400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім берудегі гендерлік тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог қызметкерлерге, пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім берудегі гендерлік тәрбие


Гендер мәселесі тек қоғамда емес білім беру саласында да өзекті болып отырғаны белгілі. Сондықтан білім саласында тек оқыту бағытында ғана емес сабақ барысында да сабақтан тыс кездегі уақыттағы тәрбие бағытында үлкен мән берілуі тиіс. Осы гендерлік білім беру, саясат туралы көп талқыланады, жалпы гендер ұғымына тоқтала кетсек, Гендер ұғымы жыныстың әлеуметтік құрылымы деген мағынаны береді. Гендер қоғамның әйел және еркекке бөлінуінің өзі әлеуметтік өмірдің, жемісі екенін  көрсетеді. Гендер – ерлер мен әйелдер арасындағы ерекшелік сияқты әлеуметтік мазмұнға ие. Бұл ерлер мен әйелдердің бір-біріне деген әлеуметтік қарым-қатынасын білдіреді. Гендерлік әлеуметтану – бұл адамның өз гендерлік рөлін игеру үдерісі. Осы үдеріс арқылы «ер» және «әйел» ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, жынысына қатысты құндылықтарды, қажеттіліктерді меңгеруге болады. «Гендер» ұғымның әйел  мәселесіне  байланысты екенін аңғарамыз. Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, «гендер» тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Демек, тепе- теңдіктің өлшемі – ер азамат. Ал әйел ер адамнан кем болмауы тиіс. Олай болса, ер азаматқа жүктелген шаруаның бәрінен әйелдерді тыс қалдырмағанымыз жөн. Соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеудің жетілген тұсында жарық көрген педагогикалық және психологиялық сөздікте «гендер» ерлер мен әйелдер арасындағы өзгешелікті негіздейтін әлеуметтік жыныс мағынасын білдіреді.

ХХ ғасырдың тең құқықтық үрдісіне тап болған психологтар мен социологтар, дәрігерлер мен педагогтердің, саяси қайраткерлердің назары көбінесе әйелдер мен қыздардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Ал, ер балалардың қыздарға қарағанда генетикалық, физиологиялық, жыныстық және психологиялық ерекшеліктері аз зерттелгендіктен ер балалардың жыныстық психологиясы мәселелерімен шұғылданушылардың толымды еңбектерін атаудың өзі қиындық тудырады. Тек, И.С.Конның «Психология юношеской дружбы», Ю.К.Бабанскийдің «Оптимизация учебного процесса», В.Н.Семиннің «Вопросы психологии личности», А.Н.Мироновтың «Критические периоды детства», А.Форельдің «Половой вопрос», Е.Шепардың «Молодым людям и отцам для сыновей», К.Имелинскийдің «Психология половой жизни», А.Г.Хрипкова мен Д.В.Колесовтың, т.б. психология, медицина, педагогика ғылымы қайраткерлерінің еңбектеріне сүйенуге тура келеді. Қазіргі мектептің құрылымындағы оқу-тәрбие процесі ұлдар мен қыздардың физиологиялық ерекшеліктерін, жетілу аспектілерін ескеруі тиіс. Ер бала мен қыздардың физиологиялық жетілу кезеңінің әртүрлілігі олардың мектептегі тәрбие проблемаларының да әртүрлілігімен ерекшеленеді. Ұлдардың жыныстық жетілуі. Жыныстық жетілудің физиологиялық, биологиялық бірнеше белгілері болатындығын педагогтер нақты білуі тиіс. 11-15 жаста басталып 16-19 жаста жыныстық кәмелетке жетеді. Ұлдардың дауысы бір октаваға төмендеп, ер адамдық қалыпқа түседі. Осыдан бастап ер адамдарша қалыптасу кезеңі басталады. К.Имелинскийдің зерттеулерінде айтылған ұлдар мен қыздардың жүрек-тамыр жүйесінің жетілу жылдамдығы мен қан қысымындағы айырмашылықтар олардың мінез – құлқына да әсер етеді. Бұл факторлар жыныстық жетілу тұсында өзгеріске түсіп отырады. Қыздардың жыныстық жетілу кезеңі екі фазаға бөлінетіндігі медицинада әлдеқашан дәлелденген. Алғашқысы 8-9 жастан басталып, 13-14 жаста аяқталады. Ал екінші фаза 17-19 жаста аяқталады. Бірінші фаза дененің тез өсіп (2-7кл.) жетілуімен, екінші фаза (8-11кл.) ақырғы жыныстық белгілердің дамуының аяқталуымен байланысты болады. Психологтялық ерекшеліктері бойынша Бірінші сыныпқа келген ұл бала қатар отырған қыздан 1-1,5 жас кішілік жасайды. Бұл жас ерекшелік кішілік емес физиологиялық және ақыл – ес кішілігі. Қыздарға қарағанда ұлдардың көңіл-күйі құбылмалы, ұқыпсыз, ұшқалақ, селқостық, жауапкерсіздік, берекесіздік, еңбек тәртіп дағдылары жетілмеген, алаңдаушылығы басым, құбылмалы болып келеді. Бүгiнгi ер бала – болашақтың тұтқасын ұстаушы азамат. Отбасының егесi, тәрбиешiсi. Ер бала тәрбиесi ерекше ықыласпен кiрiсудi талап етедi.

Бұл ерекшеліктерді не үшін беріп отырмын, себебі ұл балада қыздың эмансипация қалыптаспас үшін әрине ер мұғалімнің тәрбиесі қажет етіледі. Ал тәрбие тек сыныптан тыс уақыттағы іс-шараларда емес сабақ барысында да жүзеге асырылады. Сол сияқты қыз балаға да ер мұғалімдердің тәрибелік сөздері мен бағыттары қажет. Қазіргі таңда толық емес немесе жетім балалар, болмаса ажырасқан отбасы балалары оқып жатқандағын ескере отырып ер азамтаттың ер бала және қыз балаға мектепте берер тәрбиесіне үлкен ықыласпен, рационалды таным ретінде қарауды ескеру керек. Жалпы мінез-құлықтың қалыптасуындағы зерттеулерде табиғат генге әсер етеді ме?, әлде ген табиғатқа әсер етеді ме деген сұрақ төңірегіндне болған, зерттеу нәтижелерінде балаға мінез бірінші геннен келеді, екінші нақты қалыптасатын мінез табиғаттан яғни ортадан келеді делінген. Табиғат дегініміз орта яғни: достары, ата-анасы, мектептегі мұғалімдері, сынып жетекшісі. Өздеріңіз мұғалім емес ата-ана ретінде байқасаңыздар әр балаңыз өзінің сынып жетекшісіне ұқсап кетіп жатады, мінезі, іс-қимыл, сөйлегеніне дейін. Мінекей балаға табиғат өте әсер ететіндігінің дәлелі.

Жүсіп Баласағұнның өзі «Құтадғу білік» атты еңбегінде тәрбие жайлы: «Балаңыз өмірде өксімес үшін оған білім мен кәсіп бер», - демекші кәсіпті бала өзі қалай таңдайды, қай кәсіпке икемділігі барын қалай анықтайды?... сондықтан мінекей жоғарыда жазып кеткенімдей баланың мінезі ортадан яғни ата-ана, достары және ұстаздары әрекеттері арқылы қалыптасатыны ғылыми дәлелденген. Осы орайда тағы да айтатыным ұстаздардың басымдылықтары орасан зор, себебі бала «өмір жолына» саяхаттауға бастауға дейін 11-12 жылын мектеп қабырғасында өткізіп сол жерде бұғанағы қатады, осындан алғанын ары қарайғы үлкен өмірде не қолданады не қолданбайды, мінкей мектепгі педагогтерге үлкен жауапкершілікті салмақ қажет етіледі. Қазіргі таңда білім беру саласында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойыша қсықа мерзімді жоспар (ҚМЖ) енгізілгені баршамызға аян, дегенменде кейбір пәндерде баланың қажеттілігі, мүмкіндіктері, икемділіктері ескерілмей тіпті жоспар жасалынбай жатады. Осы орайда діни бағыттағы салмақты бір өсиетті жазып жіберсем: «Әр адамның әр адамда ақысы бар», дегендей осы әрбір ұл/ қызды өмірге бейімдеп оқыту мен тәрбиелеуде олардың алдында біздің ақымыз тұр, сол ертең сұралатын ақы – қалай оқытты, нені ескерді, неліктен дегендей. Сол үшін де бұл жерде тек ғылыми, педагогикалық немесе діни бағытта қарамай гендерлік бағытты ескеру аса маңызды. Әр пән мұғалімдері өз пәні мен оқушыларына аса интесивті қараса білім онтологиясы стандарт негізінде ғана болмас еді. Осы орайда мектеп басшылары мен мұғалімдеріне әрбір сабақ мақсатына жете алатындай әр баланың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, икемділітерін гендерлік сипатта саралап қарап, салмақтап және зерделеп жоспарласа 21 ғасыр толыққанды тұлғасын тәрбиелеп шыға алар едік дегім келеді, сондай ақ қазіргі заман «дертінен» де аман болуға әсер етер едік.

Жоғарыда айтылған халық даналығы мен бүгінгі күн талабы үндестiк тапқанда ғана, оған педагогика-психологиялық көзқарас тұрғысынан бүгiнгi күн талабына сай әлеуметтiк ортада дамуға мүмкiндiгiн жасағанда ғана нәтиже берерi хақ. «Тәрбие екі түрлі - дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі. Хайуан денесін тәрбиелейді, ал адам баласы денесін тәрбиелеумен қатар жанын (рухын), ақылын, сезімін, жігерін, мінезін тәрбие қылуы керек. Денесі мен жаны бірдей тәрбиеленбеген кісі сыңаржақтау болады», - ғалым Жүсіпбек Аймауытов.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Основы гендерных    исследований. Хрестоматия. М.,

  2. Воронина О.А,    Клименкова    Т.А. Гендер и культура-М.,

  3. Н. Исманова (уикипедия ақпараты);

  4. Н.С. Əлқожаева, ҚазҰУ Хабаршысы, 2011 ж.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
537
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі