Материалдар / Білім негізі бастауышта қаланады

Білім негізі бастауышта қаланады

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім негізі бастауыш
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Карім Динара Абылбекқызы

Түркістан облысы Жетісай ауданы

С.Сейфуллин атындағы №52 ЖББМ КММ

бастауыш сынып мұғалімі





Білім негізі – бастауышта қаланады

Ұрпақ болашағын ойлайтын әрбір мұғалім өз шәкіртінің білімді,сауатты болып өсуін қалайды.Ал білімге,өнерге,ғылымға апарар жол бастауыш сыныптан басталады.Сондықтан жаңа оқу жылы басталып,алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің заман талабына сай білім алып,ақпараттық технологияны еркін меңгеруіне жағдай жасау бүгінгі күннің басты мақсаты.Бастауыш сыныптың негізгі міндеті -жеке тұлғаны дамытып,оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету,білімге деген сенімін нығайту,іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру,оқуға деген қызығушылығын оятып,ынтасын арттыру болып табылады.

«Білім негізі-бастауышта»демекші,білім берудің алғашқы атасы-бастауыш.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. «Ұстаз –жас ұрпаққа» өз өнерін, тәжірибесінен, білімін үйретуші, ақылшы, тәрбиеші». Мұғалім-мемлекет қызметкері. Мұғалімді мемлекет оқытып, білім беріп мемлекеттің болашағын сеніп тапсырады. Ол қоғамның мұң-мұқтажын жоқтайды, болашағын ойлайды, соған қызмет етеді. Мұғалім мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратынн мүсінші, адамтану мамандығының иесі. Бүгінгі мұғалім, әсіресе бастауыш сынып мұғалімі өте жанжақты білімді әмбебап ұстаз болуы тиіс. Мұғалім өзінің қадір-қасиетін жоғары ұстағаны жөн. Жоғалған абырой қайтып орнына келмейді. Бастауыш сынып оқушысы сенгіш келеді. Баланың сенімін ақтау мұғалімнің парызы. Мұғалімнің қызметі қызықты да, бейнеті көп, ауыр жұмыс. Мұғалімдікке үлкен жүрек, балаға деген ыстық мейірімділік керек. Мұғаліммемлекеттің саясатын іс жүзіне асырушы тұлға. Бастауыш сынып мұғалімі жас балалардың тілін таба білетін, олардың жұмысын ұйымдастыра алатын, өзіне қатал талап қоя білетін, өзінің әріптестерін түсінетін, ата-аналармен ынтымақтастыққа еңбек ете алатын болуы керек. Ұстаздық қызметтің қиындығы мол. Себебі, ол бір екі ғана баланы тәрбиелемейді. Ол қабілеті мол бейімділігі, қызығушылығы, мінез-құлқы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді, оқытады, біліммен сусындатып, өмірге жолдама береді. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласымен сипатталады. Ұстаздық әдеп жай ғана сыпайылық білдіру емес, ол шығармашылық ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-құлықтың, саналы іс-әркеттің, білімділік пен іскеліктің жиынтығы. Ұстаздың әрбір қадамында баламен арақатынасында, сезгіштік, байқампаздық, салмақтылық, ұстанымдылық, ілтипаттылық, кішірімділік, талап қоя білу, адамға сенім арту, ынталы-ықыласты болу, талас-тартыс туған жағдайда әділдік, адалдық көрсету, бала жүрегіне жол таба білу, түсіне білу ұстаздық әдептілік белгілеріне жатады. Ұстаздық әдептің негізі оқушыларға деген шын ықыласта және олардың адамдық ар ұятына деген адалдықта жатыр. Ұстаздық әдеп көбінесе шәкірттермен бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында ұсынатын жөнге лайық шара ретінде анықталады. Ұстаздық әдет шығармашылық, ақыл ой әрекеті айрықша іскерлік әдепті ұстаздың әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ақыл таразысына салып өлшеп, орнымен пайдалана біледі. Ұстаздық әдеп әр ұстазда әр түрлі және ар қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне темпераментіне, мінез-құлқына, тағы басқа ерекшеліктеріне байланысты. Ұстаздық әдеп әр ұстаздың дара қасиеті. Мен бастауыш сыныптарының ұстазымын,екінші анамын деп айтса да болады. Қалай тәкаппар әрі мейрімді естіледі! Бірақ,ұстаз болу үлкен жауапкершілікті сезіндіреді. Өйткені, ата-аналар өздері үшін ең қымбатты «қазыналарын» — балаларын маған сеніп тапсырады. Сондықтан баланың мектептегі өмірі қалай қалыптасатыны ұстаздан, менен байланысты. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарау, оларға деген шынайы сезім, құрмет пен сенім болған жағдайда ғана өзара түсіністік қалыптасады. Бұдан екі мың жыл бұрын Сократ: «Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек» деп жазған болатын. Ұстанымым «Сенемін». Мен неменеге сенемін? Мен әрбір баланың дарындылығына сенемін. Олар өздерінше дарынды.Менің ұстаз ретінде міндетім әрбір оқушының бойындағы сирек кездесетін күш-қуатын айқындау, баланың өзінің жақсы жақтарын ашып көрсетуіне көмектесу. Баланың дамуы, оның жақсы жақтарының жетілуі тек қана қызмет барысында өтеді. Сол себепте, менің педагогикалық тәжірибемнің бастаушы идеясы әдістемелік жүйелерді өңдеп, тиімді технологияларды, ұстаз бен оқушы қызметтерінің түрлері мен құралдарын бірге таңдау. Әртүрлі іс-шараларға қатысу, сабақта компьютерлік технологияларды, оқуда біліктілікті, зерттеу қызметтерін ұйымдастыру, оқушыларды қызықтыратын тиімді тәсілді пайдалану. Әрине, көп оқып, көп дайындалуға тура келеді. Бірақ, нәтижесін көргенде уақыттың, күштің кеткеніне өкінбейсің. Ал, оқушылардың риза болғанын, қуанғанын көргенде нағыз марапат осы екенін түсінесің. Менің оқушыларымның өмірде дұрыс шешім қабылдап, өздерінің күштеріне сеніп және достасып, қуануды және күйіне білуді үйренсе деймін.

ЖИ арқылы жасау
23 Сәуір 2025
115
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі