Білім берудегі жаңаша бағыттар: жетістіктер мен мүмкіндіктер
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғарғы құндылық. Оның ең негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өз дамуының ең басты алғышарты ретінде білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Ел өркениеті қашанда жастардың білім деңгейімен өлшенеді. Ендеше, ертеңгі күннің еншісі - бүгінгі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тікелей байланысты. Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы - рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында.
Заманауи білім беру тұжырымдамасы әрбір баланың әлеуетін ашу қажеттілігі идеясына негізделген. Болашақ өмірдегі жетістік оқудағы жетістікке байланысты. Бүгінгі оқудағы жетістік – ертеңгі өмірдегі жетістік!
Көптеген тәжірибелі мұғалімдер өткен 2023-2024 оқу жылын жақсы жетістіктермен тәмамдады деуге болады.
Мен үшін де өткен оқу жылы нәтижелі жыл болды. Аудандық байқаулардың бірінші орын жүлдегерлері облыстық, республикалық сайыстардан нәтиже көрсетіп, қанжығамызды майлап, қоржынымызды молайтты.
«Қ.Қайдосов атындағы ЖББМ» КММ-нің 9-сынып оқушысы Асыланқызы Кәусар.
«Менің кіші Отаным» байқауы эссе бағыты бойынша, облыстық кезең ІІ орын, «Мен тәуелсіз елдің ұланымын» эссе байқауы, облыстық кезең ІІІ орын.
Мектебіміздің 10- сынып оқушысы Төреғұл Нұрасыл «Ілияс оқулары» байқауы поэма бағыты бойынша облыстық кезең І орын, республикалық кезең ІІІ орын.
Ауыл олимпиадасы облыстық кезең І орын, республикалық кезең қатысушысы Қали Айдана
«Мағжан оқулары» ғылыми жоба бағыты Іорын, облыстық кезең ІІІ орын Оразбек Жахангер
«Абай оқулары» өз шығармашылығы бойынша І орын, облыстық кезең ІІ орын Әшім Нұрислам
«Абай оқулары» талдау бағыты бойынша І орын, облыстық кезең ІІІ орын Әділбек Дильназ.
Бұл жетістіктер алдағы оқу жылында да өз нәтижесін беріп, қатары толықтырылады деген сенімдемін.
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында цифрландырудың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, ақпараттық технологияларды енгізу арқылы IT секторында жасанды интеллект (AI) технологиялары бойынша жетекші ел болу міндетін алға қойған еді. Жасанды интеллект білім беру саласында күн сайын маңызды рөл атқарып, білім мен оқытуға деген көзқарасты түбегейлі өзгерте алатын перспективаларды ұсынуда. Қазіргі тенденцияларды талдай отырып, жасанды интеллект әкімшілік тапсырмаларды автоматтандырып ғана қоймай, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын әрбір оқушының қабілетіне сай бейімделуін қамтамасыз етіп, оқытудың жаңа мүмкіндіктерін жасайды деп айтуға болады. Машиналық оқыту алгоритмдерін пайдалану арқылы үлкен деректерді талдай отырып, білім деңгейінің әлсіз жақтарын анықтап, оқытудың ең тиімді әдістерін ұсына алады.
Биылғы облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысының тақырыбы да осы ЖИ туралы болғанын қатысқан әріптестер мақұлдайды.
Қандай бағдарламаларды қолдануға болады? Назарларыңызды экранға бұрсаңыздар!
Мен осы жобаны зерттеу барысында 2 түрлі курс сатып алып, 300-ден аса ЖИ түрлерімен таныстым. Жасанды интелект құралдарының барлығы дерлік, білім саласында қолданыла бермейді. Бұны ескеруіміз қажет. Тағы ескере кететін дүние, жасанды интеллект – ұстазды алмастыра алмайды, оқушыға бастапқы білім беруге қауқарсыз. Бірақ, ол оқушы мен ұстаз арасындағы көпір іспеттес. Қазір оқушылар ЖИ көмегімен үй тапсырмасын орындайды, қажет сұрақтарына жауап алады, есеп шығарып береді, оқу процесін жеңілдететін басқа да тәсілдерді орындауға мүмкіндік береді. Бірақ оны жүз пайыз оқу процесінде пайдалануға болмайды. Мамандардың айтуынша, ЖИ тапсырманы 51 пайызға орындаса, ол сәтті орындалған болып есептеледі. Сондықтан, ЖИ қолданудың да өзінің орны, жөні болуы керек. ЖИ әр оқушының машығына, зияткерлік мүмкіндігіне, біліміне қарай жеке өзіне лайықтап жасалған бағдарламаны беріп тұрса, бұл оған қосымша көмек үлкен бола алады. Жасанды интеллектіні адаптивті оқыту процесінде сәтті қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет және мұның бұл тұста пайдасы зор болмақ.
Үнемі дамып келе жатқан білім беру саласында жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияның тоғысуы мұғалімдер мен оқушылардың рөлдерін өзгерте отырып, жаңа мүмкіндіктер дәуірін бастайды. Жекелендірілген оқытудан тиімді әкімшілік процестерге дейін жасанды интеллект артықшылықтары оның трансформациялық әлеуетін көрсетеді. Жасанды интеллектпен байытылған білім беру платформалары интерактивті, бейімді және жаһандық оқытудың динамикалық орталықтарына айналды.
Дегенмен, бұл жол қиындықсыз емес. Этикалық ойлар, мұғалімдерді жан-жақты оқыту қажеттілігін қарауды талап етеді. Оқытудағы цифрлық трансформация келешегі зор болғанымен, мұғалімдерден үздіксіз білім алуды, бейімделуді, инклюзивті және әділ білім беру ортасын құруға ұмтылуды талап етеді.
Қорытындылай келе, жасанды интеллект пен мұғалімдер арасындағы синергия географиялық шекаралардан асып, жекелендірілген, бейімделген оқыту тәжірибесін беру арқылы білім беруде өзгеріс жасау мүмкіндігіне ие. Адам тәжірибесі мен технологиялық инновацияның үйлесімі XXI ғасырда білімнің толық әлеуетін ашудың кілті болып табылады дегім келеді. Жаңа оқу жылы баршаңызға табысты жыл болсын! Жаһандық дамудың мүмкіндіктерін толық пайдалана білетін іргелі елге айналайық! Назарларыңызға рахмет!
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Жангелдин ауданының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
«Қ.Қайдосов атындағы ЖББМ»КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нағымашова Жанат Айкелдіқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз