Алғабас орта
мектебі
Білім
сабағы
Сабақтың
тақырыбы:
«Мамандық таңдау – ертеңді
ойлау»
Өткізілген
сыныбы:11
2020-2021 оқу
жылы
Сынып жетекшісі: Ерменова
Б.К
Сабақтың
тақырыбы: Мамандық таңдау – ертеңді
ойлау
Мақсаты:
білімділік –оқушылардың білім шыңына
талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу
керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;
дамытушылық
–жеке басының сапалық
қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану
аумағын кеңейту,
тәрбиелік –оқушыларды терең білім алу
жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа
тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: «Миға
шабуыл», психологиялық тест, дидактикалық ойындар,
тренингтер.
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
«Мамандық таңдау – ертеңді
ойлау»
1.«Миға шабуыл»— ой
қозғау: Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын айтып, жауап
береді:
«Мамандық» сөзіне анықтама
беру. Мұғалім толықтырады
Профессия- мамандық дегенді
білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру
көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті
талап ететін еңбек қызметінің маңызды
бөлігі.
Біреулер үшін – ол ойға алған
арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер
үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір
бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды
таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен
бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және
маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз
бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі
менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек.
Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне,
бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының
сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген
бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын,
қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім
және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті
мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация,
экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа
мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп.
Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті,
зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана
жетістікке жетеді.
2. «Тұжырымды талқыла-
келісемін-келіспеймін » Әр топ осылардың ішінен өздерінің
келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой-пікірлерін
дәлелдейді.
Мамандық бір-ақ рет біржола
таңдалады
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына
байланысты
Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық
таңдауға болады
Қартайғанда да мамандық таңдауға
болады
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу
керек
Ақша болса, мамандық қажет емес
Мамандық таңдауда психологтің көмегі
қажет
Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен
қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам
анықтайды
Мамандық таңдау – күн көріс
қамы
3.
«Жағдаяттық сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа
ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық
саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың
ба?
3.
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды
ма? Болса не істер едіңіз?
4.
«Бұл қай
мамандық?»
ойыны.
Ең
ақшасы көпмамандық
Ең
жасыл мамандық
Ең тәтті мамандық
Ең жауапты мамандық
Ең
салмақты мамандық
Ең
қарым-қатынасы күшті мамандық
Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау
Мамандық таңдау дегеніміз – яғни болашағыңды айқындау. Біз
алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету
үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ғана сенің
болашағың айқын.
Мамандықтың бірнеше
классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне
негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа
бөлінеді:
Адам – адам, адам – белгі
жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем
образ.
Адам –
адам: мұнда мамандық иесі үшін
еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы –
басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай
мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер,
банкирлер жатады.
Адам –
белгі жүйесі: бұл типті
таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек
және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар,
ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық
жұмысшылары.
Адам –
табиғат: бұл тип мамандары өлі
және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар
мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист,
эколог.
Адам –
техника: бұл типке техникалық
құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер,
слесар жатады.
Адам – көркем
образ: бұл типке өнер мен
көркем өнерге бейім, талантты адамдар
жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер,
әнші, актерлер.
Сөз соңы:Мамандық алудың 5 баспалдағын
жоспарлау керек:
1. Арман
(тілек)
2. Көз жеткізу
(қажеттілік)
3.
Жоспарлау
4.
Әрекет
5.
Игеру
Сізге қай мамандық лайық?
(психологиялық тест)
1. Дөңгелекті
таңдасаңыз...
Сіз үшін тұлғаралық
қарым-қатынастың рөлі зор. Өз ортаңызда өзіңізді бақытты сезінуді
маңызды санайсыз. Өзгелердің қуанышын да, қайғысын да өз
басыңыздағыдай қабылдайсыз. Кейде өз-өзіңізден үйлесімділік
таппайсыз.
Сізге әртіс, маркетолог,
мұғалім, тарихшы, мейрамхана иесі не үй қызметкері болу
жарасады.
2. Шаршыны таңдаған
болсаңыз...
Өте еңбекқор адамсыз. Бастаған
істі орта жолда тастамайсыз. Төзімділік, жүйелілік, дәйектілік –
жұмыстағы басты қасиеттеріңіз. Бірақ маңызды істерді шешерде
ұсақ-түйекке шүйлігіп қаласыз. Миыңыздың сол жақ бөлігі жақсы жұмыс
істейді, демек логикаңыз жақсы дамыған. Сол себепті жүректің емес,
ақылдың айтқанына бағынасыз.
Сізге есепші, бағдарламашы,
банк қызметі, дәрігер, инженер, жүргізуші мамандықтары дәл
келеді.
3. Таңдауыңыз үшбұрыш
болса...
Сіз өте жақсы менеджерсіз.
Жаңа ақпаратты бірден қағып аласыз да, талдап, сараптап, жіпке
тізіп шығасыз. Біліктілігіңіз бойыңызға сенімділік ұялатады.
Барлығын дұрыс жасауға талпынасыз. Қателік шықса, мойындағыңыз
келмейді. Биік мақсатқа жету үшін өзіңізге деен тым сенімділік пен
шыдамсыздық кедергі келтіруі мүмкін.
Сәйкес келетін мамандықтар:
архитектор, экономист, саясаткер, әскери қызмет, менеджер,
қорғаушы, дизайнер.
4. Дөңгелекті
таңдасаңыз...
Сіз өз өнеріңізді
бағаламайсыз. Тіпті ештеңеге қабілетім жоқ деп ойлайсыз. Сондықтан
өзіңізді іздегенде екі үстелге қатар отырғыңыз келеді, бұл мүмкін
емес. Бұйырған кетпейді, осыны естен шығармаңыз. Жаныңыз сүйетін
іспен айналысуда тәуекелге бел
буыңыз.
Сіз үшін бөлім басшысы,
кәсіпкер не аниматор болған дұрыс.
5. Таңдауыңыз ирек пішінге
түссе...
Сіз шығармашылық адамысыз.
Өмірге әр қырынан қарайсыз, оның әрқайсынан ішкі сұлулықты көресіз.
Қарқынды, сабырлы адамсыз. Бір орында отырып ұзақ жұмыс істей
алмайсыз. Ең керемет, креативті идеяға байсыз. Оны жүзеге асыру
үшін жүйелілік пен шыдамдылық
жетіспейді.
Өзіңізді зерттеуші, дизайнер,
өнертапқыш, музыкант, жазушы не суретшілер арасынан іздеп
көріңіз.
Қорытынды
Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола
бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және
шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан
рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,-
деген
Сондай
–ақ Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ,
бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»
дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі
болайық.