БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ОЙЛАУ ДИЗАЙНЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ОЙЛАУ ДИЗАЙНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада білім беру үдерісін тиімді ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар, соның ішінде "Ойлау дизайны" қарастырылған. Ұтымды қолдану амалдары мен әрбір қадамы ашып жазылған. .
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ОЙЛАУ ДИЗАЙНЫ


Сахова Акжаркин Тажихановна

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Республикалық кәсіби даму институты

«Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы


Білім берудегі инновация ұғымының мағынасы өте кең. Инновация - бұл білім берудегі сәтті өзгерістер ғана емес, сонымен қатар икемділік, батылдық, қателіктер жіберу және жаңа тәжірибе алу мүмкіндігі. Дегенмен, білім беруде инновацияларды сәтті енгізуде жүйелілік пен тұрақтылық маңызды. Инновация – білім беру ұйымының жаңа білімге, идеяға және осы идеяларды жүзеге асыруда заманауи әдістемелерді қолдану, жоғары нәтижеге жету жолын нақты айқындау болып табылады.

Педагог іс-әрекетіндегі инновациялық технологиялар мақсатқа жетуді қамтамасыз етуде оқу үрдісінде оқыту әдістерін ұтымды қолдану және оқу материалын меңгеру процесінде белсенді ақыл-ой және практикалық әрекетті енгізу маңызды. Белсенді оқыту мұндай әдістер жүйесін қолдануды көздейді, ол негізінен педагогтің дайын білімді ұсынуына, білім алушылардың оларды есте сақтауына және жаңғыртуына емес, белсенді танымдық әрекет процесінде білім мен дағдыны өз бетінше меңгеруге бағытталған.

Қазіргі таңда білім беру кеңістігінде болып жатқан инновациялық процестердің ерекшеліктерін дәлірек анықтау үшін білім беру жүйесінде білім беру мекемелерінің екі түрін бөліп көрсетуге болады: дәстүрлі және дамушы. Дәстүрлі жүйелер тұрақты жұмыс істеуімен, дамып келе жатқан жүйелер ізденіс ерекшелігімен сипатталады. Инновациялық процестер оқу процесінің жаңа мазмұнын қалыптастыру, жаңа педагогикалық технологияларды әзірлеу және енгізу сынды бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Педагогикалық инновациялық технологияларды шартты түрде бөлуге болады:

- жалпы білім беру ұйымын өзгертуге, ондағы тұжырымдамалық идеяларға негізделген жаңа білім беру жүйесін құруға бағытталған инновациялар;

- оқу процесінің жаңа формаларын, технологиялары мен әдістерін дамытуға бағытталған инновациялар;

- басқарудың жаңа формалары мен жүйелерін дамытуға бағытталған инновациялар.

Жүйелі инновациялық технологиялар туындаған мәселеден шығарудың нақты айқындалған мақсаттары мен міндеттерін талап етеді. Олар білім алушылар мен педагогтердің мүдделерін ескеру негізінде құрылады және дәстүрлер сабақтастығы сипатында жалғасады. Мұнда вариативтілік қағидалары, атап айтқанда жарияланған заманауи біліммен танысудың бірегей мүмкіндігін пайдалану таңдауы бар, бұл алғаш рет білім беру ұйымының бүкіл педагогикалық ұжымына білім беру жүйесін таңдауға және жобалауға мүмкіндік береді. Дәл осы бағытта білім берудің алға жылжуы келесіден көрінеді, олар: оның мазмұнының әртүрлі нұсқаларын жасау, білім беру құрылымдарының тиімділігін арттыруда қазіргі дидактиканың мүмкіндіктерін пайдалану, жаңа идеялар мен технологияларды ғылыми тұрғыдан дамыту және практикалық негіздеу. Осы мақсатты жүзеге асыратын иенновациялық амалдар жеткілікті, солардың бірі «Ойлау дизайны» болып табылады.

«Ойлау дизайны» идеясын алғаш рет 1969 жылы Герберт Саймон «Өнер туралы ғылым» (The Sciences of the Artificial) кітабында айтқан болатын. Саймон ойлау дизайнын бар жағдайды қалаулыға өзгерту үдерісі ретінде қарастырған. Кейіннен идеяны Стэнфорд университетінің ғалымдары дамытып, Стэнфорт дизайн институтының негізін салды. Ол ойлау дизайны идеясын ары қарай дамытуда. «Ойлау дизайны» әдісі алғаш рет АҚШ-та 80 жылдары пайда болып, бастапқыда экономика мен бизнес саласында кеңінен қолданылды. Кейіннен әдіс қоғамның барлық салаларына енгізілді, мысалы психологияда, экономикада, инженерлік ғылым салаларында, техникада пайданылуда. 90-шы жылдары «ойлау дизайны» батыс елдерінде білім беру мен ғылымды дамытуда қолданыла бастады. /

Ойлау дизайны мақсаты – бар стереотиптерден шығу және мәселені шешудің басқа амалдарын қарастыру. «Ойлау дизайны» ұтымдылығы үдеріс барысындағы әрекет бір немесе бірнеше адамның емес, көбінесе үлкен топтың, ұжымның бірлескен әрекеті болып табылады. Герберт Саймонның айтуынша адам өміріндегі кездесетін қиындықтар мен түрлі мәселелердің шешімін табу, өмір сүруді жеңілдету үшін жасалатын шешімдер мен жаңалықтардың жиынтығы осы әдіс болып табылады. Ойлау дизайны (ағыл. design thinking) тікелей аудармасы «қораптан тыс ойлау» деген мағынаны білдіреді. Білім беру ұйымында қолданудың артықшылықтары қандай болмақ және білім алушылардың креативті ойлануына қаншалықты көмектесе алады деген сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тәжірибелер жүргізіп, қорытындылар жасады. Өз тәжірибесінде әдісті қолданған оқытушылар білім алушылардың белсенділігінің артуына оң әсер беретіндігін және шығармашылық дағдыны дамытудың маңызы зор екендігін айтып, дәлелдеді. Қиын мәселелерді шығармашылық тұрғыда және жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып шешудің тиімді жақтарын қарастыру ойлау дизайнының басты қағидасы. Түрлі шығармашылық креативті идеяларды тудыру мен жүзеге асырудың жолдары арқылы білім алушылар өз білімдерін өмірмен байланыстыруға үлкен мүмкіндіктері бар. Бұл бүгіннің сындарлы оқыту теориясына негізделгенін көруге болады. Ойлау дизайны үдерісі алты кезеңнен тұрады: эмпатия, фокус, идеяларды генерализациялау, идеяны таңдау, прототипін әзірлеу, сынақтан өткізу(тестілеу). Ары қарай әр кезеңге тоқталайық.

Эмпатия кезеңінде нақты міндеттер мен мәселелерді анықтау және сол мәселелерді шешу үшін айқын мақсаттар қою керек. Бұл үдеріс бір немесе бірнеше адамның әрекетімен емес, үлкен ұжыммен жүзеге асады. Өйткені көпшіліктен құралған адамдар тобынан түрлі идеялардың туындауы заңдылық. «Ойлау дизайнының» екінші кезеңі - фокус. Бұл кезеңде қатысушылар жобаның нақты тұжырымдамасын анықтайды. Кезеңнің ерекшелігі алдыңғы кезеңде естіген, көрген ортаға салған ақпараттарды жинақтайды. Жинақталған ақпараттар ұжым арасында талданып, ең маңыздысы таңдап алынады. Сол таңдалған ақпараттарға өзара қорытынды шығарып осы жобаны одан әрі зерттеу нысанына айналдырады, бұл кезең идеяларды жүзеге асыру үшін ұжым боп жұмыс жүргізумен ерекшеленеді.

Идеяларды генерализациялау кезеңінде жұмыс табысты болу үшін алдыңғы кезеңде жинақталған ақпараттардың ең құндысы ең қажеттісінің жинақталуында болып отыр. Бұл кезең нағыз шығармашылық жұмыстармен сипатталатын кезең, осы кезеңде идеяны жүзеге асыру жұмыстары жүргізіледі. Идеялардың таңдау кезеңінде білім алушылармен жұмыс істегенде миға шабуыл, түрткі жасау, бейнематериалмен жұмыс жасау сынды оқушылардың сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамытудың мүмкіндігі зор. Осы тұста айта кетерлік жайт осы кезең білім алушылардың шығармашылық, техникалық, көшбасшылық қабілеттерінің оянуы мен одан әрі дамуына себепкер болмақ.

«Ойлау дизайны» идеясының бесінші кезеңі – прототипін әзірлеу. Бұл кезеңде алға қойылған мәселені шешуге бағытталған макеттер мен модельдер жасалады. Прототип кезеңінде рөлдік ойынның сценариі толық дайын болып, ендігі мақсат оқушылар осы сценариді орындап шығуы керек. Яғни бұл кезең алдыңғы кезеңдерден өткен инновациялық идеяларды толықтай аяқтап жүзеге асыруға дайындайтын кезең болып табылады. Прототип нұсқалары: әсем суреттер, макет, сахналау, рөлдік ойын, видео, комикстер, лего, баннер т.б. болуы мүмкін. Алтыншы кезең – сынақтан өткізу болып табылады. Мұнда прототип кезеңінде жүзеге асырылған макет немесе жоспар сынақтан өткізіледі. Тестілеудің қорытындысы шыққан соң зерттеушілер тобы макетті немесе жоспарды өңдеп, шешімдерін шығарады. Аталған кезеңдерді білім саласында қолдану арқылы білім алушылардың алған білімдерін өмірмен байланыстыруға, шынайы тұрғыда шығармашылық қабілетін дамытуға және түрлі ғылыми жаңалықтар ашуға деген құлшынысын арттыруға көмектеседі. Білім беру ұйымдарында «Ойлау дизайнын» кіріктіру төмендегідей міндеттерді қарастырады:

- білім алушылардың бойында шынайы өмірдегі күрделі мәселелерді шешу дағдысын арттырады;

- жобалау жұмыстарымен шұғылдануға мүмкіндік алады, таныстырылымдар жасайды, түрлі жобаларға жоспар құрады, дәл ғылымдардарды меңгеруге, компьютерлік сауаттылығының артуына ықпал етеді;

- мәдени ісшараларда және қосымша сабақтарда қолдану арқылы ақпаратты дербес іздену және шығармашылықпен білім алу дағдыларын дамытады;

- қиын мәселерді шығармашылық тұрғыда және жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып шешудің тиімді жақтары қарастырылады.

Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялар креативті идеяларды тудыру мен жүзеге асырудың жолдарын айқындап, табысты нәтижені көздейді. Инновациялық технологияларды енгізу ұйымның мақсаттарына, құрылымына, міндеттеріне, технологиясына және тұлға әлеуетін арттыруға қолдау көрсетеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. П.Н.Резько. Білім беру кеңістігіндегі ойлау дизайны. Хабаршы. Москва. 2018.

2. Ойлау дизайны деген не? [электронндық ресурс]. https://te-st. ru/2015/01/28/what-is-design-thinking/ 11. 10. 2017.

3. Жамелов Б.А.«Дизайн ойлау» – оқыту мен білім берудегі жаңа әдіс. Білім айнасы, 2020 ж.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2023
466
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі