны басқару.-Алматы: Экономика, 2013, 241, 284 б.

Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. Управление качестовом. Учебник –М.: ИНФРА-М, 2000, 212 с

3.http://www.amu.kz/kz/bilim_take_yzmeti/bilim/juesi/-сайты

4.https://tengrinews.kz/zakon/kaz/docs?ngr=V070005111_- сайты

5.http://ya-student.kz/kz/high_schools_and_colleges/basic_information/-сайты

Соловьев В.И. ИСО 9001-основа развития качественного системного менеджмента на пути к органи- зации нового типа// Новости ГОССТАНДАРТА-2012-№2-с.47-50.

6.Петров В.И. ИСО 9001:2015 особенности размышления о новой версии систем менеджмента качества// Журнал Успех-2014-№3-с.22-25.

bankreferatov.kz-сайты

7.Солов В.И. ИСО 9001:2015 особенности размышления о новой версии систем менеджмента качества// Журнал Успех-2014-№3-с.207

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тыныштық сәті:
Өзімізді самғап ұшқан құс сияқты сезініп, қуанышқа бөленеміз. Енді бірде сіз таудан сарқырап, таумен тастың арасынан өзіңізге жол тауып келе жатырсыз.
- Таудан құлап аққан су, арнасынан асқан өзенге айналып, шайдай жазық, кең далада ағып барады.
- Сіз сәбиді аялап отырған ананың бақытын сезінесіз.
- Буырханған теңіз төрінде өз кемесін алға қарай бастап бара жатқан капитанның қуанышын елестетіп көріңізші.
- Сіз өзіңіздің күшіңізге ғана емес, адал ісіңізге сенесіз. Таяқтан тайсалмай, семсерден сескенбей, жеңдім деп шаттаныңыз.
- Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен сіз үшін алынбайтын қамал жоқ.
- Шаттық пен қуаныш, достық пен махаббат, бақыт пен жақсылық әлеміне екі аяғыңызды нық басып еніңіз де былай деңіз.
- Өмір, мені жалғандықтан шындыққа, қараңғыдан жарыққа жетеле.
- Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін!
- Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!
- Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін!
- Ақыл, сана, біліммен өнеріме сенемін!
- Арым таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін!
- Абройлы, ақ ниет, адамдыққа сенемін!
- Жанарымда өшпейтін алау отқа сенемін!
- Бақыт, байлық басыма қонарыма сенемін!
- Өзімді – өзім сүйген соң махаббатқа сенемін, - деп көзімізді ашамыз.

 Лабиринт немесе жіптік курс.
"Лабиринт" ойын жаттығуын ұсынамын. Жаттығудың мақсаты: сенімділікті арттыру, бір - біріне қолдау көрсетуге баулу, ұжым арасындағы көшбасшыны анықтау. Матаға маркермен бұрылыстары көп жолдар салынған, яғни лабиринт және көрсетілген жолмен жүретін кез келген шағын дөңгелекше жатыр. Топ матаны керіп қолдарымен ұстап тұрады. Нұсқаушы белгі бергеннен кейін мата үстіндегі шағын дөңгелекшені керілген матаның көмегімен жылжытып барлық жолдардан өтіп шығасыздар. Ойын кезінде сөйлеуге болмайды. Сөйлеген жағдайда немесе дөңгелекше жолдардан шығып кеткен жағдайда жаттығуды қайта бастайды. Қашан толық өтіп шыққанша жалғаса береді. Жаттығудың да мақсаты осы. Топпен бірлесе жұмыс істегенде ғана тиімді нәтижеге жетеміз.

«Дауыс ырғағы» жаттығуы

Мақсаты: мұғалімдердің әрқайсысының мүмкіндіктерін арттыру.

Топтың әр мүшесіне оқушыға бағытталған қандай да бір сөйлем айту ұсынылады. Мысалы: «Жарайсың, сенің қолыңнан бәрі келеді» осы айтылған сөйлемді айтушы әр түрлі дауыс ырғағымен, бет әлпетін сан рет өзгертіп, кемінде 5 рет айтуы қажет.

«Мектеп директоры» жаттығуы.

Мақсаты: Мектеп директорымен қарым-қатынас жасаудың эффективті амалдарын дамыту.

Бұл жерде мұғалімнің мектеп директорымен қарым-қатынас жасаудағы жағдайларын қарастырамыз. Мұғалім мектеп директорынан жыл ортасында ден саулығына байланысты демалыс беруін өтінуі немесе қатысушылар практикасында кездескен басқа да жағдайларды ойнауға болады.

Әрбір қатысушы өз практикасында кездестірген осыған ұқсас жағдайларды есіне түсіріп, осындай жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін ойланса болады. Психолог әрбір мұғалім біреуден көмек сұрау керек болса қалай әрекет ету керектігі жөнінде өз пікірін белсенді айтып топқа қосылып отыруына жағдай жасауы қажет. Топ жайында оптималды формаларды жасап шығарады, психолог тек өзіне көмек көрсетуге жағдай жасап отыруықажет әріптесінен көмек сұрау қажет болған жағдайда қалай әрекет ету керектігі

« Әнмен бой сергіту» жаттығуы.

Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай үш не төрт топ құралады. Мысалы: Азамат бригаданың әуенін салып тұрса Хадиша өз әуенін естіп Азаматпен бір топты құрайды.

«Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығу. Екі топқа бөлініп, бірінші топ «Оқушы мені жақсы көрмейді, себебі...» - деп әңгіме бастайды. Екіншісі тыңдап болып «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» - деп жалғастырады.

Талдау: Сіз серіктесіңіздің әңгімесіне түгелдей лайықты жауап әрекет жасай алдыңыз ба? Жауап әрекет жасау қиын болған жоқ па, болса не нәрсеге байланысты еді? Қолдау тапқан кезіңізде қандай сезімде болдыңыз?

«Туған күн» ойыны.

Мақсаты: Мұғалімдер ортасында қарым - қатынастың кейбір жағымсыз формаларын көрсету, олардың педагогикалық шеберліктерін дамыту коммуникативті іскерліктерін қалыптастыру және дамыту;

Жүру барысы: Әрбір қатысушыға билеттер таратылады. Онда өзін қалай ұстау керектігі жайында көрсетілген, яғни қатысушылар билетте жазылған рөлде ойнауы тиіс. Билет ойынның соңына дейін құпия сақталады, тек талқылау кезінде ғана кімге не істеу керектігін айтуға болады. Егер ойынға 15-тен адам қатысса, 2 адамға бір билеттен ұсынуға болады.

«Мен – үйде» және «Мен – жұмыста» жаттығуы.

Мақсаты:Оқытушылардың өздерін жұмыста және үйде қалай ұстайтындықтарын анықтау. Айырмашылықтарды тізіп, кемшіл тұстарды түзету.

Жүру барысы: Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Біріншібағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс -тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау: 1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз. 2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды? 3.Не себепті айырмашылықтар болады? 4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек пе? Неге?

Күлдіргі жұмбақтар, ситуациялық және қызықты сұрақтар

Мақсаты: Сергіту, көңіл-күйлерін көтеру;

Жүру барысы: Оқытушылар берілген қызықты сұрақтар мен тапсырмаларды белсенді орындауы қажет. Кім жылдам әрі көп сұрақтарға жауап берсе, сол қатысушы жеңімпаз атанады.

1. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады /Мысық/ 2.Дүниедегі ең шапшаң нәрсе /Ой-қиял/

3.Қай кезде аспан жерден төмен тұрады. /Аспан суреті судан төмен көрінген кезде/

4. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? /іші толы бөшкеге/

«Кездескенше» жаттығуы.

Шарты: Барлығымыз шеңбер болып тұрамыз.

- Менің қолымда күн таяқшасы тұр. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір – бірлеріңізге беріп, тренингтен алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіріп, осымен бірге әріптестеріңіздің атына тілегіңізді айтыңыз.

11.Жалған қарапайымдылықсыз» жаттығу
Құрал – жабдықтар:А4 қағаз, фломастерлер.
Біз өзіміз туралы жақсы айтсақ бұл әдіс тамаша табысқа қол жеткізуге көмектеседі. Қиын жағдайларды өткеруге және қиын жұмыстарды соңына дейін жеткізуге көмектеседі. Қазір үйренгіңіз келетін немесе әзірше қолыңыздан келмейтін үш нәрсені ойлап көріңіздер. Осы үш нәрсені Сіз жасай алатыңызды елестетіп көріңіз. Мысалы: «Мен өте жақсы жүземін», «Мен сабақты қызықты өткіземін», «Мен қызықты мақалаларды жазамын» және т.б. Содан кейін осы сөз тіркестерін қағазға үлкен әріптермен жазып, қағаздың шеттеріне рамка салып қойыңыз. Бұл палакаттарды өзіңізбен бірге алып кетесіздер. Оны көрінетін жерге іліп немесе салып қойыңыз. Бұл сөздер шындыққа ұласады және жетістіктерге оңай қол жеткізесіз.

12. «Жылы алақан» жаттығуы

  Қазір бір бірімізге қарама қарсы тұрып, біріміз жұдырығымызды түйіп, екіншіміз алақанымызды ашып тұрамыз. Алақанын ашып тұрған кісі жұмулы тұрған жұдырықты жылы сөздер айтып ашуымыз керек.

  Бұдан біздің қарым қатынас этикамыз байқалады. Егер сізге айтылған жылы сөздер  әсер етпесе алақаныңызды ашпаңыз.

Қандай әсер алдыңыздар?

Мен бүгінгі тақырыпты аша алдым ба?

Маған айтар ұсыныстарыңыз?

Естеріңізде не қалды;


13.«Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез – құлық»
Мақсаты:сенімді мінез-құлықтың мәнін түсініп, өзіне деген сенімділігін дамыту. Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлықты бір-бірінен ажырата білу.
Жүру барысы:топтағы әр қатысушыға әр түрлі жағдаят жазылған парақ үлестіріледі, әрбір қатысушы сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінде ойнап беруі керек.
Тапсырма: Сіздің досыңыз немесе танысыңыз алған қарызын беруді ұмытып кетті.
Агрессиялық әрекет:
Сенімсіз әрекет:
Сенімді әрекет:
(Мұғалімдер сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінеде ойнап береді)


14.«Психогеометриялық фигура»
Мақсаты:қатысушылардың, жеке тұлғаны байқағыштыққа және топ мүшелері арасындағы үйлесімді қарым-қатынас қалыптастыру.
Нұсқаулық:Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Көзімізді жұмамыз. Бастапқы қатысушыға жіп беріледі. Ол барлық қатысушыларға жалғастырылады. Мен 1,2,3, төртбұрыш (үшбұрыш, дөңгелек). Әр фигурадан кейін көздерін ашып, танысады».
Талдау:
1. Сіз тапсырманы еш қиыншылықсыз орындадыңыз ба?
2. Оны орындау үшін сізге не қажет болды?
3. Қандай әсерлер болды?

15.«Балалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты:эмпатияны дамыту.
Нұсқаулық:«Сіздердің алдыызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.
Талдау:
Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

16.«Әнді жалғастыр!»
Мақсаты:қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу.
Нұсқаулық:«Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3-4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3-4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады. Соңғы әннің соңы 2 жолын барлық топ орындайды».
1. «Әрқашан күн сөнбесін» (4 жол)
2. «Анашым» (4 жол)
3. «День рождения» (4 жол)
4. «Школный вальс» (4 жол)
5. «Жан досым» (4 жол)

17.«Сен білесің бе?»
Мақсаты:қатысушылардың бір-бірін жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу.
Нұсқаулық:«Сіздің алдарыңызда қоржын бар. Осы қоржыннан бір билет аласыз. Онда әр түрлі жануарлар мен құстар, жәндіктердің аттары жазылған. Алдымен әркім өзіңіздегі билеттегі жануарлармен танысып, көршіңіздің бойында осы жануарлардағы бар қасиеттерді анықтайсыз».
Сиқырлы қоржындағы, сиқырлы жануарлар мен құстар, жәндіктер.
(Аю, балапан, қоян, жылқы, мысық, ит, қасқыр, түлкі, бүркіт, арыстан, құмырсқа, маймыл, қой, кенгуру, көгершін, балық, тасбақа).
(Әрбір мұғалім өзінің көршісінде сол жануарға тән қасиет бар болса айтады, егер ондай қасиет жоқ болса, келесі көршісіне жалғастырады).

18. «Сәйкестік бойынша сапқа тұру»

Жүргізуші: - Менің белгім бойынша сапқа тұрасыздар:

- Мектептегі еңбек өтілімі бойынша жоғарыдан төменге дейін,

- Жалпы педагогикалық өтілімі бойынша төменнен жоғарыға дейін,

- Туған жылдарыңыз бойынша жоғарыдан төменге дейін,

- Қаңтардан желтоқсанға дейінгі айлар бойынша,

- Шаштарыңыздың түсіне байланысты (қарадан сарыға дейін),

Жүргізуші: Біз- командамыз! Біздің ұжымның жүрегі үлкен, ол жүрек қуана да қайғыра да алады. Ендеше, не үшін қуанып, қайғыратынымызды ажыратайық.

19. «Оркестр». Сіздер музыкалық аспаптың аты жазылған карточканы аласыздар, сол аспаптың әуенінде ойнап, 5 этаптан өтесіздер.

1 этап. Әрқайсыңыз денеңіздің мүшесін немесе дауысыңызды пайдалана отырып, «Ұстазым» әнінің әуеніне саласыз.

2 этап. Ойыншылар екі адамнан бөлініп, осы әуенді дуэтте ойнайсыздар.

3 этап. Ойыншылар екі топқа бөлініп, осы әуенді қайталайсыздар.

4 этап. Барлық ұжым-бұл оркестр. Мектеп директоры – дирижер. Оркестрды басқарып, осы әуенді ойнату керек.

5 этап. Рефлекция (талдау, пікірлесу, тілек білдіру).


20.  «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .



























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Соловьев В.И. ИСО 9001-основа развития качественного системного менеджмента на пути к органи- зации нового типа// Новости ГОССТАНДАРТА-2012-№2-с.47-50.

2 Солов В.И. ИСО 9001:2015 особенности размышления о новой версии систем менеджмента качества// Журнал Успех-2014-№3-с.207

3 Петров В.И. ИСО 9001:2015 особенности размышления о новой версии систем менеджмента качества// Журнал Успех-2014-№3-с.22-25.

4 Баяхметов Т.Б. Экономика строительства. – Алматы: КазГАСА, 1998. – 210 с.

5 Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. Управление качестовом. Учебник – М.: ИНФРА-М, 2000, 212 с

6 Асқаров Е.С. Сапаны басқару.-Алматы: Экономика, 2013, 241, 284 б.

7 https://tengrinews.kz/zakon/kaz/docs?ngr=V070005111_- сайты

8 http://ya-student.kz/kz/high_schools_and_colleges/basic_information/- сайты

9 http://www.amu.kz/kz/bilim_take_yzmeti/bilim/juesi/-сайты











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2025
104
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12