Білім берудегі халықаралық және отандық салыстырмалы зерттеулердің бүгіні және болашағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім берудегі халықаралық және отандық салыстырмалы зерттеулердің бүгіні және болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада білім берудегі халықаралық және отандық салыстырмалы зерттеулердің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қарастырылады. Салыстырмалы зерттеулердің білім беру саясаты мен практикасына әсері, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық зерттеулерге қатысуының маңыздылығы талқыланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім берудегі халықаралық және отандық салыстырмалы зерттеулердің бүгіні және болашағы.

Аңдатпа: Бұл мақалада білім берудегі халықаралық және отандық салыстырмалы зерттеулердің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қарастырылады. Салыстырмалы зерттеулердің білім беру саясаты мен практикасына әсері, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық зерттеулерге қатысуының маңыздылығы талқыланады.

Түйін сөздер: білім беру, салыстырмалы зерттеулер, халықаралық зерттеулер, білім беру саясаты, Қазақстан.

Аннотация: В данной статье рассматриваются современное состояние и перспективы развития международных и отечественных сравнительных исследований в образовании. Обсуждается влияние сравнительных исследований на образовательную политику и практику, а также важность участия Казахстана в международных исследованиях.

Ключевые слова: образование, сравнительные исследования, международные исследования, образовательная политика, Казахстан.

Abstract: This article examines the current state and development prospects of international and domestic comparative studies in education. The impact of comparative studies on educational policy and practice, as well as the importance of Kazakhstan's participation in international studies, are discussed.

Keywords:education, comparative studies, international studies, educational policy, Kazakhstan.

Қазіргі таңда білім беру саласы әлемдік дамудың негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Әрбір мемлекет өзінің білім беру жүйесін жетілдіруге, халықаралық стандарттарға сай болуға ұмтылуда. Осы орайда, халықаралық зерттеулердің рөлі ерекше. PIRLS, TIMSS, PISA сынды зерттеулер білім беру сапасын бағалаудың тиімді құралына айналды.

Осы орайда, Найдёнова Н.Н. өзінің «Социально-педагогические факторы международных исследований в оценке качества образования» атты монографиясында халықаралық зерттеулердің білім беру сапасын бағалаудағы әлеуметтік-педагогикалық факторларын талдай келе: «PIRLS (ПИРЛС) – исследования грамотности чтения, рассчитанные на выпускников начальной ступени обучения и призванные оценить не только полученные в школе знания и умения, но и способность применять знания в незнакомой ситуации, письменно выражать своё мнение и умение ориентироваться в определённой ситуации. PIRLS были организованы «в помощь» TIMSS, т.к. Исследования читательских компетенций учащихся, признанные ключевыми и не менее значимыми, чем естественно-математические, нуждались в расширении.

TIMSS (ТИМСС) – исследования уровня подготовки школьников по математике и естествознанию, рассчитанные на учащихся основной ступени обучения.

PISA (ПИЗА) – исследования по программе оценки учебных достижений по чтению, математике, естествознанию, рассчитанной на среднюю школьную ступень, пятнадцатилетних учащихся из экономически развитых стран мира. PISA – наиболее массовое мониторинговое исследование достижений учащихся, основная цель которого оценить способность применять полученные знания и умения в различных жизненных ситуациях, а не освоение школьной программы»,- деп зерттеулерге анықтама береді [1, с. 14, 17, 23].

Білім берудің халықаралық және отандық зерттеулерінде ерекше маңызға ие мәселелердің бірі – функционалдық сауаттылық. Функционалды сауатты адамды қоғамның барлық мәселелеріне өз үлесін қоса алатын тұлға деп қарастырсақ болады. Яғни, бүгінгі мектеп, орта және жоғары оқу орындарының басты мақсаты – ұлттық құндылыққа негізделген, функционалдық қабілеті дамыған болашақтың іскер иесін дайындау [2].

Халықаралық зерттеулерде функционалды сауаттылық адамның өмір бойы білім алу, өзгермелі әлемге бейімделу және бәсекеге қабілетті болу қабілеті ретінде қарастырылады. Ол адамның білімін практикада қолдана білуімен, сыни ойлауымен және проблемаларды шеше алуымен өлшенеді. Отандық зерттеулерде де функционалды сауаттылықтың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстандық білім беру жүйесінің басты мақсаты – функционалды сауатты, бәсекеге қабілетті және патриот азаматтарды тәрбиелеу. Бұл үшін білім беру бағдарламалары мен оқыту әдістері үнемі жетілдіріліп, оқушылардың сыни ойлау, зерттеу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.

«От человека знающего к человеку умеющему» — бұл 2014 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жаңалықтарының негізінде «Образование, наука, новая экономика знаний» журналының 1-санында жарық көрген мақалада:

Эти исследования ставили перед собой следующие задачи:

выяснение того, чем отличаются системы подготовки учащихся из разных стран;

изменение целевых ориентаций в обучении и переход от формирования человека обученного, квалифицированного исполнителя, к формированию человека обучаемого, способного в условиях информационного общества самостоятельно учиться, переучиваться, ответственно действовать и быть готовым решать возникающие проблемы;

определение того, что должен знать и уметь современный выпускник школы для эффективного функционирования в обществе;

создание системы мониторинга образовательных достижений; - деп, зерттеудің алдына қойған мақсаттарының әлі күнге дейін өзектілігін айқындайды.[3]

Бұл зерттеулер арқылы әрбір ел өзінің білім беру жүйесінің күшті және әлсіз тұстарын анықтап, оны жетілдіруге бағытталған шаралар қабылдай алады. Ендігі кезекте Халықаралық контекстегі Қазақстанның нәтижелеріне тоқталсақ:

PISA-2022-де математикалық сауаттылық бойынша Қазақстанның орташа нәтижесі 425 балды, оқу сауаттылығы бойынша 386 балды және жаратылыстану сауаттылығы бойынша 423 балды құрады.

COVID-19 пандемиясының әсеріне қарамастан, Қазақстан математика және оқу сауаттылығы бойынша нәтижелерін 2018 жылдың деңгейінде сақтап қалды, ал жаратылыстану бойынша нәтижелер 26 балға айтарлықтай өсті.

PISA-2018 циклімен салыстырғанда ЭЫДҰ елдерінің орташа балы математикалық сауаттылық бойынша рекордтық 15 балға және оқу сауаттылығы бойынша 10 балға төмендеді, ал жаратылыстану бойынша орташа нәтижелері өзгеріссіз қалды.

Қазақстандық білім алушылардың 36%-ы оқу сауаттылығының, 50%-ы математикалық сауаттылықтың және 55%-ы жаратылыстану сауаттылығының шекті екінші деңгейіне жете алды.

Қазақстанда алдыңғы PISA-2018 циклімен салыстырғанда функционалды сауатты білім алушылардың үлесі жаратылыстану сауаттылығы бойынша 30%-дан 55%-ға ұлғайды, ал математика және оқу сауаттылығы бойынша 2018 жылғы деңгейде қалды.

Қазақстанда математика бойынша үлгерім айырмашылығы білім беру ұйымдары арасындағы алшақтыққа қарағанда (21%) көбінесе бір білім беру ұйымындағы білім алушылар арасындағы айырмашылыққа байланысты болып шықты (55%). Бұл оқу үлгерімінің деңгейі әртүрлі білім алушылардың елдегі білім беру ұйымдары бойынша біркелкі таралғанын білдіреді.

Көптеген елдердегідей, Қазақстанда қыздардың оқу сауаттылығы бойынша нәтижелері (400 балл) ұлдарға қарағанда (373 балл) жоғары болды. PISA зерттеуінің алдыңғы циклдеріне ұқсас, PISA-2022-де жаратылыстану (тиісінше 421 және 425 балл) және математикалық сауаттылық (тиісінше 426 және 425) бойынша қыздар мен ұлдардың орташа нәтижелерінде аса көп айырмашылық жоқ. [4, б. 26]

Осы зерттеулердің нәтижелері білім беру жүйесін жетілдіруге, оқушылардың білім сапасын арттыруға және халықаралық стандарттарға сай болуға мүмкіндік береді.

Мектеп оқушыларының сапасын тексеру бойынша шығарылған қорытынды білім беру сапасының төмендігін көрсетті. Айталық, PISA-2018 қорытындысы бойынша, қазақстандық оқушылар әлемнің 78 елі ішінде 69-орыннан көрінсе (OECD)[5], PIRLS-2021 нәтижесі – 65 елдің ішінде 35-орын (IEA)[6].

Колледждердің 15 жастағы студенттері арасында жүргізілген бағалау (PISA-2018), олардың мектепте оқитын қатарластарынан 27 балға артта екенін көрсетті (OECD) [7].

PIAAC мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның жоғары білімі бар ересек тұрғындарының нәтижесі ЭЫДҰ мемлекеттеріндегі ересектерден оқу бойынша да, математикалық сауаттылық бойынша да 35 балға төмен (OECD) [8].

Демек, кәсіптік оқытудың Қазақстанда базалық дағдыларды дамытуға айтарлықтай әсері жоқ. Орта, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейін де білім алған қазақстандықтар шамамен математикалық және оқу сауаттылығы бойынша тек екінші деңгейге ғана жеткен.

Қазіргі жағдай білім беру сапасын көтеру үшін тиімділігі жоғары кешенді шаралар қабылдауды, сонымен қоса білім беру жүйесінің барлық деңгейін қамтитын білім сапасын бағалаудың тәуелсіз жүйесін енгізуді талап етеді.

Жаңа технологиялар және цифрландыру ICILS-2018 (Fraillon et al., 2020) [9], зерттеулері бойынша қазақстандық мектеп оқушылары цифрлық сауаттылықтықтан 14 қатысушы мемлекеттің ішінде ең соңғы 14-орында. Оқушылардың 54 пайызы компьютерлік және информатикалық сауаттылық бойынша ең төменгі 1-деңгейге де жете алмаған.

Сонымен бірге, оқулықтардың 20 пайыздан астамында цифрлы балама жоқ, мектептердің тек 18,5 пайызында ғана интернет талапқа сай.

Жүйе цифрлы контенттің өте аздығымен, цифрлы орта тиісінше дамымағандығы және цифрлы мәдениеттің төмендігімен сипатталады.

TALIS-2018 (АТО, 2019) халықаралық [10] зерттеулерінде педагогтердің 30 пайызы сабақ беруде пайдалану үшін АТТ дағдыларын дамыту бойынша біліктілікті арттыру курстарына «жоғары» сұраныс білдіргені айтылады.

PIAAC зерттеулері бойынша ересек тұрғындардың (16-65 жас) 16,2 пайызы жоғары технологиялық ортада мәселелерді шешу жөнінен екінші және үшінші деңгейді көрсете алған. Орташа көрсеткіш ЭЫДҰ мемлекеттерімен салыстырғанда екі еседей төмен (29,7 %) (OECD) [11].

Аталған тенденциялар басқару жүйесі мен оқу процестерін цифрландыру үшін жағдай жасауды талап етеді. Білім беру және оқу процестеріне цифрлы технологияларды толыққанды енгізу мақсатында білім беру мекемелерінің компьютерлермен және интернеттің тиісті жылдамдығымен жоғары қамтамасыз етілуі ғана маңызды емес, сондай-ақ цифрлы мәдениетті көтеру қажет.

Білім берудегі жаңа технологиялардың зерттеулерге әсері:

  • Онлайн тестілеу және деректерді жинау мүмкіндіктерінің кеңеюі.

  • Жасанды интеллект және машиналық оқыту арқылы деректерді талдаудың жаңа әдістерінің пайда болуы.

  • Виртуалды шындық және кеңейтілген шындық арқылы оқушылардың білім деңгейін бағалаудың жаңа тәсілдерінің дамуы.

  • Технологиялар білім берудегі теңсіздікті азайтуға көмектеседі.

Салыстырмалы зерттеулердің нәтижелерін білім беру саясатында және тәжірибесінде қолданудың тиімді жолдары:

  • Зерттеу нәтижелерін білім беру саясатын қалыптастыруға және оқу бағдарламаларын жетілдіруге негіз ету.

  • Зерттеу нәтижелерін мұғалімдердің кәсіби дамуына және оқушылардың оқуын жақсартуға қолдану.

  • Зерттеу нәтижелерін қоғаммен бөлісу және білім беру мәселелері бойынша пікірталастарды ынталандыру.

  • Зерттеу нәтижелерін білім беру саласындағы инновацияларды дамытуға қолдану.

Отандық білім беру жүйесінің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың стратегиялары:

  • Білім беру сапасын арттыруға бағытталған реформаларды жүргізу.

  • Мұғалімдердің кәсіби дамуына инвестиция салу.

  • Оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық және проблемаларды шешу қабілеттерін дамытуға баса назар аудару.

  • Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру.

  • Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және озық тәжірибелерді енгізу.

  • Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдау.

Осылайша, Қазақстанның халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуы еліміздің білім беру жүйесін дамытуда және халықаралық аренадағы беделін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Қорыта айтқанда, халықаралық салыстырмалы зерттеулер білім беру саясатын қалыптастыруда және оқу бағдарламаларын жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Олар озық тәжірибелерді анықтауға, білім беру сапасын арттыруға және отандық білім беру жүйесінің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Алайда, Қазақстанның халықаралық зерттеулерге қатысуында бірқатар проблемалар бар. Олардың ішінде зерттеулердің нәтижелерін талдау және қолданудың жеткіліксіздігі, зерттеулерге қатысатын оқушылар мен мұғалімдердің дайындығының төмендігі, зерттеулердің әдіснамалық ерекшеліктерін түсінудің қиындығы және зерттеулердің нәтижелерін қоғамға жеткізудің жеткіліксіздігі бар.

Бұл проблемаларды шешу үшін зерттеулердің нәтижелерін талдау және қолдану бойынша жұмысты күшейту, зерттеулерге қатысатын оқушылар мен мұғалімдердің дайындығын арттыру, зерттеулердің әдіснамалық ерекшеліктерін түсіндіру бойынша жұмысты күшейту және зерттеулердің нәтижелерін қоғамға жеткізудің тиімді жолдарын табу қажет.

Болашақта салыстырмалы зерттеулердің рөлі күннен-күнге арта түседі. Олар білім беру саясатын қалыптастыруда және білім беру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан, Қазақстанның халықаралық зерттеулерге қатысуын жетілдіру және олардың нәтижелерін тиімді пайдалану еліміздің білім беру жүйесін дамытуда маңызды қадам болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Найдёнова Н.Н. Социально-педагогические факторы международных исследований в оценке качества образования: монография. ФГНУ «ИТИП РАО». – М.: Издательский центр ИЭТ, 2012. – С. 260.

2. «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хат. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 320б.

3. Образование, наука, новая экономика знаний. Новости ОЭСР. «От человека знающего к человеку умеющему». № 1 (2). – 2014. Высшая школа экономики, Институт статистических исследований и экономики, Информационный центр по взаимодействию с организациями экономического сотрудничества и развития.

4. «PISA-2022 зерттеуіндегі Қазақстан нәтижелері» ұлттық есебі – Астана: Қазақстан «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ, 2024 ж., 162 бет.

5. OECD. PISA-2018 results, https://www.oecd.org/pisa/publications/pisa-2018-results.htm

6. IEA. PIRLS-2021, PIRLS-2021 International Report, https://www.iea.nl/news-events/news/pirls-2021-international-report-and-results-now-onlinе

7. OECD. PISA-2018 results, https://www.oecd.org/pisa/publications/pisa-2018-results.htm

8.OECD. Kazakhstan: Adult skills, Survey of Adult Skills, PIAAC, 2018 https://gpseducation.oecd.org/CountryProfi le?prim aryCountry=KAZ&treshold=5&topic=AS

9. Fraillon, J.A., Ainley, J., Schulz, W., Friedman, T.,& Duckworth, D. (2020). Preparing for life in a digital world. IEA International Computer and Information Literacy Study 2018: International report, IEA

10. АТО (2019)TALIS-2018 оқыту мен білім берудің халықаралық зерттеуі: Қазақстанның алғашқы нәтижелері. Ұлттық есеп, бірінші том / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, Нұр-Сұлтан, 155 бет

11.About PIAAC. (n.d.). https://www.oecd.org/. Retrieved August 16, 2023, [Онлайн ресурс] Доступно по ссылке: https://www.oecd.org/ skills/piaac/





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2025
23
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі