"Білім сапасын жақсарту:олқылықтарды анықтау,
талдау, түзету"
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер
әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті.
Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласы да маңызды мәселе болып
отыр.
Бүгінгі таңда білім берудің сапасы мен деңгейін
жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа
технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана
жұмысы жемісті болмақ. Тек терең білім, іскерлік дағды, кәсіби
біліктілік кез-келген ұстаздың күнделікті іс-әрекетіне енгенде ғана
қабілетті тұлға, яғни жан-жақты заман талабына сай, дүниетанымдық
қасиеті дамыған, сыни тұрғысынан ойлауды көздейтін ойшыл азамат
тәрбиелеу керек. Әр пән мұғалімі өзінің сабағында сабақты барынша
қызықты да тиімді пайдалана алу керек.
Оқытушының сабақ жоспары әдістемелік
сауаттылықпен құрастырылған, сондықтан сабақ құрылымы
дидактикалық мақсат негізінде және оқу материалының
мазмұны, оқу іс әрекеті барысында жүзеге асырылатын практикалық
тапсырмалар психологиялық заңдылықтар мен топтың жағдайына сәйкес
алынған. Әр сыныпта оқушының деңгейіне қарай тапсырмалар
беріліп, қызықта да ауқымды жұмыс жүргізсе, жақсы нәтиже шығаруға
болады.
Сабағы жоғары деңгейде
өткізіліп, оқытушының барлық іс-әрекеті қазіргі заманғы
психологиялық – педагогикалық жетістіктерді ескеру негізінде
сапалы нәтиже арқылы жүзеге асырылды.
Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол –
үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деген Жүсіпбек Аймауытовтың
сөзін айта кету артық болмас. Әр сабақ өткізу барысында қандай да
бір бұрын өтпеген әдіс тәсілді пайдалансаңыз, балаға қызықты
болады.
Әр
тоқсан сайын біздің мектепте мониторинг жұмыстары жүргізіледі.
Мониторинг барысында олқылықтарды жою мәселесі күрделі тұрады. Әр
оқу жылында кеткен кемшіліктер мен олқылықтарды жою және білім
сапасын арттыру бағытында атқарылатын жұмыс жоспары бекітіледі
және оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою
бойынша қосымша сабақтарды ұйымдастыру, шағын
топтармен қосымша сабақ кестесі бойынша
жұмыс ұйымдастырылды. Әр пән мұғалімі өзіне ыңғайлы
қосымша сабақтың түрін алып, оқушылардың деңгейін ескеріп, қосымша
тапсырмалар берілуі керек. Олқылықтарды анықтау үшін өзіне тиімді
тапсырмаларды алдын ала жасап алуы керек. Мысалы, карточкамен
жұмыс, тіл сабақтары болса диктант немесе сөздіктермен жұмыс
жасалуы керек. Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде сабақ
үлгермеушілік себептерін талдауға көп орын ... тәрбие, білім
жұмысындағы олқылықтарды талдауға көп жұмыс арнаған. Талдау
барысында оқушылардың не себептен сабаққа қызығушылығының жоқтығын
анықтау керек. Анықтау үшін түрлі тест тапсырмалары қолданылады.
Оқушыға тосыннан сұрақ қоймау керек, тез жауап беруді талап етпеу,
оқушыға ойланып,дайындалуына уақыт беру керек. Тапсырмаларды ауызша
емес, жазбаша алған дұрыс. Осы талдау жұмыстарын жасау арқылы, біз
азда болсада олқылықтарды жою аламыз. Олқылық анықталған оқушыларда
тапсырма беру уақыты да маңызды.
Бұндай оқушыларға жаңа тақырып бойынша жауап
беруін талап етуге болмайды. Үйде дайындалуға мүмкіндік беріп,
келесі сабақта сұраған жөн.
Жауап сұрап, ынталандыру арқылы оқушының өзінің
күшіне, біліміне деген сенімін арттыру. Бұл сенімдік оған емтихан,
бақылау жазған кезде көмек етеді.Оқушы жауапты дайындап жатқан
кезде.Балалар нені түсінеді, неден нәтижесі бар, не қолдарынан
келеді, соны жақсы көреді. Кез келген бала жақсы баға алғысы
келеді. Сыныптастары мен мұғалімнің көмегімен алғашқы жетістіктерге
жетуі өте маңызды. Мұғалім шын жүректен баланың көрсеткіштеріне
қуанғанын көрсете білуі керек. Мұғалімнен мақтау естіп,
сыныптастарынан жылы сөздер естіген оқушы алдағы сабақтарды да оңай
алып кетеді.
Біз, пән мұғалімдері, оқушылардың оқу
бағдарламасын неге оқымайтындығын, оған бұл мәселеде оған қалай
көмектесуге болатындығын білуге тиіспіз. Нақтырақ айтсақ, мұғалім
мен сынып жетекшісінің сәтсіздік себептеріне тар мамандар (дәрігер,
психолог, әлеуметтік педагог), оқушының ата-анасы, өзі және оның
сыныптастары көмектесуі керек.
Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және
жою бойынша жұмыс жасау әр мұғалімнің жұмысының ажырамас бөлігі
болып табылады. Бұл жұмыстың уақтылы және тиянақты болуы - оқытудың
жоғары нәтижелерінің кепілі.
Оқушылардың біліміндегі олқылықтар мен
олқылықтарды анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыс - білім сапасын
арттырудың негізгі шарттарының бірі. Мұғалім жалпыға бірдей
қабылданған формаларды қолданып, меңгерудің артта қалуын
болдырмайтын, әр оқушының белсенді жұмысын қамтамасыз ететін өзінің
бақылау құралдарын ойлап табуы, енгізуі керек.
Дерек көздері:
[https://ust.kz/word/ulgerimi_tomen_oqysylarmen_jumys_jospary-14208.html]
[https://rcdo.kz/publ/2865-azrg-tada-oytu-rdsnde-oldanylatyn-blmd-tekseru-men-baalaudy-zhaa-ds-tslder.html]
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуқелсіз
Қазақстандық агенттігі "Жоғарғы білім беру ұйымдарын
институционалдық аккредиттеу стандарттары"Астана
2015
Ф.Б.Бөрікбекова" Қазір заманғы
педагогикалық технологиялар" Алматы 2014