Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ ЖӘНЕ ӨЗ БЕТІМЕН БІЛІМ АЛУҒА ДЕГЕН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада "білім" және "өздігінен білім алу" сқздеріне түсініктеме беріледі, сонымен қатар Қазақстан мен ежелгі филососф-ғалымдардың философиялық көзқарастары қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

білім және Өз бетімен білім алуға деген
философиялық көзқарастар


Нурахметова К.Н.

Үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі, Талдықорған қаласы

Резюме

В данной статье дается определение понятиям «знание» и «самостоятельное получение знаний», а также рассматриваются философские взгляды ученых-философов древнего мира и Казахстана. В «Словах назиданиях» Абая очень много написано о том, что нужно самому самостоятельно развиваться и получать знания.

В статье раскрывается проблема актуальности самастоятельного получения знаний в системе обновленного обучения и проблема подготовки конкурентноспособных личностей, способных реализовать программу развития Казахстана, предложенную президентом Нурсултаном Назарбаевым.

Summary

In this article the concepts of "knowledge" and "independent acquisition of knowledge" are, and the philosophical views of scientists-philosophers of the ancient world and Kazakhstan are. In Abay's "Words of edification" it is written a lot about the people, who must independently develop and absorb knowledge.

This article deals with the problem of relevance of independent learning within the system of credit teaching technology and the problem of training of competitive specialists, who are able to implement the development program of Kazakhstan, which president Nursultan Nazarbayev has proposed.



Қазақстан Республикасының дамыған 50 мемлекеттер қатарына кіру мәселесі қанат жаюына байланысты әр түрлі өзгерістер оқу орындарындағы білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды да өзгертуге әкеліп отыр. «Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет ...... Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс.» деп Президент Қасымжомарт Тоқаев өзінің 2021 қыркүйек айындағы халыққа Жолдауына айтты.

Сондай-ақ жас ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажеттілігіне, олар қазіргі заманға бейім болуы үшін бұл аса маңызды екеніне де назар аударды. «Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз» деген Президент сөзінен ақ ұстаздардың әрқашан іс-әрекетін өздігінен тиімді ұйымдастыра отырып, шығармашылық бағыт ұстанатын маман болу керек екендігін түсінеміз.

Оқушылардың мектеп қабырғасынан бастап өздігінен орындайтын жұмыстары бойынша зерттеу барысында біз аталған проблемаға қатысты философиялық, педагогикалық, психологиялық зерттеулерде, ғылыми әдебиеттер мен басылымдарда біраз тәжірибе жинақталған.

Атап айтсақ, грек философтары Сократ, Демокрит еңбектерінде шәкірттің өздік іс-әрекеттерінің сана дамуында ерекше орын алатындығы, оқыту барысында оның өздік іс-әрекеттерін басқарып отыру маңыздылығы атап өтілген. Ал, қазақ халқының мәдениеті мен ағартушылық тарихында ерекше орын алатын Ы. Алтынсарин оқып-үйретушілердің өз бетінше білім алуда ұстаздың ролін жоғары бағаласа, А. Құнанбаев тұлғаның өзіндік сана-сезімді дамытуда өз бетімен жан-жақты білім алуға шақырады.

Жалпы, білім (лат. scientia, ағылш. knowledge, араб.: علم‎) – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т. б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылым және т. б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген [2].

Әбу Насыр Әл-Фараби адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады [3].

Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей, үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Әл-Фараби мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейтіндігін ескертеді. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өздері көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.

Білімнің өзі адамды жануардан ерекшелендіреді. Баласағұни сондықтан да білімсіз адамдар малға ұқсайды дегенді айтады. Ол білімділікті қаншалықты жоғары бағаласа да, оның жазбаларынан «жазылған нәрсеге үміт артпа, өзің күш-жігер таныт» дегенді кездестіреміз. Баласағұни үшін философия білім алу немесе өздігінен білім алу процесімен пара-пар, ал неғұрлым кең мағынасында ол білім берумен үйлеспейтін, бірақ оның мәні болып табылатын нәрсе. Бұл жерде «өте мәнді сәтті» атап көрсету маңызды, Әл-Фараби салған дәстүрден кейін іле-шала Баласағұни философиясында білім алу әлеуметтік-мәдени процесс ретінде ғана емес, сондай-ақ дүние құрушылықтың әмбебап ұстанымы ретінде де бой көрсетеді. Сондықтан да білім беру мен оқытудың реттілігін, іргетастық онтологиялық қатынастарға сәйкес, оқушылардың оларды оқып-үйренуінің субъективтік реттілігіне сәйкес келтіреді. Оның сенімі бойынша, «ғылым мен зерде – барлық істердің негізі», «білімсіз зерде де, сөз де құнарсыз» [4] .

А. Құнанбаев тұлғаның өзіндік сана-сезімді дамытуда өз бетімен жан-жақты білім алуға шақырады. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,», – деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет [5].

Ал, Ы. Алтынсарин оқып-үйретушілердің өз бетінше білім алуда ұстаздың ролін жоғары бағалап, қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырады. Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Кейінірек халық ағартушысы ретінде өз білімін өзінше оқып, арттыра түсуді белсенді түрде жалғастыра түсті. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді.

Жалпы халықтың өз бетімен білім алу мәселесі 19 ғасырдың 60-шы жылдары үлкен серпіліс алды. Қоғамға өз бетімен білім алу қажеттілігін сол заманның интеллигенциясы алға тартқан [6]. Өз бетімен білім алу мәселесін 19 ғасырдығы ересектерді оқытумен айналысқан ресейлік О. В. Кайданова, публицист М. Л. Песковский, Н. А. Рубакин сол заманның педгогтары мен жазушылары – А. А. Чумиков, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Н. А. Вышнеградский, И. И. Паульсон, Н. Х. Вессель, Ф. Ф. Розенер, Н. А. Корф. көтерген.

М. Л. Песковский сауат ашумен қатар білімалушылар «ең пайдалы, игі ғылымдардың бірі – өзін өзі оқыту, немесе өзін-өзі жетілдірудің әдіс-тәсілдерін табуды меңгеруі тиістігін айтады. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың ортасына таман өздік оқу іс-әрекетінің психологиялық, педагогикалық теориясы қалыптасты. Оны негіздеушілер – Д. В. Эльконин, В. В. Давыдов, Н. А. Менчинская, С. Л. Рубенштейн, П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, П. М. Якобсон және т. б. оқу теориясында жаңа мәселе көтерді.

Педагогикалық сөздікке назар аударсақ, өздігінен білім алу – күндізгі оқу орнында жүйелі курстан өтпей-ақ өздігінен жұмыс істеу үрдісінде алынған білім. Өздігінен білім алудың ең кең тараған формалары әдебиет оқу және зерделеу болып табылады [7].

Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу – оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту.

«Өздігінен білімін жетілдіру – жеке адамның өзі басқаратын мақсатты танымдық іс-әрекеті, ғылымның, техниканың, мәдениеттің, саяси өмірдің және т. б. қандай да бір саласынан жүйелі түрде білім алу. Өз білімін жетілдіру – өзін-өзі тәрбилеу құралдарының бірі. Өздігінен білімін жетілдірудің негізгі нысандары сан алуан. Адамның өздігінен білімін жетілдірудегі мақсаты – біліктілігін (мамандығын) немесе білім деңгейін көтеру. Өз білімін жетілдіру дағдыларын мектеп маңызды рөл атқарады. Оқушылардың өз білімін жетілдіру дағдыларын қалыптастыруға сыныптан және мектептен тыс әр түрлі үйірмелердегі, клубтардағы, дәрісханалардағы сабақтар, тәжірибелік жұмыстар және т. б. себепші болады. Мектепте үйретілген өз білімін жетілдіру дағдылары арнаулы орта және жоғары оқу орындарының оқу процесінде тереңдетіліп, жетілідріледі. Семнардағы, ғылыми үйірмелердегі, студенттердің ғылыми қоғамдарындағы сабақтардың және т. б. маңызы зор» [8]

Өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру мәселелеріне отандық және шет елдік психология және педагогика ғылымдарының өкілдерінің көптеген еңбектері де арналған (Л. С. Выготский, В.А.Сухомлинский, Е. Б. Ястребова, А. К. Маркова, Л. Г. Вяткин, А. Н. Леонтьев, Ю. К. Бабанский, Ж. И. Намазбаева, М. Н. Скаткин, Т. И. Шамова, А. И. Кочетов, И. С. Якиманская, Г. И. Кулагина, А. М. Матюшкин, Н. В. Кузьмина, Р. А. Әлімқұлова, Б. Е. Қожамқұлова, Р. Ш. Садықова, К. Поппер және т. б.).

Жалпы, қазіргі заманда енгізіліп жатқан жаңартылған бағдарламаға сәйкес барлық білім беру мекемелеріндегі оқушылар өз бетімен білім алу деңгейін көтеруі және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру мәселесі көзделген. Өз бетімен білім алу тұлғаның білім алуға, танып-білуге деген қызығушылығын және рухани қажеттілігін қанағаттандыру мақсатын көздейтін үздіксіз білім беру процесі болып табылады. Оқушы бойында өз бетімен білім алуға деген қызығушылығын тудыру қоршаған ортада бағдарлау үшін ақпараттың қажеттілігі, ақпарат және білімді алғаннан кейін іс-әрекетті табысты ұйымдастыра білу және өзінің дамуын қамтамасыз ететін қызметті ұйымдастыра білу, мақсат қоя, оны іске асырудың тәсілдерін таба білу және өз іс-әрекетін басқара білу сияқты дайындықтардан тұрады.

Жаңартылған бағдарламаның оқу жүйесіндегі өздік жұмыстың ашылмаған қырлары әлі де баршылық, сондықтан бұл мәселе түбегейлі зерттеуді жалғастыруды қажет ететін күрделі де маңызды мәселе ретінде ары қарай күн тәртібінде қала бермек.


Пайдаланған әдебиеттер

  1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

  2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. –Алматы: 2007. – 344 бет.

  3. http://kk.wikipedia.org/wiki

  4. ttp://ikitap.kz/books/farabimura/files/assets/basic-html/page30.html

  5. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – А: «Аруна Ltd.» 2010.

  6. Айзенберг А. Я. , доктор педагогических наук, профессор. Издательская деятельность русской прогрессивной интеллигенции во второй половине ХIХ века в помощь распространению знаний и самообразования.

  7. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Арын Е. – Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006.

  8. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика жіне психология. Аламты «Мектеп» 2002 жыл. 167 бет.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.06.2022
230
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12