2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "Білім сапасын арттырудағы ақпараттық технологияның мүмкіндіктері"

"Білім сапасын арттырудағы ақпараттық технологияның мүмкіндіктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көоіп, өз-өзіне сыни көзбен қарауына мүмкіндік береді.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Білім сапасын арттырудағы ақпараттық технологияның мүмкіндіктері.



Қазіргі таңда оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану білім сапасын көтеруде маңызды рөл атқарады. XXIғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Білім беру үрдісін ақпараттандыру - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 бабының 7-ші тармағында « Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған.

«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында компьютерлік техниканы, ғаламтор, компьютерлік желі, электрондық ж/е телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру сияқты міндеттерді шешу көзделген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында еліміздің білім жүйесі әлемдік деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл бөлініп, білім сапасының алдына үлкен міндеттер қойылды.

Жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көоіп, өз-өзіне сые көзбен қарауына мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр.Мысалы, М.И. Жильдактың айтуынша, ЖАТ – адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық ж/е әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпартты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау ж/е жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы.

Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушының танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Кез келген оқушыны компьютерлік кабинетке тартып отырған не? Ең бірінші кезекте – оқушылардың пәнге деген қызығушылығы. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ.Сабақ кезінде оқушылар мәселелерді талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды.

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді ж/е тиімсіз жақтарына тоқталайық.

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

Оқушының уақытын үнемдейді, ол оқу материалын іздеп лтырмайды.

Оқушының ой өрісін дүниетанымын кеңейтуге, таным үрдісіне ықпал етеді.

ҰБТ –ге даярлаудағы тиімділігі жоғары.

Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.

Пәнаралық байланыстың аздығы.

Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі, «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.



Тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:

  • Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;

  • Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;

  • Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;

  • Дәстүрлі ж/е электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу;

Бүгінгі күні интерактивті технологияның бірнеше түрлері бар. Солардың білім беру үрдісіне қосқан үлесіне тоқталып кетейік.

Интерактивті құралдарды сабақта пайдалану бірнеше дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы:

  • Пән б/ша базалық білімді меңгеру;

  • Алған білімді жүйелеу;

  • Оқушының өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушының жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

  • Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру;

Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5%-ы ж/е көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио ж/е видеоақпартты бір мезгілдее қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.

Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп, Елбасы атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияның маңызы зор.

Бүгінгі күні мектепте оқу материалдарының үш тобы қолданылады. Олар: баспа, аудиовизуалды ж/е компьютерде жүргізілетін электрондық ресурстар. Осыған байланысты, кітаптың қолданылып келе жатқанына 500 жыл болса, техникалық оқыту құралдарына шамамен 50 жыл, ал электрондық ресурстарға 5 жыл болғанын айта кетсе болады. Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде.

Техникалық құралдарды пайдалана отырып, сабақ өткен кезде оқушылар « Құлақ –ми» жүйесі б/ша секундына 50 бит ақпарт қабылдайды. Айналадағы қоршаған заттар туралы ақпарттың 90% көру арқылы қабылдайды, ал есту арқылы 9% , сипап сезу арқылы-1%.

Қорытындылай келе айтпағым – ХХІ ғасырда адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал, бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдығы мектептен басталады. Біз мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғышарттарын меңгеруіміз керек. Мен жоғарғы сынптарда білім алу кезінде жаңа технологиялар төңірегінде жұмысты жалғастыруды көздеп отырмын.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында.



















Технология

Оқыту

Оқытудың интерактивті режимі



Shape3 Shape2 Shape1





Оқыту технологиясы



Shape7 Shape5 Shape4

Ақпараттық технология

Компьютерлік технология

Мультимедиалық технология





Shape10 Shape9 Shape8

Компьютер

Интернет

Коммуникация

Электрондық пошта

Электрондық оқулық

Shape15 Shape14 Shape13 Shape12

































21 Желтоқсан 2017
423
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі