«Білім сапасын арттырудағы жаңа қадамдар»: Ауыл мектебі сапа алаңы (Мақала)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Білім сапасын арттырудағы жаңа қадамдар»: Ауыл мектебі сапа алаңы (Мақала)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауыл мектебі сапа алаңы жобасы аясында мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Б.Қаратаев атындағы ЖОББМ» КММ

математика пәні мұғалімі Орынбасар А.


«Білім сапасын арттырудағы жаңа қадамдар»: Ауыл мектебі сапа алаңы



Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың білім сапасын арттыру, жаңашылдықты енгізу және білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ауылдық және шағын жинақты мектептерде оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану өте маңызды. Осыған орай, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарындағы ауылдық тірек мектептерінде жеке пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу пилоттық жобасы ерекше орын алады.

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – ауылдық және шағын жинақты мектептерде оқушылардың білім сапасын арттыру, оларды заманауи педагогикалық технологиялармен таныстыру және жеке пәндер бойынша оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру. Осы орайда, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің «Б.Қаратаев атындағы ЖОББМ»КММ-сі 2023-2024 оқу жылының сәуір айынан бастап пилоттық жоба аясында тірек мектебі ретінде өз жұмысын жасап келеді. Қазіргі таңда мектебімізге бекітілген үш магниттік мектеп мұғалімдерімен жоғарғы деңгейде бірлескен жұмыстар атқарылуда. Осы жоба аясында атқарылып жатырған жұмыстар жоғары нәтижесін беруде. Қысқаша тоқталатын болсам:

Инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың пәндер бойынша білім сапасын жақсартуға қол жеткізілді. Мысалы:

  • Қашықтықтан оқу және онлайн ресурстар арқылы оқушыларға қосымша материалдар мен тапсырмалар ұсынылды. Бұл олардың пәндерге деген қызығушылығын арттырып, білімді тереңдетуге мүмкіндік берді.

  • Жобалық және зерттеу жұмыстар оқушыларды дербес зерттеу жүргізуге және алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға ынталандырды. Мұндай жұмыстар нәтижесінде оқушылар ғылыми-зерттеу дағдыларын меңгеріп, өз бетімен ақпарат іздеу мен талдау қабілеттерін жақсартты.

  • Мультимедиялық құралдар мен интерактивті тақталар арқылы пәндер визуалды түрде берілуі оқушылардың ақпаратты қабылдауын жеңілдетті. Бұл әдіс оқу процесін қызықты етіп, оқушылардың түсіну деңгейін арттырды.

Ауылдық және шағын жинақты мектептерде жеке пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу пилоттық жобасы білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес білім алуына мүмкіндік береді. Бұл жоба мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеріп, олардың жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім беруді тиімді ұйымдастыруына ықпал етеді. Пәндер бойынша білім деңгейі жоғарылап, оқушылардың оқу мотивациясы артты. Мысалы, математиканың және ғылым пәндерінің түсінікті түрде оқытылуы оқушылардың осы пәндерге деген қызығушылығын едәуір арттырды. Инновациялық тәсілдер оқу үдерісін қызықты етіп, оқушылардың білімін жақсартуға септігін тигізеді. Осындай жобалар еліміздің білім беру саласын дамытып, ауылдық мектептердің білім деңгейін көтеруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.


«Б.Қаратаев атындағы ЖОББМ» КММ математика пәні мұғалімі Орынбасар А.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2025
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі